Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:10, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- банк ісіндегі басқаруға қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банкті басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
- банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
- банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
- банкті басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
- банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
- проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету;

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 227.91 Кб (Скачать файл)

2006 жылы  осы жылы аккредитацияланған  Қазақстанның Қаржыгерлері Ассициациясы  құрылды (ҚҚА), 2008 жылы аккредитациялауды  қайта өтті. Заңға сәйкес Ассоциация  Қазақстан Республикасының қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау Агенттігінің  эксперттік кеңесінің құрамына  ұжымдық мүше ретінде кіреді. Қаржылық қадағалау агенттігінің  экспертті кеңесі Агенттілікпен  дайындалған нормативті – құқықтық  актілердің жобаларын қарастыратын  кеңестік орган. Нормативтік - құқықтық актілердің барлық жобалары  Ассоциацияда міндетті экспертизадан  өтеді. Ассоциацияның эксперттік  бағасының қорытындылары қаржылық  қадағалау Агенттігімен қаралып,  қажет болған жағдайда жобаларды  жөндеу бойынша шаралар қолданылды. 

2007 жылдан бастап депозиттерді  кепілдендіру жүйесінің қатысушы  банктерімен күнтізбелік жарналарды  төлеу Банктерді Талдау жүйесінің («БАТА» жүйесі) дифференциацияланған ставкаларына сәйкес жүргізіледі. «БАТА»  жүйесі банктердің тәуекелдерін алдын-ала бағалауға мүмкіндік беретін белгілі индикативті құрал болып табылады. Егер 2007 жылға дейін банктер жарналарды біріңғай ставкалар бойынша төлесе, ал 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап тәуекелдік көрсеткіштері жоғары банктер күнтізбелік жарналарды жоғары ставкалар бойынша төлейді. Банк жарнасының ставкасы оның қаржылық тұрақтылығына, банкті тарату тәуекелінің дәрежесіне байланысты.

«Несиелік бюро және Қазақстан республикасында  несиелік тарихтардың қалыптасуы жайлы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 6 шілдесіндегі заңы күшіне енді. Банктер  міндетті түрде берілген кепілдер, кепілдіктер, шартты және мүмкіндікті міндеттемелер бойынша несиелік бюроға ақпарат беруге тиіс болды.

Қазақстанның  банктік жүйесінің дағдарыстан  кейінгі даму кезеңі (2009 жылдан осы  уақытқа дейін) әлемдік қаржы  дағдарысының әсерімен және оны жоюмен сипатталады. 2009 жылғы қаржы секторының тұрақтылығын анықтайтын негізгі факторлар  Қазақстанның экономикалық өсуінің  төмендету қауіпі және қаржы жүйесіне сенімділікті сақтап қалу болды. ҚР Үкіметі  мен Ұлттық банкінің дағдарыс салдарын жою бойынша шаралардың дер кездігі  Қазақстанның қаржы жүйесін басқа  ірі елдермен салыстырғанда төмен  шығындармен сақтап қалуға мүмкіндік  берді. Біріккен шаралар кешені банк секторындағы жүйелі тәуекелдерді төмендету  және банк жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында провизиялардың адекватты деңгейде болуы бойынша 2009 жылдың негізгі  міндеттерін іске асыруға бағытталды. Жүйе құрушы екі банкке қатысты  «БТА Банк» АҚ және «Альянс Банк»  АҚ шаралар қолданылды. Бұл екі  банктердің сыртқы міндеттемелерін  қайта құрылымдау процедуралары  жүргізіліп, олардың жалпы қаржы  жүйесіне негативті әсері шектелді. Сонымен қатар қосымша капитализациялау түріндегі мемлекеттің қаржылық көмегі «Қазақстанның Халық Банкі», «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамдарына  көрсетілді.

 Миниамлды  резервтер талаптарын төмендету  арқылы банктерге экономиканы  несиелеуге және банктерді қосымша  өтімділікпен қамтамасыз етуге  қосымша құралдар берілді. 2009 жылдың  наурызында Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі ЕДБ үшін минималды  резервтік талаптар нормативтерін  кезекті түрде төмендетті (ішкі  міндеттемер бойынша  2% ден 1,5%-ке, басқа міндеттемелер бойынша  - 3% -тен  2,5% ке дейін). 2009 жылдың  қарашасынан бастап сыртқы міндеттемелерді  қайта құрылымдау процесіндегі  банктер үшін минималды резервтік  талаптардың бөлек нормативтері  бекітілді -  0%  банктің ішкі  және басқа да міндеттемелері  үшін.

2009 жылдың 1-ші желтоқсанынан Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінде  құралдар сақтайтын ЕДБ үшін  сыйақылар 0,5%-ке төмендеп, кәзіргі  кезде банктер депозиттері бойынша   ресми ставка 1% - ті құрайды. Бұл  шаралар банктерді экономиканың  нақты секторын несиелеуді кеңейтуге  мәжбүрлеуге бағытталған еді. 

Банктік операциялардың кейбір түрлерін жүргізетін ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын көтеру мақсатында 2009 жылдың 29 сәуірінде меншікті капитал есебін және меншікті капитал жеткіліктігінің коэффициенттерін халықаралық тәжірибені ескеру арқылы оптимизациялау қарастылды (Базель 2).

Сонымен бірге акционерлік капиталдың төменгі  мөлшері бойынша талаптар өзгеріп,  ірі қалаларда жаңадан ашылатын банктерге 5 млрд.тенге (2011 жылдың 1 маусымынан бастап жарғылық капиталдың ең төменгі  мөлшері  көбейді).

Қазіргі кезде салымдарды кепілдендіру және сақтандыру Қорының бір салымшыға өтелетін ең жоғарғы өтемақысы – жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша 5 млн.теңге, бұдан былай экономикадағы өзгерістерге байланысты өтемақы көлемі қайта қарастырылады.

Исламдық  қаржыландыру жайлы Заңды іске асыру  бойынша Қазақстан Республикасының  қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау Агенттілігімен 2009 жылдың наурызында ислам банктері бойынша нормалар мен лимиттерді бекіту жайлы үкімі қабылданған (банктердің жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшері, резервтік капиталдың ең төменгі мөлшері, банк құралдарының ішкі активтерге орналастыру бойынша талаптар). Осылардан басқа ислам банктері үшін осы үкіммен исламдық қаржыландыру ерекшеліктері ескеріле отырып пруденциалдық нормативтер бекітілген, мысалы: бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғары мөлшері, өтімділік коэффициенттері, ашық валюталық позиция лимиттері, банктің негізгі құралдарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының жоғарғы мөлшері, банктердің Қазақстан Республикасының резиденттері еместер алдындағы міндеттемелеріне капитализациясы.

Екінші деңгейдегі банктер банктік  қызметті келесі банктік операциялар  арқылы жүргізеді: депозиттер қабылдау; заңды және жеке тұлғалардың банктік  шоттарын ашу және жүргізу; қарыз, кассалық, аудару, есептеу, сенім, сейфтік, ломбардтық, банкаралық клиринг, төлем карточкаларын  шығару және т.б. Тікелей банктік  операциялармен қатар банктер арнайы банктік бағдарламалық қамтамасыздық, арнайы банктік әдебиетті, меншікті және кепілдегі мүлікті өткізу, кеңестер беру қызметтерін іске асырады. Заңға  сәйкес Қазақстанда банктер банктік  қызметке жатпайтын операциялар  жүргізе алмайды. Тауарларды сату-сатып  алу, сауданы ұйымдастыру, туризм қызметі  және т.б.

Банктер ҚР территориясында және басқа  елдерде еншілес банктер, филиалдар, өкілдіктер ашуға құқылы.   Банк ашуға лицензия 2004 жылға дейін ҚР  Ұлттық банкімен берілетін, 2004 жылдан бастап ҚР ҚҚА, ал  14.04.11ж. – өкілеттіктер қайтадан Ұлттық банкке берілді. Қазақстанда банктер тек қана акционерлік қоғам формасында құрылады, жарғылық капитал оның акционерлерінің құралдары есебінен қалыптасады, негізгі шешімдер акционерлер жиналысымен қабылданады. Жарғылық капитал акционерлерімен тіркелу кезіне 50% - ке төленуі керек және тіркелгеннен кейін 30 күнде толық төленуі керек.

Сонымен, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы банк жүйесінің даму кезеңдерін қарап, жетістіктерді атап өтуге болады. Дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі  жылдары қабылданған шаралар  қаржы жүйесін реттеудегі іс-қимылдардың маңыздылығын көрсетті. Қазіргі таңда банк секторы үшін өтімділік тәуекелі оншалықты қауіпті емес, себебі банктердің депозиттік базасы өсуде, халықтың несиелік белсенділігі төмендеді. Сондықтан бос құралдар көбеюде.

Қазақстанның  алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту  үшін, табыстылықты және бәсекелік  қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар  мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар  заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де басқару жүйесіне жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады. Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

 

 

    1. Коммерциялық банктерді басқару ерекшеліктері мен оның   функционалдық құрылым

 

  

 

Банк  қызметін ұйымдастыру өрісінде банктік  қызмет көрсетулерді өндіріс қызметінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету, қажет. Үнемі өзгеріп отыратын ортада, банктік құрылымның адаптациясын қамтамасыз етуші объект ретінде, банк экономикасының негізіне жататын элементтердің  әрекеттестігі мен құру механизмін айқын көрсету қажет.

Басқару операцияларымен қатар өндірістік опреациялар коммерциялық банк қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Банк қызметі өрісінде жоғары технологиялар мен ақпараттандырудың дамуы жағдайында,банктің экономикалық қызметінің мәні туралы ғылыми түсініктеді алдағы уақытта жетілдіру, актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Өндірістік процесс (банк қызмет) үшін басқару жүйесі өте маңызды. Басқару ролінің үнемі өсуі - өндіріс сипатын нығайту мен даму процесіндегі басты тенденция.  
Банктік қызметті басқару, банктік технологияларды жетілдіру мен өңдеуді, банк өнімдері мен қызмет көрсетулерін сапалы деңгейде қамтамасыздандыру, барлық есепайырысу түрлері мен банктік операциялардың орындалуын жоспалау мен бақылауды, персоналдармен қамтамасыздандыруды, таза табыстың тұрақтылығын ұстап тұруды кіріктіреді. Дамудың әр кезеңінде экономикалық субъектілердің қажеттілігіне сәйкес, басқарудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін іздестіру, әрқашан рационалды шаруашылықтандыру шарттарының бірі және болады.

Коммерциялық  банктердің ресурстарын басқару  – бұл экономикалық қатынастардың  субъектілері банк дамуының күрделі  міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін, қуатты тетік болып табылады. Басқару әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын үнемі және үздіксіз жетілдіріп отыруынсыз, банк қызметін жоғарылатудағы, жаңа технологияларды ендірудегі, ресурстар тиімділігін өсірудегі ілгерілікті елестету мүмкін емес.

Банк  қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару  салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.  
Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банк  операцияларының келісімшарт сипатында  болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет  етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы  жақсы білуді, келіссөздер жүргізе  білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

Банкті  басқару негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:

  1. Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
  2. Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқару мен байланысты.

Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа  ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық.

  • Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады. Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.  Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте қалайша өзгеретінің анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.
  • Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

Әр алуан  активтердің банкке әркелкі пайда  әкелетіні және олардың қатер  деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан  да банк барлық активтерді қаражат  салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы  мен қатер деңгейіне қарай  жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце  банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен Қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы  тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді  қажет етеді. Ақша нарығы дамыған  елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген  пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде  активтерді орналастыру мен пассивтер  жағдайы арасындағы белгілі бір  тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын  экономикалық-математикалық үлгінің  негізінде жүзеге асырылады. Бұл  арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.

Информация о работе Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі