Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ.doc

— 644.50 Кб (Скачать файл)

 

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  МӘДЕНИЕТІН, ҰСТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ  ТҰРҒЫСЫ

1.1 Қарым-қатынастың психологиялық  сипаттамасы

1.2 Студенттердің қарым-қатынасының  этно-мәдени негіздері

1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

 

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ  ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ  ЗЕРТТЕУ.

2.1 Психолог студенттердің  қарым-қатынас мәдениетін ұстануы  және игеруін эксперименталды  зерттеу процедурасы

2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды  зерттеу нәтижелері

2.3 Ұсыныстар

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Кіріспе

 

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда. Оған Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады. 2004 жылы ақпан айында Үкіметпен қолдау тапқан Білім тұжырымдамасы болашақ мамандарды оқыту-тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, оларға педагогикалық, психологиялық көмек беруді мақсат етті. Ал студенттердің қарым-қатынас жасау мәдениетінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өзін-өзі дамытуға жауапкершілігін арттырады. Студенттердің қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруі сондықтан да қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.

Қазақ халқының қарым-қатынас мәдениетіне деген көзқарастың өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының рухани құндылықтары мен әдет-ғұрыптарын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстанған. Бұл ретте қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі туралы алғаш еңбек жазған Н. Құлжанова болды. Қ.Т. Шериязданова мен оның шәкірттері қарым-қатынасты болашақ педагогтерді кәсіби дайындау негізі ретінде қарастырған. Алайда қазіргі кезде қазақ студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін игеруін, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбек жоқтың қасы екені анықталды. Сонымен, жоғарғы оқу орындарында қарым-қатынас мәдениетін игеру, оны студенттердің оқу тәрбие үрдісіне енгізу деңгейінің төмендігі мен жастардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта игеруін жүзеге асыру қажеттігі мен оны ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар туып отырғандығы анықталды.

Біз психолог студенттердің қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастыру барысында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын:  «Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктері» деп белгіледік.

Зерттеу объектісі – психолог студенттердің оқу кәсіби іс-әрекеті.

Зерттеу пәні – психолог студенттердің оқу кәсіби іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетін ұстануы.

Зерттеу мақсаты – психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы – егер психолог студенттердің оқу кәсіби іс-әрекеттері нәтижелі болса онда олардың қарым-қатынас мәдениетін ұстануы мүмкін болады. 

Зерттеу міндеттері:

  1. Қарым-қатынас мәдениеті мәселесінің психологиялық педагогикалық негіздерін теориялық тұрғыдан талдау.
  2. Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануының үлгісін жасау.
  3. Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеруімен олардың оқу кәсіби іс-әрекетінің нәтижесі арасындағы байланысты ашу.
  4. Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануға арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеу.

Жетекші идея – психолог студенттердің ұлттық құндылықтарды ұстануы және болашақ мамандықтарына деген оңды қатынасы қарым-қатынас мәдениетін жоғары дәрежеде игеруіне негіз болады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері мен деректі көздері.

Жеке тұлға дамуындағы іс әрекет пен өзара қарым-қатынас теориялары, этно-мәдениет және оның оқу тәрбие үрдісіндегі тәрбие рөлі жайлы ілімдер, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, білім беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар).

Психологиялық мәдениеттің теориялық және әдіснамалық негіздерін О.С. Газман, П.С. Гурьевич, В.С. Библер, Е.А. Климов, О.И. Мотков, Н.Н. Обозов, А.А. Бодалев қарастырды.

Зерттеудің көздері: Психологиялық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту саласындағы ғылыми еңбектер, білім беру саласындағы заңды және нормативті құжаттар, оқу әдістемелік және бағдарламалық құжаттар, педагогтардңы және психологтардың мәдениет танушылардың, философтардың зерттеулері мен монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары және білім беру мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары.

Зерттеу әдістері: әлеуметтік, философиялық, тіл білімі, мәдени психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің теориялық талдауы, бақылау, әңгімелесу, сұрақ-сауалнамалар, эксперимент әдістері. Зерттеу жұмысында қарым-қатынас мәдениетін игеруге бағытталған арнайы ойын жаттығулар көрсетіледі.

М. Снайдер «Қарым-қатынастағы өзін-өзі бақылау» тесті.

«Қарым-қатынастағы коммуникативтік бақылау деңгейі» тесті.

Анкета «сіз қарым-қатынас мәдениетін қалай түсінесіз»

«Қарым-қатынас» тесті.

«Қарым-қатынас мәдениеті» тренингтері.

 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  1. «Қарым-қатынас мәдениеті», «жеке тұлғаның сөйлеу мәдениеті» ұғымдарының мәні нақтыланып, олардың құрылымы мен қызметі анықталды.
  2. Алғаш рет психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеру ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан қарастырылды.
  3. Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстанудың   үлгісі жасалды.
  4. Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстанудың жүйесі мен әдістемесі тәжірибелік эксперименттен өткізіліп дәлелденді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: Қазіргі жағдайдағы қазақ психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеруі теориялық тұрғыда негізделіп, әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарының, мектептің және бала-бақшаның оқу тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.

Зерттеудің атқару тәртібі мен кезеңдері: Зерттеу жұмысы 3 кезеңде жүргізілген. Бірінші кезеңде 2007 жылы зерттеу тақырыбы алынып, оның мақсаты, пәні және міндеттері айқындалды. Осы мәселе бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық мәдениеттану әдебиеттеріндегі оқу-ағартушылардың еңбектеріне шолу жасалды. Психологиялық қарым-қатынас мәдениет ұғымының ғылыми-теориялық негіздері зерттелінді. Екінші кезеңде (2007-2008 жыл) жиналған материалдар, дерек көздері педагогикалық психологиялық ғылымның теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынып жүйеленді. Тақырыптарға байланысты мақалалар жарық көрді. Үшінші кезеңде 2007-2008 жыл эксперименттік зерттеу бағдарламасы құрылып, диагностикалық әдістемелер таңдалынып алынды. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді сараптап нәтижелігі тексерілді. Ғылыми болжам дәлелденіп, әдістемелік ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу базасы:

Эксперименттік жұмыс С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде психолог студенттерімен жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Зерттеу қағидаларының психология ғылымының жетістігіне сүйенумен алынған қорытындылары мен, қазіргі “Қазақстан Республикасының білім берк мекемелеріндегі тәрбиелі кешенді” бағдарламаға сәйкестілігі мен және олардың теориялық, әдіснамалық тұрғыдан негізделу мен зерттеу әдістерін тиімді пайдалану мен жүргізілген эксперименттің нәтижелері мен қамтамасыз етілген. “С. Аманжолов оқулары” (2005 жыл) ғылыми-практикалық конференциясында “Қазақ халқының қарым-қатынас жасау шарттары, қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу”, “Халықаралық келісім: тәжірибе, мәселелер және олардың шешу жолдары” атты халықаралық ғылыми практикалық конференциясында “Қарым-қатынастағы мәдениет мәселесі”, “Баланың және жеке тұлғаның әлеуметтенуіне құрдастары мен қарым-қатынас пен этностың әсері” атты тақырыптарымен баяндамалары жасалынып мақалалар жарық көрді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу кіріспеден, үш тараудан, тараулар тараушалардан, қорытындыдан қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кірісіпеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми апараты: мақсаты, міндеттері, нысанасы, пәні, болжамы, жетекші идеясы, теориялық және әдіснамалық негіздері, деректі көздері, базасы, нәтижелерінің дәлелділігі мен практикалық енгізілуі баяндалады.

Бірінші бөлім қарым-қатынастың және мәдениеттің психологиялық тұрғылары деп аталып қарым-қатынас мәденетінің ұғымының педагогикалық психологиялық ғылымдардағы мәні мен маңызы қарастырылады. Ғалымдардың ой пікірлері талданып қарым-қатынас мәдениетінің құрылымы мен механизмдері сипатталады.

Екінші бөлім “Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игерілуі деп аталып -----------

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ  МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ

1.1 Қарым-қатынастың  психологиялық сипаттамасы

 

Адамдар қарым-қатынасы көп қырлы. Қарым-қатынас кезінде информациялар мен эмоциялар ауысуы болады. 7 (4б)

«Коммуникациялық дарындылық» дәрежесі жоғары жүйке жүйесінің әрекетіне, отбасы мен мектептегі тәрбиеге, адамның тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік мәдени себептерге байланысты болады.

Тұлғаның сәйкестік, эмпатия, әлеуметтік психологиялық рефлексия, децентрация, атрибуция, физиогномикалық редукция, стерео топтаурын, топтық идентификация қарым-қатынас механизмдері болып табылады.

Адамды түсіну үшін әртүрлі сапалы әдістер қолданылады. Физиогномикалық редукция – адамды түсінудің қарапайым таралған түрі. Адамның түр сипатына өзін ұстауына, бет әлпетіне, тұрпатына, дене құрылымына жүрісіне қарап ішкі, психологиялық қорытынды жасау.

Барлық ұлттық мәдениетте көптеген физиогномикалық пайымдаулар мен ырымдар көп. Адамның маңдайына, ерініне, көзіне, қолына қарай ол адам туралы алғашқы пайымдаулар болады. Австрия пасторы Лафатер және оның досы корреспондент Карамзин адамдардың мінездерін, қабілеттерін, тіпті тағдырларын анық анықтаған. Физиогномикалық редукция механизмі пайдалы егер оның абсолютті дәлдігіне және сенімділігіне талап қойылмаса. 7 (6б)

Физиогномикалық редукция механизмі жақсы ма әлде жаман ба?

Бір жағынан өте ыңғайлы адамдарды түсіну құралы, ал екінші жағынан көптеген қателіктер көзі. Ол түсінікті жағынан, түсініксіз жағына қарай тең ауысады. Енді тұлғааралық және топаралық адамдарды түсіну механизмін қарастырайық.

Бірінші механизм үйреншікті жағдайда, жақсы  танитын адамдардың әсерлесуінен болады, ал екінші механизм үйреншікті емес жағдайда таныс емес адамдар арасында болады. Физиогномикалық редукция топаралық механизмдер класына жатады. 7 (7б)

Мұның негізінде түсінудің күрделі, нәзік механизмдері пайда болады. Мысалы: идентификация, рефлексия, эмпатия.

Оларға мынадай буындар жатады:

  1. Әлеуметтік категоризация
  2. Топтық идентификация
  3. Әлеуметтік салыстыру
  4. Топаралық дискриминация
  5. Стереотаптаурын

Әлеуметтік категоризация – бұл қоршаған ортаның оқиғалары мен адамдарды категориларға қарай бөлу. Олардың кейбірі тұрақты, кейбіреуі ситуативті. Біз адамдарды әйелдер-еркектер, жас-кәрі деп,  өз елінің адамы – шетел адамы деп оңай бөлеміз. Ал интелегентті (зиялы) және интелегентті емес, бай-кедей деп бөлу күрделірек. Адамдар кейбіреулері ақ-қара әлемінде, кейбіреулері түстердің бай әлемінде өмір сүреді.

Бізді қоршап жүрген адамдар қандай категорияға жатады, біз білмейміз. Ең бастысы біз өзімізді қай категорияға жатқызатындығымызда. Бұл процесс топтық идентификация деп аталады. Топтық идентификация индивидтің «Менінен» «Бізге» өту. Әрбіз «Біз», «Оларсыз» өмір сүре алмайды.

Әлеуметтік салыстыру механизміне келдік. Бұл жерде адамдар салыстырылмайды. Топтар салыстырылады «Біз», «Олар» «Біз» бен «Оларды» салыстырғанда қандай нәтиже шығады? Әрине ол, «Біз»-дің пайдасына шешіледі. Топаралық дискриминация – егер «Біз» бен «Олар» ды салыстырсақ «Олардың» дискриминациясын көреміз. «Біз» аздап болса одан жақсырақпыз.  Батыстағы авторлардың ойынша, позитивті әлеуметтік сәйкестікке ұмтылу, адамның фундаменталды қажеттіліктеріне жатады. Егер топтағы мүшелік басқа адамдардан жоғары тұруға мүмкіндігін бермесе, ол «Біз» ді өзгерте алады.

Егер мұнда да солай болса, өзін-өзі бағалауы төмендейді, невроздар пайда болады. Осылай, осы механизмдер іске кіріскенде біздің басқа адамдарды түсінуіміз бұрмаланып, дәл көрінбейді. Ол интоптық фаворитизм деп аталады. Адамдардың бағалауынша «Өзіміз» және «Бөтен» деп бөлінеді. Психологиялық қиындықты төмен статустағы топтар шегеді. 7 (13б)

Стереотаптаурын – бұл терминді американ журналисі және жазушысы Липпмани қолданады. Оның қысқа анықтамасы «Олар бәрі осындай» дейді. Мысалы шведтер – үндемейтін, әйелдер – тұрақсыз, еркектер – алдампаз. Бірақ бәрі біледі, олар әртүрлі болады. Сондықтан стереотип адамдар түсіністігі арасындағы кедергі.

Атрибуция және децентрализация.

Информация о работе Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы