Сабыр Рақымовтың жастық шағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.

Файлы: 1 файл

Нуржан диплом.docx

— 149.18 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың 40 – жылдарындағы ІІ Дүниежүзілік соғыстың шеңберінде өткен Кеңестер Одағы мен фашистік Германия арасындағы қанды шайқасқа жылдар ұзақтығына қарамастан, тағы да біраз көз салуға мәжбүрлеп отыр. Кеңестік дәуірдің идеологиясына сай тарих беттерінен өзінің жасаған еңбектеріне сай көп жылдар бойы лайықты орынын таба алмай келген бір азамат жөнінде орыс тілді деректерде мынандай бір ойды кездестірген едік: «Нет, время для полного портрета (его) еще не пришло. Но оно придет (он) должен возвратиться к нам в дни переосмысления пройденного страной пути, глубокого осознания великой ценности единения, сплочения демократии как спасительной силы, противостояния раздору, конфликтам, ожесточенной борьбе, как оружие гражданского мира против ... войны».

Біздің ойымызша өте орынды, түсіне білген адамға - өте тыңғылықты айтылған ой. Және де бұл Сабыр Рақымовқа өте байланысты деп айтуға әбден лайықты.

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан  тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі. Ал бұл бүкіл Одақ көлемінде жүргізілген жұмылдырудан қарағанда әлдеқайда жоғары болатын [1]. Деректерге қарағанда, 620 мыңға жуық қазақстандықтардың елге аман-есен қайтып оралуы марқұмдар маңдайларына жаралмаса, олардың барлығына бірдей әлі күнге дейін белгі қойылып, есімдері тасқа қашалып жазылмай отыр.

Уақыт көрсетіп отырғандай, түрлі  себептерге байланысты соғыс кезіндегі  кеңес адамдарының бастарына  түскен соғыс ауырпалығы туралы шындық жасырынып келген. Кеңес үкіметі мен партия басшыларының соғыстың алғашқы кезеңдеріндегі жіберген үлкен кемшіліктері, мысалы, оқулық беттері түгіл, сол қанды оқиғалардың амалсыз куәгерлері болып келген адамдардың санасынан «аластатуға» дейін барып жатқан. Әсіресе ұлт өкілдерінің қаһарман әрекеттері көлегейленгендігі тіпті ойға симайды.

Тақырыптың зерттеу деңгейі. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде дивизия командирі генерал Сабыр Рақымовтың есімі қазақтың ұлттық тарихына мәңгілікке енді. Аты аңызға айналған генералдың ұлты қазақ екені баршаға белгілі. Бұл туралы осы уақытқа дейін айтылып, әрі жазылып жүр. Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі Қазығұрт ауданының тумасы.

Генерал-майор  Сабыр Рақымовтың өмірбаяны және әскери қызметіне қатысы мына мәселелерге тоқтауды жөн көріп отырмын. Біріншіден, офицер Сабыр Рақымовтың өмір мен әскери қызметі ғылыми, тәрбиелік мәні бар және кәсіби қызметі баршамыз үшін өте маңызды. Екіншіден, бұл ұлы тұлға қазақ тарихында жалғаз ғана үш дивизияны басқарған генерал, сондықтан орны мен үлгісі ерекше және мәңгілік.

Диплом жұмысының мақсаты. Сабыр Рақымовтың өмір жолы -  бүгінгі патриоттық тәрбие бұлағы.

Зерттеудің міндеті.

  • С.Рақымовтың балалық шағын зерттеу;
  • С.Рақымовтың 1921 -1941 жылға дейінгі әскери қызметін талдау;
  • 1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі С.Рақымовтың әскери қызметін зерттеу;
  • С.Рақымовтың әскери шеберлігі мен жеке басының қасиеттерін зерттеу;

Зерттеудің әдістері. Зерттеудің міндеті мен мақсатына сәйкес әдебиеттерден тақырып бойынша жиналған мәліметтерді ғылыми, тарихи, обьективті талдау, тарихи салыстыру және қорыту әдістері қолданылды.

Зерттеудің деректері. Дерек көзі ретінде Л.И.Юсупов пен А.И.Исмайлов және де т.б. авторлардың еңбектері болып табылады.

Тәжірибелік құндылығы.Диплом жұмысының негізгі нәтижелері мектеп оқушыларына және студенттерге оқу – әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

1 САБЫР РАҚЫМОВТЫҢ ТУҒАН ӨЛКЕСІ

 

1.1 Сабыр Рақымовтың жастық шағы

 

Сабыр Омарұлы Рақымов 1902 жылдың 25 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазығұрт ауданы,Көкібел ауылында туған.

Сабырдың сегіз жасында  анасы Ташкенттегі ағасы Рақымның қолына көшіп барған.Сабырдың отбасы Өзбекстанға көшу себептерін қазір  құжат арқылы анықтаудың мүмкіндігі жоқ.1907 жылы баланың бес жасында  әкесі Омардың өмірден өткендігі  себеп болуы мүмкін.

Сабыр Рақымовтың балалық  шағы,революцияға дейінгі Ресей  және Орта Азия мен Қазақстан сияқты отарлық балалардың өмірі жеңіл  бола қойған жоқ.Қарапайым қалың  бұқара халық кедейлік пен жоқшылықта өмір сүрді.Сабырдың хат танымайтын анасы ұлы мен қызын асырау үшін әртүрлі ауыр жұмыстарға жегілуге мәжбүр болды.1915 жылы жалғыз қарындас қайтыс болып,қайғы үстңне қайғы  қосылды. 1917 жылы анасы болды. Ешкімі қалмаған тұл жетім Сабырды балалар  үйіне өткізеді.Балалар үйінің директоры  Ш.Х.Хасанов деген татар жігіті еді.Алдын ала айта кететін жайт,Бакудегі әскери мектепті бітіргеннен кейін  жас офицер Рақымов Хасановтың қызы Әминаға үйленеді.Сабыр әйелін Магра  деп атаған,барлық құжаттарда осылай   деп жазылған.

Балалар үйінен кейін  Сабыр  Ташкенттегі тоқыма фабрикасының жұмысшысы  болып орналасады.Мұнда ол екі  жылдан сәл астам уақыт жұмыс  істеді.

ХХ  ғасырдың 20-жылдарында үлкен өндіріс ошағы болып  есептелетін тоқыма фабрикасының ұжымында Сабыр үлкендердің көмегімен  тоқымашы мамандығын игере бастады.Қоғамдық іс-шараларға жиі араласумен бірге жас жұмысшы өндіріс негіздерін терең меңгеріп,әрбір құрылғының қалай жұмыс істейтінін білуге талпынды. Осының нәтижесінде жылға жетер-жетпес мерзім ішінде тоқымашы мамандығын жақсы меңгеріп,өндірістік тапсырманы асыра орындауға қол жеткізді.Өндіріс ошағы және қоғамдық іс-шаралардың белсендісі ретінде Сабыр Рақымов комсомол қатарына қабылданды.

Кеңес дәуірінің миллиондаған жастары комсомол ұйымына мүше бола отырып,қоғамдық-саяси және моралдық тәрбие алды,аса ірі құрылыстарды салуға,қоғамның рухани және мәдени өміріне  белсене араласты.

Сабыр комсомол ұйымының белсенді мүшесі болды.Қазақстанның оңтүстік облыстары  кірген Түркістан өлкесінде кеңестңк ұйымдар 1918 жылдың басынан жұмыс істеуге кірісті [1,22].

Ташкент тоқыма фабрикасы  жұмысшыларының алдыңғы сапында  кедей отбасынан шығып көп  қиыншылықтар көрген жас жұмысшы  Сабыр Рақымовта та болды.Ол өз құрдастарының  арасында ыждағаттылығымен және жігерлілігімен көзге түсті.Кеңестік негіздегі  жаңа өмірді құруда жастарға үлкен  үміт артылды.Ташкенттегі ең алғашқы  жастар ұйымдары 1918 жылдың тамызында құрылды.Бұл Түркістан АКСР-і комсомолының бастауы болған ''Жұмысшы Жастардың Социалистік Одағы'' еді [1,23]

 

Революциядан кейінгі  аласапыран жағдайда жас жұмысшы  Рақымов қоғамдық-саяси бағыт-бағдар мен еңбек дағдыларын тоқыма фабрикасында,  осындағы комсомол ұйымында алды.Еңбек  жолындағы осы екі жыл Қызыл  Армияның болашақ тамаша командирінің қалыптасуна негіз қалады.

Алланың қалауымен С.Рақымов  Баку қаласындағы Біріккен әскери мектепте жақсы білім алып,арнайы дайындықтан  өтті.Әзірбайжан астанасы жұмысшы табы ерте қалыптасқан, жауынгерлік және революциялық  дәстүрге бай, Каспий теңізінің жағасындағы шығыстық мәдениет пен ғылым орталығы болатын.

Сырткавказда Кеңес өкіметінің орнауы жұмысшылары мен партия ұйымдары көп дәл осы қалада басталған  болатын.1918 жылдың 25 сәуірінде Бакуде Степан Шаумян басқарған кеңес өкіметі орнады [1,24]

Бакудегі Біріккен әскери мектепке Сабыр Рақымов  1922 жылы  қараша айында келді.1920 жылыдың сәуірінде  Әзірбаайжанда Кеңес өкіметі  қайта орнатылған болатын.Баку жұмысшылары  мен көпұлтты Әзірбайжан  елі  еңбекшілердің  революция  жетістіктерін  қорғау  үшін  кеңес  мекемелері  мен Қызыл Армия  отрядтарын  құра  бастағаны белгілі. Қанаушылар мен шетелдік езушілер  жоқ жаңа  өмірдің негізі  қалана  бастады.Ташкенттік жас  жігіт  осындай  рухани жане еңбек өрлеуі  жағдайындағы  Әзәрбайжан астанасына  тапболды.

Баку мектебі құрғақта соғысатын  атты  әскер  кадрларын  дайындайтын.  Азамат  соғысы  жылдарындағы  қысқа  мерзімді  курстар  1921  жылдың  басынан 2 жылдық әскери  мектептер  болып  қайта  құрылды.  1921  жылдың 25 маусымындағы  '' Әскери  оқу  орындарын  жасақтау  туралы '' РКП(б)  Орталық Комитетінің  хатында: "жақсы  оқытылған  және  саяси  шыңдалған  әскери басшы  кадрлар даярлау үшін  әскери  мектептерге  жұмысшы -шаруалар  қатарынан  саналы  жастар  іріктеліп  алынсын" деген  нұсқау  берілді [2,32].Офицер кадрларын  даярлау  туралы  тағы бір  құжатта: "Кез  келген  әскердің командирлер  құрамы-оның  әскери  және  таптық  рухының  жаны.Егер  әскеріміздің  командирлері  еңбекші жұмысшылар  мен  шаруалар  арасынан  шыққан  болса,сол  арқылы  әскердің  революцияшылдығы,оның  еңбекшілермен  ажырамас  байланыс  орнатылады. Оның  біден-бәр  мақсаты - капиталға  қарсы, халықтардың  бауырластығы  мен  социализм  үшін  берілгендігі  қамтамасыз  етіледі.[1,25].

Азамат  соғысының  атақты  қолбасшысы  М.В.Фрунзе   Сабыр  Рақымовтың  шабадоздық  өнеріне  тәнті болып:

-Есімің кім?

-Сабыр Рақымов.

-Қай  жерліксің?

-Ташкеттікпін.

-Үйіңде кім  қалды?

-Ешкімім  де.

-Демек, өмірің  жеңіл   болмаған  екен  ғой,  жолдас  Рақымов. Сен  әлі  жассың,Қуаныш  пен  бақытқа да жетерсің. Қиыншылықтардан   қорықпайтының  көрініп  тұр.  Солай ма?

-Дәл  солай.

-Ал енді өте  жақсы   дайындығың  үшін  командование  атынан  естелік  сый  тапсыруға   рұқсат ет,-дей келіп Михаил  Василъевич  Сабырға аттың   қола  мүсінін  тапсырды.

-Табыстарға жете  бер,жолдас  Рақымов,бақыт  тілеймін!

-Рахмет жолдас  Фрунзе! Кетуге  рұқсат  етіңіз.Фрунзе  Рақымовтың қолын  тағыда қысты,ал  курсант  атына қарай  бет  алды.

Кешке казармада бағалы сыйлықты  қолдан-қолға өткізіп қызыға қараған  курсаннтар Сабырдан  атақты  Фрунзенің  онымен  не жайында әңгімелескенін сұрады. Фрунзенің өзімен не туралы  сөйлескенін Сабыр бірнеше рет  қайталап  айтып берумен  болды.

Ұйқы  уақытын  хабарлайтын  керней сазы  естілгелі қашан,кезекшінің  жолдастарын  төсекке  жатуға  үгіттегеу әрекеті сәтсіз аяқталды,  курсанттардың  барлығы  өткен  күнді  талқылап, болашақты  армадады...  Профессор-майдангер  Леонид  Юсуповтың  Сабыр Рақымов  туралы  кітабында  әдеби-көркем  баяндалған  осы  эпизод  Сабырдың  Баку әскери мектебінде оқыған  жылдарын, курсанттар  арасындағы  РККА  болашақ  офицерлері  ортасындағы  қарым-қатынасты  толығымен  суреттейді.

Соншалықты жоғары  баға  алу  және  КСРО  халық  комиссары  марапатына  ие  болу - бұл  тарихи  оқиға  және  Қызыл Әскер  шежіресіндегі, кез  келген офицердің  жеке  тағдырында  сирек  кездесетін  жағдай.1924-1925  жылдардағы  РККА  әскери  реформасының  негізгі  ережелерінің  авторы, тәжірибесі  мол  халық  комиссары  М.В.Фрунзе  курсант  Рақымовтың  кәсіби жоғары  даярлығы  мен  әскери  дағдысын  лайықты  бағалаған  болатын.

Кеңес  Қарулы  Күштеріндегі  офицерлік  құрамның  жоғары  жауапкешілігін, елдің  әскери  қауіпсіздігін  нығайту  мен  әскердің  соғысқа  жоғары  даярлығын  қамтамасыз етудегі  командирлер мен саяси қызметкерлердің  айрықша рөлін  сөз ете  отырып,М.В.Фрунзе  төменднгіні баса  айтты: ''Кеңес  командирі өзінің тар шеңберіндегі  әскери  ісін ғана  біліп  қоймай, басқа да тұтас  таным-білімдермен  қарулану  тиіс.  Және де  өзі  тағайындалған  қызметке  толығымен  жауап  беретін  командир  болғысы  келетіндер  бұрынғы  командирлердің  бірде-бірі  білмеген  нәрселерді білуі  қажет. Біздің  қолбасшылар  тек  әскери  біліммен   ғана емес, саяси  және  экономикалық  білімдермен де  қарулануы тиіс,өйткені  ондай  білімсіз  әскерді сәтті  басқаруға  болмайды''[3,19].

Қызыл  Әскер  командирлерін  даярлаудың  осы  негізгі  талаптары  мен  әдіснамалық  қағидаларды  өтен  ғасырдың  20-30-шы  жылдарындағы барлық  әскери-оқу  орындарының  жұмысы  негізіне  жатады  және  өз  мәнісін   бүгінгі  таңда  да сақтауда.

Ақын  және  кеңестік  дәуірдің  жауынгері  А.Т.Твардовский  өз  қарамағындағы  адамдардыүйрету  мен  тәрбиелеудегі  және жауынгерлердің өмірі  мен  әскери  қызметінде дара басшы ретінде командирдің  рөлі айрықша маңызды екндігі  жөнінде  жазды.

Командир  халықтық  билік  атынын  бұйрық  пен өкім  беру құқығына  ие  және  қарамағандылар  үшін  қамқор әке, сонымен  қатар қатаң  сот болып  табылады[18,34].

Жаяу  және  атты  әскер  мектебі  курсанттарында  Қызыл  Әскер  командирінің  бейнесі  дәл  осылай  қалыптасты.Орта және жоғары  буын комадирлері,әдеттегідей  коммунистік  партия  мүшелері  болды.Болашақ  командирлерді  даярлауда  олардың  саяси білім  деңгейіне, олардың  болъшевиктер  партиясының  ісіне  шын  берілушілікті  тәрбиелеуге  байыпты  назар  аударылды.Қалай  дегенмен де  командирдің  идеялық  өнегелік  келбетінде  маңызды  талап  қойылды.

Өмір  жолы  мен  әскери  қызметін  мұқият  қарастыру  кезінде  біздің алдымызға  үздік  даярлықтағы  офицер  Сабыр  Рақымов  келеді. 1925 жылы  Баку  Біріккен  әскери  мектебін  аяқтаған  соң ол Самарқанд  қаласындағы  жеке өзбекстандық  атты әскер  взводының  командирі  болып  жолдама  алды [1,31].Баку  қаласындағы  үш  жылдық  оқу  артта  қалды,  Сабыр Рақыммов  қызметі  бойынша офицерлік  жоғарылудың  өзіндік  жолынан  өтті.Бұл жол Қызыл  әскерлерді әскеи іске  үйрету  бойынша  күнделікті  сабақтар  мен шайқас дабылдарына  толы ауыр  жол еді.

Информация о работе Сабыр Рақымовтың жастық шағы