Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:10, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- банк ісіндегі басқаруға қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банкті басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
- банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
- банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
- банкті басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
- банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
- проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету;

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 227.91 Кб (Скачать файл)

ақ мерзімі  өткен берешек үлесін төмендетуге бағытталған, есептеме жүйесін және ерте жауап қату әдістерін жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді.

Кредиттік портфельдің сапасын сақтауға бағытталған Банктің белсенді әрекеттерінің арқасында 2012 жыл жаңа және әрекет етуші сапалы заемшыларды қаржыландыру жұмыстарының одан әрі жалғасын табуы есебінен экономика секторлары және бизнес түрлері бойынша несиелік портфельдің теңдестірілген өсімі байқалған жыл болды.

Жалпы банк активтерінің сапасы несиелік қоржынның сапасына байланысты екенін білеміз. Қаншалықты несиелік қоржында жіктелген (күмәнді және үмітсіз) кредиттердің үлесі жоғары болса, соғұрлым банк активтерінің рейтингі төмен болып келеді. Сондықтан да кредиттік қоржынды басқару бұл өз кезегінде активтерді басқарудан туындайтын маңызды шаралардың біріне жатады. Банк кредиттерінің өсу серпіні өз кезегінде банк жүйесіндегі тәуекел деңгейін арттырып, кредиттік қоржынның сапасын төмендетуге ықпал етеді.

 

 

2.3 «Темірбанк»  АҚ-ғы корпоративтік басқару  жүйесі және оның жүзеге асырылуы

 

 

Корпоративтік басқару деп Банктің жалғыз акционері, Директорлар кеңесі жүзеге асыратын жəне олардың Банктің атқарушы органымен жəне өзге

мүдделі адамдармен (қызметкерлермен, клиенттермен, əріптестермен, контрагенттермен, банктік реттеу жəне қадағалау органдарымен, мемлекеттік

билік жəне басқару органдарымен) мынадай:

- Банк қызметінің  стратегиялық мақсаттарын жəне  тиімді басқару жүйесін анықтау;

- Банктің  басқару органдарының жəне оның  қызметкерлерінің Банк қызметінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті барлық іс- əрекеттерді орындауын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің ынтасын құру;

- Банктің  жалғыз акционерінің, Директорлар  кеңесі мүшелерінің жəне атқарушы органдарының жəне өзге мүдделі тұлғалардың мүдделері теңгеріміне

қол жеткізу;

- Қазақстан  Республикасы заңнамасының, Банк  Жарғысының, Іс этикасы кодексінің жəне Банктің өзге ішкі құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде қарым-қатынастарының кешенін қамтитын Банктің қызметіне жалпы

басшылық  ету түсіндіріледі.

Корпоративтік басқару жəне компанияны бақылау  жүйесін құратын органдар мыналар болып табылады:

- жалғыз  акционер;

- Директорлар  кеңесі;

- Атқарушы  орган – Президент;

- Ішкі аудит  қызметі.

Банк  қызметіне байланысты анағұрлым  маңызды шешімдерді Банктің Жарғысында жəне Директорлар кеңесі анықтаған өз құзыретінің шегінде жалғыз акционер қабылдайды. Банктің ағымдағы қызметін басқаруға байланысты шешімдерді Банктің Президенті қабылдайды.

Корпоративтік басқару қағидаттары – корпоративтік  басқару жүйесін

қалыптастыру, оның жұмыс істеуі жəне жетілдіру  негізінде жататын шығыс бастауы.

Банкте  корпоративтік басқару əділдік, адалдық, жауапкершілік, есеп беру, айқындылық, кəсібилік пен құзыреттілік негіздеріне құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Банк қызметіне барлық мүдделілердің құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді ұйғарады жəне Банктің, оның ішінде қаржылық тұрақтылық пен шығынсыздықты қолдау жөніндегі табысты қызметіне ықпал етеді.

Банк  жалғыз акционердің құқықтарын сақтаудың  сөзсіз басымдығымен

қатар Банктің  клиенттері мен инвесторларының  құқықтарын сақтауды одан кем

санамайды.Осы  тарауда айтылған корпоративтік  басқару қағидаттары Банкті

басқаруға байланысты туындайтын қарым-қатынастарда сенім  туғызуға бағытталған жəне Кодекстің кейінгі тарауларында қамтылатын барлық

ережелер  мен ұсынымдар үшін негіз болып  табылады.

Корпоративтік басқарудың негізін қалайтын қағидаттар мыналар болып

табылады:

- жалғыз  акционердің құқықтары мен мүдделерін  қорғау принципі;

- Банктің  Директорлар кеңесін жəне атқарушы  органды тиімді басқару қағидаты;

- Банктің қаржы-шаруашылық қызметін тиімді бақылау қағидаты;

- Банктің  қызметі туралы ақпаратты ашу  айқындылығы мен объективтілігі қағидаттары;

- заңдылық  жəне этика қағидаттары;

- əлеуметтік  жауапкершілік қағидаты жəне  мүдделі тұлғалармен

əріптестік  қарым-қатынастарын дамыту;

- корпоративтік  шиеленістерді реттеу саясаты.

Корпоративтік басқару қағидаттарын ұстану Банк қызметін объективті талдауды жүргізу жəне талдамашылардан, қаржы консультанттарынан, рейтингтік агенттіктерден тиісті ұсынымдар алу үшін тиімді көзқарасты жасауға жəрдемдесуі тиіс.

Банктің Директорлар кеңесі, атқарушы органы этикалық нормалар мен

кəсіптік  қызмет стандарттарының қатаң сақталуын, корпоративтік мəдениетті

құруды қамтамасыз етуі тиіс. Банктің барлық қызметкерлері  корпоративтік

басқару процесінде өзінің рөлін тануы, түсінуі жəне осы процеске толыққанды

қатысуы тиіс.

Банкте  корпоративтік басқару Банктің  жалғыз акционерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жəне құрметтеу қағидатына негізделген жəне Банктің тиімді қызметіне, оның ішінде Банк активтерінің өсуіне жəне Банктің қаржы тұрақтылығы мен табыстылығын қолдауға ықпал етеді.

Корпоративті  басқарудың ұстанымдары - бұл өзінің корпоративті басқару жүйесін қалыптастыру, қызмет атқаруы мен жетілдіру  үдерісінде Банк басшылыққа алатын бастапқы беталысы. Банкті корпоративті басқару, ең алдымен, акционерлердің заңды мүдделері  мен құқықтарын және Банктің өзінің беделін құрметтеуге негізделеді  және Банк қызметінің тиімді өсуіне, сонымен  қатар Банктің кіріс әкелетін активтерінің өсуіне, жұмыс орындарын  құру мен Банктің қаржылық тұрақтылығы  және табыстылығын қолдауға бағытталған.

Корпоративтік басқару Банктің жалғыз акционеріне  Банкті басқаруда қатысуға байланысты өз құқықтарын жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Банк жалғыз акционердің негізгі құқықтарын іске асыруды

қамтамасыз  етеді:

1) оған тиесілі  акцияларға иелік ету, пайдалану  құқығы;

2) Банкке  оның қызметі туралы жазбаша  сауалдармен өтініш беру жəне Банктің Жарғысында белгіленген мерзімде дəлелді жауаптар алу құқығы;

3) Банктің  органдарын құруға жəне/немесе  сайлауға қатысу құқығы;

4) Банктің  қызметі туралы ақпарат алу  құқығы, оның ішінде Банктің Жарғысында анықталған тəртіппен Банктің қаржылық есептілігімен танысу.

5) тіркеушіден  оның банк акцияларына меншік  құқығын растайтын үзінділер алу құқығы;

6) сот тəртібімен  Банк органдары қабылдаған шешімдерді  даулау құқығы;

7) Банкті  тарату кезінде мүліктің бір  бөлігіне құқық;

8) Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген  тəртіппен Банктің акцияларын жəне оның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы жəне т.б.

Банктің корпоративтік басқаруында банктік  тəуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жəне үйлестіру маңыздылығын ескере отырып, Банк құрылымында тұрақты негізде банктік тəуекелдер деңгейін анықтаудың, өлшеудің (бағалаудың) жəне оңтайландырудың пайдаланылатын жəне жаңа əдістерін əзірлеуді тұрақты негізде талдау жүргізуді жүзеге асыратын Қаржы

тəуекелдерін  бақылау басқармасы жұмыс істейді.

Банк бизнестің  қоғам алдындағы ортақ жауапкершіліктің негізгі қағидаттарын қолдайды жəне ел мен азаматтардың экономикалық дамуына жəрдемдеседі.

Корпоративтік басқаруды қалыптастыру кезінде  мүдделі тұлғалармен тұрақты байланыстарды қолдау мен дамыту маңыздылығын сезіне отырып, Банк клиенттермен, іскерлік əріптестермен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара сенім мен құрмет, адалдық, кəсібилік, міндеттемелердің бұзылмауы, қажетті ақпараттық ашылу толықтығы, келіссөздер мен сот талқылауы алдында ымыраға келу қағидаттарында өз қарым-қатынастарын

құрады.

Банк  бизнестің қоғам алдындағы ортақ  жауапкершіліктің негізгі қағидаттарын қолдайды жəне ел мен азаматтардың экономикалық дамуына жəрдемдеседі. Банк жалғыз акционер алдында өз қызметінің нəтижелері үшін,

клиенттер алдында - банктік қызметтердің сапасы үшін, іскерлік əріптестер алдында - өз міндеттемелерінің тиісінше орындалуы үшін, қоғам мен мемлекет

алдында –  жеке тұлғаны, оның құқықтары мен  еркіндіктерін құрметтегені үшін,

Қазақстан экономикасын дамытуға үлесі үшін өз жауапкершілігін  мойындайды.

Банк  банктік қызметті, корпоративтік  басқаруды, қоғамдық өмірдің өзге

салаларын жетілдіруге  бағытталған заңнамалық бастамаларды талқылауға белсенді қатысады. Банк жəне оның өкілдері түрлі қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтар мен өзге коммерциялық емес ұйымдардың қатысушылары

болып табылады.

Корпоративтік басқаруды қалыптастыру кезінде  мүдделі тұлғалармен тұрақты байланыстарды қолдау мен дамыту маңыздылығын сезіне отырып, Банк клиенттермен, іскерлік əріптестермен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара сенім мен құрмет, адалдық, кəсібилік, міндеттемелердің бұзылмауы, қажетті ақпараттық ашылу толықтығы, келіссөздер мен сот талқылауы алдында ымыраға келу қағидаттарында өз қарым-қатынастарын

құрады. Корпоративтік қайшылықтар туындаған жағдайда қатысушылар жалғыз акционердің құқықтарының да, Банктің іскерлік атағының тиімді қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер жолымен оларды шешу жолдарын іздейді. Қайшылықтарды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде олар қатаң түрде заңнамаға сəйкес шешілуі тиіс.

Корпоративті  басқару жүйесі Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасын қатаң сақтауды көмектесуге бағытталған. Банк қызметіндегі артықшылықтардың бірі қызметкерлердің біліктілігін көтеру мен оқуын ұйымдастыру болып табылады. Банк қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру, тәжірибелік икем алу, кәсіби дайындығы мен біліктілік деңгейін көтеру үшін жағдайлар жасайды. Банк әр қызметкерге, жасы, жынысы, ұлты, діни сенімі, шығу тегі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кәсіби, мансабының және өзіндік өсуіне тең мүмкіндіктер береді.

Банк  жұмыс орындарының сақталу және еңбек жағдайын жақсарту принципін  ұстанады.

Банкте, келесі мақсаттарға жетуге көмектесу  үшін бағытталған материалдық ынталандыру  жүйесі әрекет етеді:

1) шешуші  нәтижесінде қызметкерлердің қызығушылығын  көтеру есебінен Банк қызметінің  көрсеткіштерін жақсарту;

2) қызметкерлерді, олардың Банк алдында тұрған  міндеттерді орындаудағы еңбегі  мен үлесінің өнімділігіне қарай  сыйақылау;

3) жалпы  нәтижелерге жауапкершілік, ұйымшылдық  қағидаттарын қалыптастыру;

4) қызметкерлердің  бастамашылығын ынталандыру.

Банктің әр қызметкеріне Банк болашақ дамуының көрінісі, оның мақсаттары мен стратегиялары  белгілі. Банктің әр қызметкері қабылданған  шешімдер, әрекеттер үшін және Банк қызметінің нәтижелері үшін алынған  өзіндік нәтижелерге өзіне жеке жауапкершілік алады. Банк сенімділік, ашықтық, қолдау, өзара сыйластық азуалын жасайды. Банк қызметкерлерді нәтижеге жету үшін қажетті және еңбектің қауіпсіз жағдайларымен қамтамасыз етеді, толыққанды демалысқа мүмкіндік беріп, қызметкерлердің денсаулығын аялауды қолдайды. Банк өзінің мүмкіндіктеріне қарай, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен кепілдендірілетін ең төменгі мөлшерден асатын қосымша әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Коммерциялық банктерді басқарудың қазіргі кездегі әдістерін  жетiлдiру жолдары

 

 

3.1 Банктерде тәуекел-менеджмент стратегиясын қалыптастыру механизмдерін одан ары дамыту

 

 

Коммерциялық  банктердің активі мен пассивін басқарудағы  маңызды факторлардың бірі ретінде  саналатын қаржылық тәуекелдерді басқарудың банктің өтімділігі мен табыстылығын арттыруға ықпалын әдістемелік  тұрғыдан бағалау және оларды басқару  әдістерін жетілдіруге байланысты. 

Қаржылық  тәуекелдерге: несиелік, өтімділік, операциондық және нарықтық тәуекелдерді жатқызамыз. Несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік  тәуекелден туындайтын зияндар банктің  несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс  операцияларын жүргізу барысында  пайда болуы мүмкін.

Жалпы несиелік тәуекелді басқаруға екі тұрғыдан келу қажет:

  • нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару;
  • несиелік қоржынның тәуекелін басқару.

Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару банктегі несиелік үдерісті ұйымдастыру шегінде  жүзеге асыралады. .

Қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің келесі әдістерінің  біріне мәмілені құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау жатады. Мәмілені құрылымдау үдерісінде банк қаржыландыру шартының түрін, мерзімін, өтелу тәсілін, төлемдер кестесін, сыйақы мөлшерлемесін, қамтамасыз етілуі және өзге де шарттарды өзі анықтайды.

Информация о работе Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі