Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:10, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- банк ісіндегі басқаруға қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банкті басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
- банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
- банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
- банкті басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
- банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
- проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету;

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 227.91 Кб (Скачать файл)

Несиелік  тәуекелді төмендетудің негізгі  тәсілдерінің біріне клиенттің банк алдындағы міндеттемесінің қамтамасыз етілуі жатады. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме міндеттемелері қолданылуда.

Несиелік тәуекелді басқарудың келесі бір әдісіне несиелерді сақтандыру жатады. Несие беруге байланысты тәуекелді сақтандырудың үш түрі қолданылады:

    • қарыз алушының берілген несиеге кепілге қойған мүлкін сақтандыру;
    • қарыз алушының еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;
    • қарыз алушының өмірін сақтандыру.

Қазіргі заманғы банктер тәуекелдерді басқару  жүйелерін қалыптастырғанда бірқатар қиындықтармен кездеседі. Осы проблемаларды төмендегі санаттар түрінде құрылымдарға бөлуге болады:

1. Ұйымдастыру проблемалары: банк акционерлері тарапынан тәуекел

менеджментінің  маңызын (пайдалылыққа баса назар аударуын, шетелдік тәжірибеге қарамастан біздің тарихымызда сол немесе басқа тәуекелдердің ықпал ету салдарынан акционерлер залал шеккен дағдарыстардың болмағанын) жеткіліксіз түсіну.

  1. Кадр проблемалары: тәуекелдерді басқару саласында білікті қызметкерлердің болмауы тәуекел-менеджменттің құрылу тиімділігін айтарлықтай төмендетеді, бұл жүргізілген мөлшерлік есептеулердің нақтылығы мен объективтілігіне әсер етеді.
  2. Техникалық проблемалар нақты тарихи және талдау деректерінің болмауы немесе олардың қорытындыланбауы. Біздің экономика  жағдайына бейімделген және бүкіл банк жүйесі шеңберінде  салыстырма талдау жасауға мүмкіндік беретін әдістемелердің  болмауы.

Ұқсас мысал  ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, сондай-ақ халықаралық стандарттарды (Базель ІІ) кезең-кезеңмен енгізу негізінде тәуекелдерді басқару жүйесін құрып пайдалануға болады. Осы жүйеде тәуекелдерді бағалау математикалық модельдерді қолдану нәтижесі емес, ол үздіксіз процесс ретінде қарастырылады. Базель ІІ-нің негізін қалаушы бағыттарының біріне сәйкес мониторинг, яғни несиетік ұйымның қаржылық жай-күйін бағалау, бақылау және болжау мақсатында оны жүйелі түрде бақылау қарастырылады. Мониторингпен қолданылу саласы, несиетік қоржын, қамтамасыз ету, тәуекелдер, лимиттер, өтімділік, нарық ортасы және т.б. қамтылады. Базель ІІ-де басқарушылық есеп тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Тәуекел-менеджментті талдауда төмендегі факторлар назарға  алынады:

  • банк басшылығы біліктілігін, басшылық жасау және әкімшілік ету қабілетін көрсетуге тиіс;
  • банк басшылығы заңнаманы және белгіленген ішкі ережелерді, ҚР ҰБ тің және ҚҚА-тің, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын сақтауға;
  • банк басшылығы экономикалық ахуалдың өзгеруіне, банк ортасының өзгеруіне бейімделуін (тактика мен стратегияның оралымдылығын) көрсетуге тиіс;
  • банк басшылығы тиісті ішкі жұмыс ережелерінің әзірленуі және олардың орындалуы үшін толықтай жауап беруге;
  • банк басшылығы тәуекелдерді басқарудың тиісті біліктілігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді оқытуға;
  • банк басшылығы пайдакүнем іс-әрекеттердің кез келген көрінісі, әсіресе банкпен ерекше қатынастар байланысты тұлғаларға жеңілдікпен қарыз беруге қатысты сынға ұшырайды.

Барлық  дерлік шетелдік банктердің дербес тәуекел-менеджменті  бар, олар туындайтын тәуекелдердің  ерте анықтауға, сондай-ақ ықтимал ысырап пен залалдарға жол бермеуге ықпал  етеді. Ал отандық практикада банктердің барлығы тәуекел-менеджменті жүйесін  құрудың қажеттілігін әлі де болса  мойындамай және оның қажеттілігін бағаламай  отыр. Ал тәуекел-менеджемент жүйесі құрылған банктерде банк менеджментінің осы маңызды құрылымының міндеттер мен принциптері әлі де толықтай белгіленбеген.

Кредиттік тәуекелдің шығу тегі ықтимал қарыз  алушының кредит төлеу қабілеті, сондай-ақ оның өзіне алған міндеттемелерді  орындауға жауапкершілікпен қарайтыны жөніндегі толық ақпараттың болмауымен байланысты. Осы себептен кредит беруші әрқашан ысырапқа тап болуы тәуекеліне бас тігеді. Аталмыш фактор тараптарға қалыптасқан жағдайдан пайда алуға мүмкіндік береді. Кредит беруші жағдайды бағалай отырып нақты мәміле үшін кредит бойынша көтеріңкі пайыз тағайындауы мүмкін, бұл жерде қызметті сатып алушы да тәуекелге бас тігеді. Алайда қарыз алушылар өзінің кредит төлеуге қабілеттілігіне қатысты банкті алдайды, сондықтан кредиттік тәуекел қарыз берушіге ауыртпалық салады.

Банктер кредит нарығында таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:

  • банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдалдарына инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық берілуін қамтамасыз етеді;
  • кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;
  • қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

Кредиттік тәуекелді төмендетуде ықтимал  қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мен кредиттік тарихтары туралы мәліметтер бар, шетелде кеңінен таралған дерекқорлардың маңызы зор. Кредиттік талдау үшін кәсіпорындар бойынша кешенді анықтамалар дайындайтын кредиттік бюро маңызды ақпарат көзі болып табылады. Ақпараттық компаниялар осы тектес қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олар рейтингтер жасап, оларды жариялайды.

Банктердің  тәуекелдік стратегиялары мәселелерін  қарастыра отырып, банктердің тәуекелдерді басқару жөніндегі әлемдік ауқымды тәжірибесінің болуына қарамастан, отандық банк жүйесінде проблемалық активтердің, атап айтқанда қайтарылмаған кредиттер үлесінің жылдан-жылға артуы байқалады. Бұл жағдай тәуекелдер әруақытта қалыптасқан жағдайға сәйкес бағаланбайтынын растайды. Екінші деңгейдегі банктер әрбір тәуекелді жағдай бойынша сыни ахуалды нақты бағалау мақсатында тәуекел-менеджмент жүйесінің рөлін, маңызы мен функционалдық саапасын күшейту қажет.

Банк  активтері мен пассивтерінің  жай-күйін талдау нәтижесінде әдебиетте банктердің тәуекел-менедежмент жүйесін енгізу мен дамуының екі негізгі себептері жеке бөлініп атап өтіледі. Біріншіден, көптеген банктердің басшылығы тәуекел-менеджментті дамытудың қажет екенін, онсыз бүкіл банктің тұрақты дамуы қиын болатынын түсінді. Бұл бүкіл тәуекел басқару жүйесінің дербес дамуында ойдағыдай табыстарға жетуге септігін тигізді. Сонымен бірге, олар халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық жасау қажет екенін, бұл халықаралық стандарттарға жетуге ықпал ететінін түсінді.

Екінші  жағынан, тәуекел-менеджменттің дамыған  жүйесінің болуын халықаралық деңгейдегі де, сондай-ақ республика үкіметі деңгейіндегі қадағалаушы-реттеуші органдардың өздері де қолдайды. Банктердің қазіргі заманғы тәуекел-менеджментті өз еркі бойынша енгізуге мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, ҚҚА екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын енгізіп, ұйымдастыруды міндеттейтін нұсқаулықты қолданысқа енгізуге шешім қабылдады. Сонымен бірге банктердің тәуекел-менеджмент жүйесін дербес халықаралық аудиторлық компаниялардың жылына бір рет міндетті аудит жүргізу банктерге қойылатын тағы бір маңызды талап ретінде қойылды.

Соңғы он жылда, 80-ші және 90-шы жылдардың ортасындағы  нарықты реттеу нәтижесінде инновациялық процестердің ауқымы түбегейлі өзгерді. Бұрын соңды осынша қысқа уақыт  аралығында мұндай көп өзгеріс болмаған. Сондықтан тек жаңа қаржы өнімдері мен қызметтердің пайда болуы  ғана барлық өзгерістерге қарамастан нарыққа тұрақтылықты және басқаруды  сақтап қалуға көмектесті. Әлбетте, халықаралық  бірлесу мен шаруашылық қызметті ғаламдандыру, халықаралық нарықтардың  тұрақсыздануы мен экономикалық дамудың әркелкі дамуының күшеюі қаржы инжинирингінің пайда болуының негізгі себебіне айналды.

Шетелдік  зерттеулердің көпшілігі практикалық  бағытты ұстанады, олардың авторлары  нарық тәуекелдерін төмендету мақсатында банктердің күнделікті жұмысында қолданылатын нақты сызбалар мен механизмдер  әзірлегісі келген. Еңбектердің басым  көпшілігінде мәмілелерді және түрлі  банк операцияларын секъютеризациялаудың түрлі формалары, сондай-ақ банк құралдарының сол немесе басқа түрлерін қолдану  жөнінде айтылады.

Біздің  түсінігіміз бойынша қаржы инновациялары  – қаржы нарығы құралдарының, сондай-ақ банк құралдарының дамуында байқалатын ұзақ мерзімді процесс. Қаржы инновациялары – аса маңызды ауыспалылардың, адам капиталының, нарық жағдайының, реттеу және банк қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет жүйесінің функциясы.  Білім әлеуетін басқару жүйесінде инновация жасау және оны енгізуде адам капиталы негізгі рөл атқарады. Қаржы инновациясы банк жүйесінің қазіргі заманда дамуының ең айқын әрі маңызды үрдісі болып табылады. Инновациялық құралдарды іздестіру мен енгізу макроортадағы, нарық жағдаятындағы өзгерістермен, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен байланысты.

Банк  тәуекелдерін басқару саясаты банктің  жалпы қаржы стратегиясының бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы  операцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру  жөніндегі іс-шаралар жүйесін  әзірлейді. Алайда соңғы уақытта  тәуекелдерді басқару саласында  жаңа үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқындала түсті, тәуекел мөлшерін анықтайтын әдістер кеңірек пайдаланады, тәуекел жан-жақты бақылауға алынып, өлшене бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық технологиялар пайда болды. Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді басқару проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына себеп болды.

Тәуекел-менеджментті ұйымдастырудың жаңа механизмі жаңа тәсілдемелерді талап етеді, олардың біреуі – шешім қабылдау, математикалық модельдеу теорияларының, жүйелерді, ақпараттық және ұйымдастыруды модельдеу теориялары түйісуінде орналасқан контроллинг жүйесін енгізу болып табылады. Контроллинг – тәуекел-менеджменттің аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады, сонымен бірге ол барлық қажетті ішкі және сыртқы ақпарат жүйеленіп, талданып және басқарушылық шешім қабылдайтын тұлғаларға жіберілетін жағдайды қамтамасыз етеді. Контроллинг деген басшылық және банк басшылығын қолдау шеңберіндегі ақпарат арқылы жүзеге асырылатын жеке функцияны білдіреді. Оған жалпы мақсатқа сәйкес деректерді өңдеу (жинау, дайындау, топтау, жүйелеу), сондай-ақ мақсатқа жетуде бақылау кіреді.

Жалпы айтқанда контроллинг – жағдайды меңгеру, процестерді басқару әрі реттеу, сондай-ақ оған шығындарды есептеу. Біздің жағдайда конроллинг банк тәуекелдерін бақылауды, олардың математикалық  есептеуді, сондай-ақ тәуекелділіктің  қажеттілігін және түпкілікті нәтижесін  анықтауды қамтамасыз етуге тиіс.

Контролингке  көптеген міндеттер жүктелген. Олардың  ең негізгілері:

– біріктірілген жоспарлау;

  • тәуекелдің пайдалылығын, өтімділікті және тәуекелді төмендетуді қамтамасыз етуді бақылау болып табылады.

Сонымен бірге контроллингте – қызметті басқару, қарсы іс-әрекет жасау немесе күшейту жөнінде алдын ала  іс-шара қолдануға мүмкіндік беретін  ақпаратпен уақытында әрі толық  қамтамасыз ету мақсаты қойылады.

Тәуекел-менеджментінің құрамдас бөлігі ретіндегі контроллингтің тұжырымды негізі мына элементтерден  құралады, олар:

– жағдайды талдау;

– стратегиялық контроллинг;

– жедел контроллинг.

Жағдайды  талдау деген нәтижесінде межеленген уақыт сәтінде банктің немесе жекелеген актив операциялардың нақты жай-күйі анықтау үшін толықтай түгендеуді білдіреді. Жағдайды талдауда тиісті ішкі ақпарат пайдаланады, ол тиісінше өңделуге тиіс. Ішкі талдауда жалпы банк талданады, сонымен бірге актив және пассив операциялардың жекелеген бағыттары талданады; банктің қоржындары (инвестициялық, несиелік, депозиттік және т.б.) талданады.

Сыртқы  деректерді пайдалану қолда бар  деректерге байланысты, олардың ішінен релеванттық ақпарат (мысалы, нарықты  талдау, бәсекелестердің (қоршаған ортаны) қызметін талдау), саланы (қаржы нарығын) талдау, банк қызметтеріне сұранысты және т.б. талдау алынуы мүмкін. Банктің жалпы стратегиясы жағдайға байланысты айқындалады, сондықтан дамуды талдау, өзінің маңызы бойынша тәуекел-менеджменттегі стратегиялық контроллингке ұқсас болса да экономикалық, техникалық, экологиялық, саяси және т.б. талдаудың қосымша, алайда маңызды бағыты болып табылады.

Жағдайды  талдау бойынша жасалатын қорытындылар әр түрлі болжанатын жағдайлардағы  түсініктермен толықтырылуға тиіс, яғни жоспарлы мақсаттармен қатар балама жоспарлар да әзірленуі мүмкін, олар қаралғаннан кейін ең пайдалы стратегия бойынша шешім қабылданады.

Тәуекел-менеджменттегі стратегиялық контроллингтің міндеті – банктің  және оның ұзақ мерзімді опе


Информация о работе Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі