Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 11:18, дипломная работа

Описание работы

Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және Заң талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
жүргiзiлген банк операцияларының қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгi;
жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.

Файлы: 1 файл

Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары.doc

— 571.50 Кб (Скачать файл)

   Банктің операциялық  табысы  2.2 млрд. теңгеге (81.2%) өсті  және 2009 жылмен салыстырғанда 4.9 млрд. теңгені құрады. Таза пайыздық табыс 1.1 млрд. теңге көлемінде және таза коммиссиондық табыс 967.0 млн. теңге көлемінде операциялық табыстың негізгі 2  қайнар көзі болып табылады. 2011 жылы операциялық табыс 7.9 млрд. теңгені құрады, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 2.9 млн. теңгеге жоғары болды. Банктің операциялық шығыны 2010 жылы 2.5 млрд. теңге болды, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 433.1 млн. теңгеге (20.8%) жоғары болды. 2011 жылы банктің операциялық шығындары 2010 жылмен салыстырғанда 2.1 млрд. теңгеге жоғарлады, яғни 4.6 млрд. теңгені құрады.  

   2010 жылдың 31 желтоқсанында компанияның өтімдігінің, төлем қабілеттілігінің нашарлауы және олардың қаржылық тәуекелге ұшырау ықтималдығы, ұлттық немесе жергілікті экономикалық жағдайдың нашарлауы  іскерлік абыройдың құнсыздануының объективті куәсі ретінде байқалған жоқ.

   Топ өз қызметін  негізгі үш операциондық сегментте  жүзеге асырады:

1) Жеке клиенттермен  қызмет жасау – жеке клиенттерге  банк қызметтерін ұсыну, жеке  клиенттердің ағымдық шоттарын жүргізу, жинақ салымдары мен депозиттер қабылдау, инвестициялық жинақ өнімдерін ұсыну, жауапкершілікті сақтаулар бойынша қызмет, несиелік және дебеттік карточкалар бойынша қызмет көрсету, тұтынушылық және ипотекалық ссудалар ұсыну.

2) Корпоративтік клиеттерге қызмет көрсету – есеп шоттарын жүргізу, салымдар қабылдау, овердрафтар, ссудалар мен басқа да несиелендіру бойынша қызметтер ұсыну, документтік операциялар, шетел валютасымен және қаржы құралдарымен операциялар. Сонымен қатар, Банктің корпоративтік сегменттегі позициясы өте мықты екенін атап кеткен жөн.

3) Инвестициялық қызмет  – қаржы құралдарымен сауда  жасау, құрылымдандырылған қаржыландыру, қосылу және қарыз жабу кездерінде  консультация беру.

   Операциондық  сегменттер арасындағы келісімдер қарапайым коммерциялық шарттар арқылы жасалады. Қаржы сегменттер арасында қайта бөлінеді, бұл операциондық пайданы есептегенде ескерілетін қаржыландырудың шығындарының қайта бөлінуіне әкеледі. Бұл қаржыларға үстелетін пайыздар Топтың тартқан қаржыларының құны негізінде есептеледі. Операциондық сегменттердің үлесі туралы ақпарат төмендегі суретте келтірілген.


Сурет-9 ”БТА банк” АҚ-ның операциондық сегменттері бойынша ақпарат, 2010ж.

   Суреттен  көрініп тұрғандай, Банктің корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетуі оның жалпы сегменттермен жұмысында ерекше орын алады, яғни бұл Банктің негізінен корпоративтік бизнеске бағытталуын көрсетеді. Бірақ, осы жылдан бастап Банк жеке тұлғалармен жұмыс жасау көлемін арттыруды көздеп отыр.

   Банк өз қызметін жүргізу процесінде пайда болған жері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы, оларды талдау тәсілі және оларды сипаттау әдістері бойынша бір-бірінен өзгешеленетін әртүрлі тәуекелдердің жиынтығымен бетпе-бет келеді.

 

2.3  БТА банктің аудиторлық тәуекелді басқару стратегиясы

 

   Банк қызметіндегі  тәуекел – бұл пайдаларды жоғалту,  берілген несиелер бойынша оларды  қайтармаудың салдарынан шығындардың  пайда болуы, ресурстық базалардың  қысқаруы, балансқа кірмейтін операциялар  бойынша төлемдерді жүзеге асыру сияқты күтпеген нәтижелер алудың ықтималдығы.       Мамандардың пікірінше, қазақстандық коммерциялық банктер үшін келесі тәуекел түрлері  ең өзектілері болып отыр:

  • несие тәуекелі (борышкердің өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты шығындардың болу мүмкіндігі);
  • өтімдікті жоғалті тәуекелі (өтімді емес активтерді қолма – қол қаражатпен қамтамасыз етудің мүмкін болмауымен байланысты тәуекел);
  • саяси тәуекел (банктің меншігі мен акционерлерінің құрылымының айқындығының әлсәздігі, мемлекеттік органдар мен жеке шенеуніктердің банк қызметіне келеңсіз ықпалы және т.б.);
  • операциялық тәуекел (операциялық персоналдың қателіктері салдарынан шығынға ұшырау тәуекелі);
  • экономикалық тәуекел (қызметтік диверсификацияның шектеулілігі, несиелердің салалар мен жеке борышкерлер бойынша шоғырлануының жоғары дәрежесі, шетел валютасындағы несиелендірудің үлкен үлесі және т.б.);
  • техникалық тәуекел (ақпараттық диверсия, шпионаж, ақпарат жүйелерін-дегі техникалық ақаулар және т.б.). 

   Тәуекелдерді  осылайша бөлу бірқатар шартты болып табылады, себебі белгілі бір тәуекелдің приоритетті болуы не болмауы белгілі жағдайларға байланысты .

   Тәуекелді басқару  Топтың банктік қызметінде маңызды  рөл атқарады. Топтың қызметіне  несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, пайыздық ставкалардың өзгеру тәуекелі және валюта бағамы тәуекелі сияқты тәуекел түрлерінің қатысы бар .

   Топ өтімдік  тәуекелі, пайыздық ставкалардың  өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекел,  баға тәуекелі, несиелік тәуекел  сияқты тәуекел түрлерін басқаруды  жүзеге асырады.

   Өтімдік тәуекелі  – бұл төлеу уақыты келгенде  қаржы құралдарымен байланысты  міндеттемелерді орындауға және  салымдарды қайтару үшін қаражат  алу кезінде   қиындықтар тууының  тәуекелі. 

   Активті – пассивті  операцияларды басқару комитеті (“АПБК”) төлеу уақыты бойынша талдау жасау арқылы осы тәуекел түрлерін қадағалайды, соның нәтижесі бойынша Топтың келесі қаржылық кезеңінің стратегиясын анықтайды. Қазыналық департамент ақша нарықтарында ағымдық өтімдікті және ақша ағымдарын оптимизациялауды қалыпта ұстау  операцияларын жүргізе отырып, ағымдық өтімдік тәуекелін басқаруды жүзеге асырады.

   Топ өтімдік  тәуекелін басқару мақсатында  клиенттермен жасалатын операциялардан  және активтер мен пассивтерді  басқару процесіне кіретін банктік  операциялардан күтілетін болашақ түсімдерді күнделікті тексереді. Банк Басқармасы төленуге тиісті ақша қаражаттарының минималды пропорциясына байланысты шектеулер қояды.

   Пайыздық ставкалардың  өзгеру тәуекелі – ақша қаражаттарының  ағымына қатысты қаржы құралдарымен  операциялардан түсетін болашақ ақша ағымдары нарықтағы пайыздық ставкалардың өзгеруіне байланысты тербелмелі болуының тәуекелі.

   АПБК Топтың  пайыздық ставка бойынша позициясын  басқару арқылы оң пайыздық  маржаны қамтамасыз ете отырып, пайыздық ставкалардың өзгеру тәуекелін және нарықтық тәуекелді басқарады. Қаржылық бақылау департаменті Топтың қаржылық қызметінің ағымдық нәтижелерін тексереді, Топтың   пайыздық ставкалардың өзгеруіне қатысы мен Топтың пайдасына әсерінің сезімталдығын бағалайды.

   Топпен жасасқан пайыздар қосылатын несие шарттарының біразы және басқа да қаржылық активтер мен міндеттемелер тербелмелі пайыздық ставка бойынша есептеледі, немесе келісімнің шарттарында борышкерлерге пайыз ставкасын өзгерту мүмкіндігі қарастырылады. Топ басшылығы Топтың пайыздық маржасының мониторингін жүзеге асырады және пайыз ставкасының өзгерісінің әрі, соған сәйкесінші, ақша ағымдарына қатысты   тәуекелі өте төмен деп есептейді.

   Валюталық тәуекел  дегеніміз валюта бағамының өзгеруіне  байланысты қаржы құралдарының құнының өзгеру тәуекелі. Топтың қаржылық жағдайы мен ақша ағымдары шетел валюталарының бағамдарының тербелісінің әсеріне сезімтал болып келеді.

   АПБК қазақстандық  теңгенің және басқа да макроэкономикалық  индикаторлардың құнсыздану мүмкіндігіне  сүйене отырып, ашық валюталық позицияны анықтау арқылы валюталық тәуекелді басқарады. Бұл Топқа ұлттық және шетелдік валюта бағамдарының тербелістерінен шығынға ұшырауын барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Қазыналық департамент Топтың ашық валюталық позициясын оның ұлттық (орталық) банктердің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті қадағалап отырады. Топтың валюталық тәуекелінің деңгейі туралы ақпарат келтірілген.

   Баға тәуекелі  – бұл нарықтық бағалардың  өзгеруі нәтижесінде қаржы құралдарының құнының өзгеру тәуекелі. Топ өзінің өнімдеріне нарықтағы жалпы және ерекше өзгерістердің әсеріне байланысты баға тәуекеліне ұшырайды.

   Баға тәуекелін  басқару үшін Топ нарық коньюктурасының  келеңсіз өзгерістері нәтижесінде  орын алуы мүмкін потенциалды шығыстарды жүйелі түрде бағалап отыруды қолданады және мүмкін болар шығындар көлеміне парапар шектеулер белгілейді, сонымен қатар, пайда мөлшері мен кепілдікті қамтамасыз етуге қатысты талаптар белгіленеді. Қолданылмаған қарыздар бойынша міндеттемелер бойынша Топ осы міндеттемелердің жалпы сомасына тең сомадағы шығынға ұшырауына болады. Алайда мүмкін болар шығын сомасы мұндай міндеттердің жалпы сомасынан төмен, өйткені міндеттемелердің пайда болуының көп жағдайларында несиелік келісім шарттарда жазылған белгілі шарттарға байланысты.

   Әділ құн пайызының  ставкаларының тәуекелі – бұл  нарықтық пайыздық ставкалардың  өзгерісіне байланысты қаржы  құралдарының құнының өзгеру  тәуекелі.

   Бұл тәуекел  түрін басқару үшін Топ нарық  конъюктурасының келеңсіз өзгерістері нәтижесінде ұшырауы мүмкін потенциалды шығыстарды жүйелі түрде бағалап отырады. Қаржылық бақылау департаменті Топтың ағымдық қаржылық нәтижелерін қадағалап отырады, Топтың пайыздық ставкалардың өзгерістеріне сезімталдығын және ол өзгерістердің Топ пайдасына әсерін бағалайды. 

   Топ несие тәуекеліне, яғни қаржы құралы бойынша  бір тараптың өз міндеттерін  орындамауы, және, соның нәтижесінде,  екінші тараптың қаржылық шығынға  ұшырау тәуекеліне ұшырайды.

   «БТА банк” АҚ-ында тәуекелді басқару мен олардың мониторингін  белгіленген шекте Несие комитеті мен Банк Басқармасы жүргізеді. Несие комитетінің кез-келген әрекетінен бұрын несие процестері бойынша барлық кепілдемелерді (қарыз алушыға белгіленген шектеулер, немесе несие шартына толықтырулар енгізу және т.б.) тәуекелді басқару бөлімшесінің менеджері немесе Тәуекел аудиті департаменті қарастырады және бекітеді. Тәуекелді басқару бойынша күнделікті жұмысты Несие департаменті немесе бөлімшенің Несие қызметтері атқарады.

   Топ өзінің  несие тәуекелінің деңгейін бір борышкерге немесе борышкерлер тобына, сонымен қатар, салалық және географиялық сегменттерге  қатысты ең жоғарғы тәуекел сомасын анықтау арқылы бекітеді. Әр борышкер баланстық және баланстан тыс тәуекелдерді қамтитын, және Несие комитеті бекіткен қосымша сублимиттермен шектеледі. Белгіленген лимиттермен салыстырғандағы тәуекелдің нақты көлемінің мониторингі күнделікті жүзеге асырылып отырады.

   Қажет болған  жағдайларда және де көптеген  қарыз беруге қатысты Топ ұйымдар  мен жеке тұлғалардан  аманат, сонымен қатар, кепіл алады, алайда, несие берудің маңызды бөлігін жеке тұлғаларға қарыз беру қамтиды, ал жеке тұлғалардан аманат пен кепіл алу мүмкін емес. Мұндай тәуекелдерге тұрақты мониторинг жүргізіледі және бір жылға дейінгі кезең сайын талдалынады.

   Баланстан тыс  міндеттемелерге қолданылмаған  несие желілері, кепілдер мен  аккредитивтер жатады. Баланстан  тыс шоттарда ескерілетін каржы  құралдары бойынша несие тәуекелі  борышкердің келісімнің шарттары  мен мерзімдерін сақтауының мүмкін  еместігі салдарынан шығыстардың  ықтималдығы ретінде анықталады. Топ баланстан тыс қаржы құралдарымен байланысты несие тәуекеліне қатысты қолданылмаған несие желілеріне тең шығыстарға потенциалды түрде ұшырайды. Топ қарыздарды өтеу мерзімдерін қатақ бақылайды, себебі, ұзақ мерзімдік міндеттемелер қысқа мерзімдікпен салыстырғанда жоғары несие тәуекеліне ұшырайды.

   АПБК заңнама  ережелеріндегі болған өзгерістермен  байланысты тәуекелді бақылайды  және оның Топ қызметіне әсерін  бағалайды. Бұл тәсіл Топ үшін  мүмкін болар шығындарды ең минималды деңгейге жеткізуге жол береді.  

   Банктің даму  бағытындағы стратегиясы келесідей   философияға негізделген:

        • Банктік қызметтердің көлемін кеңейту. Банк ең алдымен өзінің ұсынатын банктік өнімдері мен қызметтерінің аясын кеңейтуге ұмтылады. Өзінің корпоративтік клиенттер базасын үлкейтуді және өзінің ссудалық портфелінің сапасын арттыруды көздеп отыр.өзінің портфелін диверсификациялау мақсатында Банк кіші және орта кәсіпкерліктерді несиелендіруді арттыруға тырысады.
        • Басқарудың ақпараттық жүйесін және операциондық тиімділікті арттыру. Банк ұйымдық реструктуризация және адам ресурстары мен ақпараттық технологияларға инвестиция салу арқылы операциондық тиімділікті жақсарту бағытында жұмыс істеген еді. Ары қарай да осылайша алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды енгізуді жалғастырмақшы.
        • Қорландыру базасын жақсарту.  Банк субсидияланған және негізгі қарызды шығару, активтерді секъютиризациялау бағдарламасы, көп бағдарлы қаржылық ұйымдармен және шетелдік экспорттық-несиелік агенстволармен жұмыс істеуді қоса алғандағы капитал нарығынан өзінің қорландыру базасын үлкейтуді көздеп отыр.
        • Қаржылық қызметтердің басқа нарықтарына шығу. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы әлі де даму сатысында.  Күтіліп отырған мүмкіндіктерді қоладану үшін Банк бұл нарықта тәжірибе жинақтап жатыр. Егер шетелдік компанияларда кез келген қызметкер бірнеше жылдан кейін карьералық сатының қай деңгейінде болатынын білетін болса, қазақстандық компанияларда карьераны жоспарлаудың жүйесі әлі де болса жолға қойылмағанын білеміз. Яғни, 3 жыл жұмыс істеп, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізіп, нақты нәтижелерге жеткеннен кейін қызметте жоғарылайсың деген жүйе толығымен қалыптасып бітпей отыр.

Информация о работе Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары