Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа

Описание работы

Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Содержание работы

1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

туркия.docx

— 181.94 Кб (Скачать файл)

Кіріспе.

 

1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы  және Түркия республикасымен  қарым-қатынастар бастауы

          1.1 Қазақстан Республикасының  Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.

          1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.

          1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.

 2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.

         2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.

         2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.

        2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.

 

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Түркия, яғни  Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Түркия - кез келгеннің талғамына жауап беретін ел!

Түркия-табиғи әдемілігімен, бірегей тарихи және археологиялық  мұрасымен туризмнің қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымымен және қонақ үйі бизнесімен, өзінің  дәстүрлі қонақжайлығымен және байыпты бағаларымен қонақтарды өздерінің күткендерінен де асыра қанағаттандырады. Түрция  өзінің демалуға арналған кең  спектрімен  шын мәнінде көпшілікке танымал демалыс орындарының бірі деп атауға тұрарлық. Түркияның ауыспалы  географиялық жағдайлары бір күнде 4 түрлі климатты бастан кешіруге мүмкіндік береді. Үш жағынан үш түрлі теңізбен қоршалған елдің жағалауын тік төртбұрыш түрінде  жағажайлар, аралдар, бұғаздар, шығанақтар, түбектер, желкенді кеме тоқтайтын айлақтар, жарты аралдар мен қойнаулар қоршаған. Жергілікті жердегі туристік белсенділікпен, жазы сегіз айға созылатын (Бодрум,Анадолы және т.б.) жазғы және қысқы туризмнің барлық кезеңінде спорттың кез келген түрімен (рафтинг, тау шаңғысы, альпинизм және т.б.).айналысуға мүмкіндік ұсынатын елді барлық жағынан таулар, аңғарлар, өзендер, құламалы сулар мен үңгірлер  безендіріп тұр.

Түркияда тау шаңғысы спорты әуесқойлары,  альпинистер, жаяу серуенді ұнататындар мен тіпті аңшылар  да жаңа және ұмытылмас рақатқа батады. Түркия – бұл Анадолының барлық өркениетінің бесігінен тербетіліп шыққан ашық ауадағы мұражай. Түркияның тарихи мұрасы мен археологиялық байлықтары бір континентке жетеді. Соңғы уақытта Түркияға деген қызығушылық денсаулық сақтау тарапынан артып келеді,  Түркияның жер асты ыстық сулары  шын  мәнінде көптеген ауруларға медицина тарапынан шипалы суы мен балшықтары  дертке дауа, ауруға шипа деп танылған. Ең басында Ислам мен Христандық тұрған сансыз діни пайымдаулардың ортақ нүктесінде орналасқан  Түркияға келушілер қандай дінге жатса да, осы жерде сол діннің өзінің қасиеттісін табады: бұл  храмдар мен әулиелердің жерленген жерлері, мазарлар мен молалар және т.б.

Елдің ресми аты- Туркия Республикасы. Құрылған күні - 1923 жылғы  29 Қазан. Астанасы – Анкара. Ең ірі қалалары - Стамбул,Анкара,Измир,Адана,Анталия. Орналасқан жер көлемі - 814.578 km2 Мемлекеттік тілі –түрік тілі. Ірі қалаларда ағылшын тілі кеңінен тараған.

Әдетте курортты аймақтарда көптеген ұйымдар демалыссыз жұмыс істейді, ең дұрысы тағы да күні бұрын біліп алған жөн болады.Түркияда ресми мерекелер екіге бөлінеді:  Ресми мерекелер жыл сайын тойланатын негізгі мерекелер әр жылы сол күндерде және діни мерекелер жыл сайын жылжымалы күнтізбе бойынша тойланады. 1 Қаңтар, 23 Сәуір, 1 Мамыр, 19 Мамыр, 30 Тамыз, 28 және  29 Қазан.

Түркиямен визалық режімді қолдайтын елдердің  азаматтары  визаны аэропорттан  оңай алуына болады. Қалаларда және негізгі туристік қалаларда  халықаралық деңгейдегі жоғары сапалы қызметтің кең спектрін жеке және мемлекеттік ауруханалар ұсынады.Жер орта теңізінің басқа көптеген елдері сияқты түрік асханасы да денсаулыққа аса пайдалы, балғын және дәмді. Су құбырындағы ішетін су хлорландырылады және қауіпсіз. Оның үстіне, шөлмектегі суларды да таңдауға болады, ол байыпты бағамен сатылады және пайдалануға дайын болады.1

1980 жылдарға  қарай қоғамдык-саяси және зкономикалық  құрылысы өзгеше мемлекеттермен, әсіресе АҚШ және Ұлыбритания, Франция сияқты батыс державалармен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тартысы барысында Кеңес Одағы мемлекеті экономикалық тұрғыда өзінің әлсіздігін таныта бастады. «Қырғиқабақ соғыс» саясаты жағдайындағы жаппай қарулану бәсекелестігі КСРО мемлекетінде ең алдымен әскери-өнеркәсіптік кешенді басым дамытуға алып келгені мәлім. Ал бұл өз кезегінде халық шаруашылығының бейбіт саласындағы ахуалына керісінше әсер етті. Жеңіл өнеркәсіп және басқа да әлеуметтік салаға тікелей қатынасы бар өнеркәсіп кешені халықтың күнделікті сұранысын қанағаттандыра алмайтындай дәрежеде еді. Сондықтан экономика саласында негізгі назарды әскери өнеркәсіптен бейбіт шаруашылыққа қарай   ойыстыру қажет болды. Ал бұл өз кезегінде халықаралық қатынастарда КСРО-ның сыртқы саясатына өзгерістер енгізуді, батыс державаларымен нақты жағдайға байланысты қарым-қатынасын қайта қарауды қажет етті.

       Мұндай экономикалық реформалар ең алдымен нарықтық қатынастар негізінде, мемлекет тарапынан үйлестіру, бақылау арқылы іске асырылатын   болды. Алайда, нарықтық қатынастар, жалпы кеңестік экономикаға либералдық      сипат беру өз кезегінде қоғамды демократияландыру шараларымен қатар жүргізілуі қажет еді. Бұл заңдылықтарды іске асыру барысында КСРО мемлекетіндегі ұлттық және ұлтаралық қатынастарды да, одақтас және автономиялық республикалардың орталық үкіметпен байланысын, қарым-қатынасын да, құқықтық негіздерін де қайта құру, өзгерту күн тәртібіне қойылғаны мәлім. Мемлекеттердің бөлінуінен  басталған  бұл үрдіс бұрынғы одақтас республикалардың бірінен   соң бірі өз егемендігін жариялауына,  ал 1991 жылы тамыз оқиғаларынан кейін ыдырап, сол жылғы желтоқсанның бас кезінде бір кездегі құдіретті империя Кеңес мемлекетінің тарихи аренадан  кетіп, әлем  картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді.

          Бұл тақырыпта: «Түркияның  Қазақстан елімен қарым қатынастарының даму барысы» қалам тартып зерттеулер жасауымдағы басты мақсаты болып:  Түркияның түбі бір Қазақ елімен ара қатынастары жағдайын анықтау болып табылады.

Сонымен қоса дипломдық жұмысты жазу барысында нақты деректерге сүйене отыра, жаңалық енгізу және дипломдық жұмысты қазіргі ғылыми зерттеу саласындағы стандартқа сай жазылуын қадағалау.

Жұмысымның міндеті:

1.  Екі елдің қатынастарының қай деңгейде екенін анықтау.

2. Осы қатынастарының өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.

3. Экономикалық, саяси және мәдени қатынастарының ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.

4. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдерін талдау.

5. Қазіргі  Түркия мемлекетінің Қазақстандағы  қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың  болашағына талдау жасау.

Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі әдебиет көздері: ағымдағы басылымдар, энцеклопедиялық басылымдар, жол сілтеуіштер, анықтама басылымдары мен интернет көздері қолданылған болатын.

Алға қойылып отырған басты нысан Түркия мен Қазақ елі және жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау.

Қазақстан мен Түркия арасында саяси, экономика, мәдени қатынасы тез дамып кетті. Бүкіл Түркия Республикасының Ата Түрік Мұстафа Кемал өзінің 10-жылдық тәуелсіздігінде сөйлеген сөзінен кейін 58 жылдан кейін қатынастық бастамасы еді. Бұл қатынас Түркияның 58 жыл бойы Қазақстанның тәуелсіздігін күткендігін, оған жақсы дайындалғандығын көрсетіп отыр. Екі Елдің арасында дипломатиялық достық, ынтымақтастық қарым-қатынастары орнатыла бастады. Бірақ айта кететін бір нәрсе 1992 жылы Стамбулда Түркі мемлекеттерінің бас қосуында Түркияның Президеті «Түркішілдік Одағын» құруға ұсыныс жасағанда Н.Назарбаев қол қоюды қарсылық білдірді Өзбекстан Президенті Ислам Каримовта бұл ұсыныстан қол қоюдан бас тартқан еді.2

Дипломдық жұмысымның мақсаты орай мен - осылайша Қазақстан мен Түркия Республикасының жан-жақты салада қатынастарын дамуы тарихи құбылыс сипатын алып отыр. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, талдау олардың бағыттарына сипаттама беру қажеттілігі қалыптасып отыр. Осыған орай мен осы жұмысымда арнайы зерттеу жұмысын жасауды көздедім.

Себебі Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым-қатынастары туралы сол кездерде бірқатар еңбектер мен кітаптар, ғылыми мақалалар жарыққа шыға бастады, сондай ақ,  Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым қатынастарын бастамасы екі елдің тұңғыш рет келісім жасау министрлердің дипломатиялық қатынастардың бастамасы, кәсіпорындардың бірлесу туралы Келімбетов М. «Қазақстан коммунисі» газетіне де жазған болатын.3

Н.Назарбаев тәуелсіздік алған кезде тұңғыш мойындаған және туысқан Түркия Республикасының Президенттері туралы өз еңбегінде жазады.4

1996 жылы  Түркия Республикасында Қазақстан  мен Түркия Республикасының 5 жылдық  дипломатиялық, экономикалық мәдениет  қарымқатынастары мен екі елдің 5 жылда жасалған келісім шарттар  туралы жазылған еңбек шықты.5 Фейзуллах Будак ежелгіден қазіргі Қазақстанның тарихы туралы өз еңбегін түрікше жазып шығарады.

Мені айрықша қуантатын жәйт еліміздегі тұрақтылық, бұл демократиялық қоғам көмек беруі, нарықтық экономикаға өту, негізгі принциптер жаңа конституцияға әлем елдерінде қалыптасқан Қазақстанның түбі бір Түркиа елімен түбі бірлігі тек ата – баба қанында ғана емес, Президент дана саясатшы Н.Назарбаев басқарған ел ұлы мемлекет   болуа сенімім. Түркия осы жолда жан-жақты қолдау, ұсыныс беруге дайындығының болуы. Өйткені 15 жыл ішінде Түркия үлкен тәжірибе жинақтады, дін қиыншылықтарымызды түрлі жолдармен шығу жолын қарастырамыз деді.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы  және Түркия республикасымен  қарым-қатынастар бастауы.

   1.1 Қазақстан Республикасының  Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.

 

Сөйтіп, 90-жылдардың басындағы Кенес Одағының құлдырауы тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына себеп болды. Ал ол өз кезегінде түркі тілдес халықтар мемлекеттерінің, онын ішінде Қазақстан мен Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарының қарқыны өсуіне түрткі болды. Жоғарыда айтылғандай, 1991 жылы 16 желтоксанда жарияланған Қазақстан тәуелсіздігін әлемде бірінші болып таныған мемлекет Түркия Республикасы болды.

Қазақстанға ең бірінші болып қолдау көрсеткен Түркия мемлекетінің теңдесі жок бұл актісі тәуелсіз жас мемлекеттің халықаралық деңгейде тез танылып, өзінің сыртқы саясатын айқындауға, басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарының негізін салуға жол ашты. Көп ұзамай 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды және де Алматы қаласында ең бірініш болып Түркия Республикасының Елшілігі ашылды. Әрине, бұл ресми дипломатиялық қатынастың орнатылуы еді.

Айта кететін жайт, Түркиямен мәдени қарым-қатынастың алғашқы ресми байланысы 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. Онда Қазақ КСР-ның мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Түркия Республикасының мәде-ниет министрлігінің арасында қарым-қатынас туралы келісімге және де Қазақ КСР-ы мен Түркия Республикасының Үкіметтері арасындағы ресми протоколға қол қойылды. Бұл құжаттарда жастарға білім беру саласында көрсетілетін көмек, жоғары оқу орындарындағы қарым-қатынас, бірлескен ғылыми жобалар жасау, студенттермен, әр түрлі саладағы мамандар және ғалымдармен алмасу, халықаралық семинарлар, конференциялар, фестивальдер өткізу, көрмелер ұйымдастыру, мәдени орталықтар ашу, театрлық, музыкалық және де басқа да шығармашылық ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды қолдау, мара-паттау, қазақ жазушыларының шығармаларын түрік тіліне, ал түрік жазушыла-рының шығармаларын қазақ тіліне аудару және Қожа Ахмет Ясауимен Арыстанбаб кесенелерін жөндеуден өткізу, бірлескен археологиялық зерттеулер ұйымдастыру және тағы басқа да мәдени саладағы қатынастар туралы шаралар нақты көрініс тапты 6

Бұл ресми қарым-қатынастар ең алдымен түбі бір туысқан түрік халқы мен қазақ халқы арасындағы бір кезде үзіліп қалған мәдени және рухани байланыстарды қалпына келтіріп, екі халық арасындағы тарихи сабақтастықты жалғастырудың алғашқы қадамы еді. Түркия мемлекеті мен Қазақстанды байланыстырған осы шаралар республика жұртшылығы тарапынан қызу қолдау тапқанын айту қажет. Мұнан кейінгі туысқандық байланыстар, әсіресе халыққа етене жақын мәдениеті, білім, ғылым саласындағы өзара қарым-қатынастар екі ел арасын одан да тығыз жақындатты. Бұған Түркия мен Қазақстанның экономикалық байланыстары да зор ықпал етті. Сондыктан, бүгінгі күні қазақ-түрік ынтымақтастығы кең әрі жан-жақты екендігін және де халықаралық аренада қарым-қатынастарының артқандығын қуана айтуға болады, сонымен қатар екі елдің маңызды мәселелер бойынша ұстанған бағыттарының бірлігі мен ұқсастығын атап айту да қажет.

Қазақстан мен Түркияның арасындағы екі жақты қатынастардың дамуымен қатар екі елдің халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзара әрекеттестігі де маңызды орын алатыны сөзсіз. Түркия алғашқыдан бастап Азиядағы өзара ықпалдастың және сенім шаралары кеңесі  (АӨЫСШК) шеңберіндегі Қазақстан тарапының инициативасын барынша қолдап келеді. 1999 жылы қыркүйек айында Алматыда өткен АӨЫСШК-не қатынасушы елдердің сыртқы саяси мекемелері басшыларының бас қосуымен мемлекеттік министрі Абду Халук Мехмет Чай бастаған Түркия делегациясының қатысуын айтуға болады.

Информация о работе Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа