Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:10, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- банк ісіндегі басқаруға қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банкті басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
- банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
- банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
- банкті басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
- банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
- проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету;
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн ала отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
ҚР Президентінің жыл сайынға халыққа Жолдауларында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылады. 2007 жылдың басында АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс біздің экономикамызға кері ықпал етпей қоймады. Дағдарысқа байланысты қазақстандық ірі банктеріміздің сырттан қарыз алудағы мүмкіндіктері шектелді, сөйтіп дәл осы уақыттары қайтару мерзімі жеткен сыртқы қарыздарды қайтаруда олардың өтімділігіне қатысты мәселелер орын алды.
Нәтижесінде кейбір халықаралық рейтингтік
агенттіктер тарапынан
Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банк жүйесін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді. Коммерциялық банктер жүйесін басқаруға бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
Зерттеу объектісіне ҚР-ғы екінші деңгейлі банктерінің бірі - «Темірбанк» АҚ жатады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің коммерциялық банктерді басқарудағы орын алатын мәселелері туралы және банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Басқармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҰБҚҚК-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары және т.с.с. пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктерді басқарудың теориялық негіздері, олардың даму ерекшеліктері анықталады. Ал екінші бөлімінде Қазақстанның коммерциялық банктерінің ресурстарын басқару әдістерінің қазіргі уақыттағы жағдайына талдау жүргізіледі. Үшінші бөлімде коммерциялық банктерді басқару жүйесін жетілдіру бағыттары қарастырылады.
1 Коммерциялық банктер және
оларды басқарудың теориялық-
1.1 Коммерциялық банктердің қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері
Нарықты экономиканың өз деңгейінде
тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін экономиканың негізгі инфрақұрылымдардың
бірі - бұл елдің банк жүйесі. Қазіргі
кезде Қазақстан
Бүгінгі
таңдағы Қазақстанда қызмет ететін
банктік жүйенің не бары жиырма екі
жылдық тарихы бар. Банк жүйесінің реформалауының
мақсаты – отандық
Жалпы банктің қалыптасуы туралы әр түрлі тарихи деректер бар. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше,
алғашқы банкттер капитализмнің
мануфактура тұсында және ең бастысы
Италияның жекелеген
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде,
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады. Дегенмен осы деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.
Қазiргi түсiнiкте “банк” – бұл ерекше өнiм шығарумен айналысатын кәсiпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеудi жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады. ҚР “Банктер және банктiк қызмет туралы” заңның бiрiншi бабына сәйкес “банк – бұл осы жарғыға сәйкес банктiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы коммерциялы ұйым болып табылатын заңды тұлға”
Банк жүйесінің функциялық механизмдерінде коммерциялық банк шартсыз түрде негізгі роль атқарады, олар мемлекетте несиелік ресурстың негізгі бөлігін қамтамасыз етеді және тұтынушыларға несие-қаржылай толық кешенді қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банк – пайда табу мақсатын көздейтін қозғалысты ұйымдастыратын банктің несиелік жүйесі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Бүгінгі
коммерциялық банктер өз клиенттеріне
200 – ге жуық әралуан өнімдер мен
қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең
көлемді операциялар
Біздің еліміздің банк жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін шыққан банктік қызметті реттейтін бірінші заң пайда болуынан басталды деп айтуға болады. Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші
(1988-1991жж) дайындық кезеңі. Бұл кезең
банк жүйесінің қалыптасуының
Екінші
кезең (1992-1993 жж) банк жүйесінің жоғары
инфляция жағдайларындағы (1992 жылы - 125%,
1993жылы – 2500%) сандық өсуімен сипатталады.
Осы кезеңдегі өндіріс
Үшінші кезең (1994—2003 гг.) – Қазақстанның банктік жүйесінің дамуындағы ең ұзақ кезең болды. ҚР Ұлттық банкі банк құру бойынша талаптарды күшейтті (жарғылық капитал бастапқыда 500 тыс. АҚШ доллары болып, кейін ол 2 млрд. тенгеге көбейді - жуықпен 15,5 млн.долл.), жарғылық капитал тек ақшалай құралдармен төлену керек болды және пруденциалдық (реттейтін) нормативтер еңгізілді. Мемлекет меншігіндегі Қазақстанның Даму банкі қызмет ете бастады. Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) - 2001 жылдың сәуірінде құрылды, еврооблигацияларды орналастырудан (қарыздық бағалы қағаздар) және республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген құралдарды орта және ұзақ қаржыландыруға бағыттады. Қазақстанның Даму банкінің тартылған ресурстары қарыз несиелер ретінде беріледі.
Мемлекет сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің иесі. Бұл несиелік институттың негізгі қызметі – ұзақ мерзімді әлеуметті мағналы жобаларды қаржыландыру. Үш жыл ішінде бұл банкпен 50 инвестициялық жобалардан астам қаржыланды, жалпы сомасы 800 млн долл., жобаның орта мерзімі 9,5 жыл және орташа салмақталған проценттік ставкаорта 9,7% (орташа нарықтық 35-тен 21%-ке дейін).
Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі 2003 жылы құрылып тұрғын үй құрылысын орта және ұзақ несиелеу қызметін атқарады. Оның қызметі жинақтау-несиелікке негізделген, яғни салымшы банкте шот ашып және үйдің құнынан 50% - ті жинап, жетпеген сомаға несие ала алады.
Банк
жүйесін ары қарай нығайтуға
екінші деңгейдегі банктерді қаржылық
есеп берудің халықаралық
Депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қалыптасу кезіне Қазақстанның банктік және қаржылық жүйесі өзінің тұрақтылығын көрсетті, алайда ресейлік қаржы дағдарысы салдарының әсері байқалды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып тәуелсіз несиелік рейтинг алып, оны позитивті деңгейде ұстап тұрды. 1999 жылы банк жүйесіне халықтың жинақтарының келуін қамтамасыз ету мақсатында депозиттерді кепілдендіру жүйесі құрылды. Жүйеге қатысушы банктер еріксіз таратылған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін.
Қор құрылғанда
1999 жылдың желтоқсанында депозиттерді
өтеудің күрделі сызбасы
Төртінші кезең (2004 жылдан – осы уақытқа дейін) Қазақстанның банк жүйесінің ары қарай дамуы және әлемдік қаржы нарығына интеграциялану кезеңі деп қарастырылады. Бірақ бұл кезеңді дағдарысқа дейінгі (2004-2008 жж.) және дағдарыстан кейінгі (2009 жылдан осы уақытқа дейін) кезеңдерге бөлуге болады. 2004 жылы қаржы нарығында мемлекет мүдделерін қорғайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттілігі атты жаңа реттеуші орган пайда болды. 2011 жылдың сәуірінде ҚР Ұлттық банкі бұл өкілеттіктерді өзіне қайтарып алды. Банктік жүйе белсенді дамып, жақсы нәтижелер арқылы елдің сапалы экономикалық дамуына негіз болды. Сонымен бірге осы кезең қаржы секторының 2003-2006 жылдарға даму Концепциясын дайындап, қабылдаумен байланысты. Концепцияның басты мақсаты – қаржы жүйесінің алдындағы стратегиялық міндеттер мен алдыңғы уақыттағы қызметтің негізгі бағыттарын анықтау болды.
Информация о работе Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі