Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:10, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- банк ісіндегі басқаруға қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банкті басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
- банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
- банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
- банкті басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
- банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
- проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету;
Мәлімет көзі: Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп, 2012 жылғы желтоқсан
Мəселен, LTD анағұрлым жоғары деңгейі 1-ші жəне 3-ші топтардағы банктерде (2.6 Кесте ) байқалды, бұл осы банктердің кредит операцияларының депозиттік базадан басқа, қорландырудың балама көздері, атап айтқанда жинақталған сыртқы берешек есебінен қаржыландырылғанын көрсетеді. Алайда, дағдарысқа дейінгі кезеңде тартылған қарыз қаражатының өтелуіне қарай қорландырудың қосымша көздеріне деген қажеттілікті басым түрде 1-топтағы банктер қатты сезінетін болады. 3-ші топтағы банктер үшін депозиттердің өсуінің ағымдағы қарқынын сақтау кезінде қорландырудың қосымша көздерін қысқарту өткір мəселе емес.
Осылайша,
1-ші жəне 3-ші топтағы банктердің кредиттік
мүмкіндігі бір жағынан, олардың
қолайлы мөлшерлемелер бойынша
ресурстарды тарту қабілетімен,
екінші жағынан несие портфелін
сауықтыру жəне мерзімі өткен
берешекті өндіріп алу
2-ші топтағы банктерге қатысты олардың кредиттік белсенділігі тəуекелдерді азайту қағидаттарына негізделген деп қорытынды жасауға болады, яғни кредиттеуді кеңейту клиенттердің тартылған салымдарымен толығымен қамтамасыз етіледі жəне шектеледі. Бұл ретте LTD 1-ден төмен деңгейде сақтау өтелетін кредиттерді жаңадан берілген кредиттермен үнемі ауыстыру барысында көрінетін осы банктердің кредиттік базасының жоғары айналымдылығы деңгейін көрсетеді.
Банктерді қорландыру құрылымы 01.10.2012ж. жағдай бойынша клиенттердің салымдарымен (73,9%), сыртқы міндеттемелермен (14,1%), айналысқа шығарылған бағалы қағаздармен (9,2%), сондай-ақ банкаралық салымдармен жəне кредиттермен (1,8%) көрінді (2 .3 Диаграмма).
Сыртқы берешекті өтеу мен Қазақстан банктерінің жаңа салыстырмалы «қымбат» шетелдік ақшаны тартудағы ұстамдылығына байланысты мерзімдердің қысқаруы тек сыртқы міндеттемелер бойынша ғана байқалды.
2.3 Диаграмма. Мерзімдер бойынша қорландыру құрылымы
Мәлімет көзі: Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп, 2012 жылғы желтоқсан
Қазақстандық банктердің депозиттік базасы 2012ж. 9 айда 7,8%-ға ұлғайды. Бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері 2,5%-ға, жеке тұлғалардың – 17,8%-ға өсті. «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ қоса алғанда квазимемлекеттік сектордың депозиттері 25,3%-ға қысқарды, бұл мемлекеттік компаниялар көздеген жобаларды қаржыландыру қажеттілігіне байланысты болды (2.4 Диаграмма).
2.4 Диаграмма. Банктердің депозиттік базасы
Ақпарат көзі: Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп, 2012 жылғы желтоқсан
Экономиканы
қолдаудың мемлекеттік
01.10.2012ж.
жағдай бойынша банктердің
Клиенттердің салымдары көбінесе қысқа мерзімге салынады, сондықтан банктер үшін тұрақты ұзақ мерзімді қорландыру көзі ретінде қаралмайды.
2.5 Диаграмма. Банктердің клиенттері салымдарының құрылымы
Ақпарат көзі: Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп, 2012 жылғы желтоқсан
01.10.2012ж. жағдай бойынша банктер міндеттемелерінің құрылымындағы халық салымдарының үлесі 28,2% болды. Халық депозиттерінің өсуі (79%) 21, теңгедегі қысқа мерзімді депозиттердің өсуі есебінен қамтамасыз етілді, бұл ретте ұзақ мерзімді депозиттер 2%-ға қысқарды (2.6 Диаграмма).
Депозиттер мерзімдерінің қысқаруы халықта сыртқы факторларға байланысты жағымсыз күтулердің сақталғанын көрсетеді. 01.10.2012ж. жағдай бойынша халық депозиттерінің құрылымында орташа жəне ұзақ мерзімді депозиттердің үлесі 59% құрады. Жалпы 2012ж. талданатын кезең 1 тоқсанды қоспағанда, банктердің депозиттік базасының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. 2011ж. соңында «БТА Банкі» АҚ жасаған жоспарланып отырған қайталап қайта құрылымдаудан өту туралы мəлімдемесі 2012ж. басында салымдарды банктер арасында қайта бөлу 22 бойынша халықтың белсенділігін туғызды. 2012ж. 2-ші жəне 3-ші тоқсандарында халық депозиттерін қайта бөлу динамикасы шамалы ғана болды жəне бірінші кезекте кейбір банктердің депозиттер бойынша неғұрлым жоғары мөлшерлеме ұсыну арқылы қосымша қорландыруды тарту бойынша банкаралық бəсекелестіктің күшеюіне байланысты болды.
Мәлімет көзі: Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп, 2012 жылғы желтоқсан
2.6 Диаграмма . Жеке тұлғалар депозиттерінің жиынтық әкелінуі мен әкетілуі және оларды қайта бөлу
Еліміздегі 38 банктің ішінде салымдар бойынша рейтингте басты орын алатын банктердің топ басшыларын анықтайтын болсақ, оның көрінісі Б-қосымшадағы кестеде орын алған. (4 Қосымшаны қара). Кестедеге мәліметтерге зер салсақ, 2012 және 2013 жылдың басы бойынша салымдардың өсімі «Заман-Банк» АҚ-да анық байқалады. 2012 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар айында 49,6 млн. теңгеден 7740,5 млн. теңгеге дейін өскен. Банк мәліметтері бойынша, салым көлемінің өте жоғары деңгейге өсуінің себебі, «Заман-банк» АҚ-ның акционерлерінің бірі банкке салымдарын орналастырған. Сонымен қатар «Bank RBK» АҚ-да да айтарлықтай өсу байқаладаы, яғни 6 млрд. 16 млрд.-қа дейін. Өз кезегінде «Нұрбанк» АҚ, «БТА банк» АҚ және «Казинвестбанк» АҚ –да теріс қарқынды көрсетіп отыр, яғни олардың өзгерісі сәйкесінше -13,7%, -3,4 % және -7,7%. Қалған банктерде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды және олардың көп бөлігі өз позицияларында қалған.
Банктердің стратегиялық басқаруында басты орынды алатын көрсеткіштердің бірі - бұл олардың табыстылығы алады. Өкінішке орай, еліміздегі 38 банктің барлығының дерлік табыстылығы оң көрсеткішке ие емес. ҚРҰБ ҚҚК-нің 01.01.2013 жыл жағдайындағы мәліметтеріне сүйенсек, 8 банк табыстылығы жағынан теріс көрсеткішті көрсетіп отыр. Олардың қатарына: «БТА Банкі», «АТФ банк», «Нұр банк», «Казинвестбанк», «Банк Kassa Nova» және т.б. Ал, табыстылығы бойынша көшбасшы банктер қатарына ең бірінші орында «Қазақстан Халықбанкі» АҚ, одан кейін «KASPI BANK» АҚ , «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ және т.б.
Сонымен,
біз коммерциялық банктерді басқару
негіздері бойынша олардың
2.2. «Темірбанк»
АҚ-ның қаржылық ресурстарды
«Темірбанк» ҚР-да 1992 жылы наурызда құрылған екінші деңгейлі банктердің бірі.
«Темірбанк» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 21 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі сенімді, әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі. «Темірбанк» АҚ -ның бүгінгі тарихы - ол жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып «Темірбанк» АҚ -ның басты міндеттері – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
Банктің қазіргі жағдайына келетін болсақ банк үш рейтингтік агенттіктермен бағаланған (2.7 Кесте) :
- Moody’s Investors Services Limited (‘‘Moody’s’’);
- Standard and Poor’s Rating Services, McGraw-Hill Companies бөлімі, Inc. (‘‘Standard & Poor’s’’);
- Fitch Ratings Ltd. (‘‘Fitch’’).
2.7 Кесте . «Темірбанк» АҚ -ның рейтингі
Moody’s |
S&P’s |
Fitch | |||
Ұзақ мерзімді |
Ва1 |
Ұзақ мерзімді |
B |
Ұзақ мерзімді |
B |
Қысқа мерзімді |
NR |
Қысқа мерзімді |
B |
Қысқа мерзімді |
B |
Болжам |
Тұрақты |
Болжам |
Тұрақты |
Болжам |
Тұрақты |
Мәлімет көзі: www. temirbank.kz.
Оған қоса, «Темірбанк» АҚ қазақстандық банктер арасында жоғарғы рейтингке ие. Fіtch Ratіngs ВВВ деңгейінде ұлттық валютасында ұзақ мерзімді иеленді, сондай-ақ болашағын жағымсыздан тұрақтыға өзгертті. Moody’s те рейтингі бойынша болжамын жағымсыздан қалыптыға, тұрақтылыққа өзгертті. Қаржылық тұрақтылық рейтингі В деңгейіне сәйкес. Сондай-ақ, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын зерттеу мен қадағалау комитетінің аудитінен табысты өткен және реттеушінің қанағаттандырылған бағасын алған. Банктер үшін реттеушінің қанағаттандырылған аудитін иелену де жағымды әсер береді.
38 коммерциялық
банктің ішінде белгілі бір
көрсеткіштері бойынша «Темір
банкі» АҚ-ның алдыңғы 20 көшбасшы
банктер қатарына жатады, ал табыстылығы
бойынша алдыңғы ондықтар
Банктің қазіргі таңда 21 филиалы және 85 қосымша үй-жайлары қызмет көрсетеді. Банктің қызметкерлерінің саны - 01.01.2012 ж. жағдайда - 2600 адам.
01.01.20 13 ж.
жағдайы бойынша банктің
2.8 Кестеден байқағанымыздай, жалпы банктің қаржылық көрсеткіштерінен 2011 және 2013 жылдар аралығында ауытқушылық арту есебінен болып отырғанын дәлелдейді. Алайда, бұл жерде ерекше көзге түсіп отырған меншік капиталының мөлшері, себебі ол 01.01.2012 жылдың басында 2011 жылмен салыстырғанда 208%- ға өссе, 2013 жылы бұл көрсеткіш керісінше 3%-ға азайған. (2.8 Кесте).
2.8 Кесте. «Темір банкі» АҚ қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштері, мың. теңге
Көрсеткіштер |
01.01.2011 |
01.01.2012 |
01.01.2013 | |
1 |
Активтер жиыны |
198840190 |
256838697 |
284321086 |
2 |
Міндеттемелер |
176997015 |
189532700 |
219054678 |
3 |
Меншікті капитал |
21843175 |
67305997 |
65266408 |
Мәлімет көзі: www.afn.kz
«Темір банкі» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштеріне назар аударсақ. Бұл үшін ең алдымен, банктің бухгалтерлік балансына көлденең және тігінен талдау жасауымыз қажет. Банктің активтік операцияларының құрылымын талдау дегеніміз - банк ресурстарын пайдаланудың негізігі бағыттарын талдау. Бұл жағдайда банк ресустарын кімге, қандай мақсатқа және қанша мерзімге берілгендігі туралы мәселе қойылады. Активтік операцияларды талдау үшін ең алдымен, несиелеу көрсеткіштері, банк балансының өтімділігі және әр түрлі активтік операциялардың тәуекел мөлшері анықталады. Активтердің аудиторлық бағасы жыл сайын жүргізіледі, оның шынайы құны анықталып, баланста көрсетіледі. Яғни, банктің шынайы жағдайына бухгалтерлік есеп жүргізіледі.
2.9 Кесте. «Темір банкі» АҚ -ның активтері және олардың үлесі
(мың теңгемен)
Активтер |
31.12.2010 |
31.12.2011 |
31.12.2012 | |||
Мың теңге |
Үлесі, % |
Мың теңге |
Үлесі, % |
Мың теңге |
Үлесі, % | |
Ақшалай қаражат және оның баламасы |
26685768 |
10,9 |
20107525 |
7,85 |
19803954 |
6,9 |
Саудадағы бағалы қағаздар |
23800278 |
0,09 |
27825689 |
10,9 |
26300746 |
9,1 |
Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялық бағалы қағаздар |
8231246 |
3,37 |
8931862 |
3,5 |
8706118 |
3,03 |
Кредит мекемелеріндегі қаржылар |
655498 |
0,26 |
4295555 |
1,7 |
3435831 |
1,2 |
Клиенттерге берілген қарыздар |
166935617 |
68,4 |
176920547 |
69,1 |
211211017 |
73,5 |
Негізгі құралдар |
1324204 |
0,54 |
1791965 |
0,7 |
2571243 |
0,9 |
Корпоративтік табыс салығы бойынша талаптар |
41329 |
0,01 |
49078 |
0,01 |
3147 |
0,001 |
Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша талаптар |
13059557 |
5,35 |
11892750 |
4,64 |
9549441 |
3,32 |
Туынды қаржы құралдары |
157383 |
0,06 |
208459 |
0,08 |
154935 |
0,05 |
Өзге активтер |
3107681 |
1,27 |
4006693 |
1,56 |
5406898 |
2 |
Активтер жиыны |
243998561 |
100 |
256030123 |
100 |
287143330 |
100 |
Информация о работе Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі