Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Скачать файл)

Коммерциялық банктер  тұтынушылардың уақытша бос қаражаттарын тартумен айналыспас бұрын дұрыс депозиттік саясат құрып қалыптастырып отыруы қажет.

Депозиттік саясат - ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттыру, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.

Сонымен, банктер депозиттік саясатты істеп шығуда төмендегілерді басты назарға алуы тиіс:

  • банктің сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде депозит, несие және басқа да операциялардың өзара қатынасы;
  • тәуекелдікті ықшамдау мақсатымен банктің ресурстарын диверцификациялау;
  • банк өнімдері мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігі.

Банк  депозиттік саясатын жасау барысында  екі сектор бойынша арнайы бағдарламаны жасап шығуы қажет. Оның біріншісі  бөлшек секторда:

  • халықтың ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді депозиттерінің алдындағы даму басымдылығы және оның негізінде тұрақты да және күнделікті қаражат көзін алу;
  • талап етілгенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карталық шоттардың (пластикалық карточка) сатылуының өсуін қамтамасыз ету;
  • халықтың сауда, коммуналдық мекемелері, тұрмыс қызметтері және тағы басқаларымен пластикалық карточкалар көмегімен ағымдық есеп айырысуды дамыту шараларын қарастыру.

Кооперативтік секторда:

  • тұтынушыларға көрсетілетін депозиттік және банк қызметтеріне қатысты түрлерін кеңейту;
  • қаржылық емес сектордың кооперативтік тұтынушылар санының ішінен депозиторлардың көбеюіне жағдай жасау;
  • сақтандыру компаниялардың, зейнетақы қорларының және басқа да қаржылық сектордың, тұтынушылардың депозиттерінің дамуына алып келетін шараларды ұйымдастыру.

Депозиттік  саясат банкпен төленетін тарифтік саясат пен сыйақы саясатымен өзара байланыста және мынаған бағытталған болуы тиіс:

  • ең аз қаржылық шығындармен заңды және жеке тұлғалардың бос ақшаларын тарту;
  • ақшаны жинақтау үшін депозиттердің жаңа түрлерін жасау және енгізу;
  • банктің тұтынушыларына қызмет көрсету әдісін жақсарту;
  • несиелендіруді қаржыландыру үшін депозиттің жеткіліктілігі;
  • депозит (конвертация, аудармалы операциялар, қолма-қолсыз есеп айырысу және таға басқа) бойынша қызметтердің кеңеюі;
  • банктің депозиттері бойынша қызмет көрсету шығындарын төмендету;
  • банктің қаржылық қамтамасыздануын күшейту үшін нарықпен өзара байланысын дамыту.

Тәуекелді диверсификациялау мақсатында талап етілгенгеге дейінгі депозит көлемін 30-40% баланс валютасына; мерзімді салым көлемін 20-30% баланс валютасына қатынастарын ұстануы шарт.

Бір салымшыға  депозит көлемінің депозиттің жалпы  сомасына қатынасы көп болмау керек.

Осы жағдайды ескере отырып, жеке тұлғалардың депозиттері, яғни саяси жағдайлардың нәтижесінде  тартылатын депозиттер, олар арқылы банктің қызметінің мақсатты бағыты — халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын салым ретінде тарту банк бөлімшесінің негізгі қызметі анықталады.

Депозиттік  саясаттың мақсаты қазіргі кезеңдегі депозиттік операцияларды ойластырып және баланстық түрде жүргізу, сонымен қатар:

  • республикалық нарықтағы мерзімді депозиттердің негізгі позицияларын ұстап қалу және таңдап алумен қамтамасыз ету;
  • субъектілердің    әртүрлілігімен    және    депозиттердің    бос ресурстағы резервтерді азайту кезіндегі мерзімді депозиттермен қамтамасыз  ету;
  • болашақта пайда алу жағдайын кұру немесе пайда табумен қамтамасыз ету;
  • алдыңғы кезекте агрессивтік операциялар және депозиттік операциялар арасында байланыс орнатуды қамтамасыз ету;
  • тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі және сапасын жоғарылату.

Жеке тұлғалардың уақытша  бос ақша қаражаттарын банк депозиттеріне  тарту бойынша мынадай шараларды  ұсынар едім:

  1. Тартылған қаражаттарды басқаруда маңызды әдіс тартылған қаражаттарды диверсификациялау болып табылады.

Депозиттерді диверсификациялау  (diversification – латынша - өзгерту, түрлендіру) депозиттік қызметтер түрлерін кеңейтуді білдіреді, түсінікті тілмен айтқанда, банк ұсынатын депозит түрлерін көбейту болып табылады.

Қазіргі уақытта банктердің депозит түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді диверцификациялауға ұмтылуы байқалады, бұл ең алдымен – тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру болса, екіншіден – банктің үйлесімді табыс алуын қамтамасыз ету екендігі мәлім.

Сонымен бірге банктердің депозиттік саясаты тұрғындардың әртүрлі  әлеуметтік топтары мен жастары  бойынша қажеттіліктерін қамтуы тиіс – жұмысшылар мен зейнеткерлерді, жастар, орта жастағылар мен аз қамтамасыз етілген тұрғындарды, орта және жоғары табыс деңгейі барларды. Мұнда табыс деңгейі әртүрлі жеке тұлғалар үшін жаңа қаржылық қызметтер ұсынуы мүмкін, мысалы, салым өнімдері мен несиелік және сақтандыру қызметтерін біріктіру. Бұдан басқа салымшылардың үй-жай, ірі көлемде сауда жасау, білім алу, туризм және демалыс қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша да жаңа шаралар істеп шығуларына болады.

Депозиттік саясатты жетілдіруде  табысы жоғары жеке тұлғалар үшін салым  түрлерін істеп шығуы тиіс. Мысалы, бұл салымның ерекшелігі – тұтынушының  жеке мәліметтері банктің орта және кіші персоналдарына белгісіз күйінде  қалып қояды. Банктің құпия болып саналатын мәліметтер банктегі тек жалғыз адамға – «VIP» тұтынушылармен жұмыс жасайтын банк менеджеріне мәлім болады. Салымдр бойынша пайыздар ай сайын төленіп отырады, сонымен бірге банк тұтынушыға тегін ұсынатын пластик карточка арқылы алып отыруына жағдай жасау керек.

Коммерциялық банктер  инфляциялық шығынды қаптау мақсатымен пайызды алдыннан төлейтін депозит  қызметін ұсынуларына болады. Бұл  жағдайда салымшы белгілі бір  мерзімге салым салғанда төленетін пайыздық ақшаны алдыннан ала алады. Егер де келісімшарт уақытынан бұрын бұзылатын болса, есептелген пайыздық төлемдері салымдағы қаражат есебінен ұсталынып қалынатын болады.

Банк тұтынушылары үшін демалыс  кезеңдеріне қарай, туылған күндер мен мереке күндері қарсаңында төленетін  мақсатты жинақ салымдары пайдалы  болуы мүмкін. Мұндай мақсатты жинақ салымдарына «Жаңа жыл», «Наурыз» немесе «Тәуелсіздік» деп аталатын жинақ салымдары түрлері мысал бола алады, банк жыл бойы аталмыш мерекені тойлау үшін ай сайын белгілі бір мөлшерде салым қабылдап отырады. Мерзімі болған кезде салымшыларға пайызымен толық төлеп отырады немесе салымшының қалауы бойынша келесі мерзімге дейін ұзартылады. Әр салымшының жеке мәліметіне қарай туылған күні үшін ойластырылған депозит те халық арасында үлкен қызығушылық тудыруы әбден мүмкін.

Қазірде көп банктер депозитті  кепілге ала отырып несие ұсына  алады. Біз бұны «Цеснабанк» АҚ жаңа депозит түрлерінен де кездестірдік. Бұл бойынша басқа банктерде де салым түрлері істеп шығылған.

Тұтынушыларға оңтайлы болуы  үшін, депозитінен ай сайын алып отыратын сыйақы ақшасы несиеге төленетін  бір айлық төлемге жетерлі болса автоматты түрде – салымшының қатысуынсыз өтеліп отыратындай механизм жасап шығу керек. Несиеден басқа жеке тұлға ай сайын тұрақты түрде төлеп отыратын коммуналдық қызметтер (телефон, су, ПИК және т.б.) де болуы мүмкін. Бұл салымшының уақытын үнемдеп, оған жеңілдік жасайды.

  1. Жинақ салымының үлесін көтеру үшін төмендегідей шараларды қолға алу  керек. Қазақстанда ең өзекті болып табылатын үй-жай мәселесі екені анық. Ал көптеген банктер тек ипотекалық несие берумен шектеліп жатқанын білеміз.

Жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі болып табылатын «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ Банкі» ұсынып жатқан бағдарлама мемлекеттік болып, келешекте үй-жай сатып алу үшін «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ» деген тарифтік жоспарлары істеп шығылған. Ең аз уақытты қамтитын «Бастау» тарифі бойынша ақша жинақтау 3-3,5 жылға созылып, несие 6 жылға берілсе, мерзімі ұзақ болып келетін «Болашақ» тарифінде ақша жинақтау 15 жыл, несие 25 жыл мерзімге дейін беріледі.

Дегенмен, жоғарыдағы бағдарлама бойынша банк жұмыс алып бармай жатқандығы байқалады. «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ Банкі» пен «БТА Банкте» депозиттің бұл түріне мүлдем қаражат тартылмаған.

Депозит түрлерінің қалдықтары туралы мәлімет 3.1 суретте келтірілген.

Сурет 3.1. 1997-2010 жылдар аралығында банктердегі жеке тұлғалардың депозит түрлері бойынша қалдықтары

 

Осы тариф  мысалында жинақ салымының басқа  түрлерін де жасап шығуға болады, немесе бұрыннан өзімізге мәлім - балаларға деген мақсатты салымдар мен жастар сыйақылық жинақ салымдарын енгізу қажет.

Балаларға арналған мақсатты салым 16 жасқа дейінгі бала атына белгілі бір мерзімге қабылданады. Бұл салымнан соманы бөлшектеп беру жүргізілмейді. 16 жасқа жеткен шарттарды орындаған салымшыға және 10 жылдан кем емес мерзімде сақтау кезінде табыс жоғарғы сыйақы мөлшерлеме бойынша төленеді. 10 жылдық мерзім өткеннен кейін және салымшы 16 жасқа жеткенде салым бойынша белгіленген табыс төленеді.

Жастар  сыйақылық жинақ салымы 18-30 жастар арасындағы тұлғалардан қабылданады. Банкпен белгіленген сомадан  кем емес салымдар жеке тұлғаның шотына ай сайынғы аударымдар жолымен 3 жыл аралығында салымды жинақтау жүргізіледі. Салым бойынша әр жыл сайын табыс есептеледі. Осындай салым бойынша қаражатты бөлшектеп беру жүргізілмейді, тек қана толық сомада алынуы мүмкін.

Президент биылғы халыққа жолдауында балалардың келешекте жоғары оқу орнында білім алуы үшін жинақталып барылатын жинақ салымын істеп шығу турасында «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ Банкіне» тапсырма берді. Жинақ депозитының бұл түрін басқа банктер де істеп шығып тұтынушыларға ұсынуына әбден болады.

Осы сияқты салымдарды қазіргі уақыт талабына сәйкестендіріп жасап шығу құптарлық жұмыс болып, тұрғындар арасында кең қызығушылық тудырары сөзсіз.

Қазіргі кезде банктердің депозиттік қоржынын талап етілгенге дейін және қысқа мерзімді депозиттер құрағанына қарамастан, болашақта коммерциялық банктер салымшылардың қаржыларын неғұрлым ұзақ мерзімге сақтауға болатын жинақ, сақтық және басқа да тұтынушылар үшін тиімді жобаларды  ұсынуы тиіс.

  1. Валюта түрі бойынша депозиттер пайыздарының әртүрлілігі.

Коммерциялық банктер  шетел валютасында ашылатын депозиттің жаңа түрлерін жасап шығулары қажет. Бұл депозиттер мерзімді және жинақ  салымдары да болуы мүмкін. Депозиттің әр түрінің өзінің ерекшелігіне байланысты ұтымды тұстарын пайдалана отырып тұтынушылар  үшін қызықты болатын жаңа депозиттерді ұсынуы тиіс.

Бұл депозиттер бойынша төленетін  сыйақылық мөлшерлеме ұлттық валютада ашылған депозиттерге төленетін  сыйақылық мөлшерлеме деңгейімен тең  болуы керек. Әйтпесе, шетел алютасында ашылған депозиттердің үлес салмағы  төмен болып отырады.

  1. Банк филиалдары мен бөлімшелерінің тармақталуы.

«Қазақстан Халық Банкінің»  Қазақстан Республикасы бойынша 102 филиалы қызмет көрсетеді. Қазіргі күнде еліміздегі филиалы ең кең тармақталған банк болып табылады.

«БТА Банктің» еліміз бойынша филиалдары саны 22.  Сонымен бірге 230 бөлімшелері заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетіп отыр.

Ал «Еуразиялық Банк» АҚ өзінің 18 филиал және 48 бөлімшелері арқылы тұрғындарға қызмет көрсетеді.

«Центр Кредит Банкі» филиалдары мен  бөлімшелері елімізде кең тармақталған болып есептелетін банктердің бірі болып саналады. Қазірдгі күнде олардың  саны еліміз бойынша 100-ден артып  жығылады.

«Kaspi Банктің» де бөлімшелері кең тарқалған. Жалпы алғанда 157 филиалдар мен бөлімшелер тұрақты жұмыс істеп жатыр. Әсіресе соңғы уақытта көптеп ашылғанын байқап отырмыз.

Әйткенмен де, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан басқа жоғарыдағы коммерциялық банктердің филиалдары мен бөлімшелері  негізінен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқанын айта кеткен жөн. Олардың аудан орталықтарында қызмет көрсететін филиалдары да, бөлімшелері  де жоқ.

Жергілікті тұрғындармен қаншалықты көп араласқан сайын, банктің  депозиттерді тарту мүмкіншілігі көбейеді, тұрғындардың банкке деген сенімі артады.

Алайда, бізде аудандық, ауылдық  жерлерде көптеген қаржылық операциялар  тек «Қазпошта» және «Қазақстан Халық банкі» тарапынан жүзеге асырылады. Бұл операцияларға зейнетақы беру, 1 жасқа дейін және кәмелет жасына толмаған балалар үшін берілетін мемлекеттік ақшасы және әртүрлі әлеуметтік мақсаттағы қаражаттар. Сонымен бірге коммуналдық төлемдер түрлерін де тек жоғарыда келтірілген қаржылық мекемелер қабылдайды.

Аудандық жерлерде, ауылдық жерлерде халық алатын еңбекақысын банк арқылы тарату депозиттік портфель көлемін  ұлғайтуда көмекке келуі мүмкін.

Банктің өз филиалы ашылмаған жағдайда шетел  тәжірибесі сияқты «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жұмыс жасауға болады. Мысалы, кейбір шағын несие мекемелері тұрғындарға «Қазпошта» бөлімшелері арқылы несие ұсынып отырғаны мәлім.

  1. Банктерде арнайы білімі бар мамандармен қамтамасыз етілген маркетолог бөлімін құру.

8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)