Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Скачать файл)

Бұл қызметкерлер банктің қызмет көрсету  сапасын жетілдіру мен пайда  болған кемшіліктерді түзету барысында  тұрақты түрде тұтынушылар арасында сұрақ-жауап тәрізді немесе басқалай әдіспен банктің ағымдағы қызметіне  мониторинг жүргізіп баруы тиіс.

Тұтынушылардың қажеттіліктері бойынша  шаралар қабылданып, қызмет түрлерін жетілдіру жұмыстары қолға алынуы шарт. Пайда болған кемшіліктер талқыланып, жойылып отыруы керек.

Маркетинг бөлімі жарнамаға үлкен  көңіл бөлуі шарт. Уақыты өткен  жарнаманың орнына жаңа жарнама іліп, мерзімді баспасөз, көшедегі билбордтардың  көмегін пайдалана білген дұрыс.

Банктер ең алдымен маркетинг жүйесі сапасын көтеру керек. Өз кезегінде маркетинг бөлімі депозит нарығын терең үйреніп өз банкінің бәсекелес банктер арасындағы артықшылықтарын ескеріп, соған лайықты жарнама жасап шығуы тиіс.

  1. Ұлттық банк тарапынан жүктелген міндетті резервтер өз міндетіп ақтап жатыр. Банктердің тартқан қаражатының бір бөлігін резервтік қор шотына аудару табыс әкелетін операцияларға жұмсалуы мүмкін қаражат көлемінің кемуіне әкеледі.

Қазіргі уақытта Ұлттық банк бекіткен тұрғындардың салымдары бойынша міндетті резерв төлемін төмендету банктерге жоғары пайызды, сонымен бірге тартымды депозит түрлерін ұсынуына мүмкіндік берер еді.

  1. Ұтыс ойынын өткізу. Коммерциялық банк өз салымшылары арасында ұтыс ойынын өткізетін жағдайда, салым деңгейі шегін төмендетіп, ұтыс ойынына қатысушылар санын барынша көбейтуге тырысуы керек. Ұтыс ойыны теледидар арқылы тікелей эфирде ашық, әділ өткізілетін болса – бұл банктің абыройының артуы мен салымшылардың көбеюіне оң әсерін тигізері сөзсіз.
  2. Елімізде қызмет көрсетіп отырған депозиттерге кепілдік беру қоры бар. Тарихқа жүгінетін болсақ, ең алғашқы депозиттерге кепілдік беру қоры 1933 жылы АҚШ-та құрылған. Қазақстандағы қор 1999 жылдан бері өзіне жүктелген қызметті қалтқысыз атқарып келеді. Қордың құрылтайшысы болған Ұлттық банк жарғылық капиталға 1 млрд. теңге салған.

2000 жылдың өзінде бұл қорға  16 банк мүше болған болса қазіргі  уақытта 34 коммерциялық банк тұрақты  мүше болып табылады.

Қазақстанның  банк жүйесіне халықтың мұндай сенім  артуына қордың банкротке ұшыраған «Көмір банк», «Наурызбанк» және «Валют Транзит Банктің» салымшыларына ойдағыдай төлем жасау тәжірибесінің әсері де аз болған жоқ.

Жалпы алғанда  қор мәжбүрлеп таратылған үш банктің  шамамен 70 мың салымшысына 15 млрд. теңге  өтемақы төлеп берді.

Қор төлейтін кепілдік берілген өтемнің мөлшері  бір салымшыға 200 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін көбейді. Ал 2008 жылы қабылданған жаңа Заңға сәйкес 2012 жылдың 1 қаңтарынан банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда әрбір салымшы 5 млн. теңгеге дейін кепілдік берілген өтемақы алатын болады. Бұл жалпы салымшылардың 95% деген сөз.

Коммерциялық банктің маркетинг  бөлімі тұтынушыларға банктің депозиттері  депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы кепілдендірілгенін тұрақты түрде  жеткізіп отыруы шарт. Егер банк сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, банктің бас кеңсесі мен бөлімшелерінің кіру есіктеріне қордың логотипі орналастырылуы тиіс.

Депозиттердің құнды қағаздардан  артықшылығы – оның Қазақстанның депозиттер қорымен кепілдендірілгені  болса керек. Ал құнды қағаздарға кепілдік берілмейді.

Осы ақпарат жоғарыдағы қорға мүше болып табылатын банкке келген әрбір салымшы таныс болуы тиіс, салымшыларға жарнама ретінде мәліметтер ұсынылуы керек.

Сонымен бірге төмендегі  мәселелерге де банктер көңіл  аударса дұрыс болар еді деп  ойлаймын.

Ұлттық банк пен Депозиттерге кепілдік беру қоры банктерге салымдарға төленетін пайыздық мөлшерлеменің шегін ұсынады.

Алғашқыда жұмыс істеген  бұл шектеу соңынан бекер етілген. Бірақ артынша бұл ереже тағы да өз күшіне еніп отыр. Оған коммерциялық банктер де мүдделі болды.

Бұл шек коммерциялық банктердің өз міндеттемелерін орындай алмау қаупін болдырмау үшін туындағаны мәлім. Ережеге сәйкес ұлттық валютадағы депозиттер үшін 11,5% белгіленсе, шетел валютасында ашылған салымдар үшін 10% шектелген. Алайда, бұл деңгейді қазірдің өзінде 4 банк бұзып, өз тұтынушыларына белгіленген пайыздық мөлшерлемеден жоғары пайызды депозит ұсынып отыр. Бекітілген осы шек деңгейін қайта қарап шығып, көтеру мақсатқа лайық деп ойлаймын.

Кейбір банктердің тұтынушылары көп болып келеді. Республика бойынша кең тармақталған «Қазақстан Халық банкінің» тұтынушыларының негізін зейнеткерлер мен әртүрлі әлеуметтік көмек пен балалар ақшасын алатындар құрайды.

Ал депозит мәселесі бойынша  осы банкке келген тұтынушы кезек  күтуге мәжбүр болады. Несие бойынша  жеке бөлім бар екені мәлім. Енді депозиттер бойынша да жеке қызмет ететін менеджерді ажырату дұрыс. Әсіресе  бұл тұтынушылары көп банктер  үшін маңызды деп ойлаймын.

Депозиттер  нарығын одан әрі жетілдіру мен  кеңейтудің маңызды факторларының  бірі банктің басқа қаржылық ұстамдармен салыстырғандағы беделді және басқа салым түрлерімен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің бәсеке қабілеттілігі болып отыр.

 


8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)