Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Қаржылық жағдай – банктің экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы екендігі мәлім. Ол банктің бәсекеге қабілеттілігі мен банк және оның серіктестерінің экономикалық мүдделері қай деңгейде кепілдендірілгенін анықтап береді.
Банктердің тұрақтылығы елдің экономикасына әсерін тигізбей қоймайды. Нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен өзінің және бәсекелестерінің қаржылық жағдайын бағалай білу шарт.
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығын есептеп шығу үшін, ең алдымен Қазақстан Республикасы өкілетті органының қойған талаптарына жауап бере алатынын анықтап алуымыз шарт. Алдымен, Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан орнатылған ең аз жарғылық капитал мөлшері талаптарына сай келетінін тексереміз.
Талдау жасаған уақытта өкілетті орган тарапынан орнатылған жарғылық капиталдың минималды шегі 1 250,0 млн. теңге болатын.
«Цеснабанк» АҚ-ның жарғылық капиталының мөлшері 2007 жыл үшін 13 500,0 млн. теңге болып орнатылған талапқа жауап беріп отыр. 2008 жыл мен 2009 жылдардағы жарғылық капитал мөлшері туралы мәліметтерді 2.2 суреттен көре аламыз.
Сурет 2.2. 2007-2009 жылдар бойынша «Цеснабанк» АҚ жарғылық
капиталының мөлшері, мың теңге
Суретте көріп тұрғанымыздай, 2010 жылдың 1 қаңтарына мәліметтері бойынша банктің меншікті капиталы нормативтік талаптарға жауап беріп отыр. 2008 жыл соңына банктің жарғылық қоры 15 372,3 млн. теңге болса, 2009 жылда 127,7 млн. теңгеге өсіп 15500,0 млн. теңге болып отыр.
Банктің меншікті капиталы құрамының пайыздық қатынасы 2.3 суретте келтірілген.
Сурет 2.3. «Цеснабанк» АҚ меншікті капиталының құрамы
Банк
өз міндеттемелерін уақытында
Меншікті
капиталдың жалпы пассивтегі үлесі
қанша көп болса, банк сенімді
және қызметі тұрақты деп
Төмендегі 2.2 кесте және онда келтірілген формула арқылы жоғарыда аталған көрсеткіштерді есептеп шығарамыз.
Кесте 2.2.
«Цеснабанк» АҚ капиталының жеткіліктілігін талдау
Коэффициент атауы |
Ұсынылатын норма |
Көрсеткіш | ||
2008 жыл |
2009 жыл | |||
Капитал жеткіліктілігі коэффициенті |
min 0,1 |
0,1 |
0,1 | |
Жарғылық капиталдың банктің жалпы капиталындағы үлесі |
|
0,15-0,5 |
1,0 |
1,0 |
Өзін қаржыландыру коэффициенті |
|
белгіленбеген |
0,12 |
0,09 |
Капитал жеткіліктілігі коэффициенті:
Банктің 2008 жыл қорытындылары бойынша меншікті капитал қалдығының жалпы пассивке қатынасы ұсынылған нормаға жауап береді. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш нормадан кеміп кеткен. Осы жылда банктің міндеттемелері көбейген.
Банк балансында меншікті
капиталдың үлесі аз болғандықтан
сырттан келетін қаражатқа
Жарғылық капиталдың банктің жалпы капиталындағы үлесі:
Бұл үлес салмағы банктің капиталы қаншалықты құрылтайшылардың қаражатынан құрылғанын көрсетеді және банк қызметінің нәтижелілігін сипаттайды. Банкте 2008 жылда жарғылық капитал жалпы капиталдан көп болып келеді. Оның себебі меншікті капиталдың басқа көрсеткіштері жыл соңына теріс қалдықпен шыққан. 2009 жылы да жарғылық капиталдың жалпы капиталдағы үлесі ұсынылған нормадан асып отыр. Банк капиталы негізінен жарғылық капитал есебінен құралып отыр. Меншікті капиталдың басқа көрсеткіштері жыл соңына теріс қалдықпен шығып отыр немесе өте аз деңгейде.
Өзін қаржыландыру коэффициенті:
Бұл коэффициенттің деңгейі
қаншалықты жоғары болған сайын банктің
инвесторлары көп болып, қаржыландырылуы
сенімді дегенді білдіреді. Біздің
мысалымызда 2009 жылы алдыңғы жылға
қарағанда банктің өзін-өзі
Енді банктің 2009 жыл қорытындылары бойынша бухгалтерлік балансына талдау жасап көрейік. 2010 жылдың 1 қаңтарына банктің жылдық балансы А қосымшасында келтірілген. Баланстың активтер бөлімі 2.3 кестеде келтірілген.
Кесте 2.3.
«ЦеснаБанк» АҚ-ның баланс активтерінің табыстылығы бойынша көрсеткіштері
Активтер |
2009 жыл 1 қаңтар |
2010 жыл 1 қаңтар |
өзгеріс | ||
сома |
үлесі |
сома |
үлесі | ||
табыс әкелетін активтер | |||||
Әділ құнымен бағаланатын қаржылық құралдар |
4871352 |
3,6 |
8563410 |
4,9 |
3692058 |
Сатуға арналған қолда бар активтер |
3171525 |
2,3 |
743941 |
0,4 |
-2427584 |
Кері РЕПО бойынша дебиторлық берешек |
- |
24573568 |
14,0 |
24573568 | |
Тұтынушыларға берілген несиелер |
86466727 |
63,7 |
104859760 |
59,8 |
18393033 |
Төленуге дейін ұсталатын инвестициялар |
4953377 |
3,6 |
4319954 |
2,5 |
-633423 |
Қауымдастырылған |
145628 |
0,1 |
155183 |
0,1 |
9555 |
Инвестициялық меншік |
1267468 |
0,9 |
1267483 |
0,7 |
15 |
барлығы |
100876077 |
74,4 |
144483299 |
82,4 |
43607222 |
табыс әкелмейтін активтер | |||||
Ақша қаражаты |
2894727 |
2,1 |
4193953 |
2,4 |
1299226 |
ҚР ҰБ-тегі ақша қаражаты |
10648276 |
7,8 |
11233314 |
6,4 |
585038 |
Банктер мен басқа қаржылық институттардағы депозит пен шоттар |
11167624 |
8,2 |
4096507 |
2,3 |
-7071117 |
Негізгі құралдар |
7044183 |
5,2 |
4524645 |
2,6 |
-2519538 |
Материалдық емес активтер |
127236 |
0,1 |
378267 |
0,2 |
251031 |
Ағымдағы салықтық актив |
60414 |
0,0 |
- |
||
Кейінге қалдырылған салықтық актив |
222777 |
0,2 |
59155 |
0,0 |
-163622 |
Басқа активтер |
2607029 |
1,9 |
6346580 |
3,6 |
3739551 |
барлығы |
34772266 |
25,6 |
30832421 |
17,6 |
-3879431 |
Жалпы Актив |
135648343 |
175315720 |
39727791 |
Банктің ақша қаражаттары жалпы активтегі үлесі төмен деңгейде болғанына қарамастан 1 299,2 млн. теңгеге көбейген. Кері РЕПО бағалы қағазы пайда болған. Тартылған қаражаттар ссудалық операциялар мен Үкіметтің бағалы қағаздары операцияларына жұмсалған. 2009 жылдың 31 қаңтарына несие портфелінің мөлшері 104859,8 млн. теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 18393,0 млн. теңгеге артып отыр.
Банктің активті операцияларының динамикасын талдағанда 2009 жылы алдыңғы жылға қарағанда 39727,8 млн. теңгеге өскендігі байқалады. Активтердің өсімі табыс әкелетін активтердің өсімімен байланысты болып отыр. Табыс әкелетін активтер 43607,2 млн. теңгеге көбейген. Ал табыс әкелмейтін активтер керісінше, 3879,4 млн. теңгеге кеміп кеткен.
Табыс әкелетін активтер 2008 жылда барлық активтердің 74,4% құраған болса, 2009 жылда бұл көрсеткіш өсіп 82,4% құрап отыр. Ал табыс әкелмейтін активтердің жалпы активтердегі үлес салмағы 2008 жылда 25,6% болса, 2009 жылда 17,6% кеміген. Табыс әкелетін активтердің өсімі кері РЕПО бойынша дебиторлық берешектің өсімі және тұтынушыларға берілген несиелер есебінен болып отыр. Тұтынушыларға берілген несиелер 2008 жыл соңына 63,7% құраса, 2009 жыл соңына сомасы көбейгенімен үлес салмағы төмендеп, жалпы активтердің 59,8 % құрап отыр.
Келтірілген баланс мәліметтері
негізінде табыс әкелетін активтердің
деңгейі мен ақылы қаражат
көздерін орналастыру коэффициентін
табайық. Ол көрсеткіштерді табу үшін
2.4 кестеде келтірілген
Кесте 2.4.
Табысты активтердің деңгейі мен ақылы қаражат көздерін орналастыру коэффициентін табу
Коэффициент атауы |
Есептеу тәсілі |
Ұсынылатын норма |
Көрсеткіш | |
2008 жыл |
2009 жыл | |||
Табысты активтер деңгейі |
|
max 0,75 |
0,74 |
0,82 |
Ақылы қаражат көздерін орналастыру коэффициенті |
|
max 1,2 |
1,04 |
0,95 |
Табысты активтер деңгейі:
Бұл көрсеткіш жалпы активте табысты активтер үлесі деңгейін көрсетеді. Іс жүзінде табысты активтердің барлығы да тәуекелді болғандықтан олардың жалпы активте үлесінің өте жоғары болуы банк тұрақсыздығын және ағымдағы операциялар мен өз міндеттемелері бойынша төлемнің өтелмеу жағдайын ұлғайтады. Біздің мысалымызда 2008 жылда табысты активтердің жалпы активтердегі үлесі ұсынылған нормаға сай келген болса, 2009 жылы табысты актив деңгейі ұсынылған нормадан жоғары болып отыр. Яғни, банкте міндеттемелерді өтеу бойынша қауіп пайда болып отыр.
Ақылы қаражат көздерін орналастыру коэффициенті:
Бұл коэффициент табыс әкелетін операцияларға тартылған ақылы қаражат көздерінің үлесін көрсетеді. Егер бұл коэффициент ұсынылған нормадан жоғары болса, ақылы қаражат басқа мақсатқа жұмсалып жатқандығынан дерек береді.
Олар жеке қажеттіліктер немесе табыс әкелмейтін операцияларға жұмылдырылып, банкте залалдың орын алуына әкеледі. «Цеснабанкте» бұл коэффициент екі жыл көрсеткіштері бойынша да жақсы деңгейде қалып отыр, банк тартылған қаражаттарды барынша табыс әкелетін операцияларға орналастырып отыр.
Баланстың пассивтер бөлімі көрсеткіштері 2.5 кестеде келтірілген.
Кесте 2.5.
«ЦеснаБанк» АҚ-ның баланс пассивтерінің көрсеткіштері
Капитал мен міндеттемелер |
01.01.2009 |
01.01.2010 |
өзгеріс | ||
сома |
үлесі |
сома |
үлесі | ||
ҚР Үкіметі қаражаттары |
143179 |
0,1 |
90689 |
0,1 |
-52490 |
Банктер мен басқа қаржылық институттардағы депозиттер мен шоттар |
7715488 |
5,7 |
14674168 |
8,4 |
6958680 |
Тұтынушылардың ағымдағы шоттары мен депозиттері |
80313123 |
59,2 |
119119150 |
67,9 |
38806027 |
Шығарылған борышты құнды |
24669555 |
18,2 |
17687610 |
10,1 |
-6981945 |
Субординарлық қарыз |
6643590 |
4,9 |
6886279 |
3,9 |
242689 |
Басқа міндеттемелер |
1096974 |
0,8 |
1205149 |
0,7 |
108175 |
Жалпы міндеттемелер |
120581909 |
88,9 |
159663045 |
91,1 |
39081136 |
Акционерлік капитал |
15372307 |
11,3 |
15500000 |
8,8 |
127693 |
Эмиссиялық табыс |
1770 |
0,0 |
1770 |
0,0 |
0 |
Негізгі құралды қайта бағалауға резерв |
1714922 |
1,3 |
15012 |
0,0 |
-1699910 |
Сатуға арналған қолда бар активтерді қайта бағалауға резерв |
137497 |
0,1 |
-2017 |
0,0 |
-139514 |
Басқа валютаны қайта есептеуден жиналған курстық айырма резерві |
-13955 |
0,0 |
77950 |
0,0 |
91905 |
Банктік тәуекелдерді жабуға резерв |
2316740 |
1,7 |
2316740 |
1,3 |
0 |
Бөлінбеген табыс |
-4462847 |
-3,3 |
-2256780 |
-1,3 |
2206067 |
Жалпы меншік капитал |
15066434 |
11,1 |
15652675 |
8,9 |
586241 |
Жалпы капитал мен міндеттемелер |
135648343 |
175315720 |
39667377 |
Баланс пассивтері өсімінің негізін банктің міндеттемелері құрап отыр. Пассивтердің негізгі үлесі тұтынушылардың ағымдағы шоттары мен депозиттерге келіп отыр, бұл көрсеткіш жыл басына 80313,1 млн. теңгені құрап, баланстағы үлесі 59,2% болған болса, жыл соңына 38806,1 млн. теңгеге ұлғайған, соның нәтижесінде жыл соңын 119119,2 млн. теңге болып, баланстағы үлесі 67,9% болып отыр. Екінші орында шығарылған бағалы құнды қағаздар тұр, олардың қалдық көрсеткіші – 24669,6 млн. теңге қалпында, жыл басына үлес салмағы 18,2% болған, жыл соңына мөлшері 6981,9 млн. теңгеге төмендеп, қалдық көрсеткіші 17687,6 млн. теңге, баланстағы үлесі 10,1% құраған.
Жалпы міндеттемелер де жыл бойынша 39081,1 млн. теңгеге өсіп, баланстағы үлес салмағы 88,9%-дан 91,1%-ға артып отыр.
Меншікті капитал жиынтық сомасы керісінше теріс көрсеткішке кеткен. Банктің жарғылық қоры 15500,0 млн. теңгеге ұлғайғанымен, негізгі құралдарды қайта бағалау қоры мен сатуға арналған қолда бар активтерді қайта бағалауға қорының кеміп кетуі бұған өз әсерін тигізіп отыр.
Банктің балансы көрсеткіштері бойынша талдау жасап мынадай қорытынды жасай аламыз, банк қызметін қаржыландырудың негізгі көзі тартылған қаражаттар болып табылады. Банктің негізгі активті операциясы тұтынушыларға берілетін несие саналады.
Қолда бар мәліметтерге сүйеніп банк балансының өтімділігін есептеп шығарайық.
«Цеснабанктің» баланс өтімділігін анықтау үшін 2010 жылдың 1 қаңтары бойынша жылдық баланс мәліметтерін пайдаланамыз. Есептеу жолы мен көрсеткіштер 2.6 кестеде келтірілген.
Кесте 2.6.
«Цеснабанк» АҚ балансы өтімділігін есептеу
Коэффициент атауы |
Есептеу тәсілі |
Ұсынылатын норма |
Көрсеткіш | |
2008 жыл |
2009 жыл | |||
Шапшаң өтімділік коэффициенті |
|
белгіленбеген |
0,1 |
0,1 |
Жалпы өтімділік коэффициенті |
|
min 0,95 |
1,1 |
1,1 |
Шапшаң өтімділік коэффициенті:
Бұл көрсеткіш бірінші талап бойынша «бірінші кезектегі» өтімді активтер есебінен банк міндеттемелері үлесінің төлеп берілуі мүмкіндігін көрсетеді. Бұның ұсынылған мағынасы жоқ.
Жалпы өтімділік коэффициенті: