Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа
Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.
1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Екі елдің халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығы халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде бір-бірін өзара қолдаудан да көрініс табуда.
2000 жылы
5 мамырда Түркия мемлекетінде
оныншы Президент болып Ахмет
Недждет Сезер сайланды. Ахмет
Недждет Сезер Нұрсұлтан
2000 жылы
19 қазан күні Түркия
«Қазақстан басшысы екі ел мемлекет арасында серпінді дамып отырған дәстүрлі достық қарым-қатынастардың алдағы уақыттарда жалғасын таба беретініне сенім білдіреді. Түркия Президенті өз елінің Қазақстан мен және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастық байланыстарды дамытуға деген бағыты өзгермейтін, әрі мұның өзі Түркияның аса маңызды сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап көрсетті8».
Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым қатынастарын бастамасы екі елдің тұңғыш рет келісім жасау министрлердің дипломатиялық қатынастардың бастамасы, кәсіпорындардың бірлесу туралы Келімбетов М. «Қазақстан коммунисі» газетіне жазды9.
Н.Назарбаев тәуелсіздік алған кезде тұңғыш мойындаған және туысқан Түркия Республикасының Президенттері туралы өз еңбегінде жазады.
1996 жылы
Түркия Республикасында
Н.Назарбаев 1994 жылы Түркияға ресми сапармен барғанын және түркі тілдес халықтардың Еуразия Одағын құру туралы «Халық Кеңесі» газетіне жазып шығарады.10 Ибрагим Қазақстанның Түркияменг экономикалық қатынасы мұнай саласы мен сауда қатынасы туралы «Түркия мен Қазақстан» деген мақаласын жазады.11 Негізі, 1994 жылы қазанның 17-де Анкарада Түркия мен Қазақстанның арасында достық және ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Түрк ия Президентінің Анкарадағы резиденциясында салтанатты қол қою рәсімінде сөз сөйлеген Н.Назарбаев:
«Екі елдің арасында «туысқандық, жақындық» қатынастар бар екенін айтты. Түркия Қазақстанның тірегі болып табылады деп атап көрсетті. Біз сіздерге сенеміз деп атап көрсетті. –Біз үшін Түркияның күшті болғаны өте маңызды. Құрамында Түркия мен Орталық Азияның түркі тілдес республикалары кіретін ұйымды құратын уақыт келді деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Бұл ұйымның әлде кімге қарсы бағытталмайтындығын және әскери болмайтындығына, оның мақсаты бейбітшілікті және халықтардың әл-ауқатын нығайту нығайту болып табылатындығына сенім білдірді».
Ал Түркия республикасының Президенті Сүлеймен Демирел Қазақстанмен қарым-қатынас туралы мынандай тамаша сөздерді айтты: «Түркия мен Қазақстан аймақтағы екі іргелі және ықпалды мемлекет болып табылады. Н.Назарбаевтың батыл да салиқалы сырқы саясатының нәтижесінде Қазақстан аз уақыт халықаралық аренада маңызды орын алып үлгерді. Республика аймақтық және бүкіл әлемдік беделге ие болды» - деді.
Қазақстаң Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Біз түркі тілдес мемлекетпіз және де түркі тілдес елдермен қатынастарды нығайтуға бар күшімізді саламыз».
10 жыл ішінде Қазақстан мен
Түркия арасында 90-нан астам келісім-шарттар
Екі ел арасындағы рухани байланыстар үшін Түркия мен Қазақстанда екі халықтың мәдениет күндерінін, өткізілуі аса маңызды оқиға болды. 90-жылдардын ішінде «Түркиядағы Қазақстан мәдениет күндері» және «Қазақстан-дағы Түркия мәдениет күндері» айдарымен ауқымды мәдени фестивальдері өткізілді. Бұл тұрақты сипат алды.
Қазақстан және Түркия түрік әлемінде өткізілген ортақ құрылтайларға, көптеген жастар фестиваліне, жазушылар, музыканттар, мәдениет және ғылым қайраткерлерінің жиналыстарына, кинематография фестиваліне екі жақтан да жаппай бұқара өкілдері қатысты. Осы жылдары арнайы суретшілер көрмелері ұйымдастырылды, екі елдің теледидарында елді таныстыру мақсатында түрлі телехабарлар және сұхбаттар дайындалды. Осындай мақсатпен екі жақтың техникалық өзара көмек, кеңесулер, жетістіктер және тәжірибе алмасу процестері жүзеге асырылды.
Қазақ -түрік қарым-қатынастарында ежелден аса маңызды саланың бірі діни рухани байланыс екеніне бұрын назар аударылған жоқ. 1917 жылы төңкеріске дейін Ресей империясынын саясаты Түркияны Қара теңіз бөн Жерорта теңізі аумағындағы бәсекелесі ретінде қарастырып, орталық патшалығының қол астындағы түркі тілдес отар халықтардың Түркиямен байланысын кеңейтуге кедергі жасап келгені мәлім.
Ал кеңестік дәуірді бұл тек ресми мемлекетаралық қатынастар аясында ғана қарастырылың екі ел халықтарының мәдени, рухани, діни жақындықтарына тосқауыл қойылды. Ресми коммунистік (орыстық деп айтуға болады) идеологиялық ауытқып, түрік халықтарының тамырластығы туралы пікір білдіргендігін кеңестік дәуірде «пантюркизм» идеологиясына уағыздаушылар деп бағаланғаны, саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі.12
Сондықтан, тәуелсіз Қазақстан мемлекеті жарияланып, демократиялық, егемендік негізде сыртқы қарым - қатынастарын айқындау, қалыптастыру барысында ежелгі діни-рухани байланыстарды да жаңғыртудың маңызы өте зор еді. Бұл тұрғыда Түркістан, ондағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сияқты қасиетті ұғымдар мен ескерткіштердің де рөлі ерекше болғаны белгілі. Сондықтан, 90-жылдары екі елдің діни қайраткерлерінің арасында рухани және материалдық құндылықтарды сақтау және де исламды дін ретінде уағыздау саласында қарым - қатынастар жаңғыртылды.
Қазақ-түрік қарым-қатынастарының шынайы достық, туысқандық аясында дамуына бағыт берген, оны сипаттайтын негізгі құжаттардың бірі ретінде 1991 жылы 15 наурызда Алматыда Түркия Республикасы Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары кезінде Н.Ә.Назарбаев пен Т.Өзал қол қойған «Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы» келісімшартты ең алдымен атаған жөн. Онда екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және жан-жақты дамытуға ұмтылу негіздері дәйектелген. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы басқа да мәселелермен қатар ғылым және техника саласындағы қазіргі заман жетістіктерін тиімді қолдану мақсатында ғылыми-техникалык белсенді қарым- қатынастар жобасының негізін жасады.
Осыған сәйкес бұл келісімшартта екі ел арасындағы халықаралық мәдени қарым-қатынас саласын кеңейту және өзара байыту, ақпараттық, мәдени және гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту, радиохабар және телекоммуникация жүйесінің дамуына ықпал ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және қорғау, түрлі салалар бойынша мамандар даярлау және мамандандыру, елшілік өкілділігін ашу қарастырылды.13
Осы келісім шарттан кейін 1991 жылы 26 қыркүйекте екі елдің Президенттері Н.Ә.Назарбаев және Т.Өзал «Қазақ Совет Социалистік Республикасы және Түркия Республикасы арасындағы қарым - қатынастың принциптері мен мақсаттары туралы» Декларацияға қол қойды.14 Онда екі жақты қарым-қатынастың жақсаруының қажетті потенциалы көрсетілген және мәдениет туризм саласындағы қарым-қатынасты дамытуға ұмтылыс, сондай-ақ, Алматы мен Стамбул, Түркістан мен Байбұрт, Қызылқұм мен Қираман қалаларының арасында туысқандық бауырлас қатынас орнату көзделген еді.
Сол жолы осылармен қатар Қазақ КСР және Түркия Республикасы Үкіметтері арасында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық қарым-қатынас туралы келісімге де қол қойылды.
Осы келісімшарттар және 1990 жылдан бері мәдени байланыстар Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың нығаюына жол ашты. Себебі, осы шаралармен екі елдің үкіметі өздерінің сауда, экономика, ғылым және техника салаларындағы кең әрі ұзақ мерзімді және тұрақты қарым-қатынасты дамытуға барлық күшін салуға дайын екендігін білдірді.
1991 жылы қазанда Қазакстан
Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға ресми мемлекеттік сапары барысында және одан кейін қол қойылған келісімшарттар негізінде екі ел арасындағы байланыстар нақты мазмұнға ие болды. Әсіресе, 1992 жылы 1-мамырда Алматы қаласында мәдениет, ғылым, білім және спорт салалары бойынша екі ел үкіметтері қол қойған келісімшарттан кейін екі жақты байланыстың мағынасы және белсенділігі артты.15
Осы еңбекте қарастырылып отырған мәдениет және ғылым саласындағы байланыстардың терең және нақты мазмұнды сипат алуына осы келісімшарттың атқарған қызметі ерекше екендігіне назар аударған жөн.
Келісімшартта халықаралық ынтымақтастықтың негізгі салалары қарасты-рылған, олар: университеттер арасындағы қарым-қатынастың дамуы, ғылыми жобалар мен бағдарламалар алмасу, ғылыми конференниялар, кездесулер өткізу және бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізу, маман кадрлар даярлау және алмасу, оқу материалдарымен және ақпараттармен алмасу, театр, музыка, опера, балет және басқа да өнер салаларындағы өзара қарым-қатынастың дамуы, көрмелер ұйымдастыру, әртістермен және көркемөнер ұжымдарының екі жақты қатынасы және бағдарламалар алмасу, әдеби шығармалармен танысу және оларды екі елде аудару, кинематография, теле-радио компаниялары, ақпараттық агенттіктер және баспасөз, жастар ұйымдары арасындағы қарым-қатынасқа ықпал ету. Осының нәтижесінде бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан мәдени, ғьшыми, рухани, жалпы гуманитарлық саладағы қарым-қатынастар екі елдің бұлжымас саясатына айналды.16
1991 жылдан бастап түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдық негізде достық және бірлік ұйымдары құрыла бастады. Ресми мәдени және ғылыми байланыстармен қатар қоғамдык ұйымдардын, оның ішінде діни қауымдастықтын да Түркия елімен байланыс орнату ниеттері мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізді. Өз тарапынан Түркия еліндегі қоғамдық ұйымдар да осындай талпыныс жасады.
Қазақстан мен Түркия елдерінің қоғамдық ұйымдарының өкілдері түркі
елдері арасында болған достық, бауырластық және ынтымақтастық құрылтайла-рына (Түрік девлет ве топлулуклары достлук, кардешлик ве ишбирлиги курултайлары) қатысты. Бүгінге дейін осы іспеттес сегіз құрылтай өткізілді, оның жүмысына түркі тілдес елдердің мәдениет, ғылым және қоғамдық-саяси ұйымдары қозғалыстарының қайраткерлері және басшылары қатысты. Бұл құрылтайлардың мақсаты-түркі әлеміндегі қарым-қатынастың нығаюына, экономикалық дамуына, мәдени жақындасуына және жаңаша сипатта пікір қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. Аталмыш құрылтайлар Түркияның қоғамдық-саяси өмірінде едәуір оқиға болып саналады.17
Ал бұл Түркияның түркі тілдес халықтар өмір сүретін аймақтарға деген қызығушылығының бар екендігін көрсетеді. Бұл құрылтайлардын шешімдері түркі тілдес елдердің үкіметтеріне ұсыныс ретінде беріледі. Нақты мысалдар келтіретін болсақ, 1-ші құрылтай Антальяда 1993 жылы 21-23-наурызда өткізілді, 2-інісі Измирде 1994 жылы 20-23-қазанда етті. Құрылтай жұмыстарына 60 адам қатысты, оның қатарында Қазақстанның Елшісі Қ.Саудабаев, 2-ші хатшы Б.Нарбаев және Білім министрі Е.Мәмбетқазиев бастаған 48 адамдық басшылардан құрылған делегация болды. Осы құрылтайда қазақ зиялылары, оның ішінде әдебиетшілер қауымы атынан Р.Бердібаев баяндама жасады. 3-ші құрылтай 1995 жылы шілде айында Измирде өткізілді.
Міне, осы екі ел арасын байланыстырудағы алғашқы халықаралық жиындар қазақ-түрік мәдени қарым-қатынастарының бағыттарын айқындауға зор әсер етті. Оларда жасалған баяндамалар ежелгі туысқан халықтар мәдениетінің қайта табысуына ақпарат беріп, дәнекерлік қызметін атқарды деуге болады.18
Мұндай халықаралық бас қосу тұрақты
сипат алып, жалғасын тапты.
Мысалы, 1996 жылы Анкарада болған 4-ші құрылтайдың
жұмысына
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
Академиясының мүше-корреспонденті, көрнекті
ғалым, фольклортанушы Р.Бердібаев қатысты.
Әрине, бұл құрылтайлар бірыңғай қазақ-түрік
мәдени байланыстарын қарастырған жоқ.
Олар Орта Азия түріктеріне ортақ мәселе
ретінде талқыланды.
1997 жылы 11-13-сәуірде Стамбулда
Біртіндеп түрік халықтарының құрылтайлары әртүрлі саладағы ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін қамтыды. Оған дәлел 1998 жылы 20-22 наурызда Бурсада өткізілген 6-шы құрылтайға Қазақстан Республикасының.Білім министрі М. Жұрыновтың және қоғам кайраткері И.Сағындықовтың баруы еді. Бұл жолы екі жақты талқылауға білім саласындағы байланыстарды нығайту мәселесі аркау болды.