Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 11:18, дипломная работа

Описание работы

Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және Заң талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
жүргiзiлген банк операцияларының қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгi;
жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.

Файлы: 1 файл

Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары.doc

— 571.50 Кб (Скачать файл)
  • Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк – күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
  • Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық (несие беру, инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеруге).
  • Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма (банк кеңесі) заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
  • Банк қызметін мерзімді тексеру. Басқарма (банк кеңесі) мүшелері банктің операцияларына далпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма бөлім жетекшіліктерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды.

    Банктің директорлар кеңесі мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.

    Сонымен, Банктің директорлар кеңесі Акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады. Басқарма тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.

    Басқарма Банктің Акционерлерінің жалпы жиналысы мен Директорлары кеңесінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және олардың құзырына жатпайтын барлық қалған қызметтерді атқарады. Басшылық банктің және оның құрылымдық бөлімдерінің қаржы - шаруашылық қызметінің ішкі тәртібі мен негіздерін реттейтін құжаттарды бекітеді. Акционерлердің жалпы жиналысына жылдық есеп, баланстық есеп және пайда мен шығындар бойынша есеп береді.

    Басқарма төрағасы Банктің ең жоғарғы қызметтік тұлғасы болып табылады және банктің қызметін басқарады, оны Банктің Директорлар Кеңесі тағайындайды.

    Ревизиялық комиссия Банктің Басшылығының қаржы – шаруашылық қызметін бақылайтын орган. Ревизиялық комиссия Банктің Акционерлерінің жалпы жиналысы, Директорлары кеңесі, акционерлердің талабы бойынша және өз бетінше тексеріс жүргізеді, міндетті түрде Банктің Акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткенге дейін Банктің жылдық қаржылық есебін тексереді. Ревизор банктің жұмысын, оның кейбір бөлімшелерінің қызметтерін әр жылдың тамыз айында тексереді.

    Бақылаушы бухгалтерлік және статистикалық бөлімнің жұмысын  басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.

    Тәуекелдерді басқаруды және олардың мониторингін белгіленген шекте Несие комитеті мен Банк басқармасы жүргізеді. Несие комитетінің кез келген шараларынан бұрын несие процестері (қарыз алушылар үшін қойылған шектеулер немесе несие келісім шарттарына толықтырулар, және т.б.) бойынша барлық ұсыныстарды тәуекелді басқару бойынша бөлімшенің менеджері немесе тәуекел аудитінің департаменті қарастырады және бекітеді. Тәуекелді басқару бойынша күнделікті жұмыстарды Несие департаментінің басшысы немесе бөлімшенің Несиелік қызметтері атқарады.

   Банк әр жыл  сайын келесі жылдың наурыз  айына дейін тәуелсіз аудиторларды шақыртып банктің (Топтың) жалпы қаржылық есебіне тексеріс жүргізеді.

 

2.2  «БТА банк” АҚ-ның қаржылық қызметін талдау

 

  Банктің қаржылық қызметі оның  өз  қызметін   қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады, ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіне қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен, оларды орналастырудың және қолданудың тиімділігімен, басқа да заңды, жеке тұлғалармен, банктермен қарым – қатынасымен, сонымен қатар, төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

    Банктің қаржылық қызметін талдауға арналған көптеген актуалды басылымдар соңғы жылдары көптеп басылып шығарылды. Жалпы талдаудың қаржылық қызметтің басты  мақсаты қызметті тиімді дамыту және максималды пайда табу үшін қаржы ресурстарын қайда, қашан және қалай қолдану керек екендігі туралы шешім қабылдау болып табылады. Сонымен қатар, мақсаттарының тағы біреуі - банктің жағдайын жақсартуға бағытталған үздіксіз жұмыс жүргізіп отыру. Себебі, қабылданатын шешімдердің сапасы шешімдерді талдаудың сапасына тікелей тәуелді.

    «БТА банк” АҚ қаржылық есебін қаржылық есептің Халықаралық стандарттарына (ары қарай “ҚЕХС”) сәйкес құрайды. ҚЕХС-на сәйкес қаржылық есепті дайындау Банк жетекшілерінен  Топтың есепте келтірілген активтері мен міндеттерінің сомасына әсер ететін  бағалауды қабылдауды, шартты активтер мен міндеттемелердің есептік күнгі жағдайын ашуды және есепте келтірілген есептік кезеңдегі табыс пен шығыстың сомасын ашуды талап етеді. 

    Жалпы қаржылық есеп БТА банктін және Банк басқаратын компаниялардың есептерін қамтиды, бұл есеп 31 желтоқсанда аяқталатын әр жыл негізіндегі кезең бойынша жасалады. Егер Банктің басшылығы компанияның қызметінен пайда алу үшін оның қаржылық және шаруашылық саясатын анықтауға мүмкіндігі болса, ол компания  Банк басқаратын болып есептеледі.

    Қаржылық жағдайды талдаудағы басты көздердің бірі банктің бухгалтерлік балансы болып табылады.

    «БТА банк” АҚ– ы қызметінің қаржы – экономикалық талдауын активтерді талдаудан бастаймыз.

    Активтер талдауы – бұл ресурстарды қолдануды бағыттау болып табылады, яғни қандай мақсатта, қандай көлемде, қандай мерзімге және кімге берілетінін?

    Коммерциялық банктің актив бойынша балансында банк ресурстарын түріне қарай қайта бөлуді қарастыруға болады. Банктің активті операциялары 4 топқа бөлінеді: кассалық, бағалы қағаздар инвестициялары, несиелік және басқа да активтер.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкіндегі ақша қаражаттары  және шоттары 2010 жылы  4946 млн. теңгеден    4012 млн. теңгеге дейін төмендеп, активтердің жалпы сомасынан  5.3% құрады, яғни  2009 жылға қарағанда 6.2% - ға төмендеген. Ал  2011 жылы бұл көрсеткіш 17564 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылға 13552 млн. теңгеге көп болды.

Активтердің жалпы сомасында  ең көп бөлікті клиенттерге берілген ссудалар алып отыр. 2011 жылдың аяғында клиенттерге ссудалар  148.5 млн. теңге, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 101.3 млрд. теңгеге көп және активтер жалпы сомасынан 74.8% құрады.

2010 жылы бұл көрсеткіш 47.2 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 18.7 млрд. теңгеге немесе 62.1% жоғары болып отыр.

 

 


 

Сурет -2. Клиенттерге  берілген ссудалар

 

   2011 жылдың аяғында басқа да активтер 1384 млн. теңгені құрады, бұл 993.0 млн. теңгеге жоғары 2010 жылмен салыстырғанда, бірақ 2010 жылы олар 391.6 млн. теңгені құраған, яғни 2009 жылға қарағанда 508.2 млн. теңгеге төмен.

Әр жыл сайын активтер жоғарлап барады. 2010 жылы активтер 75.9 млрд. теңге, яғни 2009 жылға қарағанда 33 млрд. теңгеге жоғары болды.  2011 жылдың аяғында активтер сомасы 198.4 млрд. теңгені құрады.

Бұл көрсеткішті 2010 жылмен салыстырғанда 122.4 млрд. теңгеге жоғары екенін көрсетеді.

 

 

 

 

 

Сурет 3- «БТА банк” АҚ– ның активтерінің барлығы

 

   Міндеттемелерді  талдай отырып, 2011 жылдың 31 желтоқсанында банк ссудасы мен қаражаттары 35092.6 млн. теңгені құрағанын көруге болады, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 21833.3 млн. теңгеге жоғары.

Ал 2010 жылы банк ссудасы мен қаражаттары 13259 млн. теңге, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 813.8 млн. теңгеге (6.53%) жоғары.

   Кез – келген  банктің негізгі құрылымдық міндеттемелері  бұл – депозиттер болып табылады. 2010 жылы клиенттердің депозиттері қаржыландырудың негізгі көзі болды. (яғни, міндеттемелердің жалпы бөлігі 68.1%). 2011 жылы банк клиенттерінің депозиттері 53462 млн. теңге, 2010 жылмен салыстырғанда 11875 млн. теңгеге жоғары болды.

2011 жылдың ағымында корпаративті және жеке депозиттер сомасы 53462 млн. теңге көлемінде банктің жалпы депозиттер сомасынан 2010 жылмен салыстырғанда 30.4% - ға төмендеді. Егер, 2009 – 2010 жылдары шығарылған бағалы қағаздар бөлігі  7.2% және 4.9% болса, 2011 жылы 43.6%, яғни 76705 млн. теңгеге жетті, бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 73702 млн. теңгеге жоғары. БТА»АҚ мақсаты мен жетістіктері айтарлықтай нақты. Оның алдындағы міндеті жоғары дәрежелі мамандар мен тәжірибелі серіктестер.  

           АҚ «БТА» корпоративтік және банктік қызметінің нарығында өз ұстанымдарын белсенді түрде дамытуда. 

         Акционерлік қоғам «БТА» ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерінен тұрады. Мысал ретінде «БТА» ұйымдық құрылымының үлгісін кесте бойынша қарап өтелік.

   «БТА банк” АҚ– ның міндеттемелері жыл сайын өсуде. Оны 4 – ші суреттен көруге болады.

 

 

Сурет 4- Міндеттемелердің барлығы

 

   Сонымен, 2009 – 2011 жылдар аралығындағы баланстық есеп бойынша нәтижесін қорытындылағанда баланстың актив және пассив бөлімдеріндегі өсімді анық көруге болады.

   Коммерциялық  банктің меншікті қаражаттары – бұл банктің өз қаражаттары болып табылады. Акционерлік капитал меншікті капитал құрылымында көп бөлігін алып отыр, яғни 2009 жылы 66.9%, 2010 жылы 69.7%, 2011 жылы 69%. 2011 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 15433.8 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 5071.1 млн. теңгеге жоғары. Ал 2010 жылы акционерлік капитал 10362.7 млн. теңгені, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 6662.7 млн. теңгеге жоғары болды. Акционерлік  қоғам  «БТА» Семей филиалындағы  жеке  тұлғалардың  несиелерін төлеу тұлғаның  түріне, яғни  заңды  немесе  жеке  тұлға, оның  ішінде  жеке  кәсіпкер, несиенің  формасына  байланысты  жүргізіледі.  Жеке  тұлғаға  берілген  несие  жеке  шоттан  немесе  кор.шоттан, қарыз  алушының  өтініші  бойынша  төленеді. Жеке  кәсіпкер  және  заңды  тұлғаға  берілген  несие  акцепсіз (клиенттің  рұқсатынсыз)  ағымдағы  шоттан, яғни  есеп  айырысу  шотынан  алынады. Өйткені  несие  алу  кезінде  келісім  шартқа  қарыз  алушы  өзінің  ағымдағы  шотын  көрсете  отырып  қол  қояды.

Бүгінгі  нарық  талабына  сәйкес  «БТА»  бойынша    берілген  несиелер  әр  кешіктірілген  күнге  0,25-1%  өсімақы  төлейді. Бұл  өсімақы  мөлшері  берілген  несие  түріне  байланысты. Егер  өсімақы  60 күнге  дейін  төленбесе, онда  сыйақы  есебі  жүргізілмейді, яғни  мұндай  сыйақы  есебі  банкпен  жасалған  арнайы  анықтама – есебінде  көрсетіледі. Егер, несие  180 күнге  дейін  төленбесе, онда  несие  сомасы  баланстан  тыс  есепте  жүргізіледі.  Мұндай  несиені  «үмітсіз  несие»  деп  қарастырамыз. Бұл  үмітсіз  несиелер  есебі  анықтама-есепте  жүргізіледі.

 

 

Сурет 5- Акционерлік капитал

 

   Басқа резервтер  жыл сайын төмендеуде. Егер 2009 жылы олар 8.5 млн. теңге болса, 2010 жылы 3.6 млн. теңге, яғни 4.9 млн. теңгеге төмен. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 2.3 млн. теңгеге төмеңдеген, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 1.2 млн. теңгеге төмен болды. 2010 жылдың соңында «БТА банк” АҚ– ның капиталы 14.8 млрд. теңгені құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 9.3 млрд. теңгеге жоғары. 2011 жылдың 31 желтоқсанында банктің меншікті капиталы 22.4 млрд. теңгені құрады. Яғни 2010 жылмен салыстырғанда 7.5 млрд. теңгеге жоғары болды. «БТА» есепте келесідей талаптар қойылады:

  1. дәлдік;
  2. объективтілік;
  3. қатаң негізділік;
  4. толықтық;
  5. уақыттылық;
  6. үнемділік.

 

 

Сурет 6- Капиталдың барлығы

 

   Кестеден көріліп  отырғандай 2010 жылы жалпы табыс пайызы 6.1 млрд. теңгені құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 2.2 млрд. теңгеге (56.4%) жоғары. Ал 2011 жылы 15.6 млрд. теңгені құрады, 2010 жылмен салыстырғанда 9.5 млрд. теңгеге жоғары болды. Бұл жоғарлау келесі көрсеткіштердің пайыздық табысының өсуінен болды. 2010 жылы клиенттер ссудасы 2.1 млрд. теңге және 2011 жылы 8.7 млрд. теңге, саудаға арналған активтер 2010 жылы 114.1 млн. теңгеден 291.5 млн. теңгеге дейін және 2011 жылы 475.8 млн. теңгеден 767.3 млн. теңгеге дейін. Репо операцияларының айналымы 2010 жылы 52.2 млн. теңгеден 60.7 млн. теңгеге дейін және 2011 жылы 64.6 млн. теңгеден 125.3 млн. теңгеге дейін. Банкке берілген қарыздық ссудалар бойынша 2010 жылы 163.8 млн. теңгені, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 24.2 млн. теңгеге төмен болды.

       Жалпы  кез-келген банкңтің ұйымдық құрылымы  банктік операциялардың атқараты  міндетін ескеріп қалыптасады.  Мысалы, банктің қаражат тарту  және жинақтау операцияларын (банктің пассив операциялары) депозиттік операциялар, есептеу операциялық, несие және т.с.с. басқармалары орындайды. «БТА» шаруашылық есепті ұйымдастыруға, банктің рентабельділігіне (пайдалылығына) және өтімділігіне көп көңіл бөледі. Ол үшін банктің ағымдағы қызметі мен шұғылданып, банктің жалпы жұмысына ұйымдастыру әсерін тигізетін құрылымдық бөлімшелер қалыптастырылады.

 

 

Сурет 7- «БТА банк” АҚ– ның пайыздық табысы

 

   Шығындардың жалпы  пайызы  2009 жылмен  салыстырғанда 2010 жылы 1.7 млрд. теңгеге (100.3%) жоғарлап, 3.5 млрд. теңгені құрады. Бұл жоғарлау клиенттер қаражаттары бойынша шығындар пайызының жоғарлауымен байланысты болды. Банк қаражаттары мен ссудалар бойынша шығындар пайызы 888.5 млн. теңге, яғни 2009 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 113.0 млн. теңгеге (14.6%) жоғары.

Сурет 8- «БТА банк” АҚ– ның пайыздық шығындары 

 

   Табыс пен шығыс  бойынша талдау банк қызметін  зерттеудің басты элементтерінің  бірі. Пайда банктің барлық қызметін сипаттайтын соңғы қаржылық нәтиже болып табыла отырып, банктің экономикалық дамуының негізін құрайды.  Пайданың өсуі банк қызметінің өзін өзі қаржыландыруға қаржылық негіз болады, банктік қызметтер мен операциялардың шекараларын көбейтуге мүмкіндік береді. Оның есебінен клиенттердің, бюджеттің, банктер мен кәсіпорындардың алдындағы міндеттерді орындайды. Осылайша пайда банктің қаржылық қызметін талдаудың негізгі элементі болады.

Информация о работе Банк қызметінің аудиті, оны жетілдіру жолдары