Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:10, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- банк ісіндегі басқаруға қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банкті басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
- банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
- банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
- банкті басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
- банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
- проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету;
Банк құнын талдау Корпаративтік стратегиясы
Нарықты талдау Бизнес стратегиясы Банк қызметін басқару
1.1 Сызба. Банк анықтауға негізделген банк стратегиясын жасау кезеңдері
Ескерту – ғылыми зерттеулер негізінде автормен әзірленген.
Бұл жерде банктің стратегиясы мен саясатын бір бірінен ажырата білген дұрыс. Саясат бұл стратегияда қарастырылған нақты мақстақа жетуге бағыттыһалған шаралардың жиынтығы. Сондықтан да бұл стратегияға қарағанда мағынасы тар ұғым. Банк стратегиясының нақтылығы мен іске асырылу жетістіктері банктің қоршаған ортасына және сыртқы және ішкі қауіптерді тура бағалауына тікелей байланысты. Мұндағы банкті қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне макрэкономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлар, ақша несие саясатының басты бағыттары, қаржылық қадағалау ұйымының талаптары және т.б жатады.
Стратегияның жасауда ішкі және сыртқы қауіп қатерлерді есепке алу қажет. Ұзақ мерзім ішінде банктің құнының өсуіне кедергі жасайтын факторларды сызбамен беруге болады.
Банк құнының өсуіне кедергі жасайтын қауіп-қатерлер |
1.2 Сызба. Банк құнының өсуіне кедергі жасайтын қауіп-қатерлер
Ескерту – ғылыми зерттеулер негізінде автормен әзірленген.
Сыртқы
қауіп ұлттық және халықаралық нарықтардағы
бәсеклестікке,пайыз
Ішкі
қауіп бірінші кезекте
Сыртқы
мүмкіндіктеріне банктің жаңа нарыққа
қызмет көрсетуі, банк өнімдерінің
қатарын өсіру, нарықтағы қолайлы
жағдайлардың болуы, қосымша банк өнімдері
мен қызметтерін тұтынушыларға
қызмет көрсетулер жатады. Ішкі мүмкіндіктері
банкте білікті мамандардың болуы,
банк ресурстарының құрамы мен көлемінің
қолайлылығы,нарықта жетекші
Банктік бәсекелестік стратегиясын бәсеклестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған банктің ұзақ мерзімді даму тұжырымы ретінде қарастыруға болады. Мұндай артықшылықтарға банктің жекелеген клиенттерге қолайлы пайызбен жекелеген өнім түрлерін ұсынуға мамандануын және т.с.с. жатқызуға болады.
Коммерциялық
қызмет барысында банк өзінің клиенттеріне
құнды қызмет түрлерін көрсетуге
тиісті. Банк өнімдері мен қызметтерінің
құндылығы негізінен қанша
Банктің көрсететін қызметтерінің құндылығын жасау тізбегін 1.1 кестеден көруге болады.
Қосымша қызметі |
Банктің инфрақұрылым | |||
Банк ресурстарын басқару | ||||
Технология. Білікті кадрлар | ||||
Тәуекелдерді басқару | ||||
Негізгі қызметі |
Нарық және сатылымдар |
Жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсыну
|
Инвестиция ларды басқару
|
Сатқаннан кейінгі қызмет көрсетулер
|
Ескерту – ғылыми зерттеулер негізінде автормен әзірленген.
Құндылық
жасаушы тізбекке енетін банктің
негізгі және қосымша қызметтері
банктің өнімдер мен
Банк өнімдері мен көрсетілетін қызметтерінің сапасы жоғары болған сайын, оның құндылығы арта түседі. Бұл жерден банктің негігі қызметтері жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсыну, несиелерді ұйымдастыруды бақылау және инвестицияларды басқару, сондай ақ өнімдерді сатқаннан кейін клиенттерге қызмет көрсетулер оның қосымша қызметтерімен (инфрақұрылым, ресурстарды басқару, технология, білікті кадрлар, тәуекелді басқару ) қамтамасыз етіледі. Қосымша қызметтің даму деңгейін банктің арзан немесе жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді ұсыну қабілетінен байқауға болады. Басқаша айтқанда, суретте берілген құндылықты жасау тізбегі бұл жекелеген компоненттерді бөліп көрсету ғана емес, яғни өзара байланысты элементтердің жүйесін көрсетеді. Компоненттің біреуінің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің шығындарының өзгеруіне, соның нәтижесінде банк қызметінің рентабельдігіне ықпал етіп, банктің бәсекелестік артықшылықтарын төмендетеді.
Қазақстандық банктік жүйенің дамуының бастапқы кезеңінде бәсекелестік стратегияның басты элементі ретінде баға белгілеу стратегиясы қолданылды. Ол уақытта банктер бір ғана өнімге мамандану арқылы клиенттер тартуға өз қызметтерін бағыттады. Мысалға қызметтерінің басымдық бағыттары ретінде жеке тұлғалардан салымдарға қаражат тарту қарастырды. Ең бастысы олар баға белгілеу стратегиясына мән берген болатын, яғни тартылған қаражаттарүшін өте жоғары пайыздық мөлшерлеме белгіледі. Агрессивтік пайыз саясат есебінен өздерінің ресурстық базаларын нығайтуға байланысты мәселелерін шешкенімен, бірқатар коммерциялық банктер тартылған қаражаттарды орналастыруда шығын шегіп, нәтижесінде қаржылық тұрақсыздыққа ( банкроттыққа) ұшырады.
Бәсекелестік
стратегияны екі түрге орнын
алмастыру стратегиясына және кеңею
стратегиясына бөлуге болады. Орнын
алмастыру стратегиясы
90 жылдардың
ортасынан бастап, банктер орнын
алмастыру стратегиясына мән
бере бастады. Сөйтіп, банктер
қайта ұйымдастырылу формасына,
2 Қазақстан
Республикасындағы
2.1 Қазақстанның банк секторын стратегиялық басқарудың қаржылық нәтижелерін талдау
Банк секторы, бүкіл қаржы жүйесінің ахуалы оның жағдайына байланысты болатын қаржы нарығының ірі сегменті болып табылатындықтан, банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін Индикаторлар жүйесі де әзірленген. Қазақстанның банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына мониторинг пен талдау жүргізу мақсатында қазіргі уақытта отандық банк жүйесіне жоғары дәрежеде ұшырағыш тәуекелдерді көрсететін көрсеткіштер жасалды. Қазіргі жағдайда коммерциялық банктер өзіндік ұйымдастырушылық құрылымға, ішкі және сыртқы байланыстарға, қызмет етудегі объективті заңдарға ие. Банк жүйесі банк ісінде де, сонымен қатар экономика жүйесінде де маңызды орын алатыны анық.
Кестеден көріп отырғанымыздай 2013 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің саны 38. Оның ішінде жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктердің саны біреу ғана, яғни ол «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады.
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны 6-ға , қосымша үй жайларының саны 86-ға артқан. Екінші деңгейдегі банктердің шетелдегі өкілдіктерінің саны 1-ге және Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны 1-ге кеміген.
2.1 Кесте. Қазақстан
Банк секторының құрылымы |
1.01.11 |
1.01.12 |
01.01.13 | ||
Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде: |
39 |
|
38 | ||
жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер |
|
|
1 | ||
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдар саны |
|
|
386 | ||
Екінші деңгейдегі банктердің қосымша үй-жайларының саны |
|
|
1980 | ||
Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны |
|
|
12 | ||
Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны |
29 |
28 |
29 | ||
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіндегі қатысушы банктердің саны |
34 |
35 |
35 | ||
Кастодиан қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны |
10 |
10 |
10 |
Мәлімет көзі: ҚРҰБ ҚҚК-нің қаржылық тұрақтылық жылдық есептері негізінде автор әзірлеген.
Еліміздегі 38 комммерциялық банктің ішінде, өкінішке орай активтері бойынша жоғары концентрацияны санаулы банктер ғана көрсетеді. Активтері 1 трлн. теңгеден аспайтын банктердің, еліміздегі банк секторының активтерінің жалпы көлеміне шаққандағы активтерінің үлесі 27%-ды құрады.
2.2 Кесте. Активтерінің көлемі бойынша банктер саны туралы ақпарат
Активтер мөлшерінің диапазоны |
01.01.09 |
01.01.10 |
01.01.11 |
01.01.12 |
01.01.13 |
2000 млрд. теңгеден жоғары |
2 |
1 |
2 |
2 |
2 |
1000-2000 млрд. |
2 |
4 |
2 |
2 |
2 |
500-1000 млрд. |
2 |
1 |
1 |
2 |
5 |
100-500 млрд. |
6 |
9 |
11 |
11 |
9 |
50-100 млрд. |
6 |
5 |
5 |
5 |
8 |
10-50 млрд. |
5 |
7 |
8 |
12 |
10 |
10 млрд. теңгеге дейін |
14 |
11 |
10 |
4 |
2 |
барлығы |
35 |
38 |
39 |
38 |
38 |
Ескерту - www.afn.kz мәліметтері негізінде автор әзірлеген.
Олардың саны 01.01.2013 жылы 33-ті құрады немесе банктердің жалпы санынан 89%.Осыған сәйкес активтерінің үлесі бойынша жоғары орынды 5 банк («БТА Банк» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ ) алып отыр. (2.1 диаграмма).
2.1 Диаграмма. 01.01.2013ж. активтерінің мөлшері бойынша алдыңғы қатарлы банктер, млн. теңге
Информация о работе Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі