Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 08:10, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.
Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар ең алдымен өндіріс бастамасының негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4-5
І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін
жетілдіру жолдары
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және
маңызы 6-12
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі
негізгі құралдар есебін жетілдіру 12-15
ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен
есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынға ұйымдық экономикалық сипаттама беру 16-24
2.2 Қаржыжұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы 24-27
ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
3.1 Негізгі құралдардың сентетикалық және
аналитикалық есебі 28-45
3.2 Негізгіқұралдардың тозуын және
амортизациясын есептеу 45-48
3.3 Негізгі құралдар есебін автоматтандыру 48-51
3.4 Негізгі құралдардың аудитінің есері 51-60
Қорытынды 61-63
Қолданылатын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

диплом экономикадан.doc

— 456.00 Кб (Скачать файл)

№6-шы “Негізгі құралдардың есебі” бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен  негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

  Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.

Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.

Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін  13 “Негізгі құралдардың тозуы” бөлімшесінің мынадай синтетикалық шоттары: 131 “Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 132  “Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы”, 133 “Көлік құралдарының тозуы”, 134 “Басқа негізгі құралдардың тозуы” пайдаланылады. 

 

Кесте 7

Амортизация есептеген кезде төмендегідей шоттар корреспонденциясы беріледі:

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

1

Қолданыстағы негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация

935

131-134

2

Жалпы өндіріс цехтарындағы негізгі құралдарға

935

131-134

3

Басқару әкімшіліктегі негізгі құралдарға тозу есептелді

821

131-134

4

Өнімді сатуға байланысты негізгі құралдарға 

811

131-134


 

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сай дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

  • құнын бірқалыпты  (түзу сызықты) жолмен есептеп шығару;
  • құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды немесе пара-пар етіп есептеп шығару (өндірістік әдіс);
  • жеделдетіп есептеп шығару;
  • қалдығын азайту жолымен есептеп шығару;
  • құнын сандардың жиынтығы бойынша  есептен шығару.

Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны  есептеудің әрқилы әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланылады.

Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Негізгі қралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады.  Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оны қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болады.

Амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорцияналды түрде есептеу әдісі негізгі құралдардың тозуы тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды.

Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеге түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік  құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдалану екі талай. Дегенмен, де, оның екі түрін ұсынады:

  1. Кумулятивтік әдісі;
  2. Азайып отыратын қалдық әдісі.

Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда – «өсу», «жиналу» деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.

  Азайып отыратын қалдық әдісі  – бұл әдісте тек кумулятивтік  әдістің принціптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдіс деп те атайды.

 

3.3 Негізгі  құралдардың есебін автоматтандыру

1С: жүйесі қарапайым  да күрделі есептің әмбебап  бухгалтерлік бағдарламасы болып  саналады, ол әртүрлі меншік нысанындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорында қолдауы мүмкін. Жүйенің жұмысы мынадай негізгі 3 компонентке негізделіп жасалған: “Оперативтік”, “Бухгалтерлік есеп” және “Есептеу” компоненті.

Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын жүргізуді, операциялар мен өткізбелерді және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді. Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және көп деңгейлі есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы: валюталық есеп, қосалқы бөлшектер және басқалары оның қосалқы бөлігі болып табылады және пайдаланылмауы да мүмкін. Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі. Бухгалтерияда 2 жақты жазу қабылданғандықтан, әрбір өткізбенің 2 бөлігі болады – дебеттік және кредиттік. Бұл ережеден басқа баланстан тыс шоттары да бар. Бұл жағдайда проводканың тек 1 бөлігі ғана болады.

“Жедел есеп” компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты  шаруашылық операцияларын  басқаруға арналған. Бұл компоненттің негізі болып қалдықтар немесе  айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер есептелінеді. Пайдаланушылардың көзқарасы бойынша жедел есеп компоненттерінің бухгалтерлік есеп компоненттерінен айырмашылығы, ол “қара жәшік” сияқты, яғни пайдаланушы есепті ұйымдастырудың егжей-тегжейіне қанық бола алмайды. Ол енгізу арқылы жүйеге құжаттарды енгізеді және шығару арқылы қорытынды есеп алады, ал құжаттарды механизмі конфигурацияда жасырылған және оған қол жеткізе алмайды. Сондықтан бұл компонентті конфигурациялау әдетте, арнайы мамандардың көмегімен орындалады.

“Есептеу” компоненті арнайы алгоритімдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды.  Бұл компоненттің негізі болып кезеңдік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталатын қорытынды есеп журналы болып табылады. Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру объектісі немесе басқа да анықтамалықтар жатады. Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін объектілер бойынша анықталынады.  Журналдағы жол 1 күннен 1 жылға дейінгі кез-келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір объекті бойынша қорытынды есеп бередуді бейнелейді. Ақпаратты алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықталған таңдау арқылы мәндерді енгізуді жүзеге асырады. Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше журнал құрылады. Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады. Әр журналға күрделі өз алгоритмі сәйкес келеді. Нақты алгоритімді сипаттау үшін “есептеу түрі’ ұғымы енгізілген.

“Алтын – Негізгі құрал” бағдарламасының функциялары:

  1. әр объектілерге немесе топ объектілеріне ашылатын инвентарлық карточкалар;
  2. негізгі құралдар қозғалысы есебі: объектілердің түсуіне, шығуына, өткізуге және іштей қозғалысын жабдықтау;
  3. объектілердің ағымдағы жағдайы бойынша есеп;
  4. объектілердің  ликвидттік құны бойынша әртүрлі амортизациялық аударымдар жасау;
  5. негізгі құралдар объектілері бойынша бухгалтерлік және салалық есепті қалыптастыру.

Бағдарламаның негізгі менюі келесі түрде болады (1-сурет) Бұл бағдарлама бойынша жұмыс келесі  справкалар қолданылады. (2-сурет) Негізгі құралдардың анықтамалары  кәсіпорыннның балансындағы барлық объектілерді кірістейді (3 сурте). Әр объектіге сай келесі мәліметтерді енгізу керек (4 сурет). Негізгі құралдардың қозғалысы мен олардың жағдайындағы өзгерістерге түсу, шығу жағдайы туралы справочниктер қолданылады. Әрбір түсу және шығуға  байланысты тиісті корреспонденттік шот ашу керек. Мысалы: егер объект заңды тұлғадан сатып алынғанда 671 шотта көрсету керек (5-сурет).

“Салық топтары” анықтамасында  негізінен әртүрлі салық топтарына сай объектілерді бөлу арқылы салық амортизациясын есептеу үшін қажет (6-сурет).

Негізгі құралдардың аналитикалық есебі “Объекты-учет” деген менюде жүргізіледі. Осында инвентарлық карточкалар қалыптасады, яғни негізгі құралдардың түсуі, шығуы, қозғалысы, бөлінуі, жағдайының өзгеруі есептеледі. Бұнда объектілердің мазмұнын қарап, корректировкалауға болады, яғни эксплуатация мерзімі  кезіндегі параметрлерінің өзеруі қарастырылады.(7,8сурет)

Инвертарлық карточка негізгі құралдың объектілері  бойынша негізгі және қосымша мәліметтерді кірістейді (9- сурет)

Негізгі құралдардың түсуі “Поступление” деген кнопкасы арқылы жүргізіледі. Осы кезде негізгі құралдарды қабылдау актісі толтырылады. Оны келесі суреттен көруге болады (10- сурет) Ал объектілердің 1 бөлімшеден 2-ші бөлімшеге ауыстыру үшін “Перемещение” деген кнопка арқылы жүргізіледі және негізгі құрал объектілерін ауыстыру актісі қолданылады (11- сурет).

Эксплуатация кезінде объектілердің жағдайы өзгеруі мүмкін, яғни оны жөндеуге, монтаждауға, консервацияға т.б. жіберуі мүмкін. Оның  есебін жүргізу үшін “Состояние” кнопкасын қолданады. (12 сурет)

Осы уақытта “Виды состояния”  анықтамасында амортизацияны есептеу белгілері көрсетіледі. Егер белгі тұрса, бұл яғни объектіге амортизация есептеледі (13 сурет)

Әрбір ай бойынша бухгалтер келесі есеп берулерді ала алады:

  • негізгі құралдар бойынша: шыққан, түскен және ауыстырылған;
  • сторнировкалық сомалардың ведомостісі;
  • бухгалтерлік амортизация есептеу бойынша есеп берулер;
  • жауапты адамдар және әрбір объекті бойынша инвентарлық опись;
  • 11 форма негізінде статистикалық есеп беру;
  • амортизацияға байланысты есептелген проводкалардың қалыптасқан тізімі, яғни суб шоттар мен баланстық шоттар аналитикасына байланысты.

Негізгі құрал объектілері есепке қабылданғанда “Поступление ОС” пункіті қолданылады. Құжаттың жоғарғы жағында құжаттың номері, уақыты және жабдықтаушылар туралы мәліметтер көрсетіледі. “Получено от” реквезитінде негізгі құралды сатып алған контрагент көрсетіледі. Керекті мәліметтерді енгізу арқылы экранның толық күйін көре аламыз (10 сурет)

Сәйкес реквезиттерді толтыру кезінде “Негізгі құралдар” анықтамасы ашылады, онда тиісті мәліметтерді енгізу керек: “Жалпы” және “Амортизация” бойынша. Диалогтық терезе келесі түрде болады (11,12 сурет). “Приобретение ОС за плату” деген терезеде “ОК” кпопкасын басу арқылы жабылғаннан кейін журнал опреациялары және журнал проводок деген терезе ашылады (13-сурет).

Негізгі құралдың орын ауыстыруы. Бұл құжат негізгі құралдың орын ауыстыруын автоматтандыру үшін қолданылады. Оны экранға шығару үшін “Учет ОС” менюінен “Перемещение ОС” пункітін ашамыз (14-сурет)

Негізгі құралды өткізу. Ол үшін Документы-Учет ОС-Реализация ОС операцияларын ашамыз. Осы ашылған диалогтық терезеде тиісті мәліметтерді енгізу арқылы толтырамыз. Содан кейін “ОК” кнопкасын басу арқылы журналда сәйкес мәліметтер пайда болады (17-сурет). “Реализация ОС” құжаты сәйкес проводкалар мен ашылады. Оны келесі суреттен көруге болады (18-сурет). Проводка журналында автоматты түрде негізгі құралдардың баланстық құнын есептен шығару проводкалары енгізіледі.

Негізгі құралдарды есептен шығару. Ол диалогтық терезені ашу үшін 19-суретте көрсетілген панель инструментіндегі “Ввести документ” деген кнопкасын басамыз. Ашылған тізімнен негізгі құралдарды есептен шығару деген құжатты таңдаймыз (20-сурет). Бұл құжат негізінде есептен шығару актісін толтыра аламыз, яғни ОС-4 формасы бойынша және бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларын көрсетуге болады. Осы формада есептен шығарылатын объект көрсетіледі, оның себебі “Показать” деген кнопкасын басқан уақытта объектілердің баланстық құны мен есепетен шығу мерзіміндегі есептелген амортизация сомасы көрсетіледі.     

 

3.4 Негізгі  құралдар есебінің аудиті

 

Әрбір ғылым өзінің пәнін зерттейді. Әрбір ғылымды оқуға кіріскен кезде, оның пәні мен маңызын зерттеп алады. Аудит басқа да экономикалық ғылымдармен ұқсастығы көп. Соның ішінде экономикалық теория, бухгалтерлік есеп т.б. Аудиттің пәні болып келісім шарттың және конфиденциалдық жағдайдың негізінде орындалатын шаруашылық етуші субъектілердің бухгалтерлік есеп беруін және де басқа да бухгалтерлік ақпараттарын зарттеп, оның есебінің жүргізу жағдайына, оның толықтырылуына, нақтылығына және шындылығына, клиентке оның кәсіпорыны туралы квалификациялық қорытынды беретін ғылым, шын мәнінде ақпарат беретін ішкі тексеру жағдайын бақылайтын, ішкі есеп саясатын тексеретін заң нормативті актілерінің сақталуын қарайтын әртүлі  консультациялар беріп басқа да қызмет түрлерін көрсететін тәуелсіз экспертиза немесе аудит деп саналады. Аудиттің негізгі объектісі – қаржы экономикалық тәртіптілік. Ондай тексерудің басты мақсаты қаржы экономикалық тәртіп бұзушыларды анықтау. Бұнда кәсіпорынның қаржылық және экономикалық даму жағдайының негізгі бағыттары зерттеледі. Аудит бұл нарықтық экономикада басты рөл ойнайтын кәсіпкерлік іс-қызметінің бір түрі болып табылады.

Информация о работе Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру