Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 08:10, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.
Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар ең алдымен өндіріс бастамасының негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4-5
І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін
жетілдіру жолдары
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және
маңызы 6-12
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі
негізгі құралдар есебін жетілдіру 12-15
ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен
есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынға ұйымдық экономикалық сипаттама беру 16-24
2.2 Қаржыжұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы 24-27
ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
3.1 Негізгі құралдардың сентетикалық және
аналитикалық есебі 28-45
3.2 Негізгіқұралдардың тозуын және
амортизациясын есептеу 45-48
3.3 Негізгі құралдар есебін автоматтандыру 48-51
3.4 Негізгі құралдардың аудитінің есері 51-60
Қорытынды 61-63
Қолданылатын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

диплом экономикадан.doc

— 456.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

3.1 Негізгі  құралдардың синтетикалық және аналикалық есебі

   Негізгі құралдар негізінен  өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарыын сатып алудан, өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан, малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан, жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен, басқа субъектілер  мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен, объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан, жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сай олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдытардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды.  Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілрдің есебін жүргізген  кезде,  егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама  қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді.  Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъект дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екінішісі тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде  акт екі дана етіп жасалады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге  сату кезінде актінің үш данасы  жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде  қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға береді. 

Негізгі құралдар бірдей өндірісітік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бугалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүлікік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нәмірін беріп, мүлікті  мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалды. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына тәмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады. Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдардың актілері, техникалық төл құжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамада мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал обьектілерінің  субьект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» , ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың обьектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері» негізінде жазылады.    

«Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы» бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің   техникалық  құжаттамасында  бар  мәліметтерді  қайталамай  осы  объект  үшін  неғұрлым  маңызды екі – үш сапалық көрсеткіштермен  шектеліп,  оған қатысты  маңызы  қосымша  құрылыстар,  бейімдегіштер  мен  тиесілі  заттар жазылады. Негізгі  құралдардың  топтама  есебі  жайында  қысқаша  жеке  сипаттаманы  әр  объектіге жеке  бермей – ақ,  мүліктік  карточкада  есептелген  объектілерінің  тобына  тұтастай  береді.                                        

     Егер  де объетінің сандық та және  сапалық  та  көрсеткіштері  айтарлықтай  өзгерсе,  онда  оларға  жаңа  карточка  ашылуы  мүмкін,  ал  ескі мүліктік  карточка  анықтама  құжаты  ретінде  сақталады.

Бухгалтериядағы  толтырылған  мүліктік   карточкалардың   негізнде   негізгі  құралдардың  есебі  бойынша   жасалатын  мүліктік  карточкасын   тізімдемеге  тіркейді,  ол  (тізімдеме)  негізгі құралдардың жіктемесі  бойынша  бір  данада  жасалады.

Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды  жіктік топтары  бойынша  сақтайды, ал бұл  топтар ішінде – қолдану  орындары  мен  материалдық  жауыпты  адамдар  және  негізгі  құралдар  түрлері  бойынша  көрсетіледі.  Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: “Қолданыстағы  негізгі  құралдар” (“Үйлер”, “Ғимараттар”, “Өткізгіш  тетіктер”  және басқа  жіктік  топтары  бойынша), сондай-ақ” Ағымдағы  айда  келіп  түскені”, “Ағымдағы  айда  шығып  кеткені”, “ Ішкі орын  ауыстырғандағы”, “Жөндеудегі”, “Қордағы”, “Тоқтап  тұрғаны (консервациядағы)”, ”Жалға  берілген  негізгі  құралдар”, “Ұзақ  мерзімге  берілген  негізгі  құралдар”, “Жалға  алынған  негізгі  құралдар”, “Архив”).

Ай  ішінде  “Түскендері”, “Есептен  шыққандары” және  “Ішкі  орын ауыстырғандары”  бөлімдерінің  карточкалары  12-“Негізгі  құралдар”  бөлімшесінің  шоттарында  есептелген  айналымдармен  салыстырғаннан  кейін,  картотеканың  тиісті  бөлімдеріне  орналастырылады. Негізгі  құралдар  жөндеуден  немесе  жалға  алушылардан  оралғаннан  кейін,  тоқтап  тұруы  біткеннен  кейін,   қордан  қолданысқа  өткізілгеннен, т.с.с  кейін  бұл  объектілердің  карточкалары  картотеканың  тиісті  бөлімдеріне  салынады.  Шығып  кеткен  негізгі  құралдар  бойынша  картотекаларды “Архив”  бөлімшесіне  орналастырады. Картотеканың  дұрыс  жүгізілуі  негізгі  құралдардың  жағдайы  мен қозғалысының  дұрыс  есептелуіне  және  тиісті  бақылау  жасалуына  септігін  тигізеді.

 

 

 

Кесте 6

Негізгі құралдардың келіп түсуіне жасалатын шоттар корреспонденциясы

 

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дт

Кт

1

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішінде орын ауыстыруы

121-125

121-125

2

Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алынса

- ҚҚС сомасына

 

121-125

331

 

671

671

3

Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салымдарына салған негізгі құралдарды кіріске алынды

121-125

511

4

Негізгі құралдар серіктестік, тәуелді және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардан алынды

  • баланстық құнына
  • ҚҚС сомасына
  • беруші жақтың есептеген тозу сомасы

 

 

 

 

122-125

331

122-125

 

 

 

 

641-643

641-643

131-134

5

Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді

122-125

727

6

Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар анықталады

122-125

727

7

Кәсіпорынның өзі дайындалған негізгі құралдар

122-125

900


 

Шаруашылықты жүргізуші субъект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті  үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.

Негізгі  құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

Объектілер толық немесе ішінара(объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде) жойылады. Субъектінің балансының жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апараттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші  субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

Негізгі  құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін (құрылтай- шылардың немесе уәкілдіктердің жиналысында қабылданған шешімімен) басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетешісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі (автокөліктерді есептен шығарғанда) бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал – жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер – механиктер, инженер – энергетиктер, инженер - гидрологтар, инженер – жылу техниктер, инженер – технологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және т.б. мамандар.

Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті объектілермен  тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жағымсыздығын; есептен шығару себептерін, қажетті жағадайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлілі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктермен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал – жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.

Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар – тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының  көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар – биологиялық өсіп -  өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жоғалтқанда, сондай – ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субъектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал – жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық (нормативті) пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл -  заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.

Негізгі құрал – жабдықтарды (автокөлік құралдарынан басқа) толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын. Негізгі құрал – жабдықтарды жою туралы акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1 – ші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал – жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.

Есептен шығаруға жұмсалған, сондай – ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал – жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің «Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі» деген бөлімінде қарастырылады.

Баланстан автокөлік құралдарының барлық түрін есептен шығару “Автокөлік құралдарын есептен шығару акті сінде” көрсетіледі. Актіні комиссия екі дана етіп дайындап, субъектіні басшысы немесе өкілетті уәкілі бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі негізгі құрал – жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғаға беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.

Автокөлік құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдық құндылықтар бағасы “Автомобильді (тіркемені, жартылай тіркемені) есептен шығару нәтижесінің есері” деген бөлімшесінде көрсетіледі.

Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі және оның есептен шығару себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың  жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы да басқа күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарылатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдаланылуы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.

Информация о работе Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру