Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 08:10, курсовая работа
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.
Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар ең алдымен өндіріс бастамасының негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.
Кіріспе 4-5
І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін
жетілдіру жолдары
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және
маңызы 6-12
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі
негізгі құралдар есебін жетілдіру 12-15
ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен
есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынға ұйымдық экономикалық сипаттама беру 16-24
2.2 Қаржыжұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы 24-27
ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
3.1 Негізгі құралдардың сентетикалық және
аналитикалық есебі 28-45
3.2 Негізгіқұралдардың тозуын және
амортизациясын есептеу 45-48
3.3 Негізгі құралдар есебін автоматтандыру 48-51
3.4 Негізгі құралдардың аудитінің есері 51-60
Қорытынды 61-63
Қолданылатын әдебиеттер
Жерді үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды.
Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша – объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса, құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар - өздерінің келісілген бағасы бойынша субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің тозу сомасын қоса есептелген басқа да саты алуға байланысты жұмсалған шығыстар тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша – құжаттарда көрсетілген бастапқы құны алынады.
Айырбас операциясы нәтижесінде алынған негізгі құралдар – бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған ақша қаражаттарының сомасына тең болады.
Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде – малдарды өсіруді нақты өзіндік құны.
Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілген жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.
Негізгі құралдардың есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында ұзақ мерзім бойына қызмет көрсететін, өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп аударатын активтерді айтамыз. Негізінен кәсіпорында негізгі құралдардың алатын орны ерекше деп айтуға болады. Өйткені оларсыз әрбір өндіріс өз қызметтерін жасай алмайды.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
Осы талаптарға жауап беретін негізгі құрал есебін ұйымдастыру үшін, есепті келесі жүйеде жүргізу керек:
Негізгі құралдар есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың тұтас принціпі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын, қор қайтарымын, әртүрлі кәсіпорынның негізгі құралдарымен салыстыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісін жоспарлауға мүмкіндік береді. Біздің елімізде экономиканы басқаруда өзгерістер болып шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері енгізіліп, игерілуде. Халық шаруашылығындағы барлық экономика жұмысын қайта құру бухгалтерлік есепті жетілдіру сұрақтарымен байланысты “электронды – есептегіш” техниканы тиімді пайдаланумен статистика және есептің сапасымен, оперативтілігін көтеру барлық саладағы есеп құжаттары және есеп беруді жетілдіру қажет.
Есептің автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру үшін электронды есептегіш машинаны қолдану тәжірибені өзгерту және оның методологиясын жетілдіру үшін жағдай туғызады. Әртүрлі автоматтандырылған есеп үлгілері пайда болып, дамуда. Есеп ақпаратын өңдеуді автоматтандыру бухгалтерия қызметінің сипатының өзгеруіне үлкен әсер етеді. Бұл өзгерістердің негізгі көрсеткіштері болып қабылданатын шешімдердің жеңілділігін, ғылыми негізделуін және объективтілігін өңдеу мерзімдерін азайту және түсетін ақпараттардың аналитикалық жұмыс уақытын ақпаратты, шоттарды тексеруден босату есебінен көбейту, есеп қызметтерінің ақпаратпен қамтамасыздық деңгейін есептеу орталығынан қажетті, дұрыс өңделген ақпаратты алу есебінен көтеру болып табылады.
Негізгі құралдар есебінің сапасын және ұйымдастыруды жақсартуға есептегіш техниканы пайдалану үлкен әсер етеді. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін бухгалтерлерді автоматтандырылған жұмыс орны негізінде автоматтандыру алдағы міндеттерді методологиялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық бірлікте, яғни экономикалық ақпаратты өңдеуде жүйелілікті қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің басқа да бөліктермен салыстырғанда негізгі құралдардың есебін автоматтандыру жеңілірек, өйткені олардың бары және қозғалысы туралы мәліметтерді басқаларға қарағанда тұрақты енгізілгеннен соң, тек олардың кірісі мен шығысына өзгеріс еніп отырады. Ол өзгеріс тек көп болмайды. Соған байланысты сәйкес ақпараттарды алудың оперативтілігі өседі.
Осы негізгі құралдарға ақпаратар электронды есептегіш машинаның жадынына енгізіліп, нормативті анықтамалық ақпаратты құрайды. Негізгі құралдардың есебі бойынша нормативті анықтамалық ақпарат 3 анықтамадан тұрады: норма коды, негізгі құралдар тобының аты және норма көлеміне нұсқау, амортизациялық шығарулар нормасы, аты мен коды бөлек көрсетілген құрылғылар тобы, топтың коды, сәйкес объектілердің аты, негізгі корреспонденцияланатын шоты көрсетілетін негізгі құралдар.
1.2 Негізгі құралдар есебін
Нарықтық экономикаға көшу еліміздің алдында жаңа талаптар қойды. Көп жылдан бері қалыптасқан нәрселердің бәрі өзгеріске, кейбіреулері түбегейлі өзгеріске ұшырап отыр. Осы орайда экономика, есеп қаржы жұмыстары бірінші орын алды. Кеңестер Одағы жылдары құрылған бухгалтерлік есеп жүйесі методикалық жағынан жетілдірілген және жолға қойылғанмен, кәсіпорын, ұжым, инвестордың қажеттілігіне емес, әкімшілік басқару жүйесінің қажеттілігіне бағытталған болатын. Сонымен қатар ол нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынды басқару үшін қажетті ақпаратты бере алмады. Негізінен бухгалтерлік есепке реформа жасаудың 2 әдісі болады:
Осы кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу және оны жетілдіру маңызды болып табылады. Сондықтанда көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбегінде осы мәселеге байланысты жағдайлар қарастырылған. Мен осы негізгі құралдар есебін жетілдіру жөнінде бірнеше ғалымдар мен тәжірибешілердің ойларын келітіргім келіп отыр.
Профессор, экономика ғылымдарының докторы А. Сафронованың (“Экономика предприятия” 2002г.) пікірінше негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың факторы болып бұл негізгі құралдарды жаңарту және техникалық жетілдіру саналады. Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін ендіру, өндірісті автоматтандыру және механизациялау деңгейін жоғарлатады, жұмыстың өнімділігін жоғарлатады, материалдық шығындарды үнемдеуге көмектеседі және де өндірістің қауіпсіздігі мен мәдениеттілігін жоғарлатады.
Кәсіпорынның негізгі құралдарын жетілдірудегі резерв жүйесі төмендегідей жолдармен көрсетіледі:
Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Сергеев И.В. пікірінше негізгі құралдарды жетілдіру былай болады дейді. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану жетілдіру кәсіпорынның қаржылық нәтижесінде көрсетіледі. Бұл яғни өнімді шығару көлемін көбейту, өзіндік құнды төмендету, өнім сапасын жақсарту, мүлікке салықты азайту және баланстық пайданы көбейту есебінен деуге болады.
Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі ол көбіне негізгі өндрістік қорлардың сапасы мен құрылымына және жағдайына байланысты. Соңғы жылдары негізгі өндірістік қорларды жаңарту процесі баяулап қалды, соның нәтижесінде негізгі құралдардың моральдық және физикалық тозуына әкелді, ал ол өзі кәсіпорынның шаруашылық қызметіне жанама түрде әсер етеді. Сонымен қатар әрбір кәсіпорында негізгі өндірістік қорларды жетілдірудің резервтері қолданылады. Осы мақсаттарға жету үшін және олардың орындалуы үшін жаңа техникалар мен технологияларды механизация мен өндірістік процестерді автоматтандыру, уақытылы және сапалы жөндеу жүргізу т.б. Негізгі құралдарды жетілдіру жолдары негізінен кәсіпорында ағымдағы немесе өткен жылда қалыптасқан нақты шарттарға, жағдайларға байланысты.
“Хегай и К” ЖШС директоры Хегай И.(31) пікірі бойынша негізгі құрал жабдықтарды сатып алған кезде аталған объектіге қатысты біздің ойлайтынымыз ұзақ уақыт бойы табыс алуға байланысты болады. Негізгі құрал жабдықтар объектілері ұзақ мерзімді активтер болып саналады, сондықтанда оларды пайдалану барысында: күтіп ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге, жөндеудің, жаңғыртудың, қайта құрудың т.б. барлық түріне қосымша шығындар жұмсалатыны белгілі. Бухгалтердің алдында тұратын негізгі себеп, жағдай шеккен шығынды қайта дұрыс жіктеуге болатындығында, өйткені оларды бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету және де аталған шығындарды салық есебінде шегерімдерге жатқызудың құқықтылығы осыған байланысты. Жаңғырту – қазіргі талапқа сай жетілдіруді енгізу. Алғашқы сәтте негізгі құралдарды жаңғырту күрделі шығын келтіретін секілді. Алайда оларды ондай деп тану үшін оның өзі алдағы уақытта экономикалық пайда әкелетіні болуы тиіс.
Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі бүкіл проблеманы дұрыс шешу үшін кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Оның міндетіне жататыны:
“Мақсат” аудиторлық фирмасының бас маманы А. Герасимованың (11) ұсынысы бойынша кәсіпорын бәсекелес ортада өмір сүруі үшін уақытқа ілесе білуі қажет екендігі құпия емес. Ғылыми техникалық прогеске үнемі жаңа талаптар қояды. Бұл талаптар бірінші кезекте негізгі құралдарға қатысты. Негізгі құралдарды жаңарту кәсіпорын үшін стратегиялық маңызды шаралар болып саналады. Алайда кәсіпорын көп жағдайда қаржы ресурстары жеткіліксіз бола тұра, қолда бар негізгі құралдарды ішінара жаңғыртумен шектеседі. Соның нәтижесінде негізгі құралдардың қолдану мерзімі ұзарады, кейбір жағдайда өнімділік артады.
№6 Бухаглетрлік есеп стандартына сай және оның әдістемелік ұсынымдарына сәйкес негізгі құралдарға күрделі қаржы бөлудің мысалы жұмыс істеп тұрған субъектілерді жаңғырту, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу шығындары болуы керек. Бұл орайда негізгі құралдар объектілерінің бастапқы құнының артуы, объектілердің жағдайы, оның бастапқы бағаланған нормативтік көрсеткіштері – қызмет мерзімі, өндірістік қуаты т.б. артқан жағдайда болады. Қазіргі кезде айналымдық ақша қаражаттарын үнемдеу мақсатында көптеген компаниялар өз күшімен жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғыртуда, қайта құруда, техникалық қайта жарақтандыруды жүргізуде. Жаңғыртуды жүргізген кезде тұтастай бір бөлікке әрі қарай пайдалану ретінде жарамсыз кейбір материалдар бөлшектеуге жатады. Бұл бөлшектелген материалдар пайдаланылуы мүмкін бағасы бойынша кіріске алынады.
Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ доценті В.Назарованың пікірі бойынша кез - келген кәсіпорын негізгі құралдарды жөндеу мен оны жетілдіру, жаңғырту мен кездеседі. Мысалы, істен шыққан құралдарға, компьютерлерге т.б. Оларға шығын маңызды болмайды. Ал офиске немесе толық өндірістік кешенге кеткен шығын бөлек. Өйткені оған кеткен шығын сомасы үлкен болуы мүмкін. Негізгі құралдарды өндірісте қолданғанда олар бірте бірте тозады, өзінің бастапқы күйін жоғалтады. Сондықтанда осы жағдайларды алдын алу үшін әрбір кәсіпорын резерв жасақтайуы мүмкін. Ал басқа жағдайларда кеткен шығын өнімнің өзіндік құнына алып барылады. Сондықтанда резервтік қордың маңызы зор. Бірақта кәсіпорын одан зиян шекпейді, керісінше жаңғыртудың нәтижесінде өнімнің сапасы жақсарады, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, яғни нарықтық талаптарға сай болуы керек, өйткені нарық сұраныстары өзгеріп отырады.
Информация о работе Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру