Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 08:10, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.
Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар ең алдымен өндіріс бастамасының негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 4-5
І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін
жетілдіру жолдары
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және
маңызы 6-12
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі
негізгі құралдар есебін жетілдіру 12-15
ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен
есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынға ұйымдық экономикалық сипаттама беру 16-24
2.2 Қаржыжұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы 24-27
ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
3.1 Негізгі құралдардың сентетикалық және
аналитикалық есебі 28-45
3.2 Негізгіқұралдардың тозуын және
амортизациясын есептеу 45-48
3.3 Негізгі құралдар есебін автоматтандыру 48-51
3.4 Негізгі құралдардың аудитінің есері 51-60
Қорытынды 61-63
Қолданылатын әдебиеттер

Файлы: 1 файл

диплом экономикадан.doc

— 456.00 Кб (Скачать файл)

Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.

Негізгі құрал жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны  туралы белгі соғады.

Негізгі құралдар субъектінің өз ішінде орын ауыстыруы кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал жабдықтардың бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құрал жабдықтар шаруашылық ішінде орын ауыстырғанда 12 “Негізгі құралдар” бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.

Негізгі құрал жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға түседі де талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.

 

 

Кесте 10

Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясы.

 

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дт

Кт

 

Негізгі құралдардың барлық түрін жою

   

1

Негізгі құралдарды есептен шығару актісінің негізінде өндіріс құрал жабдықтары есептен шығарылды:

-объектінің пайдалану кезіндегі  есептелген тозу сомасына

- объектінің балантық құнына

 

 

 

132

 

842

 

 

 

123

 

123

2

Объектіні бөлшектеу үшін еңбек ақымен қоса аударымдар бірге есептелінді:

  • есептелген еңбек ақы сомасына
  • аударған әлеуметтік салық пен зейнетақы қорына

 

 

 

842

842

 

 

 

681

635

3

Жойылған объектіні тасымалдағаны үшін авто ашруашылығының шоты акцептелінді

 

842

 

671

4

Негізгі құрал жабдықтар объектісін жоюдан түскен материалдар кіріске алынды

206

722

5

Жыл аяғында кіріс пен шығыс “Жиынтық табыс” шотына жатқызылды:

  • Негізгі құралдарды жоюдан шығындар
  • негізгі құрал жабдықтарды жоюдан түскен табыстар

 

 

 

 

571

722

 

 

 

 

842

571

 

Негізгі құралдардың шаруашылық ішінде орын ауыстыруы

   

1

Негізгі құралдар бір цехтан екіншісіне ауыстырылды

121-125

121-125

 

Негізгі құралдар басқа кәсіпорынға тегін берілді

   

1

Негізгі құралдар басқа кәсіпорынға тегін берілді:

  • есептелінген тозу сомасына
  • берілген объектінің баланстық құнына

 

 

132

842

 

 

123

123

 

Негізгі құралдардың жетіспеушілігі

   

1

Негізгі құралдардың жетіспеушіліг анықталды:

  • есептелінген тозу сомасына
  • баланстық құнының өтелуі талап етілді

 

 

132

334

 

 

123

123

2

Егерде кінәлі адам табылмаса немесе сот шешімі бойынша іздестірілуі тоқтатылса

821

334

3

Егер де кінәлі адам анықталса, онда ол бухгалтерлік есепте келесідей жазумен беріледі:

  • объектінің баланстық құнына
  • ҚҚС сомасына
  • кем болған мүлік сомасы өтелді

 

 

 

333

333

441,451,431

 

 

 

334

633

333


   Негізгі құралдарды жою  туралы дайындалған актілер бухгалтерияға  келіп түседі және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін  негіз болады, ал ол 12 “Негізгі құралдар” бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі. 

Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.

Негізгі құрал-жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай етіп бөледі.

Күрделі жөндеу деп - негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады.  Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі деп - бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған бөлшектерді, детальдарды ауыстырып немесе қалпына  келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынықтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады.  Машиналардың негізгі агрегаттарына машина маркасына байланысты алдын-ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жұмыс жасалынады.

Үйлер  мен ғимараттардың күрделі жөндеуі кезінде тозған құрылымдары мен детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстыру.

Күрделі жөндеулер негізгі құралдың пайдалану мерзімін, өндіріс қуаттылығын, көлемін, жылдадығын, болашақта оның экономикалық табыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде танылады және ол оның бастапқы құнына әсер етпейді.

Ағымдағы жөндеу дегеніміз - негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Ол негізгі құралдарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал-жабдықтардың  тозуын алдын-алу үшін күні-бұрын жоспарланып қойған жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.

Жөндеу есебінде  атқарылған жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді, жұмыс көлемін  және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын  қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.

Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілер жөндейді, ал шаруашылық тәсілі бойынша жөндеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.

Мердігерлік ұйымдармен жасасқан шарт негізінде негізгі құралдардың мердігерлік тәсілмен жасалған ағымды және күрделі жөндеулері үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтармен көлік құралдарын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айырысуды объект тұтастай біткен соң жасалынады. Есеп айырысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонднциясы жасалынады.

Күрделі жөндеуден өткен  негізгі  құралдарды қабылдап ал күрделі жөндеуден өткен, қайта құрастырылған және жаңартылған  негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі  бойынша құжатталады. Субъектінің негізгі  құралдарды қабылдауға өкілетті қызметкерлері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына тапсырылады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субъект басшыны немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Негізгі құралдардың жөнделген объектісінің техникалық төлқұжатында күрделі жөндеуден өткен объектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына қайта құрастыруға және жаңартуына байланысты өзгерістер енгізілуі мумкін.

Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу, қайта құру және жаңарту жүргізуген субъектіге береді.

Шаруашылық тәсілмен  негізгі  құралдарды жөндеу цехтан  тыс жерлерде жүргізілсе, онда (үйлерді, ғимараттарды, тұрғын үйлерді, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық құрылыстарды, сондай-ақ басқа қозғалмайтын объектілерді  жөндеу) шығындар тікелей өндіріс шығындарына жатқызылады. Мұндай кезде өндіріс шығындары немесе айналым шығындары мына шоттардың (126, 934, 945, 811, 851 шоттар) дебетінде, ал оларға кеткен материалдардың  есебі  мына шоттардың  (201-206, 208), еңбек ақысы мен әлеуметтік аударымдарына мына шоттардың (681, 634), жабдықтаушылармен, еншілес  және тәуелді кәсіпорындармен есеп айырысуына мына шоттардың (671, 641-643) кредитінде көрініс табады.

Жабдықтардың автомашиналардың, тракторлардың, мүліктердің және басқа да негізгі  құралдардың  объектілерін жөндеу 920-шы “Көмекші  өндірістер”  шотында, Жөндеу цехі “Өндіріс” деп аталатын аралық шотында, шығын баптарында  мынандай номенклатурасы бойынша есептеледі.

Материалдар – жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің  және  басқалардың құны. Материалдар  өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.

Жұмысшылардың еңбегіне  ақы төлеу -  жөндеу жұмысы  үшін есептелген  еңбек ақы сомасы.

Еңбек ақыдан есептелінген аударымдар – жұмысшылардың еңбек ақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылады (21).

Электр энергиясы, жылу, газ, бу-жөндеу  цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электр энергиясының, жылудың, газдың, будың шығыны.     

Қосымша шығындар – жөндеу цехтарының  жалпы өндірістік  мақсаттағы шығындары (цехтарды басқаруға жұмсалған шығындар, цех  жабдықтарының  амортизациясы, оны  ұстау,  жөндеу және басқалар).

Жөнделетін  әрбір  объектіге  кәсіпорынның  жөндеу  цехтарында көп  жолды карточкасы  ашылады және  оларды  жөндеу бойынша  шығындар  жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен  кейін  объектілерді  акт  бойынша тапсырыс  берушілерге  табыстайды. Бұл ретте шоттардың  мынадай  корреспонденциясы  жасалынады.

Кәсіпорынға қажет  болған жағдайда, және жөндеуге кеткен  шығынды  өнімнің (жұмыстан, қызметтің) өзіндік құнына  бірқалыпты  тарату үшін,  субъектілер  резервтік  қор  құруға болады. Қорды  құру  үшін,  жылдық сметалық (бюджеттік) шығыннан  ай сайын қаржы аударып  отырады.

Егер  кәсіпорын  жөндеу  қорын  құратын болса, онда ол ай сайын жөндеудің  барлық түрі  үшін осы  қорға жылдық қаржының (сметаның) 1/12 мөлшерінде  аударымдар  жасалады. Жөндеу қорына аударымдар  жасалса, онда 126, 811, 821, 934, 945 – шоттары дебеттеледі де,  686-шы  “Басқадай  есептелген  шығыстар” шотының  “Жөндеу қоры”  деп аталатын  аралық (субшоты) шоты  кредиттеледі.

  • егер жөндеу  мердігерлік  орындалған болса, 671-ші  шотынан
  • егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехында  орындалған болса, 920-шотынан
  • егер жөндеу шаруашылық тәсілімен жөндеу цехынан тыс жерде, жылжымайтын объектілерде орындалған болса, 201-206,208, 641-643, 671, 681 және т.б.

Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды жаппаса, онда есептеу қағидасына сай, артық жұмсалған шығындар кәсіпорынның шығындарына жатқызылады, яғни 811, 821, 934 шоттарына.  Егер де кәсіпорынның құрған резерві  жұмсалған шығындарды толығымен жауып, артылып қалса, онда пайдаланбаған резервтер қызыл жазумен жазылады.  Өйткені 686 шотында қалдық қалдырылмайды.

Жөндеудің аяқталуына қарай, жөндеуден қабылданған объектілердің карточкалары бұл бөлімнен картотеканың негізгі құралдар топтары  бойынша тиісті бөлімдеріне ауыстырылады.

Жалгер – кәсіпорын негізгі құралға кеткен шығындарын келісілген шарт жағдайына сай етіп көрсетеді, жөндеу жұмысының  аяқталуына қарай мына шоттарға есептен шығарылады:

  • егер де келісім шарт жағдайы бойынша  жалға алушы, кәсіпорын өз қаражатының есебінен өтесе, онда 821 шоты дебеттеліп, 671,920 шоттары крдиттеледі;
  • егер де жалға алушы  кәсіпорын, жалға беруші кәсіпорынға алдағы кезеңдегі берешегінің есебінен өтесе, ол кезде 687 шоты дебеттеліп, 671, 920 шоттары кредиттеледі;
  • егер де келісім шарт жағдайы бойынша бұл шығында жалға беруші кәсіпорын өтесе, ол кезде 334 шоты дебеттеліп, 671, 920 шоттары кредиттеледі.

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектісін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша  тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.

Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған  келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да тәсет етеді.

Жалгерлік есеп №7 “Жалгерлік есеп” деп аталатын бухгалтерлік есептің  стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.

Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жал мерзімі – көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез - келген келесі кезеңге оеың ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.

Ағымдағы жалгерлік. Ағымдағы деп – қаржыландырыл- майтын жалгерліктен басқа, кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір  есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқығымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау  жағдайы жалға берушінің   өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысын табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі.

Жалға берілген мүліктер  жалға берушінің балансында көрініс табатын  болғандықтан, олар бойынша  есептелген тозу сомасына 845 шоты дебеттеліп, 13 бөлімше шоттары кредиттеледі.

 

Кесте 8

Ағымдағы желгерлікке байланысты операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы.

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дт

Кт

1

Ағымдағы жалгерлік келісім шарты бойынша негізгі құралдар 12 айға берілді

122-125 Жалдағы негізгі құралдар  суб шоты

122-125 Жалдағы негізгі құралдар суб шоты

2

Жал ақысы есептелінді

334

727

3

ҚҚС сомасына

334

633

4

Жалға алушыдан жал ақысы келіп түсті

441

334

5

Аванс ретінде алынған жал ақысы болашақ кезеңде беретін айлары бойынша көрсетілді (11 айға)

 

441,431,451

 

611

6

Ай сайын есеп беру кезінде болашақ кезеңнен түсетін табыс жабылып отырады:

- есептік кезеңнің табысы

 

 

611

 

 

727

7

Жалға аушының  жүргізген күрделі жөндеу жұмысының шығындары жалға берушіге тегін берілді

 

122-125

 

727

8

Жасалған күрделі жөндеу шығындары негізгі құралдың қызмет ету мерзімін ұзартады  және ол сомаға жал төлемі  де азаяды

 

122-125

 

727

9

Жалға берілген негізгі құралдар бойынша  амортизациясы есептелінді

 

845

 

131-134

10

Жалға мерзімі біткен соң, негізгі құрал өз иесіне қайтарылады

122-125 “Меншігіндегі негізгі құралдар” субшоты

122-125 “Жалдағы негізгі құралдар”  субшоты

Информация о работе Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру