Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат
Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.
қ о ғ а м д ы қ ұ й ы м д а р.
Мәдени-тұрмыстық қамту жүйесі өндірістік кәсіпорындарда анық сатылы ұйымдастырылған.
1-саты- күнделікті жердегі қызмет көрсетудің цехішілік жайлары мен құрылғыларын қамтиды, бұлар жұмыс орындарына мейлінше жақындатылған және жұмыс уақыты бойында сан мәрте қолданылады. Бұларға әжетханалар, темекі тартатын бөлмелер, ауыз су құрылғылары, сауда дүңгіршіктері және автоматтар, демалыс бөлмелері жатады, былайша айтқанда бұлар- бастапқы жүйелі қызмет ету нысандары. (радиусы 75-100м)
2-саты- цехтық және цехаралық жайлар мен құрылғыларды қамтиды, олар күн саын түскі үзілісте, сондай-ақ басталардан бұрын және жұмыстан соң пайдаланылады. Бұлар - киім ілетін орындар, қолжуғыштар мен суға түсетін орындар, қоғамдық ұйымдардың жайлары былайша айтқанда күнделікті қызмет көрсету нысандары (қызмет аясының радиусы 300-400м)
3-саты- зауыттық және жалпызауыттық (кәсіпорын топтары бойынша) нысандар мен мекемелерді қамтиды. Бұған жалпызауыттық дәрігерлік емдеу орындары, емханалардың филиалдары, тамақ дайындау асханалары, зауыттың спортзалдары мен клубтары жатады, былайша айтқанда бұлар- кезеңдік қызмет ету нысандары ( қызмет аясының радиусы 800-1000м).
4-саты – аудандық мәні бар нысандарды қамтиды.
Бұл сатының нысандары тұрғылықты аймаққа қызмет көрсету нысандарымен, ссондай-ақ бір өндірістік торапта орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарының осы тектес нысандарымен тығыз байланысты болады. Бұларға қоғамдық тамақтандырудың дайындау кәсіпорындары, емханалар, дәрігерлік-санитарлық бөлмелер, мәдениет үйлері, инженерлік орталықтар, өндірісті автоматты басқару жүйесі т.б. жатады, әдетте бұлар-кезеңдік немесе анда-санда қызмет ету нысандары (радиусы 1500-2000м).
Қосалқы жайлар арналымына қарай мынадай негізгі топтарға бөлінеді.
Санитарлық- тұрмыстық жайлар жалпы және арнайы болуы мүмкүн. Жалпыға жататындары: киім гардеробтары, қолжуғыштар, әжетханалар, темекі тартатын бөлмелер, емшектегі сәбиді тамақтандыру бөлмесі т.б.. Арнайыға - моншалар, кір жуу, химиялық тазалау, кептіру орындары, арнайы киімдер мен аяқ киімдерді шаңнан тазарту, кептіру және жөндеу жайлары, қызметкерлердің жылынатын немесе салқындайтын бөлмелері мен құрылғылары, ауыз сумен қамту орындары, таза және лас киімдер қоюға арналған орындар т.с.с.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (жалпы диеталық, қажет кезде емдеу-сауықтыру) дайындау асханалары, дәмханалар. Ас қабылдау бөлмесі, жекелеген жағдайларда мейрамханалар, кафелер, жылжымалы дәмханалар, сауда автоматтары орналасқан бөлмелер,дүңгіршіктер т.б. қамтиды.
Кәсіптік- техникалық білім беру бөлмелеріне жалпы білім берудің оқу бөлмесі (кешкі жастар мектебі), оқу жұмыс орындары, оқу учаскелері өндірістік оқу бөлмелері, арнайы техникалық білім беру жайлары кіреді.
Денсаулық сақтау жайлары: (стационарлар), амбулаториялар, емханалар, сауықтыру орындары, әйелдердің жеке гигиенасы бөлмелері, дәріханалар, санитарлық-эпидемиологиялық стансалар, жедел жәрдем стансалары.
Мәдени-спорт жайлары: Мәдни-ағарту мекемелері,( қызыл бұрыш, кітапханалар, мәжіліс залдары, мәдениет үйлері мен сарайлары); спортпен шұғылдану нысандары( спорттық ойын алаңдары, стадиондар, спортзалдар, көпшілік-спорт жұмыстары бойынша әдістемелік кабинеттер), жұмыс уақытында және түскі үзілісте демалатын орындар.
Коммуналдық-тұрмыстық және сауда жайларына мыналар кіреді: кешенді қабылдау орындары(химиялық тазалау, кір жуу, ателье, шеберханалар); тұрмыстық қызмет көрсету комбинаттары( шаштараздар,касметикалық кабинеттер); қонақ үйлер, келушілерге арналған жатақханалар.
Әкімшілік-техникалық бағыттағы және қоғамдық ұйымдар жайларына
мыналар жатады: әртүрлі қызмет
керлерінің жұмыс бөлмелері, мәжіліс,
кеңес залдары, инженер-техникалық
кызметкерлер кабинеттері, канцелерия,
көрме жайлары, зертханалар, ғылыми-техникалық
кітапханалар, ғылыми зерттеу институттары
мен олардың филиалдары. Қоғамдық
ұйымдар жайлары құрамына
Техникалық қызмет жайларына есептеу станциялары мен орталықтары, автоматтық телефон станциялары, радиотораптар, суретзертханалары, көшіріп басу қондырғылары, мұрағаттар, сондай-ақ инженердлік жабдықтар ғимараты, су және жылу беретін бөлмелер, әртүрлі сорғыш-тарқыш камералар, желдеткіштер мен салқындатқыштар, күзет бөлмелері, газдан құтқару станциялары жатады.
Көмекші (қосалқы) жайларда қабаттары бойынша бірқабатты және көпқабатты етіп бөледі. Қабаттар санын айқындағанда төменгі жерүстіндегі техникалық қабаттарды, 2 м-ден жоғары болса, іргетас қабатын қоса санап есепке алады. Көп жағдайда егер құрылыс нормаларына санитарлық нормалар мен ережелерге өндірістік кәсіпорында жобалаудың санитарлық нормаларына қайшы келмесе, әрқилы арналымдағы қосалқы жайларда бір ғимарат ішіне орналастырады. Қосалқы ғимарттар мен жайлар шу, діріл және өзге де зиянды факторлар мейлінше аз әсер ететін жерлерге жұмыс орындарынна барынша жақын орналастырады, мұндағы жұмыс істемейтін адамдар бұл жағдайда зиянды бөліністері бар, жарылыс, өрт қауіптілігі А,Б санатындағы, жарылыс қаупі Е санатындағы өндірістік жайлар арқылы өтпеуі тиіс.
Көмекші ғимараттар әдетте ІІ дәрежелі жақсартылған өңлеп-әрлеумен 50-100жыл қызмет етуге есептеліп жобаланады. Ғимараттың от-жалынға төзімділігі ондағы қабаттар санына және өртке қарсы қабырғалары арасындағы қабаттар көлеміне байланысты болады. Жиналыс, мәжіліс өтетін залдар, асханалар орналасқан көмекші ғимараттардың от-жалынға төзімділігі залдың сыйымдылығына және ғимараттар қабатына байланысты болып, жоғарғы нормалар бойынша алынады. Көмекші ғимараттарды сондай-ақ олардың пайдалану уақытына қарай жұмыс кезінде қолданылатын және жұмысқа дейін одан кейін пайдаланылатын нысандарға бөліп қарастырады.
Құрылымдық сұлбасы бойынша көмекші ғимараттарды- қаңқалы және көтергіш қаблетті қабырғалы деп- екі топқа бөледі.Қаңқалықтан гөрі көмекші ғимараттарды салуда ірі панелді көтергіш қаблетті қабырғалар құрылысна көшу едәуір техникалық- экономикалық тиімділікке жеткізеді. Көмекші ғимараттардың жалпы пайдалы алаңы өндірістік ғимараттың жалпы пайдалы алаңының 20-30%-ын құрайды. Төзімдік құрамдағы әрбір жұмыс істеушіге қызмет алаңын 4м3 етіп алады.
Өнеркәсіптің өңдеу салаларындағы кәсіпорындар үшін 1,2 және 3 сатыдағы көмекші ғимараттар көлемін тұрмыстық қызмет түрлері бойынша нысандар пайызын былайша бөледі. Санитарлық-тұрмыстық қызмет-65%дық тамақтандыру-25%ігерлік қызмет-2% және мәдени қызмет – 8%. Көмекші ғимараттар мен жайлар ондағы атқарылатын қызметтер үшін оңтайлы жағдайлар туғызуы тиіс, олар өте қолайлы болып, санитарлық-гигиеналық жағынан толықтай қамтылуы тиіс. Инженер- техникалық және көмекші қызметкерлер үшін олардың өндірістік процесстерді басқаруы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс.
Көмекші ғимараттарда жұмыс істейтіндерге үзіліс кезінде және ауысымнан соң демалуларына қолайлы жағдайлар жасау олардың шаршауын азайтады, психологиялық күйін жақсартады, денсаулығын сақтайды және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкүндік туғызады.
Жалпызауыттық көмекші ғимараттарда өндірістік кәсіпорын аумағында орналастырылғанда оқшаулау және өзара байланыстыру әдістері қолданылады, мұнда әкімшілік, ғылыми- зерттеу оқу және қоғамдық орталықтар салуға тырысу қажет. Бұл қызмет көрсетуді жақсартады, бір-бірін қайталауды азайтады, құрылыс салу құнын төмендетеді.
Цехтың көмекші ғимараттарын кәсіпорынның негізгі жолдарында, өндірістік цехтарға барынша жақындатып салады. Көмекші ғимараттар мен жайлардың көлемдік-жоспарлау шешімдері олардағы қызметтерге сәйкестендіріліп алынуы тиіс. Жайлардың қажетті құрамы, олардың өлшемдері мен жабдықтары ондағы жұмыс істейтіндер санына және өндірістік процесстердегі санитарлық-гигиеналық жағдайларға байланысты айқындалып алынады. Көмекші ғимараттар мен жайларды жобалауды құрылыс салу ауданының ауарайының ерекшеліктеріне көрсетілген санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да талаптарға сай жүзнге асырады. Көмекші ғимараттардың сыртқы бейнесі қызығарлықтай, қарапайым болса да көрнекі етіп салынуы тиіс. Көмекші ғимараттар кешенінің өндірістік кәсіпорынның тұтастай сәулет құрылымына әсер ететіндігін естен шығармаған жөн, сондықтан да жобалау кезінде негізгі өндірістік және көмекші ғимараттардың сәулет-құрылыс тұтастығы (бірлігі) қамтамасыз етілуі тиіс. Ақырында сондай-ақ көмекші ғимараттар мен жайлардың көлемдік-жоспарлау және құрылмалық шешімдері үнемді (тиімді) болуы тиіс. Көмекші жайлар жеке тұрған ғимаратта, өндірістік ғимараттың арнайы қосымша құрылысында орналастырылуы мүмкүн, былайша айтқанда олар жапсарласа салынған көмекші жайлар болып, өндірістік ғимараттардың ішінде орналастырылуы ықтимал. Қандай да болмасын шешімді таңдап алу технологиялық іс- әрекеттердің санитарлық сипаттамаларына, өндірістік кәсіпорын аумағының көлеміне, ондағы жұмыс істейтіндер санына, тағы да басқа факторларға байланысты болады.
Жеке тұрған көмекші ғимараттарды олар қызмет көрсететін өндірістік ғимараттар не құрылыстарға жақын орналастырылады. Өндірістік жайлар мен олардың арасындағы байланыс жерасты не жер үсті бетіндегі өтетін жерлер арқылы жүзеге асырылады, бұл жерде тікелей аумақ бойынша қауіпсіздік және санитарлық гигиеналық талаптар қамтамасыз етілген болуы тиіс. Жеке тұрған көмекші ғимараттар мен өндірістік ғимараттар арасындағы қашықтық осы өндіріс саласын жобалаудағы нормаларға сәйкес белгіленеді. Ыстық цехтардағы көмекші ғимараттар ауа ортасына, шуға, зиянды әсерге байланысты болса сенімді түрде оқшауланған болуы тиіс. Жапсарлас қосымша салынған көмекші ғимараттарда өндірістік ғимараттар бойымен немесе жанымен орналастырылады, оларды ұзына бойына не жанама қабырғалас етіп салады. Қосымша салынған көмекші ғимараттар барынша қысқа болып, жұмысшылар ағынына, технологиялық іс-әрекеттерге, жердегі көлік-тасымал құралдарына кедергі келтірмейтіндей есеппен орналастырылуы тиіс. Қосымша салынған көмекші ғимараттар мүмкүндігінше табиғи жарықты өндірістік ғимараттың аэрациялық мүмкүндіктерін нашарлатпауы тиіс. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ғимарат қапталына біріктіру жарық және аэрациялық көлемді қысқартады, бірақ кәсіпорын аумағын кеңейтеді. Жапсарлас көмекші ғимараттар көп жағдайда жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, аспап құрастыру және радиоэлектроника кәсіпорындарында қолданылады. Бөлек тұрған және жапсарлас салынған көмекші ғимараттарды салыстырып қарасақ, олардың біріншісі жақсы санитарлық-гигиеналық талапты қамтамасыз етеді адамдарды зиянды өндіріс әсерінен оқшаулайды, оның үстіне оның құрылымдық шешімі қарапайым және жоспарлануы мейлінше ықшам болып келеді. Жеке тұрған көмекші ғимараттар өндірістік ғимаратты қайта құруға немесе кеңейтуге мүмкүндік береді. Есесіне олар құрылыс құнын арттырады, аумақ тығыздығын кемітеді және жұмыс орындарынан едәуір алшақта болып шығады.
Біріктіріп салынған көмекші жайлар өндірістік ғимараттар ішінде орналастырылады, себебі мұндағы көлемдік-жоспарлау шешімі, сондай-ақ өндірістік тәртіп көмекші жайларда тікелей цехтармен бірге жайғастыру қажеттігін туғызады.
Мұндай көмекші жайлар өндірістік ғимараттың осы мақсатқа арналған учаскесінде, іргетас қабаттарында, көпқабатты үйлердің техникалық қабаттарында, орналастырылады. Біріктірілген көмекші жайларды жұмыс орындарына жақын орналастыруға болады, бұл жұмыс істейтіндерге өте қолайлы болады, дегенмен өндірістік ғимаратты жоспарлауды қиындатады, еөп жағдайда технологиялық іс-әрекеттерді жаңартуға, қайта жарақтандыруға кедергі келтіреді. Аса көп мөлшерде жылу, ылғал, газ және басқа да зиянды заттар бөлінетін өндірістерде, сондай-ақ айырықша санитарлық тәртіп талап етілетін кәсіпорындарда, тамақ өнеркәсібі өндірістерінде көмекші жайларда өндірістік ғимараттарда орналастыруға жол бермейді. Алайда цех әжетханалары, шылым шегетін жайлар сияқтыларды өндірістің қай сипатында да біріктіріп салуға болады.Өндірістік және көмекші жұмысшылардың, инженер- техникалық қызметкерлердің саны өз кезегінде өндіріс сипатына, оны автоматтандыруға т. б. Факторларға тәуелді болып, өндірістің берілген түрінің технологиялық, нормаларына сай айқындалады. Көмекші жайларды жобалау үшін барлық ауысымдардағы жұмыс істейтіндердің төзімдік санын және ең ұзақ ауысымда жұмысқа шығатындардың санын белгілеп алады.
Дәріс №11
Болат фермалар, рамалар, арқалар, тоғыспалар.
Бір қабатты өндірістік ғимараттар қаңқасы әдетте ұстындар мен көтергіш қаблеті бар жабындардан (белдіктер, фермалар, арқаулар т.б. ) құрылған бойлық рамалардан және іргетастық, кран асты байланыстыру беларқаларынан, жабындық плиталардан т. б. Элементтерден тұрады. Көтергіш конструкциялық жабындарды кеңістік жүйе түрінде жасаған кезде (күмбездер, арқаулар т.б. ) олар сол күйінде қаңқаның бойлық элементтері де болып табылады. Қаңқаны құрастыру материалы ретінде көбінесе темірбетон, кейде болат пайдаланылады.Қаңқа материалын таңдағанда оған түсетін күштік әсерлер сипатын басшылыққа алады, сондай-ақ аралықтар өлшемі, ұстындар адымы, ғимарат биіктігі, құрылыс салу орны отқа төзімділік талаптары мен техникалық-экономикалық ойлар есепке алынады.
Бірқабатты өндірістік ғимараттарда төменднгідей болат көтергіштік конструкцияларды қолдануға жол беріледі.
а) итарқалық және итарқа асты конструкциялар үшін: жылу берілетін ғимараттарда аралықтары 30 м және одан да көп болса; жылытылмайтын ғимараттарда асбестцемент төбелері бар болса аралықтары 12 м-ге дейінгілерде, бұған көтергіштігі 2тн-дан асатын жүккөтергіш жабдықтар да кіреді, аралығы 18м болса, жүккөтергіш көлік жабдықтарының, аспалы крандар көтергіштігі 3,2 тн-дан асс; Аралықтары 24 м-ден асатын ғимараттарда; жылытылмайтын біраралықты ғимараттарда аралықтары 30 м және одан да асса; ал көпаралықты ғимараттарда аралықтары 18м және одан да көп болса; аспалы көтергіш- көлік жабдықтардың жүк көтергіштігі 5-тн-дан асса немесе темірбетон конструкцияларға көзделгендейден артық салмақ түсіретін басқа да аспалы құрылғылары болса; аспалы конвейерлік көліктері дамыған учаскелердегі ғимараттарда; аралықтары 24 м және одан да асатын есептік сейсмикалығы 8 балл болатын ғимараттарда; есептік сейсмикалығы 9 балл, ал аралықтары 18м және одан да асып түсетін ғимараттарда, сондай-ақ құрылыс жүргізу өте қиын аймақтардағы ғимараттарда;
б) ұстындар: еденнен итарқалық конструкциялардың төменгі жағына дейінгі биіктік 18 м-ден асса; ұстындар биіктігі қандай болса да жалпы қолданыстағы жүк көтергіштігі 50тн және одан асатын көпірлік крандар болса, сондай –ақ кранның жүк көтергіштігі төмен болып, жұмысы ауыр болса; көпірлік крандар екі деңгейде орналасып, ұстындар адымы 12м-ден асып түссе;
Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері