Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 08:10, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.
Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар ең алдымен өндіріс бастамасының негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4-5
І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін
жетілдіру жолдары
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және
маңызы 6-12
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі
негізгі құралдар есебін жетілдіру 12-15
ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен
есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынға ұйымдық экономикалық сипаттама беру 16-24
2.2 Қаржыжұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы 24-27
ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
3.1 Негізгі құралдардың сентетикалық және
аналитикалық есебі 28-45
3.2 Негізгіқұралдардың тозуын және
амортизациясын есептеу 45-48
3.3 Негізгі құралдар есебін автоматтандыру 48-51
3.4 Негізгі құралдардың аудитінің есері 51-60
Қорытынды 61-63
Қолданылатын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

диплом экономикадан.doc

— 456.00 Кб (Скачать файл)

 

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне талдау жасайтын болсақ, өнімді өткізуден түскен табыс жылдан жылға кемігенін байқаймыз. 2004 жылы 202-502 мың теңгеге кемісе, 2005 жылы 134315 теңгеге кеміген. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржы жағдайына кері әсерін тигізеді. Өткізілген өнімнің өзіндік құны да өнімді өткізуден түскен табысқа және өндірістік шығындарға байланысты кемігенін байқалады. 2003 жылы базистік жыл деп алып қарағанда, 2004 жылы 76773 теңгеге, 2005 жылы 173605 теңгеге кеміген. Өткізілген өнімнің өзіндік құны төмендеген сайын кезеңдік шығындар соның ішінде жалпы және әкімшілік шығындардың салыстырмалы артуы байқалады. Бұндай жағдай кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне кері әсерін тигізеді, сондықтан соңғы жылдарыда табыс байқалмайды.

 

Кесте 4

Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау

 

Көрсеткіштер

2003

2004

2005

Ақша қаражатының түсуі

-өнімді өткізуден  табыс

-алынған аванстар

-басқалай түсімдер

992074

 

 

796932

180000

15142

892849

 

 

888236

-

4613

794477

 

 

635477

-

20000

Ақша қаражатының шығуы

980820

849940

571042

-жабдықтаушылар  мен мердігерлер шоты

460493

477551

239300

-берілген аванстар

55590

-

68195

-еңбек ақы  бойынша бережақтар

234900

257400

217660

-салықтар бойынша есеп айырысу

226057

5000

13626

-процент бойынша  шығындар

3780

3895

2347

-әлеуметтік сақтандыру  және зейнетақы қорларына

 

 

 

-

 

 

 

106094

 

 

 

-

-басқалай төлемдер

-

-

29915

Қызметтер нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі мен азаюы

+11254

+42909

+223434


 

Ақша қаражаттарының қозғалысына талдау жасасақ, жылдан жылға ақша қаражаттарының қорлануы байқалады. 2005 жылы басқалай түсімдер мен төлемдерден 49915 теңгеге түссе, жыл аяғындағы ақша қорларының көбеюі 223434 теңгені көрсетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге артық. Ақша қаражатының шығуы соның ішінде жабдықтаушылармен және мерігерлермен шоты бойынша 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 17058 теңге, ал 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 238551 теңге шығындалған. Ал, жұмысшылар еңбек ақы төлеу бойынша 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 39740 теңге артық шығындалған. Кәсіпорын бойынша ақша қаражатының қозғалысын анықтау барысында ақша қаражатының қозғалысын анықтау барысында процент бойынша төлемдер, ең аз төленген жыл 2005 жыл болып табылады.

 

Кесте 5

Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділігі

 

Көрсеткіштер

2003

2004

2005

Негізгі өндірістік қорлардың 100 теңгеге айналғаны мың тг.

-жалпы өнім

 

 

 

16845

 

 

 

17997

 

 

 

18117

-тауарлы өнім

16550

16605

16707

-пайда (рентабельдік)

42737

42739

42739

Қор сыйымдылығы –бүкіл кәсіпорын бойынша

 

 

568479

 

 

592214

 

 

592214


 

Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтауда жалпы өнімнен түскен табыс соңғы 3 жылда көп өзгеріссіз  қалған. Тауарлы өнімде соңғы 3 жылда өзгеріссіз болған. Бұл көрсеткіштер негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі жоғары деуге келмеді. Себебі соңғы жылдарды пайда көрсеткіштері өзгеріссіз болған. Қор сыйымдылығы бүкіл кәсіпорын бойынша 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 23736 теңгеге өскені мен соңғы 2 жылда өзгеріссіз қалады. Жалпы кәсіпорын жұмысына экономикалық тиімділігін жағынан баға беретін болсақ, кәсіпорында табысты деп бағалауға болмайды. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіші нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасауы, өндіріс қорларының экономикалық жағдайы, қаржыландыру көздері ақша қаражатының қозғалысы сияқты кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады.

 

    1. Қаржы жұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы

 

Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді құру субъектінің төмендегі негіздерінде:

  1. Қазақстан  Республикасының Президентінің заң күші бар “Бухгалтерлік есеп туралы” жарлығымен;
  2. Бухгалтерлік есеп стандарттарымен;
  3. Бухгалтерлік есеп стандарттарына арналған әдістемелік ұсынымдарымен;
  4. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру субъектілері бойынша бұйрықтар, нұсқаулықтар, есептеу саясатымен жүзеге асырылады.

Бухгалтерлік қызметтің міндеттері – басшылықтың және басқарудың жеделдігі үшін қажетті субъект іс-қимылының шаруашылық процестері мен қаржылық қорытындысы туралы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп ережелерін жүргізу және қаржылық есеп беруді құру және қағидаттарын белгілеуді бухгалтерлік есептің стандарттарына сай инвесторлардың, жеткізушілердің, сатып алушылардың,кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де мүдделі азаматтардың пайдалануы үшін толық және нақты ақпараттармен қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.

Бухгалтерлік еспті ұйымдастырушы субъект іс-әрекеттің түрлеріне, шаруашылықтың көлеміне және нақтылы шарттармен, бухгалтерлік жұмыстар түрлерін ұйымдастыруды жеке дара белгілеуді:

  1. есептеу саясатымен қалыптастырады;
  2. өндірістік және қаржылық есептердің қызметтік ажыратуларын жүргізеді;
  3. бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті шаруашылық операцияларға , сондай-ақ басқа да шешімдерге бақылау тәртіптерін дайындауды жүзеге асырады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың субъектілеріне, шарашылық операцияларын орындау кезінде заңдарды сақтауға басша жауапкершілік атқарады. Бухгалтерлік есептің субъектісі бас бухгалтер басшылық ететін оның құрылымдық бөлімшелерімен немесе есеп субъектілердің жеке бухгалтері жоқ болса, бухгалтерлермен жүзеге асырылады.  Бухгалтерлік қызмет – қызметтің ұйымдастыру түрлері бойынша бөлімдерге, әлде секторларға немесе топтарға бөлінуі керек.

Бухгалтерлік қызмет жоқ субъектілер бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді мамандандырылған бухгалтерлік фирмалар немесе бухгалтериямен алғашында шартпен жүзеге асырылады. Басша бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізуіне де болады. Бас бухгалтерді босатқан кезде жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге, егер ол жоқ болса субъектілердің  бұйрықтарымен тағайындалған қызметтеріне құжаттар тапсырылады, субъектілер басшысы бекіткен  актіге сай бухгалтерлік есептің ахуалын және есеп берудің нақтылы мәлімет дәлелдігін тексеру процесі жүргізіледі.

Субъект субъектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі – бухгалтерлік есептің шоттарының бас жоспарына сай өздерінің жүзеге асырылған шаруашылық операцияларының актілері, жеке капиталы, міндеттері жөнінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

Субъектілердің бухгалтерлік есепті жүргізілген кездегі қамтамасыз ететін нәрселері:

  1. есеп саясаты және оны ашу, 1С бухгалтерлік есеп саясатында белгіленген ережелеріне сәйкес есеп беру кезеңі уақытында жеке шаруашылық операциялары және актілерге баға беру мен міндеттерді айқындауды есепке алу саясатының өзгермеуі;
  2. барлық шаруашылық операцияларының есеп беру кезеңінде осы кезеңдегі жүзеге асырылған және мүлікті түгендеу мен қаржылық міндеттердің қорытындыларына толығымен есеп беруді айғақтау;
  3. есеп беру кезеңінде табыстар мен шығындарды жатқызудың дұрыстығы;
  4. әрбір айдың басында айналым мен қалдықтардың  синтетикалық есеп берудің шоттары бойынша берілген талдау есептердің бірдей мәліметтермен шығуы міндетті.

Субъект басшысы касса операцияларын жүзеге асыра отырып, қолда бар ақша іс-қимылын есепке алуды қамтамасыз етуі керек. Қолда бар ақша іс-қимылы алдын ала алғашқы  құжаттардың негізінде сай бухгалтерлік касса кітаптарында тіркеліп, белгіленуі тиіс. Касса кітаптары нөмірленген, жіппен тігілген және мөрмен басылу керек. Касса кітабының бет саны басшы мен бас бухгалтердің қолымен куләландырылуы тиіс.

Бухгалтерлік есепке алудың бірінші стандарты:

  1. есеп жүргізу саясаты және оның ашылуы;

а)  мақсаты мен қолданылу өрісі.

Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы заң күші бар №2732 жарлығына сай Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептемесі жүйесін реттеп, есеп жүргізудің негізгі қағидаттары мен жалпы ережелері, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөнінде субъектілерге қойылатын талаптарды бейнелейтін нормативтік, құқықтық актілер мыналарды қамтиды:

  1. бухгалтерлік есепке алу туралы жарлық;
  2. бухгалтерлік есепке алу туралы стандарттары;
  3. оларға берілген әдістемелік ұсынбалар, нұсқаулар;
  4. субъектілердің есеп жүргізу саясаты.

Есеп жүргізу саясаты – бұл бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептемесін алу үшін олардың қағидаттары мен негіздемелеріне сәйкес субъектілердің басшысы қабылдайтын әдістемелердің жиынтығы. Осы стандартта есеп жүргізу саясатыын қалыптастыру бөлігінде меншік нысандарына қарамастан субъектілерге есеп жүргізу саясатын ашып көрсету бөлігінде өздерінің қаржы есептемесін заңдарға құрылтай құжаттарына сай болмасада бастамашылығы бойынша жариялайтын субъектілерге қолданылады. Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру және пайдалану кезінде есеп жүргізудің мынадай қағидаттарын ұстану керек:

  1. есептеу – бұл шаруашылық іс әрекеттер ақша қаражаты алынған немесе төленген сәтінде емес, олар арқылы табылғанда мойындалады. Есептеу ұстамы сәйкестілік ұстамдарымен байланысты, яғни табыс ақша қаражаттарының түскен уақытына тәуелсіз тауар сатумен қызмет көрсету сәтінде мойындалады.
  2. үзіліссіз қызмет – шаруашылық субъектісі өз қызметін белгіленбеген уақыт аралығында жалғыстыра береді және жақын арада оның жойылуы күтілмейді.
  3. түсініктілік – ақпарат әрбір пайдаланушыға түсінікті болу керек.
  4. мәнділік – пайдаланушының шешім қабылдау барысында қаржы ақпараты, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырған- да және қаржы шаруашылық қызметіне баға беруде көмектеседі.
  5. маңыздылық – есеп саясатындағы маңызды ақпараттардың ескермеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі қаржы есептемесін пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, онда оны қаржы есептемесінде ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.
  6. дұрыстық – ақпарат шынайы көрсетілу керек, мұнда оның ағат пікір және қате жоқ екендігін оңай тексеруге болады.
  7. сақтық – активтер мен табыстардың асыра бағаланбауын, ал міндеттемелер мен шығындардың желге бағаланбауын болдырмас үшін белгісіздік жағдайларға баға беруге қажетті шешімдер қабылданған кезде сақ болған жөн.
  8. дәйектілік – активтерді бағалау және шаруашылық іс- әрекеттерін есептеу әдістері 1 есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданылады.
  9. әділетті, әрі тура көрсету - қаржылық есеп беру белгілі бір санаулы адамдар мүддесін көрсетпеу керек.

Шаруашылық операциялары активтерді, меншікті капиталды, міндеттерді, қызмет нәтижесін және басқаларын көрсетудің балама тәсілдерін теріске шығармаларын бухгалтерлік есепке алудың стандарттары есеп жүргізу саясатын қалыптастырудың базасы болып табылады. Есеп жүргізу саясаты қалыптастыру әр стандарттарда ұсыныс тәсілдерінің бірін таңдаумен субъектілер қызметінің жағынан басшылыққа ала отырып, оларды негіздейтін және бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржы есептемесін тапсыру үшін оларды негіз ретінде қабылдауы мен тұжырымдамалайды. Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру маңызды да жауапты рәсім болып табылады, ол қаржы есептемелерін дайындауға және тапсрыуға ықпал етеді. Есеп саясатын қалыптастыру үшін жауапкершілікті субъект басшысына жүктеледі. Ашылымы: есеп жүргізу саясатының

есеп жүргізу саясаты қаржы есебіне берілген түсініктеме жазба хатта бірінші болып ашып көрсетуге тиіс. Есеп жүргізу саясатын ашып көрсету кезінде қаржы есептерін сыртқы пайдаланушылары үшін ашылатын ақпараттық маңыздылығы шарттарын басшылыққа алу керек. Егер есеп беру кезінде есеп жүргізу саясатында өзгерістер болса, олардың себептерін көрсете отырып ашу керек.

Информация о работе Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру