Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 08:10, курсовая работа
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.
Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар ең алдымен өндіріс бастамасының негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.
Кіріспе 4-5
І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін
жетілдіру жолдары
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және
маңызы 6-12
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі
негізгі құралдар есебін жетілдіру 12-15
ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен
есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынға ұйымдық экономикалық сипаттама беру 16-24
2.2 Қаржыжұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы 24-27
ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
3.1 Негізгі құралдардың сентетикалық және
аналитикалық есебі 28-45
3.2 Негізгіқұралдардың тозуын және
амортизациясын есептеу 45-48
3.3 Негізгі құралдар есебін автоматтандыру 48-51
3.4 Негізгі құралдардың аудитінің есері 51-60
Қорытынды 61-63
Қолданылатын әдебиеттер
Сонымен бірге аудитор кәсіпорын көлік құралдарын сатып алған кезде, оның дұрыс жән уақытылы есептелуін, бюджетке көлік құралдарына байланысты салықтарды дұрыс төлеу, оның бастапқы құнын дәл анықтауы керек. Егер де көлік құралдарын сатып алуға байланысты жасалған алғашқы құжаттар күмән туғызса, келісім шартқа жауапты адамдардан жазбаша түсініктеме алу керек. Көлік құралдарына байланысты төленген салықтың уақыттылығын анықтау керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілер негізгі құралдарды тауарлы материалдық запастарға ауыстыру арқылы ала алады. Егер негізгі құрал объектілері жеке және заңды тұлғалардан алынса, жоғарғы органдардан субсидия ретінде, спонсорлық көмек ретінде алынса, олар қабылдау тапсыру актісімен жабдықталғаннан кейін, мынадай проводка беріледі: Дт 12 бөлімше шоттары Кт 727. Егер де негізгі құрал объектілері бұрын қолданыста болған болса, олардың тоз сомасына мынадай проводка беріледі: Дт 12 бөлімше шоттары Кт 13 бөлімше шоттары. Тегін алынған негізгі құрал өзінің баланстық құны арқылы кірістеледі, яғни оған барлық кеткен шығындарды қосады. Ал негізгі құрал объектілері ұзақ мерзімді арендаға алынған болса, онда мынадай бухгалтерлік проводка беріледі: Дт 122-125 Кт 683. Аудитор тек кәсіпорын ішіндегі арендаға алынған негізгі құралдарды тексеріп қана қоймай, сонымен бірге арендаға берушіге негізгі құрал үшін төлемнің уақыттылығын да тексеруі керек. Көп кездесетін қателердің бірі бұл арендаға алушымен берушінің арасында жасалатын келісім шарттың дұрыс жасалмауы.
Негізгі құралдарды өткізу бастапқы құны арқылы жүргізіледі. Оны қабылдау тапсыру актісі арқылы жабдықтайды. Онда объектілердің бастапқы құны, техникалық жағдайы, тозу сомасы т.б. көрсетіледі. Негізгі құралдарды өткізген кезде келесі проводкалар беріледі:
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
Өткізілген негізгі құрал объектілерінің баланстық құнына |
842 |
12 бөлімше шоттары | |
Жинақталған тозу сомасына |
13 бөлімше |
12 бөлімше | |
Сатып алушыларға ұсынылған шот үшін |
301 |
722 | |
ҚҚС сомасына |
301 |
633 | |
Жинақтауға, қорапқа орауға, демонтажға танспортировкаға кеткен шығындар сомасына |
842 |
204, 671, 681 | |
Есепті кезең аяғында негізгі құрал объектілерін өткізуге байланысты шығындар болған да |
571 |
842 | |
Есепті кезең аяғында негізгі құрал объектілерін өткізуге байланысты табыстар болған да |
722 |
571 |
Аудитор негізгі құрал объектілеріне байланысты болған бухгалтерлік проводкаларды тексергеннен кейін қорларды тиімді пайдаланудың жалпылама көрсеткіші қор қайтарымын тексеру керек. Сонымен қатар кәсіпорында осы көрсеткіш соңғы жылдарда зерттелді ме және оған байланысты жүйелі түрде шаралар қолданылды ма, яғни олардың қор қайтарымын жетілдіруге байланысты шаралар қолданылды ма, осы кәсіпорында көлік құралдары қалай қолданылады, олардың есебінің ұйымдастырылуын, жұмыста тұрып қалулар болмай ма соның барлығын аудитор ұқыпты түрде тексеруі керек.
Сонымен қатар осы тексеріліп отырған кәсіпорын ішінде жеке тұлғалар кәсіпорынның мүлкін жеке пайдалануға алған жоқ па, өндірістік қорларды тиімді қолданады ма т.б. сұрақтарды тексеруі керек. Осындай жағдайлар анықталған жағдайда оларға байланысты шаралар қолданылды ма немесе олардан қолданған құралдар үшін ақы алынды ма соларды тексеруі керек.
Басты назарды аудитор мына жағдайларға аудару керек: негізгі қорлардың құрылымы мен динамикасына талдау жасалды ма, яғни олар техникалық жағдайын сипаттама береді, интенсивті және экстенсивті жағдайларды жетілдіруге назар аударуы керек.
Осындай ең маңызды жағдайларды тексергеннен кейін аудитордың басты мақсаты болып негізгі құралдардың есебін жетілдіру үшін өз көмегін тигізу немесе өз қорытындысында ауытқулар болған жағдайда сол ауытқуларды жоюға байланысты шаралар қолданылма, немесе соларды жоюға байланысты өзінің ойларын келтіруі керек. Негізгі құралдарға тексеріс жылына 1 рет немесе 2 жылда 1 рет жүргізіліп отыруы керек, яғни жылдық есеп тапсырғанға дейін.
Нарықтық экономикаға көшу еліміздің алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етіп отыр. Көп жылдан бері қалыптасқан құбылыстардың барлығы өзгеріске ұшырап, бұрыңғы жоспарлар, мемлекеттік тапсырмалардың орнына нарықта қызмет ететін сұраныс пен ұсыныс, сатушы мен сатып алушы, нарықтық дельдалдар пайда бола бастады.
Нарықтық даму кезінде кез-келген экономикалық бірлік өзінің жеке пайдасы мен табысы үшін қызмет етеді. Егер олардың экономикалық-қаржылық жағдайы жоғары болса, олар нарықта ұзақ мерзім қызмет ете отырып, өздерінің өндірістік үрдісін кеңейтеді. Ал егер шаруашылық іс-әрекеті оң нәтиже бермесе, өндірген өнімдері мен орындалатын қызметтері сұранысқа ие болмаса, олардың орнына күштілері келіп, олардың нарықтан шығып қалуына негізгі себеп болады.
Сондықтан өндіріс процесін, есеп-қаржы жұмысын дұрыс, тиімді, өтімді ұйымдастыру арқылы олардың қаржылық қызмет нәтижелерін оң құбылысқа бағыттауға болады.
Осындай нарық субъектілерінің бірі, осы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі “Дастан” баспа-полиграфиялық корпорациясы саналады. Кәсіпорын негізінен баспа, полиграфиялық, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, комиссиондық, консультациялық қызметтер көрсетумен айналысады. Кәсіпорын негізінен соңғы үш жылды пайдамен аяқтаған.
Кәсіпорынның есеп-қаржы жұмысына 2.2 бөлімшеде тоқталып өтілді. Онда кәсіпорынның есеп саясаты, бухгалтерия ақпараттары қызметтерінің бөлінуі, есепті жүргізу және тапсыру мерзімдері, жұмыс шоттары, ішкі бақылау әдістері мен тәртіптері көрсетіледі.
Үшінші бөлімде негізгі құралдардың түсуі мен шығу жолдары, тозуы мен амортизациясы, арендасы мен жөндеу есептері, олардың бағалауы жолдары, аудиті, жүргізілу кезектілігі, сонымен қатар есепті жетілдіру бағыттары ашылып көрсетіледі.
Жалпы алғанда кәсіпорын ішінде негізгі құралдардың алатын орны ерекше, өйткені оларсыз өндіріс процесін бастау мүмкін емес. Және де осы негізгі құралдардың синтетикалық есебіне де тоқталып өтілді, яғни оның есебі шоттар жоспарының 12-ші бөлімшесінде жүргізіледі. Бұл активтік шоттар, көбейгені дебетінде, азайғаны кредитінде жазылады. Ал қалдық тек дебет жағында болады.
Осы дипломдық жұмысты қорыта келе мынадай тұжырымдаманы келтіргім келіп отыр: Профессор, экономика ғылымдарының докторы А. Сафронованың (“Экономика предприятия” 2002г.) пікірінше негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың факторы болып бұл негізгі құралдарды жаңарту және техникалық жетілдіру саналады. Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін ендіру, өндірісті автоматтандыру және механизациялау деңгейін жоғарлатады, жұмыстың өнімділігін жоғарлатады, материалдық шығындарды үнемдеуге көмектеседі және де өндірістің қауіпсіздігі мен мәдениеттілігін жоғарлатады делінген.
Экономиканың көптеген салаларында негізгі құралдарды иемдену маңызды болып есептеледі. Сондықтан кәсіпкер қажетті негізгі құралдардың деңгейін иемденуі керек, олардың кірісі мен шығысын реттеп, бақылап, дұрыс бухгалтерлік есепте көрсетпесе, ол өзінің сұранысын жоғалтып алып, қызметін дұрыс көрсете алмайды. Сондықтан ең алдымен олардың барын, қорын, қозғалысын анықтап, оларға тиісті бақылау, тексеру, есебін жаңа ақпараттық бағдарламалармен қамтамасыз ету арқылы жетілдіріп, қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Ол үшін кәсіпорын тиімді бухгалтерлік есепті халықаралық қаржылық есеп стандарттарына негіздей отырып ұйымдастыру қажет екенін айтып кеткен жөн.
Негізгі қордың заттық мазмұны – еңбек құралдары. Олар кәсіпорында ұзақ мерзім қызме істеп, өндірістік процеске біренеше рет қатысады, соның өзінде бұрыңғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бағасын кемітеді.
Негізгі қорлар өндірісті материалдық техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбекттік техникамен қаруландыру деңгейіне байланысты болады.
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне қарай негізгі қорлар екі түрге өндірісітік және өндірістік емес бағыттағы қор болып табылады.
Өндірісітік бағыттағы негізгі қорларға жататындар – ғимараттар, құралғылар, машиналар, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары. Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірісітік емес негізгі қорлар өндіріске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай тырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді. Бұған тұрғын үй, мектеп, кітапхана, аурухана т.б.
Пайдалану үрдісіне негізгі өндірістік қорлар табиғи және сапалық жағынан тозады, сөйтіп кәсіпорында едәуір ысырапқа ұшыратады.
Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылай пайдалану жолымен, негізгі көрсеткіштердің деңгейін қор қайтарымы, ауысымдылық коэффициенті, жабдықтау жүктемсінің коэффициентін артытруы мүмкін.
Бұл көрсеткіштерді жақсатру ғылыми техникалық прогресс, негізгі құралдардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әртүрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш - қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтармының көрсеткіші мына формуламен есептеледі: Ққ=V/Қ
Бұндағы:
V – жыл ішінде өндірілген өнімнің өзіндік құны, заттай немесе құн есебімен;
Қ – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептелінеді. Өйткені, осы жағдайда ғана өндісітің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші өнімнің қор сыйымдылығы. Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды.
Қор қайтарымы көрсеткіштерінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеде. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды қазіргі технологияны, билікті қызметтерді пайдалану қажет.
Негізгі өндірістік қордың нәтижелігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі - жабдықтардың пайдаланылуын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді.
Қолданылған әдебиеттер
Информация о работе Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру