Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат
Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.
Бір ғимаратта өлшемдері мен биіктіктері әртүрлі аралықтар алу технологиялық жұмыстарға не соған қатысты талаптарға сәйкес мүмкүн болады. Осындай жағдайларда жекелеген өндірістер үшін аралықтардың өзара бір-біріне перпендикуляр орналасуына жол берілуі мүмкүн.
Көпқабатты үйлерде аралық биіктіктерін 1,2 м айырмашылықтан артық етіп алуға болмайды, өйткені бұл ғимарат шешімін күрделендіріп, бағасын да едәуір қымбаттатып жібереді. Әртүрлі биіктіктер технологиялық шарттарға байланысты, көбіне температуралық жіктермен бірлестікте салынуы мүмкүн. Шекті және ортадағы қатардағы адымын технологиялық талаптарға сәйкес техникадық экономикалық пайымдауларды есептеп алады. Әдетте олар 6 не12м-ді құрайды. Бұдан көбірек болса, 6м модульді еселенеді, ғимарат биіктігі мен есептік салмақ өлшемі соған лайықты болуы шарт. Өткелдік крандармен жабдықталған бөлме-жай биіктігін кранның шеттік ұстынының биіктігімен аралықтарда ғана сәйкестендірмей, оған қоса кранның жүк көтергіштігін және қаңқалық ұстындар адымын да байланыстырып алады. Көпқабатты өндірістік ғимараттарда қаңқалық ұстындар торын 1м3 жаппаға түсетін нормативтік пайдалы салмақ бойынша белгілейді. Аралықтар өлшемі 3м-ді еселеп белгілесе, ұстындар алдымен 6м-ді еселеп белгілейді.
Өндірістік ғимарат жүйеленуі оның конструкциялық элементтерінің бірыңғайлылығын көздейді, өйткені бұл конструкциялардың бірін-бірі өзара алмастыра алу мүмкүндігін туғызады, желілерді байланыстырады. Бірқабатты өндірістік ғимараттар үшін шеткі ұстындар мен ортадағы қатарларды, сыртқы қапталдық қабырғаларды бойлай байланыстыру белгіленген, температуралық жіктер мен биіктіктердің көтеріп- төмендетілген жерлерінде өзара перпендикуляр бағытта құрылғылар көзделеді.Температуралық жіктер, әдетте дәнекерленген ұстындарда болады. Бойлық температуралық жіктің өсі бойлық бөлінген өспен чәйкес келуі тиіс, ал ұстындардың геометриялық өсі одан 500 мм-ге ығыстырылады.Ұзынынан алынған иемпературалық жіктерді ұстындарға шеткі қатар ұстындарында қолданылатын ережелер бойынша байланыстырады. Жаппаға қойылатын қыстырма ( төсем) өлшемі байланыстыру шамасына сәйкесті 300,350,400,500,1000және1500 мм етіп алады. Болат не басқа аралас қаңқалы ғимараттарда ұзындық температуралық жіктерін сырғымалы тіреуіштері бар ұстынмен бірдей етіп атқарады. Бірқабатты ғимараттарда сыртқы көтергіш қабырғаларды бойлық өспен байланыстырғанда жаппаның көтергіштік қаблетті конструкциясына жеткілікті дәрежеде тіреуіш болатындай, етіп есептеу қажет. Қапталдық қабырға көтергіштігін плиталарға тіреп, ұзындық қабырғаның көтергіш қабілетіндей етіп жабады, ішкі қабырғалар көтергішінің геометриялық өсін бөліктік өстермен байланыстырады.
Дәріс 5
Үлкен аралықты төбежабындар
Үлкен аралықты төбежабындардың сәулеттік және құрылымдық шешімдері әр алуан, оларды жасау мен қолдануда үлкен тәжірибе жинақталған. Залдық кеңістіктерді жабуда неғұрлым тиімді құрылымдар болып осы төбежабындар жазық және кеңістікті түрге бөлінеді.
Жазықтарға жататындар: аралықты
жабушы әрбір көтеруші элемент тек
өзінің вертикаль жазықтығында жұмыс
істейтін құрылымдар. Оларды арқалықтарға,фермаларға,
Кеңістікті үлкен аралықты құрылымдарға
«аралыққа арналған» құрылымдар (Цилиндрлік
қабықшалар,қатпарлар,тақталар және төсемдер,тоғыстар),
(тоғыспалы арқалықтар мен фермалар жүйелері),тоғыспалы
–шыбықты тақталар,табақты-шыбықты және
табақты-тақталы жүйелер, торлы тоғыспалар
мен күмбездер, жіпті-шыбықты жүйелер,
аспалы төбежабындар(кермелік,
Үлкен аралықты төбежабындардың құрылымдық шешімдері
Үлкен аралықты төбежабындарды құрылымдық шешімі бойынша қатты және қатты емес деп бөледі. Қаттыларға темірбетоннан, ағаштан және металдан жасалған барлық жазық және кеңістікті құрылымдар жатады. Қатты еместер көтеруші элементтер, жабатын аралықтар ретінде металл арқандар, металл табақты мембраналар, синтетикалық маталар сондай-ақ пневматикалық құрылымдар болып табылады.
Тақталар-төсемдер екі топқа бөлінеді: жазық беттік және оң немесе теріс қисықты беттік тақталар. Тақталарды бір мезгілде жабындарды 24м-ге дейін аралықпен, 3 м-ге дейін енмен орнату арқылы зауыттық тәсілмен дайындайды.
«Аралыққа арналған» құрылымдар. «Аралыққа арналған» кеністікті төбежабындарға ұзындығы қысқа жақтар бойынша тірелетін және иілісті қабылдайтын енінен екі және онан көп есе артық келеді. Бұлар тақталар-төсемдер,қатпарлар және цилиндрлік қабықшалар. Кеңістікті төбежабындардың бұл тобына негізінен сығылуға арнап жұмыс істейтін тоғыспалы құрылымдар да жатады.(1 -сурет)
«Аралыққа арналған» құрылымдар тікбұрышты, трапеция тәрізді және дөңгелек жоспарлы, 36м-ге дейін аралықты ғимараттар үшін басымырақ қолданылады.
Аралықтар және фермалар 12-30м аралықтарды
таврлы және қос таврлы қималы, арматурасы
алдын ала кернеуленген құрастырмалы
темірбетон аралықтармен жабады. Аралықтардың
биіктігін 1\10-1\12-ге тең етіп алады.Қос
таврлы аралықтардың 18м аралығында, құрылыс
алаңшаларындағы, ереже бойынша, екі бөліктен
құрастырылатын құрамдас арқалықтар қолдану
ұсынылады. Арқалықтардың құрылымдық
шешімдері өнеркәсіптік бұйымдардың(2,3-суреттер)
Металл фермалар 18м және онан көп аралықтарда пайдаланылады. Металл фемалардың кескінін паралльді белдеуі және сегменттері бар екі құламалы етіп алады(4-сурет). Металл фермалардың биіктігі әдетте аралықтың 1\6 - 1\10-ын құрайды. Пішіндерді зауыттық жағдайда дәнекерлеумен металл табақтармен біріктірілген илемдік пішіндерден(бұрыштардан немесе швеллерлерден) дайындайды.(5,-6 суреттер).
Бұрыштарды сығылған элементтерде барынша қатты қима алынатындай етіп орналастырады. Фермаларды 30 м-ден астам аралықтар үшін құбырлық немесе қораптық қималы болат пішіндерден орындау үнемді, бұл болат шығынын илемдік пішіндерден жасалған фермалармен салыстырғанда 20-30%-ке дейін қысқартады.
Үлкен аралықты фермалар көлденең бағытта жеткіліксіз қаттылықты келеді.Олардың орнықтылығын қамтамасыз ету үшін байланыстырғыштар орнатылады және мынандай шаралар жүзеге асырылады:
Ғимараттарда 18-36 м аралықтарда үнемділік тұрғысынан темірбетон пішіндерін қолдау барынша орынды, бірақ 30 және 36м аралықтар үшін типтік шешімдер жоқ.
Желімделген ағаштардан жасалған ағаш арқалықтар, фермалар, доғалар ғимараттарда салыстырмалы тұрғыда алғанда сирек қолданады. Оған орманды аудандарда жол беріледі. Ағаш фермаларды өртке қарсы шараларды сақтай отырып, 60 м-ге дейінгі аралықтар үшін пайдаланады. Фермаларды, ереже бойынша, 1\50 - 1\80 аралықты жақтары бар квадратты қималы белдеулерден дайындайды; сығылған элементтерді тік бұрышты білеулерден, созылғандарды –екі тақтайдан немесе ұштарында кесігі бар металл тартпалардан немесе салмалы тығырықтары бар сомындары қолдану арқылы орындайды. (7,8 -суреттер).
Қазіргі уақытта ғимараттардың қоршау құрылымдары ретінде, көтеруші және қоршау қызыметін орындайтын ішкі және сыртқы қаптаманың жіңішке табақтарынан және ортаңғы қабаты жылумен дыбысоқшаулағыштық қызметін атқаратын үш қабатты жабындық және қабырғалық панельдер қолданылады. Қаптаманың қызметін шыныпластик, органикалық шыны, винипласт, алюминий, болат және асбестцемент сияқты материалдар атқарады. Ортаңғы қабат үшін, көбіктастарды жақсы жылу және дыбысоқшаулағыш қасиеттері бар әр түрлі минерал мақта бұйымдарын пайдаланады. Ортаңғы қабаттың толтырмасы, жіңішке қаптаманың жинақталған жүктемеге беріктігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ иілу кезіндегі оның төзімділігін арттырады.
Пластмассалар қолданылған тақталар құрылымдарының төрт түріне бөлінеді: контуры бойынша көтеруші жиектеуі бар (9-сурет); жиі қырлы және тұтас (сэндвич типті); қорғау жиектеуі бар; пішінделген табақтан жасалған қаптамасы бар.
Сәуле өткізетін панельдерді (полигаль), сәуле өткізетін шыныпластиктің жазық немесе толқынды табақтарынан немесе қаптаманың қызыметін атқаратын органикалық шыныдан дайындайды. Оны мөлдір толқынды шыныпластиктің немесе керегетор кәріздерінің ортаңғы қабатына желімдейді. Панельдер алюминий немесе шыныпластик пішіндерінен жасалған көтеруші жақтаулардың ішінде жинақталады. Панельдермен аражабындалатын аралықтар 3-6 м шамасына жетеді.
Рамалар мен аркалар. Олар іргетасқа тірелген, рамалар мен аркалардың сыртқы жағынан дамытылған жазық үш- , екі топсалы және топсасыз кермелік құрылымдар түрінде болып келеді. Топсасыз құрылымдарды тек тең емес шөгу жоқ болғанда қолданылады. (10-сурет);
Темірбетон рамалар мен аркаларды 30-40 м-ге дейінгі аралықтарда қаттылық қабырғасы бар екі таврлы қималы, үлкен аралықтарда керегеторлы етіп орындайды.
Металл рамалар мен аркаларды
Өнеркәсіптік кәсіпорынның басжоспары туралы түсінік.
Өнеркәсіп кәсіпорындары қазіргі заманғы қалалардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, және көп жағдайда қаланың салынуы мен даму бағыттарын айқындайды. Өнеркәсіп құрылысы саласындағы негізгі міндеттердің бірі осыған байланысты өндірістік нысандар мен олардың кешендерін салуда қала құрылысында барынша оңтайлы шешімдер алу болып табылады. Өндірістік кәсіпорындарда елдің барлық экономикалық аймақтары болашағына сәйкес жасалған аудандық сұлба не жоспар-жобалар бойынша (негізінде) орналастырылады. Бұның өзі құрылыс алаңын дұрыс таңдап жүзеге асыруға мүмкүндік береді.(Мұнда тұрғылықты жердің бас жоспары ескеріледі).
А у д а н д ы қ ж о с п а р л а у дегеніміз – экономикалық немесе әкімшілік ауданының кешенді аумақтық шаруашылық құрылғысын жобалау деген сөз. Бұған қалалар мен ауылдық тұрғын кенттерді халық шаруашылығының салаларын оңтайлы орналастырып, тұрғындардың еңбек етуіне тұрмыс- тіршілігіне және демалуына жағдай туғызу т.б. кіреді. Салынатын күрделі қаржының тиімділігін арттыру мақсатында бірнеше кәсіпорындар тобын бірыңғай өндірістік ауданға біріктіреді де, оны өндірістік торап деп атайды, ал өндірістік торап және агроөнеркәсіп кешендері топтары аумақтық- өндірістік кешенді құрайды. Осылайша шикізат базасын толықтай пайдалануға, кәсіпорындар мен қала шаруашылығын (энергия қамту, инженерлік желілер, көлік және көмекші ғимараттар) өзара байланыстыруға мүмкүндік туады, оның бірыңғай өндірістік құрылыстық базасы мен тұрғын үй қоры болады, өндіріс қалдықтарын тиімді пайдаланылатын болады.Бөлектеніп салынған кәсіпорындар құрылысымен салыстырғанда мұнда кәсіпорын алатын аумақтарды қысқарту есебінен, сондай-ақ коммуникациялар ұзындығын, жеке тұрған ғимараттар санын азайту, пайдалану шығындарын кеміту есебінен күрделі қаржыны үнемдеуге қол жеткізіп, қосымша өнімдерді өркізу есебінен кәсіпорын табысы көбейеді.
Өнеркәсіп тораптарын өндіріс түрімен өндірістік зиянды заттардың бөліну сипатына қарай қаладан тыс селитеб аумағынан алыста немесе селитеб аумағы шегінде қала ішінде деп бөледі.
Өнеркәсіп тораптарын орналастыру кезінде сыртқы өндірістік, тасымал және оны қоршаған кәсіпорындармен басқа байланыстар, қолдағы бар инженерлік желілер, селитеб аумағымен байланыстар, су жіберу және тазалау қондырғылары т.б. есепке алынуы тиіс; кәсіпорын қызыметімен байланысты нысандар, көліктер, жекелеген кәсіпорындар мен тұтастай ауданның даму перспективасы да ескерілуі тиіс.
Өнеркәсіп тораптарын жобалағанда құрылыс ауданының табиғат ерекшеліктері назарда болуы тиіс, ауа температурасы, жердің басым бағыты топырақ, қар көшкіні, сулар мен өзендер т.б. .Мұндай жерлерде өндірістік кәсіпорындар салуға жол берілмейді: қазба байлықтары бар болса, көмір және сланец шахталары немесе кең- байыту фабрикалары үйінділері бар болса, сел-тасқын жүру, қар көшкіні болу қаупі болса, тарихи ескерткіштер, археологиялық жәдігерлер болса, қаланы қорғау аймағы өтетін болса т.с.с.. Қалада бір немесе бірнеше өндірістік аудандар орналастырылуы мүмкүн. Өндірістік аудандардың ленталық жоспары санитарлық бнлгілері бойынша бірдей не жақын өндірістік кәсіпорындарда қолданады, ол тереңдік жоспарын әрқилы кәсіпорындарды орналастырғанда қолданады. Өндірістік ауданды немесе өндірістік кәсіпорын аумағын кесіп өтетін жолдары мен даңғылдары арқылы кварталдарға бөледі. Кесе-көлденең жлддар аралығындағы бірнеше кварталдар бірігіп панель құрады, мұндай құрылыс салуда
Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері