Саяси партия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 19:26, дипломная работа

Описание работы

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Саяси партияларды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері, әдетте, отандық және шетелдік саяси және заң ғылымдарының басым бағыттарына кіреді. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде аталған мәселелер ерекше өзектілікке ие болуда, себебі елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер уақытында, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси партиялардың тиімділігі тиісті деңгейде болмай отыр. Мұндай өзгерістер кезеңінде саяси партиялар өздерінің жақтастары болып табылатын қоғамның бір бөлігінің мүдделерін мемлекет алдында мүмкіндігінше дәл білдіре алулары тиіс, сондай-ақ өз жақтастарына жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірулері тиіс.

Содержание работы

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің
теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1.1. Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде
пайда болуының және дамуының мәселелері . . . . . . . . . 7
1.2. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесінің түсінігі
және құрылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
1.3. Саяси партиялар конституциялық-құқықтық
институт ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
1.3.1. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары . . . . . 20
1.3.2. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы . . . . . 30
1.3.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың
құқықтық институт ретінде қалыптасуының
конституциялық-құқықтық кезеңдері . . . . . . . . . 40

2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың
қызметінің конституциялық-құқықтық аспектілері . . . . .50
2.1. Саяси партиялардың құрылуының, жұмыс істеуінің
және тарауының құқықтық негіздері . . . . . . . . . . . .50
2.2. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын
құқықтық реттеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
2.3. Саяси партиялардың қаржылық қызметін құқықтық
реттеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 64

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі . . . . . . . . . . .68-72

Файлы: 1 файл

Дип.-Саяси-партиялардың-құқықты.doc

— 455.50 Кб (Скачать файл)

Бұл кезеңге тән белгі, ол әртүрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың қалыптасуы және қызмет етуі. 1917 жылдың өзінде елде жүзден астам саяси партиялар мен одақтар (кейбір деректер бойынша төрт жүзден аса) болған [46. 37 бет].

XX ғасырдың басында  партиялар тек орталықта емес, сонымен бірге, ұлттық шалғай аудандарда да, соның ішінде Қазақстанда да қызмет етті. 1905-1907 жылдары бірінші ресейлік революция біздің аймақта да РСДЖП-ның алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал жасады. Бұл мәселеде Қазақстанға жақын орналасқан аудандар, яғни, РСДЖП-ның Сібір, Астрахан, Самара, Саратов комитеттері  үлкен рөл ойнады [58].

Қазақ даласында өзінің саны және ықпалы бойынша маңызды орын иеленген қазақ интелегенциясы либералды-демократиялық позицияны ұстанды. Бұлар негізінен көшпелі аристократияның өкілдері болды, яғни, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев және т.б. Олар 1905 жылдың желтоқсан айында Оралда бес облыстың қазақ тұрғындарының делегаттарының съездін өткізіп, қазақтың ұлттық мүдделерін қорғайтын, Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құруға тырысты.

Қазақстан тұрғындарының саяси санасының деңгейін жоғарылатуға Мемлекеттік Дума сайлауы өз рөлін ойнады. Онда сайлаушылардың даусын алу үшін саяси партиялар арасында қызу күрес жүрді. Бұл сайлаулар орыс халқы басым аймақтарда – еңбекшілер мен социал-демократтар, ал қазақ халқы басым аймақтарда - ұлттық интеллигенция мен либерал-демократтар өкілдері қолдау тапқанын көрсетті. І Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан он депутат: қазақтардан – төрт, орыстардан – төрт және казактардан – екі адам өтті.

ІІ Мемлекеттік Думаға қазақтардан сайланған депутаттар, егер ертеректе кадеттерге қосылса, кейінірек, Ресейдің басқа ұлтшылдарымен бірігіп, орыс шаруаларын шет аймақтарға қоныстандыруды тоқтатқан мұсылман фракциясын құрды.

1917 жылғы ақпан буржуаз-демократиялық революциясы Қазақстанда саяси қозғалыстардың жаңа толқынын тудырды. Сол уақыттағы қоғамның әртүрлі тобының ұлттық және әлеуметтік мүдделерін білдірген алғашқы қазақстандық партиялар қалыптасты. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бүкіл қазақтық съезде «Алаш» ұлттық саяси партиясы дүниеге келді деп айтуға болады. Съездің шешімінде: «Қазақ партиясын құру қажеттілігін сезіне отырып, съезд өз өкілдеріне бүкілресейлік мұсылман кеңесінде осы партияның бағдарламасын жасап шығаруды тапсырады. Саяси бағдарламаның негізіне Ресейде демократиялық Федеративті Парламенттік Республика құру талабы алынсын». «Алаш» партиясының жетекшілері болып Ә.Бөкейханов, Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов және өзге де қазақ интелгенциясының буржуаз-демократиялық бағыттағы өкілдері табылды. Автономиялық ұлттық демократиялық мемлекеттің Алаш-Орда үкіметі екі жыл өмір сүрді.

1917 жылдың күзінде Қазақстанда  тағы бір ұлттық-саяси ұйым - өздерін  «Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы»  деп атаған «Үш жүз» партиясы  құрылды. Бұл партия пробольшевиктік бағытты ұстанды және Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің көптеген сұрақтары бойынша «Алаш» партиясының басты қарсыласы болды.

Бұлардан басқа 1917-1919 жылдарда Қазақстан территориясында «Шуро и ислами» қозғалысының бөлімшелері жұмыс істеді [59]. Жалпы алғанда, ақпан реоволюциясы саяси жүйені демократияландыруда қуатты катализатор қызметін атқарды.

Екінші кезең. (1917-1986 ж.ж.) Бұл кезең өз бастамасын 1917 жылғы Қазан революциясының жеңісінен алады. Бұл кезең РК(б)П саяси биліктегі монополиясымен және осы партия жариялаған тоталитарлы мемлекеттің дамуымен сипатталады.

Кеңестер Одағының саяси жүйесіне бірпартиялы режимнің қызметі тән болды. Бұл жүйеде жоғары саяси билік коммунистік партия жетекшілерінің қолында болды. Жалғыз партия заңды билікке монополиясын жүргізді, ал онан басқа кез келген саяси қызмет заңсыз болып табылды. 1927 жылы КСРО туралы Н. Бухарин былай деген болатын: «Бір партия - басқарушы, ал қалғандары түрмеде отырады» [60].

Мемлекеттік өмірдегі коммунистік партияның ерекше рөлі туралы 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ ССР-нің Конституциясының 6-бабында жан-жақты әрі анық жазылған: «Кеңестік қоғамның жетекші және бағыттаушы күші, оның саяси өмірінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының ядросы болып Кеңестер Одағының Коммунистік партясы табылады. Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы халық үшін дүниеге келген және халыққа қызмет етеді» [61].

Лениндік идеяларға сәйкес, қоғамды қатал орталықтандыру арқылы басқаруды енгізу көзделді. Бұл басқаруды жұмысшы тап атынан партиялық – мемлекеттік аппарат жүзеге асырды. Оның үстіне Конституцияда баянды етілген дамыған социалистік, одан кейін коммунистік құрылыс орнату идеясы ішкі ресурстарды, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мобилизациялау бойынша мұраттарды шешуді, идеялогиялық мәселелерді шешуді талап етті. Бұл мақсатқа жету саяси режимді, экономиканы басқаруды қаталдандыру, әкімшіл-саяси, төтенше және әміршіл тәсілдерді енгізумен байланыстырылды.

Алайда, уақыт, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жойған бірпартиялық жүйенің тұрақсыз екенін дәлелдеді. Көп ұзамай, бірпартияның монополиялық режимінің құлауымен аяқталған глобалды дағдарыстың уақыты келді.

Үшінші кезең. (1986-1991 ж.ж.) 80-жылдардың соңы КОКП-ға саяси және идеологиялық балама болатын ұйымдар мен тұлғалардың пайда болуы және кеңестік қоғамның біртіндеп демократиялануы жағдайындағы көппартиялылық пен саяси полюрализмнің қайта қалпына келуімен сипатталады. Бұл процесс бүкілодақтық кеңістікте қоғамдық-саяси белсенділіктің артуына алып келді.

Қазақстанда бірлестіктердің құрылуына түрткі болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Жастардың Орталықтың диктатына қарсы шығуы қазақстандықтардың саяси санасына түбірлі өзгерістер әкелді. 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-нің Конституциясының 84-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес, Жоғары Кеңеске сайлау кезінде, халық депутаттарының төрттен бірі қоғамдық ұйымдардан – Қазақстан Компартиясынан, кәсіподақтардан, кооперативтік ұйымдардан, Қазақстан ЛКЖО-сынан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден құралды [62].

1989 жылдың қарашасынан 1990 жылдың наурызына дейін республикада  тіркелген, негізінен клубтық сипаттағы 100-ден астам қоғамдық бірлестіктер  өмір сүрді. Бұларға «Форум» қоғамы,  «Әділет» және «Мемориал» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Азамат», «Бірлік» сияқты жастар ұйымдарын және басқаларды жатқызуға болады.

Алғашқы бұқаралық, жалпы республикадық ұйым ретінде ядролық сынақтарды тоқату мақсатында құрылған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын атауға болады. 1989 жылдың соңында Қазақстанның тәуелсіз қоғамдық ұйымдарының Ассоциациясы құрылды. Оған Демократиялық одақ пен Мемориалдың филиалдары, Невада-Семей, Доверие, Зеленый фронт, Инициатива, Тәуелсіз кәсіподақ, Бірлік және басқалары кірді [63].

Протопартиялық құрылымдардың қалыптасуының бастауы 1990-91 жылдарға келеді. Дәл осы жылдарда Қазақстанда партиялар маңызды рөл ойнайтын партиялық жүйенің қалыптасуына алғышарттар жасалынды. 1990 жылғы КСРО халық депутаттарының ІІ съездінде КОКП-ның кеңестік қоғамдағы жетекші рөлін бекітетін, КСРО Конституциясының 6-бабының күшінің жойылуы партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасуына жол ашты.

Қазақстандағы көппартиялылықтың қалыптасуына конституциялық-құқықтық алғышарт жасаған 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесі қабылдаған «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы еді. Аталған құжат Қазақ ССР-нің Конституциясының шеңберінде әрекет жасайтын қоғамдық-саяси және діни бірлестіктерге мемлекет пен қоғам өміріне араласу үшін теңдей мүмкіндік берілетіндігіне кепілдік берді [64].

1991 жылы 27 маусымда «Қазақ  ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер  туралы» Заңның қабылдануы партиялар  қызметін заңдастырды [65].

Бұл кезеңдегі Қазақстандағы көппартиялық жүйенің даму ерекшеліктері болып, жоғарыдан басталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың көптеген қоғамдық ұйымдардан, оның жетекшілерінен қолдау табуы еді. Тағы бір сол кезеңге тән белгі, ол ұлттық мемлекеттілік идеясының пайда болуына байланысты халықтың көпшілігінің саяси көңіл-күйінің өзгеруі еді. Мемлекеттілікті, ұлттық мәдениет пен тілді қалпына келтіруді өзіне мақсат тұтқан ұлттық ұйымдар құрылды. Екінші жағынан, Қазақстандағы өзге халықтардың құқығын қорғау үшін құрылған ұйымдар дүниеге келді. «Алаш» ұлт-азаттық партиясы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» және т.б. дәл осы кезеңде қалыптасқан болатын.

Төртінші кезең (1991-2003). 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңға сәйкес Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты партиялық құрылыстың жаңа кезеңі басталады [66].

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан  Республикасы Жоғары Кеңесінің  тоғызыншы сессиясында қабылданған  тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш  Конституциясы жас мемлекеттің  плюралистік демократияны орнатуға деген ынтасын бейнеледі. Негізгі заңның 10-тарауы Қазақстандағы саяси партиялардың институционализациялануының конституциялық-құқықтық іргетасын бекітті. Оның ішінде, 56-бап қазақстандық саяси партиялардың құрылуының, оның қызметінің және қызметінің тоқтауының тәртібін реттейтін арнайы заңның қабылдануын қарастырады.

1994 жылдың өзінде Орталық  сайлау комиссиясының деректері  бойынша Жоғары Кеңестің 13 шақырылымының 176 депутатының 75-і саяси партиялардан  және өзге қоғамдық-саяси ұйымдардан  сайланды [63. 14 бет].

1995 жылы Қазақстан саяси  жүйені одан әрі либералдандырды. Осы жылы 30 тамызда елдің жаңа  Конституциясы қабылданып, партиялық  құрылысты одан әрі жетілдірді [67].

Негізгі заңның 5-бабында тұңғыш рет саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесін анықтайтын маңызды ережелер бекітілді. Профессор Ғ. Сапарғалиев оларды былайша жіктеді:

1. Идеологиялық және саяси әралуандылықты тану, яғни, түрлі идеологияларға арқы сүйейтін, түрлі саяси партиялардың пайда болуы үшін конституциялық негіз орнату. Бұл, өзінің қызметін конституциялық негізде жүргізетін саяси партиялар легитимді болып табылады дегенді білдіреді.

2. Саяси партиялар тәуелсіз, жеке саяси ұйымдар болып табылады. Яғни, олар мемлекеттік органдармен бірікпейді және оларға тәуелді емес. Саяси партиялар мен мемлекеттің бірігіп кетуіне жол бермеу мақсатында, Конституция мемлекеттік органдарда саяси партиялардың құрылуына тыйым салады.

3. Конституция барлық саяси партиялар заң алдында бірдей деп бекітеді. Бұл бірде бір партия ерекше жағдайға, қандай да бір артықшылыққа не үстемдікке ие бола алмайды дегенді білдіреді.

4. Конституция саяси партиялардың ісіне мемлекет органдарының заңсыз араласуына тыйым салады. Бұл жерде заңсыз араласу деп саяси партиялардың Конституцияда, саяси партиялар туралы заңда бекітілген және қарастырылған мәртебесін бұзатын әрекеттерді түсіну қажет.

5. Конституция мемлекеттік органдардың функцияларын саяси партияларға жүктеуге тыйым салады.Мемлекеттік органдар өзіне жүктелген міндеттерді өзі атқаруы тиіс.

6. Конституция саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыруға тыйым салады. Олар өз қаржыларына, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары бөлген қаржыға өмір сүруі мүмкін. Саяси партиялар шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардан, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан қаржы алуға тиіс емес. Мұндай құқықтық норма саясатқа, мемлекеттің қызметіне сыртқы фактордың араласуына жол бермеу мақсатында енгізілген.

7. Конституция мақсаты мен әрекеті еліміздің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партиялардың құрылуына және қызметіне тыйым салады.

8. Конституция саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне тыйым салады. Бұл конституциялық ережені екі мағынада түсінуге болады: 1) діни көзқарасты басшылыққа алып саяси партия құруға болмайды; 2) құрылған және тіркелген саяси партиялар өз қызметін діни идеологияға сүйеніп жүргізуге құқығы жоқ.

9. Конституция Қазақстан Республикасында өзге мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне тыйым салады. Мұндай тыйым салу Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

Жоғарыда келтірілгендерден түйетініміз Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси партиялардың ұйымдасуы мен қызметі үшін кең конституциялық негіз берген [68].

Сондай-ақ, 1995 жылғы Конституция ережелерін Қазақстан Республикасындағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (1996. 07. 02.), «Саяси партиялар туралы» (1996. 07. 02.), «Сайлау туралы»  (1995. 09. 28.), «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» (1995. 10. 16.) Конституциялық Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және т.б. нормативтік актілер одан әрі жетілдіруге өз үлестерін қосты. 

«Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2001 жылдың 4 желтоқсанындағы Президент Жарлығына сәйкес, Қазақстанның 2010 жылғы дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында партия туралы заңды одан әрі жетілдіру бағыты айқын көрініс тапқан [69].

Дәлірек айтсақ, онда көппартиялық жүйеге жағдай туғызу қажеттілігі көрсетілген, яғни:

- аяси партиялар шын мәніндегі беделге, халықтың қолдауына ие болулары тиіс және саяси стратегияларды жасауға қабілетті болуы керек;

- қазіргі саяси партиялар мен олардың парламенттік фракциялары қоғамның барлық бөлігінің мүдделерінің саяси өкілдігінің болашақ құрылымын қалыптастыру үшін алғашқы жағдайларды туғызуға міндетті;

- партиялар қоғамдық пікірді дауыс беру жолымен білдіруге жағдай туғызуға, қоғам мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты байланысты жүзеге асыруы тиіс. Партиялық қызметтің негізінде саяси элитаны таңдау және дайындау, басқару аппаратының кадрларын дайындауды жүзеге асыруы тиіс;

- мемлекеттегі көппартиялылықтың өмір сүруі, азаматтардың саясатқа қатысуына мол мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қажетті жағдайлардың бірі ретінде болуы тиіс;

Парламенттегі партиялық фракциялардың рөлін арттыру үшін, Парламенттегі партиялық фракциялардың қызмет ету механизмін нақты анықтайтын заңның қабылдануы қажет.

Информация о работе Саяси партия