Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа
Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.
1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Бұл агенттіктін көмегімен және қатысуымен ғылыми және мәдени салаларға байланысты бірнеше жобалар жүзеге асырылды. Олар: симпозиумдар және ғылыми конференциялар өткізу, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға материалдық қолдау көрсету, баспасөз жағынан көмек көрсету, әр түрлі мамандықтар бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесін жөндеуден өткізу, Қызылорда қаласындағы қолмен кілем тоқу жобасын іске асыру және т.б. Мысалы, Қызылорда облысындағы қолмен кілем тоқуды дамыту жобасы қазақтың дәстүрлі қолөнеріндегі ұлттық ерекшелігін қайта дамыта отырып, жергілікті жағдай мен еңбек ресурстарын (қорларын) кілем тоқитын шағын фабрикалар құруға пайдалануды іске асыруды көздеген еді.
Бұл жоба іске асырылды. Қызылордада қазақтың дәстүрлі кілем тоқу, ою-өрнек өнерін қалпына келтіру, бояулар әзірлеп, пайдалану сияқты ұмыт бола бастаған ұлттық кәсібін қайта жанғыртуда, жергілікті өнерпаздар мен қолөнер-шілерді ұйымдастыруда түрік ғалымы және этнографы Тахсин Парлак көп жұмыс атқарды. Ол осы жұмыстар негізінде қазактың дәстүрлі кілем тоқу өнерін, оның тарихи тамырларын сипаттап, 2001 жылы Алматыда этнография ғылымы саласында кандидаттық диссертация қорғады.
Екі жақты байланыстың нығаюына және мәдени ерекшеліктерімен танысу ісінде айтарлықтай үлес қосқан мәдени іс-шаралардың арасындағы ең маңызды-ларының бірі «Өнер және достық күндерін» өткізу шарасы. Мұндай мерекелер көрермендерге ұлттық мәдениеттің сын қырларымен көрнекті әрі жеткілікті дәрежеде танысуға мүмкіндік береді.24
1992 жылы Қазақстанда «Түркияның Қазақстандағы мәдениет және өнер күндері» өткізілді. Оған Түркияның мәдениет министрі Д.Фикри Саглар баста-ған 100-ден астам адам қатысты. Фольклорлық-этнографиялық, ән-би топтары, музыкалық шығармашылық шеберлері өнер көрсетті, сәнді-қолданбалы өнердің көрмесі болып өтті.
Өз кезегінде 1992 және 1996 жылдары «Түркияда Қазақстанның мәдениет күндері» өтгі. Мысалы, 1992 жылы 24-сәуір-1-мамыр күндері өткен «Түр-киядағы Қазақстанның мәдениет және өнер күндерінде» Қазақстан тарапынан мәдениет министрінің бастауымен 150-ге жуық адам қатысты. Музыкалық ұжымдар өнер көрсетіп, этнографиялық материалдар, кітап көрмелері көпшілікке ұсынылды. Мереке Анкара, Стамбул және Кония қалаларында етті.
Мұндай мәдениет және өнер күндерін өткізу екі ел арасындағы тұрақты шараларға айналды. Мысалы 1993 жылы 16-21-желтоқсанда Түркияда Қазақ-станның кезекті мәдениет және өнер күндері өтті. Мереке Анкара, Қожаели, Болу, Стамбул қалаларында ұйымдастырылды. Мереке барысында қазақстан-дықтар Түркия Республикасынын мәдениет министрімен, Вице-премьермен кездесіп, ТҮРКСОЙ-да концерт беріп, көрмелер ұйымдастырды.25
1996 жылы 19-27-қыркүйекте «
2000 жылы 30-мамырда Түркия
Түрік азаматтарының казақ елінің көрнекті өкілдерімен және қазақ тарихының негізгі оқиғаларымен танысуына мынадай оқиғалар ықпал етті. 1993 жылы — Түркияда Ахмет Ясауи жылы еткізіліп, 1995 жыл — Абай жылы, 1996 жыл — Жамбыл жылы, 1998 жыл — Құрманғазы жылы деп аталып өтті. 1996 жылы Анкарада желтоқсан оқиғасының онжылдығы аталып өтті. 1997 жылы
М.Әуезовтің 100 жылдығы және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатия-лық қарым-қатынастың 5 жылдығы аталып етті /16/.
Осы секілді айрықша даталарға байланысты Түркияда халықаралық конференциялар, қазақ жазушылары мен ақындарының шығармаларын аудару және басып шығару, әр түрлі шығармашылық фестивальдер ұйымдастырылды. Қазақстаннан шақырылған өнер адамдары көптеген концерттер берді. Мысалы, Абайдың 150 жылдығын тойлауға Қазақстан тарапының делегациясы қатысты, оның құрамыңда: Вице-премьердің орынбасары А.Есімов, мәдениет министрі Т.Мамашев, орынбасары В.Кутовой, білім министрінің орынбасары Ш. Қойшыбаев, әдебиеттану институтының директоры С.Қирабаев және де әр сала-дан ғалымдар, академиктер, журналистер, жазушылар, әртістер және шығарма-шылық ұжымдар болды. Бұған Түркия Республикасының жоғарғы басшылары Президенттің аппараты, мәдениет және білім министрлігімен қатар әр түрлі қорлар, өнеркәсіптер мен қоғамдық ұйымдар тартылды.
Алғаш рет Абай шығармалары түрік тіліне аударылып және басылып шығарылды (түрік тіліне Абайдың таңдамалы шығармалары аударылған кітап 1995 ж. Анкарада екі тілде 200 мың тиражбен шықты).26
Сонымен қатар, Абай туралы ғылыми мақалалар жинағы түрік тіліне аударылып, басылып тығарылды. Осыған орай түрлі университеттерінде ғылыми конференциялар өткізілді, Қазакстан туралы түрлі-түрлі фотоальбомдар дайындалды. Түркияда шығатын көптеген журналдардың жеке нөмірлері Абайдың шығармашылығына арналды. Осындай шаралар Құрманғазының 175 жылдық мерейтойына 1998 жылы да кең ұйымдастырылды. Түркияға Қазақстан-нан делегация жіберіліп, құрамына 8 ресми қызметкерлер, Құрманғазы оркест-рінен 25 адам, ақпарат қызметкерлерінен 4 адам, 6 әнші және 4 адамнан тұратын бишілер тобы жіберілді. Сонымен қатар халық музыкалық аспаптары мен Қазақстан қолөнерінің көрмесі ұйымдастырылды (А.Омарбеков жетекшілігімен).
1992 жылы 29-сәуір және 1-мамыр аралығында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармеп ТР Премьер-министрі Сүлеймен Демирел келді. Ресми сапар кезінде қазақ-түрік байланыстарындағы тұрақты тенденцияны қолға алудын маңыздылығы аталып етілді және екі жақты тиімді қарым-қатынастың кеңеюі үшін қажетті шаралардың қолданылатыны жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Жоғарыда айтылғандай, Байбұрт және Түркістан қаласы бауырлас қалалар деп жарияланды. Екі жақты қатынасты нығайту мақсатында 1992 жылы 18-25-қазан аралығында Түркістан қаласының делегациясы Байбұрт қаласында болды. Өз тарапында 30-сәуір — 10-мамыр аралығында Байбұрт делегациясы Түркістанға келді. 1993 жылы жасөспірімдер арасында осындай екі жақты алмасу болды. Түркістан делегациясы қала әкімінің басшылығымен 2001 жылы 16-22-шілде аралығында Байбұрт қаласында өтетін «Деде Қорқыт» атты мәдениет және өнер фестиваліне шақырылды.
1992 жылы 20 маусымда Стамбұл қаласында
Түркия Республикасының
ТҮРКСОЙ (түркі елдерінің мәдениет жене өнер саласындағы одағы) түркі тілдес елдердің халықаралық мәдени ынтымақтастығының органы ретінде
ЮНЕСКО түрінде 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында түркі мемлекеттері Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан өкілдері қол қойылған келісімшарт негізінде құрылды.
Оның мақсаттары:
-түркі тектес және түркі
-Түркі халықтарының мәдениеті мен өнерінің дамуының және өркендеуінің қажеттілігі;
-болашақ ұрпақ ұшін ұлттық
мәдениетін сақтау және достық
қарым-қатынасты қамтамасыз
-әлем тарихы сипатында түрік
мәдениетінің өркендетілуі
Осыған сәйкес 1993 жылы 9-13 шілдеде Алматы қаласында түркі тілдес елдерінің мәдениет министрлерінің 3-ші кезекті кездесуі және ТҮРКСОЙ-дың бірінші отырысы болды. Оның жұмысына Түркиядан 20 өкіл қатысты /19/.
1994 жылы 17-19 ақпанда Мармарис қаласында
(Түркия) түрік тілдес халықтардың
мәдениет министрлерінің
ТҮРКСОЙ қоғамының құрылуы түркі елдерінің мәдени қарым-қатынасын дамытуға зор ықпалы бар бірден-бір халықаралық ұйымға айналды. Ол әсіресе Кеңес Одағы қүрамында болған түркі тілдес халықтардың төл мәдениетін жаңғыртуға себепкер болды. Оның әр мәжілісінде осы сала бойынша келесі міндеттер қойылып, нақты шаралар қабылданды.
ТҮРКСОЙ-дың жұмыс қарқынын мына мысалдардан көруге болады: ТҮРКСОЙ-дың 5-отырысы 1994 жылы 1-3 шілдеде Бішкек қаласында болды.
ТҮРКСОЙ-дың 7-жиналысы 1996 жылы 19-20 наурызда Анкара қаласында мәдениет министрі Т.Мамашевтің қатысуымен өтті. Бұл отырысқа ЮНЕСКО-ның бас хатшысы қызметін атқарушы, Орталық және Шығыс Еуропаның даму бағдарламасының директоры Алейн Ханкок қатысты. 1996 жылдың соңында Ташкент қаласында ТҮРКСОЙ-дың кезекті жиналысы өтті. ТҮРКСОЙ-дың кезекті отырысы 1997 жылдың басында Бакуде өтті, оған ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майордың қатысуы бұл одақтың беделінің өскендігін көрсетеді. 1997 жылы 28-29 қыркүйекте Алматы қаласында ТҮРКСОЙ-дың кезекті жиналысы өтті. 1998 жылдың басында Қазанда (Татарстан) ТҮРКСОЙ-дың кезекті отырысы болды. ТҮРКСОЙ-дың 13-ші жиналысы Анкарада 1999 жылы 30 қараша-1-желтоқсан аралығында етті. Бұл жәй ғана хроника емес. ТҮРКСОЙ-дың әр мәжілісінде мемлекетаралық деңгейді-орындалатын шаралар белгіленіп, туысқан халықтардың жақындасуына ықпал жасалды.
ТҮРКСОЙ түркі тілдес елдердің жазушылар одағынын және ұйымдарының жиналысын өткізді, қолөнер және декоративтік өнердің көрмесін ұйымдастыр-ды, фестивалъдер және опера күндерін, театрлық, фольклорлық фестивальдер, жазушылардың кездесулерін, спорі турнирлерін, Наурыз мерекелерін өткізді. 1994 жылдан бастап жыл сайын Түркиядағы Наурыз мерекелеріне қазақстан-дықтар қатысатын болды.
Бұл мерекелер шеңберінде Қазақстан мен Түркияның және түрлі елдерінін арасындағы қарым-қатынастардың әрі қарай дамуына ықпал ететін халықаралық симпозиумдар, кинофестивалъдер, көркемөнер көрмелері, концерттер, атты жарыстар және баска да мәдени іс-шаралар жасалды.28
Одан басқа ТҮРКСОЙ Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Құрманғазы Сағырбаев мерейтойларын өткізуге және ұйымдастыруға қатысты. ТҮРКСОЙ Абай шығармаларын, М.Әуезов әңгімелерін түрік тілінде басып шығаруға жағдай жасады. Әрине, қаржы тапшылығы мен ұйымдастыру мәселелеріндегі кейбір кемшіліктер салдарынан ТҮРКСОЙ шеңберінде жоспарланған жан-жақты мәдени ынтымақтастық күткен нәтиже берді деп толық айтуға болмайды. Бірақ оның жұмысының маңызы ерекше екенін ескерген жөн.29
1993 жылы 9-10 сәуірде Қазақстанға
Түркия Президенті Тургут Озал
ресми сапармен келді. Бұл ресми
сапар кезінде екі жақты қарым-
1993 жылы 17-24 сәуір арасында қайырымдылық
«Бөбек» қорының төрайымы Сара
Назарбаева Түркияға
Айта кететін жайт, екі жақты делегациялардың квптеген сапарлары, басқа да түрлі мемлекеттермен мұндай делегациялар алмасу байқалмайды. Мысалы, тек 1993 жылы ҚР мәдениет министрлігінде Түркияның мәдениет министрлігінің екі делегациясы болды. Мұнда Ахмет Яссауи және Арыстанбаб кесенелерін жөн-деуге байланысты мәсеяелер, Ұлы Жібек жолындағы халықтардын қолөнерін қайта жаңғырту мәеелелері қаралды /21/. 1993 жылы маусымда ҚР Білім министрі Ш.Шаяхметов бастаған 7 адамнан тұратын ресми делегация Түркияда болды, ал қазанның соңында ҚР денсаулық сақтау министрі А.Мусиннің және ішкі істер министрі Горелкиннің осы елге ресми сапары өткізілді.
Қазақ-түрік қарым-қатынасының нығаюына қоғамдық ұйымдар да өз үлесін қосуда. 1994 жылы 14-15 қаңтарда Анкарада «Азия елдері мәдениетінің өзара қатынасы» атты халықаралық семинар өтті. Онын жұмысына Қытай, Жапония, Индонезия, Пәкістан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің қоғам қайраткерлері қатысты. Семинарда: «Қазақ достық қоғамының» және шетелдемен құрылтайлық байланыс төрайымы
Ж.Әмірханова «Қазақ үлгісінде Азия елдерінін-мәдениетінің өзара қатынасы» атты баяндама оқыды. 1994 жылы 7-12 маусым аралығында Ж.Әмірханова бастаған достық және Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени байланыс қоғамы Алматыға Қазакстан және Түркия әйелдері арасында іскер және мәдени байланыс орнату үшін Қазақстанға Биртен Шоқайды шақырды.
1994жылы 17 казанда Анкарада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Түркияға ресми сапарында екі жақты қарым-қатынастың непзгі құжаттарының бірі — Қазақстан мен Түркия Республикасының арасындағы достық және ынтымақ-тастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Онда достық қарым-катынастың нығаюы тек аймақтағы емес, сонымен қатар барлық әлемдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке өз ықпалын тигізетіні көрсетілді және саясат, дипломатия, экономика, сауда, білім, мәдениет, ғылым, транспорт, байланыс және коммуни-кация, ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, экология, туризм, спорт тағы басқа салаларындағы екі жақты қарым-қатынасты тереңдете түсуге ұмтылыс білдірілді.