Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Скачать файл)

 

Кестеден банктің депозиттері  жылдан-жылға бірқалыпты екпінмен көбейіп  отырғанын байқаймыз. 2003 жылдың басына банктегі жеке тұлғалардың салымдары 2 391,0 млн. теңге болып, салымдардың 82,9% шетел валютасында, 17,1% ұлттық валютада ашылған. Ал 2011 жылдың басына жеке тұлғалардың салымдары 2002 жылға қарағанда 25 есеге дейін көбейіп 59401,0 млн. теңгені құрап отыр.

2010 жылы  жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 39,6 млрд. теңге, шетел валютасындағы депозиттер 19,8 млрд теңге болып отыр.

Банк жеке тұлғалары депозитінің едәуір бөлігін мерзімді салымдар құрайды. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарына мерзімді салымдар сомасы жалпы депозиттердің 93,9% пайызын иелеген болса, 2010 жылдың жылдық қорытындылары бойынша мерзімді салым көлемі 51 533 млн. теңгені құрап банктің жалпы депозит портфелінің 86,7% иелеген.

Талап етілгенге  дейін салымдарының үлес салмағы  төмен болып отыр. 2003 жылы жалпы  депозит қалдықтарының мөлшері 145 млн. теңге болып банктің депозит портфелінің  6,1% құраған болса, 2011 жылдың 1 қаңтарына – 4847 млн. теңге көрсеткішін құрап, жалпы депозиттегі үлесі 8,2%-ды құрап отыр.

Жинақ салымдарының да үлес салмағын жақсы деп айта алмаймыз. 2003 жылға дейін бұл салым түріне мүлдем қаражат тартылмаған. Тек 2003 жылдан бастап жеке тұлғалар бұл депозит түріне өздерінің қаражатын салу мүмкіндігіне ие болған. 2010 жыл қорытындысы бойынша қалдық көрсеткіштері сәйкесінше  0%, 12,1% және 5,1% болып келеді.

2003 және 2004 жылдары жеке тұлғалар көбірек шетел валютасында депозит ашқан болса, бұл үрдіс 2005 жылдан бастап кері айналым бойынша жүрген. Мысалы, 2004 жылы ұлттық валюта мен шетел валютасы салымдары арасындағы пайыздық қатынас 35,9% және 64,1% болса, ал 2010 жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 66,6% және 33,4% құраған.

«Цеснабанк» АҚ-да тұрғындардың салымдарының түрлері бойынша мәлімет 2.5 суретте келтірілген.

Сурет 2.5. 2011 жылдың 1 қаңтары бойынша «Цеснабанк» АҚ-да жеке тұлғалардың депозит түрлері бойынша мәлімет

 

Осы депозиттерді түрі бойынша талдайтын болсақ, мөлшері 4847,0 млн. теңге, немесе 8,2% талап етілгенге дейінгі депозиттер құрап отыр, ал мерзімді салымдардың мөлшері 51533,0 болып, үлес салмағы 86,7% болып отырса, ал жинақ депозиттердің үлесі 5,1% яғни 3022,0 млн. теңге құраған. Келтірілген көрсеткіштер банктің депозиттік операцияларының жақсы жұмыс істейтіндігін білдіреді. Бұл дегеніміз банктің осы депозиттік операцияларына байланысты депозиттік саясаты және басқа іс шаралары жақсы жұмыс істеген.

Осы кезде  мерзімді депозитінің өсу қарқыны  айтарлықтай талап етілгенге дейінгі депозиттердің өсу қарқынының алдында болды. Талап етілгенге дейінгі депозиттер 51,9% өскен болса, мерзімді салымдар 61,2% өскен. Мерзімді салымдағы ақшаның өсуі банктің несиелік стратегиясына оң әсерін тигізетіні мәлім.

Тұрғындардың бос ақша қаражатын тарту мәселесі бүгінгі күнде өзекті болып келеді. Бұл мәселеде «Цеснабанк» АҚ бүгінгі кезде ақша қаражатын тартуға және оларды ресурс ретінде қолдануға бағытталған белсенді саясат жүргізіп келеді.

Банктің бас ерекшелігі болып депозит бойынша сыйақылық төлем болып отыр, Ұлттық банк пен депозиттерге кепілдік беру қоры белгілеген шектен жоғары пайыз ұсынып оның көлемін инфляция деңгейінен жоғары ұстап тұру бойынша бірқатар жұмыстар алып барып жатыр.

 Банктер арасындағы жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген тұтынушылар топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тарту бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр. «Цеснабанк» АҚ-ның қолданып жатқан шараларына, өткізіп жатқан акцияларына тоқталсақ.

Өздеріне  сенім білдірген салымшыларды тағы да қолдау мақсатында банк 2006 жылдан бастап тұрақты түрде салымшылар арасында ұтыс ойындарын өткізіп тұрады.

«Цеснабанк» АҚ–ның 15 жылдығына орай 2006 жылы басталған «Астанадан пәтер ұтып ал!» атты теңдессіз акциясы 2007 жылдың 17 қаңтарында өз мәресіне жетіп салымшылар арасында ұтыс ойыны өткізілді. Бұл акцияда Астана қаласынан пәтермен бірге су жаңа «Skoda Octaviа» көлігі және басқа да бағалы сыйлықтар ұтысқа тігілді.

Банктің мерейтойлық акциясын 2007 жылы жаңа «Цеснабанктен машина парады!» акциясы жалғастырды. Бұл акция 2008 жылға дейін өз жалғасын тауып отырды. Акция кезеңінде банктің әр филиалында үш ұтыс ойыны өткізілді. Ұтыс ойынына автомобильден бастап тұрмыстық техникалар және ақшалай сыйлықтар ойнатылды. Республика бойынша жалпы 45 дана жаңа автокөлік ұтысқа тігілді.

2008 жылы 1 ақпаннан бастап 2009 жылдың 2 қазанына дейін «Цесна – тең мүмкіндіктер» депозит шоттары  бойынша барлығы 20 рет ұтыс ойындары өткізілді. Акция нәтижесінде еліміз бойынша 80 салымшы 5 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейінгі ақшалай мөлшердегі ұтысқа ие болды.

Ал 2010 жылдың 7 мамырында  «Цесна - құрмет» депозит шоты бойынша ұтыс ойыны өткізілді. Ұтыс жеребесі нәтижесінде «Цеснабанктің» 75 салымшысы ақшалай ұтысқа ие болған болса, тағы 18 салымшы әртүрлі тұрмыстық техникаларды ұтып алды.

Қазіргі уақытта банк салымшыларды қызықтыру мақсатында жаңа депозит түрлерін істеп шықты және оларды тұтынушыларға ұсынады. Олар «Целина», «Тәуелсіздік» және «Элит Клуб» депозиттері. Осы жаңа депозиттердің ерекшеліктеріне кең тоқталып өтсек.

Аталған 3 шот та муьтивалюталық шот болып табылады, яғни салымшы өзі қалаған валютада шот аша алады.

«Целина» депозит түрінің  минималды сомасы теңгеде – 10 мың, АҚШ долларында – 50, еврода – 50. Салымды 1 айдан 36 ай мерзімге дейін қабылдайды. Есептелетін жылдық сыйақы мөлшерлемесі сақталу мерзіміне байланысты: теңгеде 3-9% дейін, АҚШ доллларында 1,5-5,4% дейін, еврода 1,0-4,4% дейін.

Есептелген сыйақыны ай сайын  алу мүмкіндігі қарастырылған, сыйақы талап етілмеген жағдайда салымның негізгі сомасына қосылады. Сонымен  бірге ай сайын мөлшері шектелмеген  қосымша жарна толықтырып отыруға  болады. Салымның төмендетілмейтін ең аз сомасы мөлшерінде ақша алып тұру мүмкіншілігі бар.

Депозит ашу үшін жеке басын  куәландыратын құжат пен салық  комитетінің мөртабанымен СТН қажет.

Осы үш депозиттің шарттары туралы толық мәлімет 2.11 кестеде  келтірілген.

 

Кесте 2.11.

«Цеснабанк» АҚ ұсынып отырған  депозиттердің жаңа түрлері және олар бойынша шарттар

 

Депозит

Ең аз мөлшері KZT/USD/EUR

мерзім

ай

жылдық пайыз

% төлеу

толықтыру

KZT

USD

EUR

«Тәуелсіздік»

150000/

1000/1000

15

8,7

5,2

4,2

ай сайын

шектелмеген

37

9,2

5,8

4,8

ай сайын

шектелмеген

«Целина»

10000/

50/50

1

3

1,5

1

ай сайын

шектелмеген

3

4,5

2,5

1,5

ай сайын

шектелмеген

6

6

4

3

ай сайын

шектелмеген

13

8

4,5

3,5

ай сайын

шектелмеген

18

8,5

5

4

ай сайын

шектелмеген

36

9

5,4

4,4

ай сайын

шектелмеген

«Элит Клуб»

5000000/

30000/30000

12

9,4

6,2

4,2

ай сайын

шектелмеген

24

9,7

6,7

4,7

ай сайын

шектелмеген

37

10

7

5

ай сайын

шектелмеген


 

«Тәуелсіздік» депозит түрінің  минималды сомасы теңгеде – 150 мың, АҚШ долларында – 1 мың, еврода – 1 мың. Депозитті сақтау мерзімі 15 ай және 37 ай. Есептелетін жылдық сыйақы мөлшерлемесі сақталатын мерзіміне байланысты: теңгеде 8,7-9,2% дейін, АҚШ доллларында 5,2-5,8% дейін, еврода 4,2-4,8% дейін. Есептелген сыйақыны ай сайын алу мүмкіндігі қарастырылған, сыйақы талап етілмеген жағдайда салымның негізгі сомасына қосылады. Сонымен бірге ай сайын мөлшері шектелмеген қосымша жарна толықтырып отыруға болады. Салымның төмендетілмейтін ең аз сомасы мөлшерінде ақша алып тұру мүмкіншілігі бар. Сыйлыққа «VISA» төлем карточкасы беріледі. Ал салым сомасы 1,5 млн. теңге, 10 мың АҚШ доллары немесе 10 мың евро болған жағдайда сыйлыққа сейф ұяшығы 1 айдан аспайтын мерзімде жалға алу тегін.

Депозиттің  сақталу мерзімі аяқталғандағы  қосымша ақшалай сыйлық: салымның ең төменгі сомасынан  3% төленеді.

Депозит ашу үшін жеке басын  куәландыратын құжат пен салық  комитетінің мөртабанымен СТН қажет.

«Элит Клуб» депозит түрінің  минималды сомасы теңгеде – 50, млн., АҚШ долларында – 30 мың, еврода – 30 мың. Депозитті сақтау мерзімі 12 ай, 24 ай және 37 ай. Депозиттің ең төменгі шегі теңгеде – 1,5 млн., АҚШ долларында – 10 мың, еврода – 10 мың (Астана және Алматы қалалары үшін), басқа аймақтар үшін теңгеде – 1,0 млн., АҚШ долларында – 8 мың, еврода – 8 мың. Салымның  төмендетілмейтін ең аз сомасы мөлшерінде ақша алып тұру мүмкіншілігі бар.

Есептелетін жылдық сыйақы мөлшерлемесі сақталатын мерзіміне байланысты: теңгеде 9,4-10 дейін, АҚШ доллларында 6,2-7% дейін, еврода 4,2-5% дейін. Есептелген сыйақыны ай сайын  алу мүмкіндігі қарастырылған, сыйақы талап етілмеген жағдайда салымның негізгі сомасына қосылады. Сонымен  бірге ай сайын мөлшері шектелмеген  қосымша жарна толықтырып отыруға  болады. Сыйлыққа сейф ұяшығын 1 айдан аспайтын мерзімге тегін жалға алу мүмкіншілігі бар.

Депозит ашу үшін жеке басын  куәландыратын құжат пен салық  комитетінің мөртабанымен СТН қажет.

Сонымен бірге «Цеснабанк»АҚ депозиттік саясатты жетілдіру бойынша алдына бірнеше мақсат қойған, бұл мақсаттар:

  • ең аз қаржылық шығындармен заңды және жеке тұлғалардың бос ақшаларын тарту;
  • ақшаны жинақтау үшін депозиттердің жаңа түрлерін жасау және енгізу;
  • банктің тұтынушыларына қызмет көрсету әдісін жақсарту;
  • несиелендіруді қаржыландыру үшін депозиттің жеткіліктілігіне қол жеткізу;
  • депозит (конвертация, аудармалы операциялар, қолма-қолсыз есеп айырысу және таға басқа) бойынша қызметтерді кеңейту;
  • банктің депозиттері бойынша қызмет көрсету шығындарын төмендету;
  • банктің қаржылық қамтамасыздануын күшейту үшін нарықпен өзара байланысын дамыту.

 


7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)