Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат
Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.
Дәріс№1
Социалистік
қоғам құрылысының барлық
Өндіріс кәсіпорындары дегеніміз
қандай да болмасын бір өнімді шығаруды
қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтарының,
Өндірістік құрылыс деп өнеркәсіптің негізгі қорларын жасаумен айналысатын құрылыс саласын айтады,бұған қазіргі өндірістегі кәсіпорындарды кеңейту және қайта жарақтандырумен,сондай-ақ жаңаларын іске қосумен байланысты құрылыс салу және құрастыру жұмыстары кешенін атқару кіреді.Кеңес үкіметі кезінде ел экономикалық жағынан артта қалған аграрлық елден алдыңғы қатарлы индустриялдық социалистік державаға айналды,әлемдегі барлық өндірілетін өнімнің бестен бірін шығарып отырды,сөйтіп жалпы өндірісте көлемі бойынша Кеңестер одағы Еуропада бірінші орынға шықты.
1928 жылдан бастап халық
Кейбір бесжылдықтар кезінде 5 мыңнан астам аса ірі өндірістік нысандар іске қосылды.Бұлардың ішінен В.И.Ленин атындағы ДнепроГЭС-ті,Магнитор металлургия комбинатын,Волгоград және Харьков трактор зауыттарын,Растов ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру зауытын ,Ликачев атындағы Мәскеу ж/е Горький автомобиль зауыттарын т.б. ерекше атауға болады.Бұлар тек 1928-1932 жылдары салынғандары.1941 жылы басталған соғысқа дейін көптеген су ж/е жылу электр станциялары,машина ,станок құрылыс зауыттары салынып,Москва-Волга каналдары іске қосылды.Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген өндірістік кәсіпорындар қиратылып бүлінді,алайда елдің шығысында құрылыс жұмыстарының қарқыны бәсеңдеген жоқ.Тек осы жылдарда жаңадан 3500 өндірістік кәсіпорын іске қосылып,7500 ірі өндіріс орындары қалпына келтірілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде өнеркәсіп құрылысы бұрынғыдан да кең көлемде қанатын жайды,елдің европалық бөлігі мен шығыс аймақтарында жылу ж/е су эл.станциялары,сондай-ақ әлемдегі тұңғыш АЭС салынды.Өнеркәсіптің қара металлургия, химия, мұнай ж/е газ көмір өндіру, машина жасау салалары халық тұтынатын тауарлар өндіру салалары дамыды.Өндірістік құрылыстың аса ірі нысандары ретінде Волга ж/е Сібір өзендеріндегі қуатты су эл.станцияларын,жаңа Воронеж ж/е Беломр атом эл.станцияларын,Саратов химия зауытын ,Горький ,Волгоград мұнай өңдеу зауыттарын т.б. атауға болады.Өнеркәсіп құрылысының дамуына ,құрылыс индустриясы ж/е өндірістегі құрылыс материалдарының нығаюы көп әсерін тигізді.Соғыстың кейінгі жылдарында КСРО-да құрылысты дамытуға бағытталған көптеген қаулылар шығарылды,олардың ішінде мыналарының маңызы өте зор болды: «Жобалау мен құрылыстардағы кемшіліктердіжою»(1955ж), «Тұрғын үйлер ж/е әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды салу жоспарын қамтамасыз ету шаралары» (1983ж), «Халық шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті жеделдету шаралары туралы» (1983ж), «Күрделі құрылысты жоспарлау,ұйымдастыру ж/е басқаруды жақсарту туралы» (1984ж), «Күрделі құрылыста еңбек өнімділігін әрі қарай арттыру туралы»(1985ж), «Құрылысты сараптау ролі ж/е авторлық қадағалауды арттыру,жобалау сметалық істі әрі қарай жетілдіру туралы »(1985ж), «Елдің құрылыс кешенін басқаруды одан әрі жетілдіру туралы »(1986ж) т.б.Бұдан басқа құрылыс ісінде нормалауды тәртіпке келтіруді атауға болады.1955ж тұңғыш рет құрылыс ісі бойынша Құрылыс нормалары ж/е ережелері(СНиП) бекітілді.Осы жылдары өндірістік ғимараттарда стандарттық өнеркәсіп құрылымдары кеңінен қолданыла бастады.Олар технологиялық жабдықтарды қойып орналастыруда және қайта жарақтандыруда шешуші роль атқарып,ғимараттар құрылысына кететін шығындарды едәуір азайтты.
Ғимараттардың басым бөлігі типтік жобалар бойынша,көп жағдайда темір-бетон ж/е металл конструкциялар элементтері бар құрастырмалық материалдардан тұрғызылды.Өндірістік ғимараттардың салалық ж/е салааралық көлемділік схемалары жасала бастады.Жалпы өндірістік құрылыста оның техникалық деңгейі ұдайы жетілдіріліп отыруды,темірбетон ж/е металл құрылмалар ірілендіріліп,қол еңбегі барынша механикаландырылды.Бұдан басқа аумақтық-өнлірістік кешендер құрып,оларды өнеркәсіп тораптарын орналастыру,өндіріс кәсіпорындарын бір ауданға шоғырландыру жоғары экономикалық тиімділікке жол ашты.Былайша айтқанда әртүрлі өндірістік кәсіпорындардың қосымша қызметтерін ﴾энергия,жылу көздерін сумен жабдықтау жүйелерін,канализацияларын т.б﴿кооперациялау есебінен үнемдеу іске асырылды,мұнда аумақтар мен абаттандыру құндары азайтылып,коммуникациялар ұзақтығы қысқартылды. 10-ыншы бесжылдықта күрделі құрылыс көлеміне салынған қаржы 634 млрд сомға жетіп,1200-ден астам ірі өнеркәсіпорындары іске қосылды.Өнім беріп тұрған кәсіпорындарды қайта жарақтандыру бойынша да көп жұмыстар атқарылды,соның нәтижесінде 500-ден астам жеңіл,тамақ,ет ж/е сүт өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмысын жандандырды.
11-інші бесжылдықта халық
Қысқартып айтқанда,инвестициялық ж/е құрылымдық саясат қайта құрылып,негізгі саомақ кәсіпорындарды техникалық жағынан қайта жасақтауға,қорларды өндіруді көбейтуден гөрі оларды барлық жерде үнемдеуге,өндіріс көлемін ұлғайту орнына,оның сапасын барынша арттыруға аударылатын болды.Осы кеңесте ,сондай-ақ көп жағдайда құрылыс жобаларында тиімсіз технологиялық шешімдер көрініс табатындығы атап өтілді,осының өзі-ақ құрылыс мерзімдерін тым ұзаққа созып жібереді нәтижесінде ең тәуір деген жобалардың өзі мәнін жойып,іске аспай жатады.Сондықтан құрылысты жоспарлау мен жобалауды ретке келтіру күрделі қаржыны шоғырландыруды қамтамасыз ету,құрылыс нысандарын салудың нормативтік мерзімдерін сақтау мәселелері қойылып,күрделі қаржы салу құрылымын жақсарту оның тиімділігін арттыратындығы атап өтілді.
Он екінші бесжылдықтың басты міндеті-ғылыми-техникалық
прогресті жеделдету негізінде экономиканы
көтеріп,оның тиімділігін арттыру,өндірісті
техникалық жағынан қайта жарақтандыруды,өндірістің
күш-қуатын тиімді пайдалану,басқару жүйесі
мен шаруашылық механизімін жетілдіру,сөйтіп
осы бағытпен халықтың әл-ауқатын одан
әрі жақсарту болып табылады.Ал енді күрделі
құрылысқа келетін болсақ,он екінші бесжылдықта
ауыр өнеркәсіп құрылымын одан әрі жетілдіру,машина
жасауды дамыту,атом энергетикасы,газ,химия,мұнай-
Бұл міндеттерді орындау үшін материалдық,қаржылай ж/е еңбек ресурстарын шоғырландырып оны ең әуелі істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық жағынан қайта жарықтандыруға жұмылдыру қажеттілігі туды.Бір мезгілде қатар салынып жатқан нысандар едәуір азайтылып,бітпей қалған құрылыстарды нормативтік деңгейге жеткізу,құрылыс құнын төмендету,оның сапасын арттыру,сөйтіп құрылыс өндірісін индустриализация міндеттері алға қойылды.
Сайып келгенде зауытта жасалған инженерлік ж/е технологиялық жабдықтар ірі блоктар ретінде жинақы түрде құрылысқа жеткізіліп,нысандарды тұрғызу бірыңғай іске айналдырылды.Бұл орайда жабалау ж/е құрылыс ұйымдарының құрылыс өнімдерінің ғылыми-техникалық деңгейіне деген жауапкершілігі артып,құрылыс өндірісін ұйымдастыру жетілдірілуі тиіс.
Бұған қоса жобалау-сметалық ісін жетілдіру негізінде құрылыстың сметалық меншікті көрсеткішін жоба бойынша кемітіп,құрылыстағы еңбек өнімділігін 16-17٪-ға дейін көтеру көзделді.
Өндірістік ғимараттардың архитектуралық шешімдері мен құрылыс сапасын жақсартудың аса зор экономикалық маңызы бар,өйткені соның нәтижесінде ғимараттың қызмет мерзімі ұлғаяды ж/е оны пайдалану мен жөндеуге кететін шығын азаяды.
Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу ж/е жобалау ұйымдары өндірістік ғимараттарды жобалау мен ыңғайлы шешімдер тауып,бұл істі әрі қарай жетілдіруде бірқатар шараларды іске асыруда.
Цехтарды барынша бір ғимарат ішінде орналастыру едәуір дәрежеде бір мезеттік ж/е пайдалану шығындарын азайтады,технологиялық шарттар өзін-өзі ақтаған жерлерде өндірістік кәсіпорын аумағында павильондық қосымша құрылыстар салу қолданылады.Сондай-ақ өндірістік кәсіпорындарда бір қабатты тұтас құрылыстарға орналастыру,технологиялық жабдықтарды ашық алаңдарға шығару жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартып,құрылыстың өзіндік құнын төмендетеді.Құрылыс тәжірибесіне ірілендірілген әмбебап өндірістік ғимараттар салуды енгізу технологиялық жабдықтарды орналастыруды жеңілдетеді,ал бұл ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында технологиялық жұмысты жиі қайта жарақтандыру кезінде үлкен
маңызға ие болады.Құрылыста жаңа тиімді құрылыс материалдарын,жиналмалы құрылыс элементтерін (бөлшектерін) ,жеңіл және үнемді ірі көлемді конструкциялар мен өнімдерді зауытта сапалы дайындалған күйінде қолдануға баса назар аударылуы тиіс.Бұл өндірістік ғимараттардың ұзақ пайдаланылуын,ыңғайлығын ,архитектуралық қонымдылығын жақсартып,материалды аз жұмсап,құрылыс шығынын азайтуға әсер етеді.Қажетті техникалық –экономикалық негіздері болса жеңіл бетонды,жыл сақтағышы зор,жоғары беріктіктегі құрым,алюминий қоспаларын тұрбалық (құбырлық) болат конструкцияларды,полимер материалдар мен өнімдерді,зауытта дайындалған жапсырылған ағаш конструкцияларын пайдалану еңбек өнімділігін едәуір арттырып,өндірістік ғимараттар құрылысы бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
КСРО-да қай кезде де еңбекшілер денсаулығын
қорғауға және қалыпты санитарлық-гигиеналық
еңбек жағдайын қамтуға зор мән беріліп
келді.Сондықтан сәулетшілер мен құрылыс
инженерлер үшін ең маңызды міндеттер-өндірістік
аймақтардағы қоршаған ортаны қорғау,ауаға
зиянды заттар шығарылуына қарсы жаңа
әдістер табу,өндірістік,көлік дәне өзге
де заттар шуымен,вибрациямен,
Ыңғайлы да қауіпсіз еңбек жағдайын туғызуда өндірістік цехтар интерьерлерінің кешенді архитектуралық шешімдердің мәні зор,сайып келгенде бұл-еңбекшілердің денсаулығын сақтауға ж/е олардың еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері.
Өндірістік ғимараттар түрлері
Өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс салалары бойынша бөлінеді.Өндіріс саласы –халық шаруашылығы саласының құрамдас бөлігі,оған өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы,көлік,құрылыс т.б. жатады.Өнеркәсіптегі өндіріс салалары әртүрлі белгілеріне қарай бөлінеді,мәселен өнімнің экономикалық өндейтін шикізат түріне ,технологиялық жұмыс сипатына т.с.с.Жалпы алғанда 15 аса ірі саланы атауға болады (электр қуаты қара металлургия ,машина жасау,металл өңдеу т.б).Өнеркәсіптің ірі салалары өз кезегінде өнімге не шикізатқа,технологиялық жұмыстарының ұқсастығына т.б. байланысты ұсақ салаларға бөлінеді,мысалы машина жасау саласына автомобиль шығару,трактор жасау,станок құрылысы т.б. кіреді.
Құрылыс халық шаруашылығының саласы ретінде экономикалық қажеттілігіне қарай мынадай құрылыс өндірісі салаларына бөлінеді.Өндірістік көлік,ауыл шаруашылығы,тұрғын үй-коммуналдық,денсаулық сақтау мекемелері құрылысы т.б.Өз кезегінде бұл салалардың әрқайсысы түрлі белгілеріне қарай кішігірім салаларға бөлінеді.Өндірістік құрылыс ауыр машина жасау кәсіпорындары құрылысына,металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары құрылысына т.б. бөлінеді.
Салалық бөлу құрылыс ісін ұйымдастыруда
жобалау ғылыми-зерттеу мекемелері жүйесін
құруға да негіз болады,осылайша салалық
мамандырылған ұйымдардың құрылуы техникалық
дамудың маңызды алғышартына жатады,құрылыста
жоғары сандық ж/е сапалық көрсеткіштерге
жетуге мүмкіндік береді.Өнеркәсіп ғимараттары
түрлері де өндірістік салалық бөлу негізінде
құрылады.Негізінен өндірістік ғимараттар
өнеркәсіп саласына қарамастан мынадай
төрт топтарға бөлінеді.Өндірістік,
Өндірістік ғимараттарда дайын не жартылай дайын өнімдерді шығаратын цехтар орналасады.Өндірістік ғимараттар тиісті салаларға сәйкесті атқаратын қызметіне қарай көптеген түрлерге бөлінеді,мәселен металл өңдеу,механикалық жинау,қыздыру,мартен цехтары,темір-бетон құрылмаларының шығаратын цех,тігін цехтары,тамақ өнімдерін өңдеу цехы,қосымша цехтар т.б.с.с
Энергетикалық ғимараттарға мыналар жатады: ЖЭС (TЭЦ) жылу электр станциялары ,электр қуаты ж/е жылумен өндірістік кәсіпорындарды жабдықтайтын ғимараттар,жылу қазандары электр ж/е трансформатор стансалары ,компрессор стансалары т.б.
Көлік-қойма шаруашылығы ғимараттарына гараждар,көлік тұрақтары,дайын өнім,жартылай дайын өнім ж/е шикізат қоймалары,өрт сөндіру т.б. кіреді.
Қосымша ғимараттарға әкімшілік кеңсесі жайлары,қоғамдық ұйымдар бөлмелері,тұрмыстық жайлары (монша,гардероб), тамақтану ж/е дәрігерлік пункттері.Көмекші ғимараттарға өндіріс түріне қарай тікелей сол өндірістік ғимараттар ішінде орналасуы мүмкін.Өндірістік ғимараттардың көлемі,жоспарлануы ж/е құрылымы ондағы технологиялық жұмыстар сипатына қарай сан-алуаны болуы мүмкін.Бұлары мынадай белгілеріне қарай бөледі.
1.Аралық сандарына қарай-
Көпаралықты (2.1 б-сурет) бір қабатты ғимараттар өнеркәсіптің әр түрлі салаларында кеңінен таралған өлшемдері (ұзыны мен ені) бірдей аралықтағы ішкі аулалары жоқ көпаралықты ғимараттар тұтастай құрылысты аталады ж/е жоспарда оның өлшемдері ұзыны мен ені бойынша бірнеше жүздеген метрлерге жетуі мүмкін.
2.Қабат санына қарай –бір қабатты және көп қабатты.Қазіргі құрылыста бірқабатты ғимарат басым (шамамен құрылыстың 80٪-і) ,өйткені олардың көптеген артықшылықтары бар.Бұларда құрал жабдықтарды орналастыруға,өндірістік ағынды ұйымдастыруға,әртүрлі көлік ж/е жүк көтергіш қондырғыларды қолдануға қолайлы жағдайлар болады.Ғимараттың кез келген жерінде,қандай салмақта болса да жабдықтарды орналастыруға болады,себебі олар бірден жерге қондырылады,сондай-ақ технологиялық жұмыстар өзгеріп отырғанда да барынша әрекет жасауға ыңғайлы.Көп қабатты өндірістік ғимараттар қабатаралық жаппаларда жеңіл жабдықтар орналастырылатын өндірісте пайдаланылады.(2.3-сурет) (жеңіл өнеркәсіп аспап жасау т.б.)
Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері