Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 11:18, дипломная работа
Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және Заң талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
жүргiзiлген банк операцияларының қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгi;
жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.
«БТА банк» АҚ-ның корпоративтік мәдениеті – қызмет сатысы бойынша ары қарай өсуге жол ашады, жетістікке жетуге талпынушыларға мүмкіндік береді. Мұнда ұйым ішінде өскен адамдар шеттен келгендермен салыстырғанда екі есе тиімдірек әрі табысты қызмет етеді деген тұжырымды ұстанады.
«БТА банк” АҚ тиімді даму мақсатында Қазақстандағы кәсіпорындарға оптималды қызметтерді ұсыну үшін және өсіп келе жатқан экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өзінің желілерін кеңітуді жалғастыруда. Банктің алға қойған басты мақсаты Қазақстан Республикасының сатылы дамуында маңызды роль ойнайтын қаржылық ұйым ретінде танылу болып табылады. Банктің қызметінің аса күшті жақтарының бірі - әрқашанда Банктің қарамағында болатын қазақстандық нарық туралы білімі мен шетелдік банктердің тәжірибесін оптималды келістіру. Мұндай тепе – теңдік республикадағы барлық экономикалық өзгерістерге оперативті түрде араласуға мүмкіндік береді және сонымен қатар, шетелдік акционерлер көмегімен тұтынушыларға батыстық деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде аудиторлық бизнестегі қатаң бәсекелестік этикалық принциптер мен кәсіби стандарттардың ара қатынасы бақылау мен ревизиялардың сапалы өтуіне экономикалық тұрғыда әсер етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өздеріне басқа мекемелерден тәуелсіз аудиторды таңдай алады, өз кезегінде мемлекет бюджет қаражатын жұмсамай-ақ, бухгалтерлік есеп берудің анықтығын, яғни салық салудың дұрыс жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді.
Нарықтық қатынастардың алға қарай дамуы, меншік түрлерінің көптігі, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің толық дербестігі, ведомстволық қадағалаудың қысқаруы мен аудиторлық бақылаудың қолдану салаларының кеңеюіне алып келеді. Бұл тек тиімді, сапалы және өз уақытында жүргізіліп отырған тексерулерге ғана байланысты емес, сонымен қатар зерттеліп отырған объектінің қызметін жақсартуға бағытталған нақты кепілдемелер жасау дайындығына да байланысты. Кез келген қызмет жасаудың жаңа саласы сияқты басқарушылық аудит те концептуалдық негіздер, методикалық және ұйымдастырушылық нысандарды қажет етеді. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтің жетілдіруіне Ант берген бухгалтерлердің американ институты (AICPA), Өкілетті қоғамдық бухгалтерлердің ассоциациясы (ААРА), Аудиторлық тәжірибе бойынша кеңес (АРС), Шотландияның ант берген бухгалтерлер институты (ІСАS) сияқты халықаралық мамандандырылған ұйымдар өз көмегін тигізуде.
Сонымен бірге басқарушылық аудит пен басқа да сыртқы бақылау нысандары кәсіпорын иелері атқаратын тікелей, яғни, ішкі немесе шаруашылық ішіндегі бақылауды ұйымдастыру шараларын, т.б. міндеттерді ығыстырмау керек. Ішкі аудиторлар ішкі есеп беру бақылауын, сыртқы аудиторлар сол сияқты сыртқы қаржылық есеп беру бақылауын қамтамасыз етеді. Ішкі аудиторлардың кәсіби әлемінде жалпыға танымал лидерлер- Ішкі аудиторлар институты (ІІА) болып табылады, оның 100-ден аса елдерде қызмет жасайтын он мыңға жуық мүшесі бар.
Нарық экономикасы шарттарына сәйкес, шаруашылық қызмет ақша өлшеуішін, яғни, қаржылық критерий қолданумен қорытылады. Сондықтан да экономикалық бақылау жүйесінде қаржылық бақылау қалыптасты. Бұл бақылаудың мазмұнына макро-микроэкономика саласындағы өндірістік қатынастармен өндірістік күштер кіреді.
Макроэкономика саласында
мемлекеттік қаржылы-
Қаржы шаруашылық бақылаудың мақсаты- шаруашылық құрылымдардың тиімді қызмет етуі мен жоғарғы қаржылық нәтижелерге жетуіне, сондай-ақ қаржылы, материалдық, еңбек ресурстарының рационалды қалыптасуы мен қолдануына мүмкіндік туғызу.
ТМД елдері аймағында тәуелсіз аудит институтын құрудың төртінші әрекеті жемісті болды. Белоруссияда, Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда, Украина мен т.б. елдерде аудиторлық қызметті реттеу туралы нормативтік-құқықтық актілері қабылданды.
Халықаралық тәжірибеге назар аударатын болсақ, аудитордың қызметі арнайы екі нормативтік-құқықтық топтарға бағынады:
- мемлекеттің заңды актілеріне, ең алдымен аудиторлық қызмет туралы заңға;
- аудиторлық стандарттар мен этикалық нормаларға.
Дамыған елдерде аудиторлық бақылау сыртқы қаржылық бақылаудың алдыңғы нысаны болып таьылады, өйткені әр түрлі салалар арасындағы трансұлттық концерндер, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, бірлескен ұйымдар, коммерциялық банктер, сақтандырушы компаниялар, кооперативтер, жеке және қоғамдық ұйымдар үшін ведомстволық бақылау өте тиімсіз.
Нарық экономикасы дамыған елдерде қаржылық бақылау органдарының ұйымдастырылушылық құрылысында мынадай схема қолданылады:
1) мемлекеттік қаржылық
бақылаудың жоғарғы органы
2) Мемлекеттік кіріс бөлімін қадағалайтын, үкімет немесе министрлікке бағынатын- салық ведомствосы;
3) Бюджет арқылы
4) Есеп беру мәліметтерін,
баланстардың анықтығын,
Аудиторлықтан басқа да сыртқы бақылау мен басқа нысандар ведомстволық пен ішкі шаруашылық бақылау түрлерін төмендетпеуі және кері әсер етпеуі қажет.
Нарық экономикасының дамуымен кәсіби басқарушылық аудит пен қоғамдық бақылаудың мәні демократиялық және тәуелсіз сипатқа ие болып өсе береді.
3.ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК
3.1 Шетелдік банктердегі аудиттің ерекшеліктерін Қазақстандағы банк жүйесіне енгізу
Әр елдің банк жүйесі көптеген банктер құру және әлемдік тәжірибе мен жасайтын операцияларының ауқымын кеңейту арқылы дамиды.
Соңғы жылдары халықаралық банктік істегі ең қарқынды алға басу – бұл жапондық банктердің таңқаларлық жетістіктері. Дүниежүзілік ең ірі отыз банктердің жартысынан көбін осы елдің банктері алады. Токиодағы “Дан – Иси кэньо” банкі дүние жүзіндегі банктік және қаржылық қызметтер ұсынатын ең үлкен фирма болып табылады. Оның активтерінің сомасы АҚШ – тың ең ірі банкінікінен үштен бірге артық.
Мұндай жетістікке
жетуге әсер еткен
Сонымен қатар,
жапондық банктердің
Жапон банктерінің
мұндай биіктерге жетуінің
Қазіргі кезде басқару саласындағы жапондық тәжірибеге американдықтар көбірек көңіл бөле бастады, атап айтқанда, мұның өзі Массачусетск технологиялық институнда зерттелуде.
Жапонияда істі,
өндірісті және басқаруды
Қазіргі кезде
менеджерлер мәртебесі ерекше
артты, менеджердің жеке
Сонымен қатар,
Жапонияда менеджерлер тобын
жинақтау тәжірибесі көп
Нағыз жапондық фирма пирамида түрінде ұйымдастырылған: жоғары әкімшілік (кэйэйся); орта басқару буыны (канрися), бұған бөлімше меңгерушісі “буте” жатады; әрі қарай – басқармадағы қарапайым жұмыскерлер (иппансия). Синетиза жүйесінің талабына сәйкес университетті бітірушілер фирмаға жұмысқа орналасқаннан кейін жеті жылдан соң, яғни отыз жасқа толған кезде секция бөлімшесіне басшылық ете алады. Қырық жасында оған секция меңгерушісіне, елу жасында – бөлімше меңгерушісіне және одан әрі қарай директорлық қызметіне дейін жоғарылай алады.
Менеджерлер неғұрлым
тәуелсіз болса, ол соғұрлым
еркін әрекет етеді, оған
Жапония өз
экономикасын басқарудың
Жапондық аудиттің
ерекшеліктері қызметшілерді
Басқарудың жапондық
стилі – бірегей. Ол стильге
тән нәрсе – басқарудың
Жапонияда тек Мацусити ғана экономикалық механизмнің түйінді элемент ертінде адамдармен қарым – қатынас жасаудың барлық нәзік жақтарын терең, жан – жақты зерттеу қажеттігін мойындады. Бірақ мұнда басқаруды бақылаудың сенімді, жолға қойылған жүйесі қалыптасқан.
Мацусити идеясы бойынша жапондық басқару жүйесінің үш түрі қалыптасқан: адам – қаржы – технология. Технология тәуелділік жағдайда, ал бірінші орында – қызметкерлер.
Басқарудың Мацусити стилі былайша сипатталады:
Информация о работе Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары