Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 11:18, дипломная работа

Описание работы

Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және Заң талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
жүргiзiлген банк операцияларының қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгi;
жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.

Файлы: 1 файл

Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары.doc

— 571.50 Кб (Скачать файл)

 Аудиттің мазмұнын  қарастыру барысында тағы да  осы түсінікті әйдейі қарастырған  дұрыс деп ойлаймыз. Ол аудит  анықтамасының көбісінде аудитті  тексеру деп анықтаған. Мысалы, авторлар келтірген он үш анықтаманың он бірінде тексеру деп, ал екеуінде бақылау жасауға құқысы жоқ. Тек ішкі аудитті ұйымдастыру барысында ғана арнайы бақылау жүргізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

2.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

 

2.1 «БТА банк” АҚ-ң сипаттамасы және ұйымдық құрылымын талдау

    

       АҚ  «БТА»  өз  тарихын  1925  жылы бастады.  Жыл  сайын  банк  өз  қызметтерінің жетістіктерін  жоғары бағалап  келеді.  Ол  тек  қана  қазақстандық  және  шетелдік серіктестіктердің  жоғары  сенімін  сақтап  қана  қойған  жоқ,  сонымен қатар  өз  дамуындағы  сапалы  жаңа  деңгейін  жоғарлатуда.  Бүгінгі  таңда  банк  республика  бойынша  жүйелі  түрдегі  ірі  филиалдар желісі,  сонымен  қатар  бас  кеңсе,  22  филиал,  186  есепті – кассалық бөлімшелері  бар.  Банк өкілдіктері:  Ресейде, Украинада  және Қытайдың  Шанхай  қаласында.

1997  жылы  екі   ірі  банк –  «Тұран Банкі»  және  «Әлем Банкі»  қосылып   «Тұран  Әлем  Банкі» болып   құрылды.  «Тұран  Әлем Банкі»  АҚ 1997 ж 5  қаңтарда  Қазақ   Акционерлік  Тұран  Банкісін  қайта  құру  №73 15.01.97  ж.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің қаулысы  негізінде  «Қазақстан  Әлем  Банк»  Акционерлік  банкісіне аударылды.  Осы  бекітілім  бойынша  «Тұран  Әлем  банкінің» акцияларын  қолдану мен  иелену  құқтары  Қазақстан  Республикасының  Қаржы  Министрлігіне  берілген,  яғни  сол  банктің жарғысын  бекіту  және  банктің  басқару  органының  қалыптастырылу құқығы  берілді.  Акционерлердің  жалпы  жиналысында  «Тұран Әлем Банкі»  басшысы  Татишев  Ержан  Нұрелдайұлын  сайлады.

      2009  жыл үлкен жетістіктермен  басталды.  Еліміздің президенті  Н.Ә.  Назарбаев пен «Тұран  Әлем  Банкінің»   басқарма төрағасы  Е.Н.  Татишев арасында  кездесу болып өтті.  Бұл кездесу кезінде Президент «Тұран Әлем Банкі»  жұмысына  жоғары  баға  берді. Содан  соң,  4  айдан кейін  Қазақстан  Премьер  Министрі қабылдауында  АҚ  «Тұран  Әлем  Банкінің» бас  банкирі  болды.  Премьер  Министр «Тұран  Әлем  Банкінің»  инвестицияларын мемлекетке  тарту  обылысындағы  жұмыстарын  жоғары  бағалады. 2009  жылдың  27  ақпанында «Тұран  Әлем  Банкі» қазақстандық  банктердің  ішінен  бірінші болып Индияның экспорттық  импорттық банкімен  10  миллион долларға  келісімге отырады.  Несиелік  желі  бойынша қарыз уақыты  бір жылдан  бес  жылға  дейін  ұсынылады.  Индиядағы  импортталған  тауарлар  мен жабдықтарға  байланысты  «Тұран  Әлем  Банкінің»  клиенттеріне  несиелер орта  мерзімді  және ұзақ  мерзімді  жобалардың қаржыландырылуына  бағытталады. Екі  ел  арасындағы  банк  байланысы  барлық  операцияларды  орындаудағы  бизнесті жоғарлатады.

        25 наурызда  «БТА»  400  миллион  доллар еурооблигацияны  10 жыл  мерзімге  8%  мөлшерімен  шығару  келісімін аяқтады.  Бүгінгі  таңда  қазақстан  бойынша 10  жылдық  ұзақ мерзімдегі  облигация шығарылады.1  сәуірде «Тұран  Әлем  банкі»  халықаралық Жопондық серіктестік    банкімен жалпы соммасы 30  миллион АҚШ долларна бағаланған  экспорттық  несиелік желісіне  ұсынылған несиелік  келісімге қол қойды. Қазіргі  уақытта  «БТА» банкі ТМД елдері бойынша бизнестің дамуы үшін  қажетті бағыттарды  жүзеге  асыруда.   Банк  қызметінің  жетістіктерін ұсынуда бұл мүмкіндіктер шексіз.  Қазіргі уақытта банктің сақтандыру  секторы,  лизинг  және корпоративтік қаржы мүмкіндіктерінің  тәжірибесіне  сұраныс  өсуде. Банктің  меншік  капиталы  50млрд.  теңгеден  жоғары  және  жоғары дәрежедегі  корпоративтік  клиенттерінің  саны  48000 жуық. 

     2010  жылдың  соңында  «БТА»  АҚ  АТМ-ді 572  бірлікке  көбейтуді  жоспарлауда.Банк қазіргі кезде Алматы обылысының шағын және орта бизнесіндегі 800 субъектіні жалпы суммасы 4902,6 миллион теңгемен қаржыландырып, соның 30% жоғары бөлігі ауылшаруашылық кәсіпорындарына жұмсалды. «БТА банкінің» шағын және орта бизнесінің несиелік портфелі 76 %-ке көбейді немесе 2119,4 миллион теңге, клиенттік базасы 1,5-ке көбейді. «БТА»АҚ мақсаты мен жетістіктері айтарлықтай нақты. Оның алдындағы міндеті жоғары дәрежелі мамандар мен тәжірибелі серіктестер.  

           АҚ «БТА» корпоративтік және банктік қызметінің нарығында өз ұстанымдарын белсенді түрде дамытуда. Акционерлік қоғам «БТА» ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерінен тұрады. Мысал ретінде «БТА» ұйымдық құрылымының үлгісін кесте бойынша қарап өтелік.

       Жалпы  кез-келген банкңтің ұйымдық құрылымы  банктік операциялардың атқараты  міндетін ескеріп қалыптасады.  Мысалы, банктің қаражат тарту  және жинақтау операцияларын  (банктің пассив операциялары) депозиттік  операциялар, есептеу операциялық, несие және т.с.с. басқармалары орындайды. «БТА» шаруашылық есепті ұйымдастыруға, банктің рентабельділігіне (пайдалылығына) және өтімділігіне көп көңіл бөледі. Ол үшін банктің ағымдағы қызметі мен шұғылданып, банктің жалпы жұмысына ұйымдастыру әсерін тигізетін құрылымдық бөлімшелер қалыптастырылады.

  1. Несие операцияларын ұйымдастыратын жалпы бөлімі ол:
  • Нақты экономикалық жағдайларға байланысты банктің жалпы саясатын және оны орындау тәртібін анықтайды;
  • Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу мен қаржыландырудың жалпы әдістемелерін, сондай-ақ клиенттің несие қабілетілігін анықтау және перспективалық қаржылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдстемелерін дайындайды;
  • Несиелік тәуекелді зерттеп, банктік несие операцияларын сақтандыру механизімін анықтайды.
  1. Қысқа мерзімді несиелеу бөлімі – ол: қарыздар мен қарыздың түріне байланысты банктің несиелік потенциалына (мүмкіндігіне) қарай несие ресурстарын анықтайды.
    • Несие алудың қажеттілігін айқындап біледі;
    • Несиені беруді ұйымдастырып несие істерін жүргізеді;
    • Несие шарттарын жасайды;
    • Клиентердің несие қабілеттілігін тексереді;
    • Несие қабілеттілік картотекасын жүргізеді;
    • Факторинг операцияларын ұйымдастырады.
  1. Ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру бөлімі – ол:
  • Банктің инвестициялық мүмкіндігіне қарай несиелеу мен қаржыландырудың негізгі бағыттарын айқындайды;
  • Қаржыландыру мен несие операцияларын ұйымдастарады;
  • Несие беру және қызмет көрсету шарттарын жасайды;
  • Клиенттердің инновациялық істеріне байланысты несиелейді және клиенттің инновациялық қызметін қаржыландырады.
  1. Халықты несиелеу бөлімі – ол:
  • Тұтыну тауарларын сатып алуды және тұрғын үй салуды тікелей және жанама несиелеуді ұйымдастырады;
  • Несие карточкасын береді;
  • Халыққа басқада көптеген қызметтер көрсетеді.
  1. Банкаралық операциялар бөлімі Ұлттық банкпен, басқа да коммерциялық банктермен, сондай-ақ өзінің бөлімшелерімен есеп жүргізуді және барлық банкаралық операцияларды талдауды ұйымдастырады.
  1. Дәстүрлі емес банктік операциялар бөлімі несиелеумен, мысалы, лизинг операцияларын жүргізумен шұғылданады.

Әкімшілік шаруашылық бөлімі банктің ғимаратын, құрал-жабдықтармен салумен, жоспарлаумен, сатып алумен, жөндеумен және сатумен айналысады.Электронды есептегіш машиналар бөлмімен бірлесіп электрондық жүйені қосу, банктің мекемелерін электронды есептегіш машиналар және оргтехникамен қамтамасыз етумен, сондай-ақ архив ісімен шұғылданады.     

 

Кесте 1 – Коммерциялық банктің негізгі қызметтерін  топтастыру

 

Дәстүрлі

Дәстүрлі  емес

1. Депозиттік – ссудалық.

1.Есеп айырысулар және несие қарыздарын өтеу кезінде үшінші жақ үшін міндеттемелер мен кепілдіктер беру.

2.Клиенттерге кассалық қызмет көрсету.

2.Шетел валюталарын, қымбат металдар мен тастарды сатып алу және сату.

3.Клиенттердің есеп-шоттарын, тапсырма бойынша есеп айырысуларын жүргізу.

3. Сенім білдіру негізінде  қаржыларды тарту мен орналастыру және клиенттердің тапсырысы бойынша олардың қаржылары мен бағалы қағаздарын басқару.

4. Төлем құжаттарын  шығару (чектер, векселдер, аккредитивтер).

4. Банк қызметімен  байланысты мәселелер бойынша  клиенттерге кеңестер беру.

5. Мемлекеттік және өзге бағалы қағаздарды сатып алу, сату және сақтау.

 

6. Қызметтер көрсету  (лизингтік, факторингтік, инжинирингтік).

 

 

   Банктің жақын арадағы дамуының басты мәселелері:

  • лизингтік келісімдердің санын арттыру;
  • клиенттер үшін неғұрлым тиімді шарттар қолдану;
  • қызмет көрсету саласын кеңейту;
  • аймақтарда филиалдар ашу;
  • Ресей мен басқа алда келе жатқан елдердің лизингтік бағдарламаларын зерттеу.

    Банк ҚР-ның Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде заңды тұлғалардан депозиттер қабылдау; жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау; банктердің және жеке банктік операциялар жүргізетін ұйымдардың корреспонденттік шоттарын және банктің металдық шоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар; аударым операциялары; есептік операциялар; қарыздық операциялар; жеке және заңды тұлғалардың, сонымен қатар, банктер–корреспонденттер тапсырысы бойынша олардың банктегі шоттары бойынша есептеулерді жүзеге асыру; сенімдік (трасттық) операциялар; клирингтік (есептеулік) операциялар; сейфтік операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карталарын шығару; құндылықтарды, манеталарды, банкноталарды инкассациялау және жіберу; инкассаға төлем құжаттарын қабылдау; қолма– қол шетелдік валютамен айырбас жүргізу операцияларын ұйымдастыру; чек кітапшаларын шығару, бағалы қағаздар нарығында клирингтік қызмет жасау, қымбат металдармен операциялар; вексельдермен операциялар; кепілдік операциялары; лизингтік операциялар; өзінің құнды қағаздарын эмиссиялау, факторингтік операциялар; форфейтингтік операциялар сияқты 25 қызмет түрлерін жүзеге асырады

   Жарғыға сәйкес  банк Акционерлердің Жалпы Жиналысы - жоғарғы орган, Директолар кеңесі - басқару органы, Басқарма - орындаушы  орган,  Ревизиялық комиссия - бақылаушы  орган сияқты органдардан құралады.

 

 

 

 

 




 




 


 

 

 

 



 

 

 




 





 




 

 

    

Сурет 1- «БТА банк» АҚ-ын  басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

 

  «БТА банк” АҚ қызмет бөлімінде білімі жоғары, сапалы қызмет ететін қызметкерлер жұмыс істейді. Жоғарыда көріп тұрғанымыздай ұйымдастырушылық құрылымының классикалық түрі қолданылады.

    Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам нысанында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай нысандағы банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің Жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды және т. б., яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.

    Акционерлердің жалпы жиналысы келесі сұрақтар бойынша компетентті болып табылады: Банктің Жарғысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу; Банктің қоғамдық түрін ауыстыру; Банктің өзіндік қайта құрылуы мен ликвидациясы, Банктің Директорлар Кеңесін сайлау, оның сандық құрамын анықтау және оның жұмысын тоқтату; Банктің жарғылық қорының көлемін өзгерту; Банктің Ревизиялық комиссиясының мүшелерін сайлау және т.б. Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар Кеңесінің Банктің ішкі қызметіне қатысты кез келген шешімдеріне шектеу қоюға құқылы.

    Банктің Директорлар Кеңесі банктің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органы болып табылады.

    Банктің Директорлар Кеңесі келесі сұрақтар бойынша компетентті болып табылады: Банк қызметінің приоритетті бағыттарын анықтау; Банктің акционерлерінің Жалпы жиналысының жылдық және кезектен тыс отырысы туралы шешім қабылдайды; Банктің акционерлерінің Жалпы жиналысының күнтізбедегі тақырыбын анықтау; Банктің акционерлерінің Жалпы жиналысына заңмен қарастырылған сұрақтар туралы шешім қабылдауға ұсыну; Банктің Басшылығын сайлау; Дивиденттердің көлемі, көздері және оларды төлеу реті туралы шешім қабылдау; Таза табыс пен резервтік қорларды қолдану ретін анықтау; Филиалдар ашу туралы шешім қабылдау.

    Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және  бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.

    Банктің директорлар кеңесі – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Оның ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.

Банктің директорлар кеңесінің  негізгі қызметтері:

Банктік стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі  банкте мекеменің мақсаттары мен  міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы,  басқарма (банк кеңесі) мен басқару жетекшілері бірлескен түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі.

Информация о работе Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары