Сабыр Рақымовтың жастық шағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін өшпес із, жазылмас жара қалдырды. Қазақстан тарихы, түптеп келгенде, әлем халықтары тарихында бұл соғыстың алар орны ерен. Себебі соғыстағы жеңіс талай адамдар өмірін сарп етті. Жеңіс құны - «Ұлы» идея мақсатында тәлкекке салынған миллиондар тағдыры болды. Кеңес азаматы Ұлы Жеңіс үшін ең жоғары баға - жанын пида етті. 1418 күнге созылған қан майданда миллиондаған басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, Қазақстаннан ғана 1,2 млн. адам майданға аттанған болса, 700 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек майданының «ащы дәмін» татып үлгерген еді. Қазақстанда майданға халықтың 25 пайызы жасақталғаны белгілі.

Файлы: 1 файл

Нуржан диплом.docx

— 149.18 Кб (Скачать файл)

Рақымов взводының  Китаб  қаласындағы (Қашқадария  облысы) алғашқы  шайқасын  Л.Юсупов  төмендегідей  сипаттайды:

"1925 жылдың  тамызында   Рақымов  Баку  әскери  мектебін  аяқтады және қаза  болған  досын  есіне алып,басыманшылармен   кескілескен күрес  жүріп   жатқан, Өзбекстаға сұранды.Бұл жерде  ол бейбіт  және тыныш  өмірге  емес,шайқастар мен жорықтарға  тап  болды.

Китаб қаласындағы  Тәңірберді датқамен  алғашқы  шайқас жеке Өзбек  атты  әскері командирі  Рақымовқа  әрі  қуаныш,әрі  қайғы  әкелді. Бұл  тіс  қаққан  көкжал  Сабырдың взводын  талқандап  жібере  жаздады,қарулас  жолдастарының  тапқырлығы  құтқарып  қалды.

Шекаралас мемлекет  территориясынан  жылжыған  бандыға  қарсы  Кавказ  полкінің  атты әскер құрамы жіберілді,оны  Рақымов  басқарды. Оның взводына қышлақ  маңайында  орналасқан  жеңіл  дала қаруларын жасыру бұйырылды. Шайқас  басында бәрі  жақсы  болатын.Қызыл  атты әскер  бандыны қышлаққа жібермей,жотаға  ығыстырды. Рақымов өз әсерлерімен  аулақтау  тұрды. Дегенмен артынан  қышлақ  жатқан  взводқа қырық  шақты  адам шабуылдады.   Басқыншылардың бұл  тобы сырт жақтан  елеусіз  өтіп  кеткен  екен.

 

1.2  Қызыл Әскер қатарындағы қызмет жылдары (1922-1941).

 

Алғашқы  сәтте  взвод  командирі  сасып қалды. Ол өз  әскерлері  тұрған  бағытқа жауларының  әбден жақындап  қалғанын  көрді. Тағы  бір минут өтсе-взвод жойылып,қарулар  басқынылардың  қолына  түседі.Баяулатуға  болмайды,Рақымов  взводтың  қарсы  шабуылға  көшуі туралы шешім қабылдады.Қызыл әскерлер жаумен шайқасты.Майдан ортасында жүрген  Рақымовқа зұлым басмашы тап  берді,оның қылышы  Сабырдың сол жақ  қолын  жанай өтіп,гимнастеркасынының шетін  жыртып,денесін  жарақаттады. Оған  жауап  ретінде  Рақымов  ызаланып, бар  күшімен  жауға  соққы берді,ал жауы  сол сәтте-ақ  аттан  құлады.Шайқас  даласына  взвод командирінің  жарақатын таңды.Осы  уақытта  көмет те келіп  жетті.Қызыл  әскер тағы  бір  күш  салғанда,басманшылар  жартысынан астам  әскерін  жоғалтып,тайып  тұрды.

Жиналу  белгісі  берілді. Сабырдың  взводы  негізгі күшке  қосылды.Командир  взвод командирін  мақтады, дегенмен, Рақымовтың  өзі  алғашқы  шайқас деңгейі  жоғары  болмағандығын  ұғынды".

1926  жылы  Рақымов   басмашылармен бірнеше рет шайқасқа  қатысты.Жыл басында басыманшылардың  барынша  көлемді  күші  Сұрқандарияның  сол  жағалауына  шоғырланды.Мұнда   Қашқадария  басымашыларының көсемі  Берді  датқа да  келіп   жетті.Селим-пашаның  жетекшілігімен  қалған  басмашы  топтарын  біріктіру  мақсатында  басмашылар  көсемімен  кездесу  жөнінде   жергілікті  халық арасында  әңгімелер   таралды.Бұған  жол  бермеу  үшін  Шығыс  Тәжікістанда  басмашылар  топтарына  қарсы  ірі  әскери шабуыл  жүргізілді.Оған8-  жеке  Түркістан  кавалериялық  тобы,3-ші  атқыштар  дивизиясы, 7-ші  атты  бригада  мен  өзбек   атты әскері қатысты. Шайқас  әрекеттеріне  КСРО  реввоенсоветінің  мүшесі  С.М.Буденный  мен  Түркістан   майданын  басқарушы  К.А.Авксентъевский  жетекшілік  жасады.

Шабуыл  барысында Рақымов  взводы  эскадрон  құрамында  әрекет  ете  отырып, Сұрқандария  арқылы  бағыт  алып,   жау  тылына  тереңдеп,  сосын  өзенге  қарай  бұрылып, басымашыларға  соққы  беру  туралы  тапсырма алды.Өздерін  әйгілеп  алмас  үшән  қапырық  шілде  түнінде  аттанды.

Жазық  далаға тереңдеп  ене отырып, эскадрон  өзенмен  қатарласа  қозғалды. Таң ата  бастады.Демалысты  ойлаған да  жөн  болар  еді,жазық  далада  жасырына  алмайсың: барлық  жер  тегіс, жазық, бурыл-сарғылт,түлкі түсіндей  болып  жатады.

Түс  ауа  күн  айрықша  қыздыра  бастады.Отряд  асықты. Ағаш та жоқ,бұтақ та жоқ, аптап ауа  жер  бетінде толқынмен жүзедіАттарды  тоқтатып,ерлері арқылы  оларды бір-бірінен  бір-екі метр қашықтықта сыңарлап  байлап,  жағымсыз  сәуледен қорғау  үшін жануарлардың  басын  бүркемеледі.

Өткен  ғасырдың 30-40  жылдарында  Қызыл  Әскерде қызмет  ету  әскери мамандықты үйретудің  теңдесі  жоқ мектебі болды. Ауылдан,қышлақтан  келген жас жігіттер  өздерінің  әлеуметтік-саяси  білімін шыңдады, олардың ішінен мыңдаған адам  сауат  ашып,заманауи  мәдениетке  араласты.Кеңес  әскерінің тұлғасын  қалыптастыру  міндеті  Сабыр  Рақымов сияқты  жас  офицерлерге  жүктелді.

Сабыр  Рақымовтың  офицерлік  қызметінің  алғашқы   5-6 жылы  Орта Азия әскери округінің атты  әскер  қатарында,Самарқанд пен  Мары  қалаларында өтті.1930  жылдың  қыркүйегінде  Рақымов басмашылар  отрядына қарсы соғысқан сол  жеке  өзбек  атты әскеріндегі  пулеметтік эскадрон  командирі  болып  тағайындалды. Соғыс  алдындағы  жылдарда  атты әскер  бөлімдері  өте көп  болды. Атты әскерлер  азамат  соғысы  кезінде  қалыптасқан  болатын[2,39]. Атты әскерлер  Ресей аумағында,сонымен қатар Орта Азия  далалары  мен шөлдерінде 1919-20 жылдардағы көптеген  маңызды шайқастарда шешуші  рөл атқарды.

Түркістан  майданы  құрамындағы  алғашқы  кеңестік  атты әскер  бөлімдері  М.В.Фрунзенің  бұйрығымен  1919 жылы  қазанында  құрылған  болатын.Алғашқыда  екі  атты  әскер  дивизиясы  болды [4,31].

20-жылдары Орта Азия  әскери округі құрамында жеке  ұлттық атты және атқыштар  полкы құрылды, оның құрамында  өзбек, түрікмен, қазақ, тәжік  және қырғыз дивизиондары болды.  Сонымен, 1925 жылдың ақпанында Самарқанда  өткен Өзбекстан Коммунистік  партиясының 1-съезінің шешімі  бойынша өзбек әскері қалыптасты. Съезд "Ұлттық құрамалар"  туралы қарар қабылданған болатын [2,40].

1924-1927 жж. ішінде Орта Азия  аумағында Жеке өзбек атқыштар  батальоны, Жеке қырғыз атты  әскер эскадроны, жеке өзбек  атты әскер батареясы мен жеке  атқыштар ротасы құрылған болатын.  Әмірлер, хандар мен жергілікті  шонжарлар билігін қалпына келтіруге  әрекеттенген әскери басмашлар  топтарына қарсы бағытталған  милиция отрядтарымен бірге ерікті  отрядтар да құрылды.

Басмашы   топтардың  жетекшілері Өзбекстан, Тәжікістан, Түркмения мен  Қырғызыстанның  оңтүстігінде  кеңес өкіметіне  қарсы  шықты. Осылайша  басымашылар  қозғалысы  Орта Азияның  көптеген  аудандарын  қамтыған  қатерлі  күшке  айналды.

Қызыл  Армия  және  жұмысшы  отряд  күштерімен Кеңес  билігін  орнатқаннан кейін  болъшевиктер бастаған  жаңа  өмірге  қарсы  басымашылардың  алғашқы  шабуылдарына  тойтарыс  берілуі  бейбіт  құрылыс  үшін  жағдай  жасады. Дегенмен,  ел ішіндегі  антикеңестік  топтар  мен сыртқы күштер  күштер  Орта  Азияны Батысқа  тәуелді  елге  айналдыруға  бағытталған ой-ниеттерді  жүзеге  асыру  және  қазіргі  Еуразияның тұтас  оңтүстік бөлігіндегі  өз  басымдығын  орнату  бойынша  іс-әрекетті  жалғастырды.

20-жылдардағы  басмашылықты  жандандыру сыртқы  күштердің   осы  жоспарларымен  байланысты  еді.Орта  Азия  елдері  ішіндегі  антикеңестік  күштер басмашылықты  пайдалана отырып, өз билігін  және бұрынғы  артықшылықтарын   қалпына  келтіруге  әрекеттенді.Басымашылықтың  негізгі  ошақтары  Ферғана  аймағы  мен Бұқар әмірлігі  болды.1922-1923 жылдардағы  басмашылық  кұштер  шабуылына  тойтарыс  берілді,1923 жылы жазда  Селим-паша, Ибрагимбек және Бұқар әмірі  Сейид Алимхан қолдау көрсеткен  Фузайл  Максум басымашылық   отрядтарына тойтарыс  берілді.

Басымашылықпен  күрес - ұзаққа созылған қатал соғыс,азамат соғысының  бір  бөлігі  ретінде біресе әлсіреп,бірде  жаңа  күшпен ұшқындай  отырып,15 жылға  жуық созылды.Ол Орта Азияның көптеген ұлттары арасынан шыққан қызыл әскерлер мен командирлер шайқасында көрініс  берген ерлік пен батырлық, табандылық пен жарқындық үлгісі болды.Революция  мен социализм  жаулары  ретінде  басмашылар батыс  буржуазиялық-демократиялық  мемлекеттерінің, Орта Азия  елдеріндегі  олардың агентураларының толық  қолдауын  пайдаланды.

Англо-американдық  тыңшылар мен миссионерлер басмашылық  отрядтарды қарумен,әскери  құралдармен,ақшамен  жабдықтады.Олар  басымашылар  отрядтарын құруға  тікелей  қатысты.

Қаруланған басымашылар  отрядтарымен күрес тарихы  елеулі  хронологиялық кезеңді  қамтиды  және кеңестік  режимді  орнату үдерісімен және  Орта   Азия  республикаларындағы  әлеуметтік-экономикалық және мәдени құрылыспен  тығыз  байланыстағы  проблемалардың  үлкен  тобын  біріктіреді [1,37].

Бұқара  мен  Хорезм  Халық  Кеңестік   Республикалар  аумағында  Түркістан  майданының басмашылық  отрядтарға  қарсы  белсенді  шайқас  әрекеттерінің  басталуы 1921 жылға  жатқызылады,ол кезде  Түркістан  майданы  атқыштар  және атты әскер  бөлімдері  шайқасқа  кіріскен  болатын [44,27].

1922 жылдың соңына  қарай  Түркістандағы  Қызыл әскер  күшінің  саны 100 мың адамға  жетті.Оларға қарсы 60 мың жігіт,  соның ішінде 26 мыңы  Ферғана обылысында  күрес  жүргізді. 1920 жылы қыркүйек  айында  Түркістан Орталық Атқару  Комитетінің  төрағасы  И.Хидиралиевтің  мәліметі  бойынша,тәуелсіздік   үшін күресушілердің  саны  "70 мың адам  болды  және  үрей  туғызды"[45,20].

1927-1928 жылдан  бастап  Орта  Азия әскери  округінің бүкіл   территориясында  басмашы   отрядтарын  жоюдың соңғы  кезеңі  басталды. Ұрыстар  Түркмения   территориясында, кейбірі  Қарақұм   құмдарында ыстық күн  мен  сусыз   қиын  жағдайда  өтіп  жатты. Осы  оқиғалар  туралы  біз  Л.Юсуповтың  кітабынан  біле  аламыз.

1929 жыл Орта Азияда  басмашылардың  соңғы  жанданған   жылы  болды.Жаңа жылдың  алғашқы   күндерінен-ақ, Түркмения аудандарының  бірнеше  шекарадан  басмашы   бандылар  кіре  бастады. Ақпан   айында  екі  ірі бандылық  отряд кеңес  территориясына,Төменгі  Чага  ауылына  енді.1929 жылдың  наурыз  айында  өзбек  және  тәжік  эмиграциясының басшысы,  Бұқараның  соңғы әмірі   Сайд Әлімхан  ірі  басмашы   бандаларының  жетекшілерімен  бірге   КСРО-мен  шекаралас жерде   құпия  кеңес  өткізіп, Тәжікстанға   басып  кіру  туралы  шешім   қабылдады. Біріккен  басмашы   күшін  басқару  Ибрагим-бекке  жүктелді. Сол  уақытта  Джунайд-ханның  басшылығымен  басмашылардың   екінші  бір ірі  тобы Түркменияға   басып  кіруге  дайын  тұрды.  Шекарадан  басмашы  отрядтары   аздап  кіріп  жатты.

Жергілікті халықтың  көмегіне арқа  сүйеп,қызыл  әскерлер екі  жыл  шекарашылармен бірге  кеңес  жерін басымашылардан  тазалап  отырды. Алайда, басмашылар  кезекті  талқандаудан  кейін  шекарадан  асып кетіп,біздің  жерге  қайта  келіп жатты. Қызыл  Әскер  шайқастардың  нәтижесінде шыңдалып,берік  бола  бастады.Үздіксіз  жорықтар мен табанды  оқып-үйретудің  арқасында  командирлік  кадрлар  өсіп  жетілді. 1930 жылдың  басындағы  шайқастардың  бірінде  эскадрон  командирі  Рақымов  аяғынан  жараланды. Жарақат  ауыр  болғандықтан  емханада  ұзақ уақыт  емделулерден  кейін  ол Ялтаға  "Өзбекстан" санаторийіне  жіберіліп, дәрігерлер  командирдің  әскери  қатарға  қайта  оралуы  үшін  барлық  жағдай  жасады.

Жарақаттан  айыққаннан  соң, Рақымов  уақытша  Ташкентке  келіп, сол 1930 жылы-ақ қайтыс  болған интернат  директорының  қызы  Магра  Хасановаға  үйленеді. Әскеридің  әйелі  болу оңай  емес, әсіресе  әскери жорықтар  жүріп  жатқан  кезде қиын  болды. Бөлімшеге  қайтып  келген эскадрон  командирі  Рақымов  тағы да  қызметінің  қамына  кірісіп  кетті.

1931 жылы  Ибрагим-бекті  жоюдың кезі келген шақта Тәжікстанға  19-тау-кавалериялық полкі  жіберілді.  Соның  ішінде Рақымовтың  эскадроны  да бар  еді. Оның  әскери  жорықта жүргеніне  алтыншы   жыл болды. Алайда оған  бұл   еш  қорқыныш  ұялатпады. Әскери  мектептің кезінен-ақ"Қауіп-қатерді  бір  орында  күтіп  отырмай,оған  қарсы  шығу  керек" деген   Суворовтың өсиеті жақсы есінде  болатын. Рақымов  өмір  бойы  осы  өсиетті ұстанып  келді.

Ибрагим-бектің  бандысын  жойғаннан  соң,әскери  бөлімдер  өздерінің  тұрақты  орындарына  оралды. Бейбітшілік  өмірдің  бірнеше  күнінен кейін  Рақымов  қайта  әскеи  жорыққа кетеді. Тағы да  Түркменияның  ыстық  құмдары  мен  құмды  дауылдары. Бұл  жолы  Оразгелді  бандысын  жоюға  тура  келді. Қарақұмның  алыс  түкпірінде  басмашылар  арға  уақыт  сала бейбіт  тұрғындарға  шабуыл  жасап, белсенділерді  өлтіріп  отырды.

Полк  екі  ай  бойы  шет-шегі  жоқ  құмда  Оразгелдінің артынан  жүріп  отырды. Бұл  жорық  оңай  болмады. Қалжыратқан  ыстық, бандылар  құдықтарды  көміп  кеткен. Адамдар  мен аттардың  әлсірегені  соншалық, полк  штабында қыс  мезгілінде  әскери  күшті қайта  қалпына  келтіруге  үміттеніп, қуғынды  уақытша  тоқтату  туралы  да  әңгімелер  болды. Егер  полкке  Орта Азия  әскери  округін  басқарушы  болып  П.Е.Дыбенко  келмеген  жағдайда,солай  болуы да  мүмкін  еді. Өңір  жағдайын  анықтап  алған  басшы  полкті сумен, азық-түлікпен  және  жем-шөппен үнемі  қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар  қолданды. Ол үшін  шөлге  жергілікті халық  арасынан мың шақты еріктілер келді.  Олар қиратылған құдықтарды қалпына  келтіріп, аттарға жем жинады. Бірнеше  күн демалған полк қайтадан белсенді әрекеттерге көшті. Көп кешікпей Оразгелдінің бандасы талқандалды.

1932 жыл. Полк Аннакули  басшылығымен Түркмнеияда пайда  болған жаңа бандаға қарсы  шығуға дайындалып жатты. Тағы  да қиын шайқастар, құмдардан  өту, қуғындар басталды. Жолаушы  таудағы өткелден кейін көптен  күткен елді мекеннің кездесетініне  сенетіні сияқты, Сабыр да осы  соңғы жорықтардан кейін тыныштық орнайтынына сенді. Әрине, мұндай уақыт та келді. Орта Азияда бейбітшілік орнады.

1930 жылдың аяғына қарай  басмашылардың негізгі күші талқандалды.Кеңес   билігін  сақтау және  нығайту   үшін  болған  күресте  Өзбек   кавалериялық  полкі және атқыштар  полкі белсенді  қатысты. Солардың  бірінде  эскадрон командирі   Сабыр  Рақымов  қызмет  етті. М.Меленевскаяның  повесінде   генерал  Рақымов  туралы  “Құдық  басындағы  ант”деп   аталатын  Қарақұм  құмдарындағы  шайқастардың  үзінділері  бар [42,123].

Информация о работе Сабыр Рақымовтың жастық шағы