Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа

Описание работы

Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Содержание работы

1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

туркия.docx

— 181.94 Кб (Скачать файл)

1995 жылы 13 маусымда ТР Президенті  С.Демирелдің Қазақстанға жасаған  ресми сапарында Қазақстан мен  Түркия Ресггубликалары арасындағы  қарым-қатынасты әрі қарай дамыту  және нығайту, тереңдету жайлы  Декларацияға қол қойылды. Президенттер  екі жақты қарым-қатынастың тереңдетілгенің  және алдыңғы кезеңде де достық  пен ынтымақтастықтың нығаюына  барлық мүмкін-діктің бар екендігін айтты.31

1996 жылдан бастап Түріксав деген  түрік қоғамы түркі әлеміндегі  қарым-қатынастың нығаюына өз  үлесін қосқан адамдарға арналған  наградалар таға-йындады. Бұл награданы  қазақстандық қайраткерлер: 1996 жылы-Олжас  Сүлейменов, 1997 жылы — Мұхтар  Мағауин, 1998 жылы -Нұрсұлтан Назарбаев  және Мұхтар Шаханов, 1999 жылы —  Рахманқұл Бердібай, 2000 жылы —  Мұрат Жұрынов иеленді.

1996 жылы қыркүйекте қазақ-түрік  ынтымақтастығынын дамуына өз  үлесін қосқан профессор Садық  Туралға Қазақстанның мемлекеттік  наградасы тапсы-рылды. Сол жерде  Садык Турал «Қазіргі Түркия»  тақырыбында сөз сөйледі. 1997 жылы 27-29 қыркүйекте профессор Садык  Турал Түрік тіл қоғамы атынан  келген профессор Г.Қараагачпен  бірге Алматыда өткен Мұхтар  Әуезовтің 100 жылдык мерейтойына  катысты. 1997 жылы 11-15 қарашада Қорқыт  Атаға арналған халықаралық конгресстің  жұмысына қатысу үшін Садық  Турая шақырылды. 1998 жылы 30 казан- 3 қараша  аралығында Алматыда Ататүрік  атындағы мәдени орталықтың қызметкерлері  Түркия Республикасының құрыл-ғанына 75 жыл толуына арналған конференция  өткізді. «Республика құндылық-тардын  қазынасы» атты баяндамамен Садық  Турал, «Ататүрік және оның принииптері»  атты баяндамамен профессор Сәлім Жохче» «Ататүрік — адам ретінде» деген баяндамамен Режеп Биягинер конференцияда сөз сөйледі. 1999 жылы 17-19 мамырда түрік профессорлары Эсин Кахья және Айше Айата «Шығыс қоғамындағы өтпелі кезеңдегі мәдени және тарихи процесстер» атты тақырыпта конференция өткізді. 2000 жылдың шілдесінде алғашқы күндері Садық Турал Қазақстанға Қазақстан мен Туркия арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайту үшін ресми сапармен келді.32

1996 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халықаралық ынтымақтастықтың даму ісіне өз үлесін қосқаны үшін Түркияның мемлекеттік министрі, қазақ-түрік достық қоғамының төрағасы, ҚА.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Намык Кемал Зейбекке «Бейбітшілік және рухани келісім» халықара-лық сыйлығын тапсырды.

Екі жақты қарым-қатынасты нығайту барысында туындаған мәселелерді шешуге халықаралық кездесулер және конференциялар ықпал ететіні айқын. Мысалы, 1997 жылы 10 қыркүйекте Алматыда «Қазақстан-Түркия: іскерлік ынтымақтастықтың болашағы» атты іскерлер ортасының өкілдерінін конферен-циясы өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республякасының Президенті Н.Ә. Назарбаев және Түркия Республикасының Премьер-министрі М.Йылмаз қатыс-ты.  1997 жылы 3-7 қарашада Анкарада Ататүрік мәдени орталығы түрік мәдениетінің төртінші халықаралық конгресін ұйымдастырды, оның жұмысына Қазақстан тарапынан ғалымдар Б.Қарақұлов, Ә.Нысанбаев, Ш.Ыбыраев, К.Қадашева қатысты.33

1998 жылы маусымда Н.Ә.Назарбаев  ресми сапармен Түркияға барды. Келіссөз барысында Қазақстан  мен Түркия арасындағы екі  жақты ынтымақтас-тықты нығайтудың  негізгі жайдайлары талқыланды.34

2000 жылы 7-14 сәуірде Сулейман Демирель  университетінде (Спарта қала-сы, Түркия) «Түрік әлемінің мәдениеті мен  өнері» атты халықаралық симпозиум  ұйымдастырылды, оның жұмысына Қазақстаннан 10-ға жуық адам қатысты. Мұнда  мәдениет пен өнердің қазіргі  даму нышандары мен келешегі  туралы үлкен талқылау, пікір  алысу орын алды.

2000 жылы 30 мамырда мәдениет, ақпарат  және қоғамдық келісім министрі  А.Сәрсенбаев Түркия Республикасына  ресми сапармен барды. Сапар кезінде  министр Түркия Республикасының  Президенті Ахмет Неждет Сезермен, Вице-премьер-министр Девлет Бахчелімен, мемлекеттік министр Абдулхалук  Мехмет Чаймен, мәдениет. министрі  Истемихан Талаймен, діни істер  басқару төрағасы Нури Йылмазбен  кездесті.

Министр Мәдениет министрлігі және Билькент университеті бірігіп ұйымдастырған Билькент университетінде өткен «Қазақ-түрік достық күндері-не» қатысты. Мереке барысында Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабының тұсау кесері етті және «Республика құрдасы» атты деректі фильм көрсетілді, қазақстандық және түрік әртістерінің біріккен концерті берілді. Сондай-ақ, Министрдің сапары теледидар каналдарында көрсетілді.

Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияның қабылданғанына 10 жыл толуына байланысты 2000 жылы қазанда Анкарадағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Түркия Мәдениет министрлігімен Ынтымақтастық және даму агентігімен (ТИКА) бірігіп, бірнеше қалаларда қазақ-түрік достығының кештерін өткізді. Іс-шаралардың бағдарламасында Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынын тұсау кесері, әдеби шығармалардың көрмесі, қазақстандық әртістердін концерті өткізілді.

2000 жылы қазанда Түркістан қаласының  І500 жылдық тойына құрметті қонақтар  қатарында Түркия Президенті  Ахмет Неждет Сезер келді. Ресми  сапар шеңберінде ол Астанада, Шымкентте, Түркістанда болды. Онымен бірге министрлер мен депутаттардан (70 адамға жуық) және пресса өкілдерінен (50 адам) тұратын делегация келді. 2000 жылы 19 қазанда ресми сапар шеңберінде Түркия Республикасының Мәдениет министрі Истемихан Талай Қазақстанға келді. Осы мерейтойға арнап ТИКА агенттігі «Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи және ғимараты» атты кітапты басып шығарды.

2001 жылы 20 сәуірде ҚР Президенті  Н.Назарбаев Стамбұлда өткен түркі  елдерінің 7-саммитіне қатысты. Мұнда  түркі елдердің экономикалық  және  әлеуметтік-мәдени ынтымақтастықтың  келешекте  даму  мәселесі қаралды.  2001 жылы сәуір айының басында ТР Пардаментінің төрағасы Өмер Изги ресми сапары кезінде Астанада, Алматыда, Шымкентте, Түркістанда болды. Ол ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен,

ҚР Парламент терағасы Ж.Тұяқбаевпен кездесті. Кездесу барысында казақ-түрік зкономикалық және мәдени қарым-қатынастарының соңғы жылдары қарқындылығы артқаны аталып өтілді, сондай-ақ парламент дәрежесінде қарым-қатынастардың даму қажеттілігі білдірілді. Сапар кезінде оны Қазақстандағы ТР Елішісі Чинар Алдемир алып жүрді. О.Изги Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды және осы университеттің кұрметті профессоры болып сайланды.35

2001 жылы маусым айының басында  Астана қаласында Қазақстан мен  Түркия арасындағы экономикалық  ынтымақтастықты дамыту комиссиясының 2-жиналысы өтті, түрік делегациясын  мемлекеттік министрі Абдулхалук  Чай, қазақстандық делегациясын  Вице-минисір И.Тасмағанбетов басқарды. Бұл комиссияның бірінші жиналысы 1999 жылы қыркүйекте Анкарада өтті.

2001 жылы маусымда Астана қаласында  Анкара күндері өтті. Оған Анкарадан  осы қаланың әкімі Мелих Гокчек  бастаған делегация кейін 2001 жылы 8 маусымда түрік өнер адамдарының  концертіне ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев  қатысты.

2001 жылы 20-29 маусымда Билькент университетінде  «Әлемдік интеграция және Орта  Азия Республикаларының сауда  саласындағы ЖИЦИ проблемалары»  тақырыбында семинар өтті, оның  жұмысына барлық Орта Азия  республикала-рының өкілдері, оның  ішінде Қазақстан қатысты.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес 1990-жылдардан бастап Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасында тұрақты дипломатиялық қатынастармен қатар екі туысқан ел халықтарының мәдениет, білім мен ғылым, рухани саладағы байланыстарының негізі қаланғанын тұжырымдауға болады.

Бұл саладағы. қарым-қатынастар екі мемлекеттің сыртқы саясатындағы бүгінгі басым бағыт екенін атап айтқан жөн. Мәдениет пен онер, білім мен ғылым саласындағы екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас тарихи шығу тегі бір халықтардың бір кезде үзіліп қалған рухани бауырластығын қайта қалпына келтіру жолында қызмет етіп қеле жатқанын мемлекет басшыларынан қарапайым халыққа дейін мойындайтынын паш етуге болады. Бұл Қазақстан мемлекетінің өтпелі кезеңде шетелдермен байланысын нығайтудың айқын көрінісі деуге болады. Қазақ-түрік мәдени байланыстарының үлгісімен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы көптеген алыс шетелдермен осындай бағытта тұрақты байланыс орнатуға ұмтылыс жасауда, бұл тұрғыда едәуір табыстарға қол жеткені де аян.36

Алайда өтпелі дәуірдің экономикалық қиындықтарына байланысты мұндай қарым-қатынастардың жоспарланған түріңде толық орындалуының да қиындық-тары бар екенін мойындау керек. Қаражат тапшылығы қоғамдық ұйымдардың, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің әртүрлі шараларға жиі қатынасуына, мамандардың үлкен топ болып өзара алмасуларына кедергі келтіріп жүргені аян. Әйтседе қазіргі мәдени қарым-қатынастардың тәжірибесі бұл бағытта зор қадам жасалғанын дәлелдейді. Бұл түркі елдерінің келешекте де мәдени-рухани саладағы интеграциясының негізі деп айтуга болады.

 

1.3. Қазақстан Түркия  бірлескен кәсіпорындардың құрылуы  және оның қызметі.

 

Түркия – Қазақстанның аймақтағы сенімді сауда-экономикалық әріптесі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 2,9 миллиард АҚШ долларын құраған. 2011 жылдың қорытындылары бойынша бұл сан 3,9 миллиард АҚШ долларына жетті.

Бұл тұрғыдан қарағанда, осы жылдың 22-24 мамырында өткелі отырған Түркия Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға ресми сапарының маңызы зор. Р.Т.Ердоған V Астана экономикалық форумына, сондай-ақ қазақ-түрік іскерлер форумына қатысады. Екі ел арасындағы 20 жылдық мерейтой шеңберінде ұйымдастырылатын Түркия Премьер-министрінің ресми сапары қазақ-түрік әріптестігінің тереңдеуіне, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға жаңа серпін беретініне сенемін. Сапар барысында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құру және «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына қол қою көзделуде. Олар жақын келешекте Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда көлемін 10 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтуға бағытталып отыр.

Біздің елдеріміз арасындағы өзара сауданың көлемін ұлғайтуға және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға тікелей ықпалын тигізетін мейлінше маңызды бағыттардың бірі – көлік саласы. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды тежеуші бір фактор жүктердің автомобильдік тасымалдау арқылы жеткізілуі болып табылады. Бұл орайда, Қазақстан мен Түркия арасындағы темір жол магистралін жолға қою керек деп ойлаймыз. «Түркия – Иран» және «Иран – Түркіменстан – Қазақстан» және «Карс – Ахалкалаки – Тбилиси – Баку» темір жолдары магистральдерін салып бітіру Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын және Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға тасымалдауды едәуір ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдау көлемін көбейтуге және тарифтерді азайтуға, Каспий аймағы мен Еуропа арасындағы тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді.

«Орта Азия мен Кавказ тауының маңында орналасқан түрік мемлекеттерінің арасында экономикалық ресурстарға өте бай Қазақстан қазіргі тұста, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыта отырып, елімізге шетел капиталын тартумен қатар біріккен кәсіпорындарды арттыруға күш салуда. Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан бері өмірде болып жатқан ауыр экономикалық дағдарысты жоюды реформалық бағдарламаларды жасауды талап етті. Бағдарламаға сәйкес өкіметтің кейінгі бағыты инфлияцияны азайту, макроэкономикалық тұрақтылықты жаңадан қамтамасыз ету, экономикалық тоқыраудан шығу және жеке секторды жандандыру мақсатында әртүрлі реформалар бастатты».37

Қазақстанның «ішкі экономикалық саясатын» республика салаларында тағы да экономикалық блок жоспары және жекеленген елдер мен жұмысқа бағытталған басқа экономика біздің экономикамыздың қосымша. Мұнда стратегияны дұрыс таңдау қажет, екі  жақты экономикалық қатынасты талдау механизм ЕЖ. ЕҚ. Бұл жоспар ЕЖ. ЕҚ-ның дамуын қызығушылығын Түркия республикасымен қарастыратын Қазақстанның негізгі әріптегі ішкі экономикалық байланыс Таяу және Орта Шығыс аймақтарында.

Түркия тәжірибесі –Қазақстан өндіріс, технологиясы, ауыр машина құру, мұнай-химия, коммуникация, жеңіл және тағам өндірісінде, ауыл шаруашылығында және экономикалық басқа облыстарында Түктің орта және ірі капиталы орнығуы біздің проекттерге инвеститцияландыру. Басқа сөзбен біз ЕЖ.ЭҚ-н ұруымыз қажет экономикалық ел ретінде. Біздің экономикалық әріптесіміз қандай?

Қазіргі Түркия-индустриалды-аграрлы ел орта күшпен шығарушы деңгейде дамыған. Оның экономикалық дамыған жылдамдатылған динамикасы 1980 жылы арасында байқалды. Сайлау нәтижесінде укіметке Отандық партия ірі өндірістерді ьанк капиталына бөлді, материалдық емес өндірістің дамуы. Оған әлеуметтік инфраструктура, сауда және т.б.38

 «Экономикалық либерализм саясаты жеке кәсіпкерлердің және базар механизимін Түркия мемлекетін реформада 1980 жылдардың өзінде-ақ өте бастады дағдарыстан шығару ірі өндіріс саласында, банкісі, қызмет көрсету, арқылы дағдарыстан шығаруда еді».

Индивифатты жоспарды тану негізінде әлеуметтік-экономикалық жоспар бойынша даму бүтіндей елдің макроэкономикалық тұрақтылығы және ұлттық өндіруші пункттің дамуы. Қазақстанның «ішкі экономикалық саясатын» республика салаларында тағы да экономикалық блок жоспары және жекеленген елдер мен жұмысқа бағытталған басқа экономика біздің экономикамыздың қосымша. Мұнда стратегияны дұрыс таңдау қажет, екі  жақты экономикалық қатынасты талдау механизм ЕЖ. ЕҚ. Бұл жоспар ЕЖ. ЕҚ-ның дамуын қызығушылығын Түркия республикасымен қарастыратын Қазақстанның негізгі әріптегі ішкі экономикалық байланыс Таяу және Орта Шығыс аймақтарында.

Түркия тәжірибесі –Қазақстан өндіріс, технологиясы, ауыр машина құру, мұнай-химия, коммуникация, жеңіл және тағам өндірісінде, ауыл шаруашылығында және экономикалық басқа облыстарында Түктің орта және ірі капиталы орнығуы біздің проекттерге инвеститцияландыру. Басқа сөзбен біз ЕЖ.ЭҚ-н ұруымыз қажет экономикалық ел ретінде. Біздің экономикалық әріптесіміз қандай?

«1995 жылы шілде айында жетінші бес жылдық жоспар 1996-2000 жылдары дамуын бөлігімен қарастырады. ВНП-ның жылдық өсімі 5,5% көлемде, бес жылдың соңында ВНП –структурасындағы экономика секторлары мынандай салаға бөлінеді. Индустрия-27%, ауыл шаруашылығы-13%, қызмет көрсету-59%, 2000жылға ұлттық табыс, тұрғындар жанына 3340-3530 АҚШ долларын құрады. Жұмыссыздық деңгейі-7,7%-ке дейін төмендеуі мүмкін».

Информация о работе Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа