Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:10, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- банк ісіндегі басқаруға қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банкті басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
- банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
- банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
- банкті басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
- банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
- проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету;

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 227.91 Кб (Скачать файл)

 

Ескерту  - «Темір банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайы туралы есебінің мәліметтері негізінде автормен есептелген.

 

Ең алдымен, банктің активтер құрылымына көлденең және тігінен талдау әдістерін қолдандық. «Темір банкі» АҚ -ның активтері үш жыл ішінде айтарлықтай өзгерістерге ұшырағанын байқап отырмыз. Үш жылдың ішінде активтер жиынтығы 17,7%-ға өскен. Бұл ретте негізгі ұлғаю клиенттерге берілген қарыздардың өсуі есебінен болды (2.9 Кесте).

Талдау  кезеңінің 2012 жылының аяғында активтердің құрылымы бойынша жыл сайын көп үлесті әдетінше клиенттерге берілген қарыздар алып отыр. Ал, құрылымында ең төмен үлеске негізгі құралдар, туынды қаржы құралдары және корпоративтік табыс салығы бойынша талаптар активтер ие болып отыр (5 Қосымшаны қара).

Бұқаралық ақпарат зерттеулерінде жалпы  «Темір банкі» АҚ –ның клиенттерінің жыл сайын көбею үстінде екенін мәлімдейді. Банк жеке тұлғалармен қатар шағын және орта бизнес өкілдері мен ұжымдық секторға кредит береді. Ол жалпы портфельдің 70 %-ға жуығын құрайды. Ставканың барынша төмен болу факторы кредит портфелінің өсуіне қызмет етіп отыр.

Клиенттеріне кредит және депозиттен өзге түрлі әріптестік бағдарламаларды, сондай-ақ олардың құралдарын, істерін қаржыландыру мүмкіндігін беретін пакеттік қызмет көрсетулерұсынуда. Дегенмен, адамдар бұл қызмет түріне әлі де болса үйрене қойған жоқ. Қызмет көрсетудің жоғарғы сапасымен қоса, банк өз клиенттерін түрлі операциялар мен аударулардың жоғары жылдамдығымен қамтамасыз етеді.

Жалпы соңғы  үш жыл ішінде банктің киенттерге берілген қарыздарының мөлшері төмендегі  диаграммада көрініс тауып отыр (2.13 Диаграмма).

 

2.7 Диаграмма.  Банктің клиенттерге берген қарыздары,  мың тг.

 

Ескерту  - «Темір банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайы туралы есебінің мәліметтері негізінде автор құрастырған.

 

Әрі қарай, клиенттерге берілген қарыздардың  топтамасы бойынша жіктеп жазатын  болсақ, мұнда өз кезегінде банк клиент алушыларға және кредит түрлеіне байланысты бөліп көрсетеді. Мұнда  ескеретін жайт, біздің қолымыздағы  бұл туралы нақты мәлімет тек  екі жыл бойынша.

 Ең  алдымен клиенттерге берілген  қарыздарды алушылар бойынша  жіктесек. Бұл категория бойынша,  жеке тұлғалар, жеке меншік ұйымдар,  мемлекеттік ұйымдар және басқалар. Клиенттердің ішінде ең көп үлесті жеке тұлғалар, одан кейін жеке меншік ұйымдар алып отыр (2.8 Диаграмма).

 

 

2.8 Диаграмма.  Клиенттердің түрлері бойынша кредиттік порфельдің құрылымы, мың теңгемен

 

Ескерту  - «Темір банкі» АҚ-ның жылдық есебінің мәліметтері негізінде автор құрастырған.

 

Банк  мәліметтеріне сәйкес, кредиттік  портфельдің құрылымын кредит түрлеріне  қарай жіктесек, ең адымен жеке тұлғаларға берілген кредит түрлерінің үлесі келесідей  көрініс тауып отыр (2.9 Диаграмма.)

 

2.9 Диаграмма.  Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің  құрылымы, %

 

Ескерту  - «Темір банкі» АҚ-ның жылдық есебінің мәліметтері негізінде автор құрастырған.

 

Жеке  тұлғаларға берілген қарыздардың ең көп үлесі тұтыну несиесіне және ипотекалық несиеге тиесілі. Жыл  арасында тұтыну несиесінің үлесінің жоғарлағаны байқалады, қалғандарында  үлестік деңгейі төмендеуде.

Банктің жеке меншік ұйымдарға берген қарыздарының жартысынан кп бөлігі шағын және орта бизнесті қаржыландыруға берілсе, қалғаны корпоративтік клиенттерге берілді..

 

2.10 Кесте. «Темір банкі» АҚ-ның міндеттемелері және олардың үлесі

(мың теңгемен)

Міндеттемелер

31.12.2010

31.12.2011

31.12.2012

Мың

теңге

Үлесі, %

Мың

теңге

Үлесі, %

Мың теңге 

Үлесі, %

Кредит мекемелерінің  қаржысы 

10589522

5,62

10487177

5,2

22543768

9,9

Клиенттер қаржысы

130493261

69,2

141754931

71,2

163321587

72

Шығарылған еврооблигациялар

8784286

4,7

9816237

4,93

9519830

4,2

Шығарылған борышқорлық  бағалы қағаздар

37882862

20,1

36203246

18,2

30621041

13,5

Өзге міндеттемелер

635985

0,33

769583

0,38

739315

0,32

Барлық міндеттемелер  жиынтығы

188385916

100

199031174

100

226745541

100


 

Ескерту  - «Темір банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайы туралы есебінің мәліметтері негізінде автормен есептелген.

 

Банктің міндеттемелеріне көз жүгіртсек (2.10кесте), үш жыл ішінде 20,3%-ға көбейген, яғни 188385916 мың теңгеден 226745541мың теңгеге дейін өскен. Міндеттемелердің ішінде клиенттер қаражаты ең көп үлесті алады. Бұл көрсеткіш 2010 жылы жалпы міндеттемелердің 69,2 % құраса, 2012 жылы72,0% құрады. Соңғы жылдағы банк міндеттемелері жиынтығындағы әрбір көрсеткіштердің үлесі 6-Қосымшада айқын бейнеленген. ( 6 Қосымшаны қара).

 

2.11 Кесте.  Клиенттердің депозиттік портфелінің құрылымы

 

2011 ж.

2010 ж.

Ауытқушылық + -

«самрұқ Қазына» әл-ауқат Қорының  жылдам салымдары

73814585

75140207

1325622

Заңды тұлғалар салымдары

- жылдам салымдары

- ағымдағы шоттар

 

10165469

11145430

 

9997428

18267465

 

1148002

3013434

Жеке тұлғалар салымдары

- жылдам салымдары

- ағымдағы шоттары

 

40376979

6252468

 

31994832

5090757

 

8382147

1161711


 

Мәлімет көзі: «Темір банкі» АҚ-ның жылдық есебі

 

 

Қор жасақтау 2012 жылы корпоративтік клиенттер мен бөлшек сектор клиенттерінің салымдары мен ағымдағы шоттары есебінен бірінші кезекте қамтамасыз етілді. Қор жасақтау көзін ішкі рыноктан тартуға бағдар ұстау банкке рынокта клиенттердің салымдары мен ағымдағы шоттары бойынша жетекші орындардың бірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бұл тұтастай алғанда Банк үшін қор жасақтау құнын жоғарлатуға мүмкіндік берді.

Банк  жүзеге асырып отырған ресурстық базаны әртараптандыру әмбебап банктің бұған дейін қол жеткізген позициясын бекіте түсуге мүмкіндік берді және барлық сегменттердегі бұдан былайғы тұрлаулы бәсекеге қабілетті қызметті қамтамасыз етті.

Банк  міндеттемлерінің ішінде клиент қаражаттарынан кейін көп үлестің бірін  шығарылған борыштық бағалы қағаздар алып отыр. Бұл  көрсеткіш 2010 жылдың басында 20,1 % үлесті құраса, 2012 жылдың аяғында 13,5%  үлес құрады. Алайда бұл көрсеткіштің жыл сайын үлесінің төмендеп отырғаны байқалады.

Банктің меншік капиталының мөлшері де жыл  сайын өсіммен байқалады. 2010 жылы меншік каипталының жиынтығы – 55612645 мың теңгені құраса, 2012 жыл бұл көрсеткіш 60397789 мың теңгеге, яғни 8,6%- ға өскен.  Әсіресе 2012 жылда меншікті сатып алынған артықшылығы бар акциялардың жоғарлауы байқалады.

 

2.12 Кесте. Банктің бағалы қағаздар портфелі, 01.01.2012 ж

Бағаы қағаздар атауы

соммасы

ҚР Қаржы Министрлігінің облигациялар

12 235 119

Корпоративтік облигациялар

14 194 084

Корпоративтік акциялар

1 396 486

барлығы

27 825 689


 

Мәлімет көзі: «Темір банкі» АҚ-ның жылдық есебі

 

01.01.2012 ж.  Банктің портфеліндегі бағалы  қағаздар 27825689 мың тенгені құрады. Мұның ҚР Қаржы Мнистрлігінің облигациялары - 44%-ын құраса, 56%-ын корпоративтік облигациялар мен акциялар құрап отыр (2.12 Кесте.)

 

2.13 Кесте. «Темір банкі» АҚ-ның меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, %, 01.01.2013 ж.

Көрсеткіштің атауы / күні

01.01.13

Меншікті капитал жеткіліктілігінің  коэффициенті k1-1

0,072

Меншікті капитал жеткіліктілігінің  коэффициенті k1-2

0,084

Меншікті капитал жеткіліктілігінің  коэффициенті k2

0,171


Банктің өтімділігінің динамикасына тоқталатын болсақ, ағымдағы жағдай келесідей (2.14. Кесте).

 

2.14 Кесте. «Темір банкі» АҚ-ның өтімділігінің динамикасы

Көрсеткіштің атауы

1.01.11

k4 ағымдағы өтімділік  коэффициенті (min мәні 0,3)


1,418


k4-1 мерзімді өтімділік  коэффициенті (min мәні 1)


2,180


k4-2 мерзімді өтімділік  коэффициенті (min мәні 0,9)

2,240

k4-3 мерзімді өтімділік  коэффициенті (min мәні 0,8)


1,543


К4-4 Мерзімді валюталық өтімділік  коэффициенті


8,403


К4-5 Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті

5,168


К4-6 Мерзімді валюталық өтімділік  коэффициенті

1,3



 

Тұтастай алғанда банктің меншік капиталының жеткіліктіліг және өтімділік коэффициенттері бойынша  ҰБ бекіткен пруденциалдық нормативтерге  сай.

«Темір банкі» АҚ бөлшек бизнестің қаржы рыногында, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына қаржы өнімдері мен қызметтерінің кең спектрін ұсынатын ірі әмбебап банк ретінде танылып отыр. Олардың құрамында – дәстүрлі депозиттер, тұтынушылық, ипотекалық және автокредиттер беру, төлем карточкалары бойынша қызмет көрсетуі және т.б.

Бұл банктің бөлшек бизнесінің стратегиялық қызметін көрсетеді, оның ең негізгі  элементтерінің бірі өз клиенттеріне жоғары сапалы қаржы қызметтерін  ұсынатын, қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген, елдің барлық аймақтарында бөлімше орталықтардың  желісін құру болып табылады. Қазіргі

таңда банктің  барлық филиалдарында банктік өнімдердің қатары бір ізге салынған және бірегей, бәсекеге қабілетті тарифтер енгізілген.

Соңғы жылдары  банк жеке тұлғаларға кредит беру бағдарламасын жетілдіруді одан әрі жалғастырды. Қазіргі таңда Банк жеке тұлғаларға кредит беруді келесі мақсаттарда жүзеге асырады:

  • жылжымайтын мүлік сатып алуға;
  • тұтынушылық мақсатта

Сонымен қатар: автокөлік сатып алу, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар, оқу, емделу, салтанаттар өткізу, демалу, жөндеу жұмыстары және басқа мақсаттарға. Халықтың заем алуға оңай қол жеткізу үшін, Банк сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге және халық заемдары бойынша кредит беру мерзімін ұзартуға мақсатты түрде бағытталған саясат жүргізуде, бұл жалпы тұтынушылық заемдар рыногында жүзеге асырылуда.

Бұл көрсеткіштердің  жалпы көрінісі банктегі қаржылық жағдайының үмітсіз кредиттерінің көбеюімен  байланысты төмендеп отырғанын дәлелдейді. Алайда бұл көрсеткіштің мәндерінің  алдағы уақыттарда бұдан да төмен  болса, онда банк үшін тиімсіз болар еді, себебі бұдан туындайтын мәселе – прболемалық кредиттердің орын алуымен байланысты. Өз кезегінде банкке проблемалық кредитпен тиімді жұмыс жасау қажеттілігі туындап отыр деп тұжырымдауға болады.

 

 

2.10 Диаграмма. «Темір банкі» АҚ-ның проблемалық кредиттердің үлесі, %

 

АҚӨҚО РА мәліметтері негізінде  автор құрастырған.

 

2011 жылы  Банк 2007–2009 жж. дағдарыс кезеңінде жағдайы нашарлай түскен заемдар портфелінің сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырды. Бұл ретте Банк нашарлай түскен кредиттер санатына жатқызылған кредиттер портфелі деңгейінде де, сол сияқты борышкерлер деңгейінде де мониторингті күшейтіп, аталған кредиттер санаты бойынша бекітілген іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізуде. Сондай-

Информация о работе Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі