Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат

Описание работы

Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.

Файлы: 1 файл

arkhitek-2_lektsia.docx

— 108.56 Кб (Скачать файл)

а) инфильтрация, былайша  айтқанда  ғимарат  ішіне  ауаның  саңылаулар  мен  ашық  жерлер  арқылы,  сондай-ақ  қоршалған  конструкциялар  материалдары  арқылы  енеді. Инфильтрацияда  ауа  алмасуы  әдетте  шамалы  болады, бірақ  жекелеген  жағдайларда,  жылуы  жоқ  жайларда  көлемі  ұлғайып,  ауаны  суытуы  мүмкін,  бұған  жылуды  көп шығындауға  тура  келеді.

б)Терезелер, есіктер олардың  саңылаулары  және  қақпа  арқылы  енетін  бейберекет  ауа  алмасуы.

в) ұйымдастырылған,  басқаруға  болотын  табиғи  ауа  алмасуы  немесе 

 а э р а ц и я.

          Егер  ауаны  алдын – ала белгілі  көлемде  беріп,  сыртқы  және  ішкі  жағдайларға сәйкес  реттеп  отыру  жүзеге  асырылса, онда  аэрацияны 

 т а б и ғ и    а у а   алмасуы  деп  атауға  болады. Аэрация  берілген  алаң  көлеміне  есептеліп  жасалған  сорвп  шығару жүйелері  арқылы  қамтамасыз  етіледі. Аэрация  жолымен  өндірістік  жайлардан  зиянды  газдар  мен  аэрозольдар, сондай-ақ  артық  жылу  мен  ылғал  шығарылады.Аэрация  негізінен  жылуы  көп( ыстық  цехтар) цехтарда  қолданылады, өйткені  бұларда  табиғи  ауа  алмасу  сағатына  миллиондаған  текшеметр  құрап,  оған  мақсатты  түрде  арнайы  энергия  шығындалмайды.

            Аэрацияны  тиімді  ұйымдастыру  ғимараттың  көлемді  жоспарлануына,  өндірістік  жабдықтардың  дұрыс  орналастырылуына, қоршау  конструкцияларындағы (қабырғалар  мен шатырлардағы)  сорып  шығару  саңылауларына  байланысты  болады.

Аэрация  әсері  жылытылған және жеңіл күйдегі ауаның жоғарыда   орналасқан сорып шығару (тартқыш) саңылауларына  ұмтылысына, сондай-ақ салқын ауаның төменгі саңылаулар арқылы бөлмелерге енуіне байланысты. Осыған сәйкес аэрация әсерінің күшіне меншікті салмақтары әртүрлі жылу  мен жоғарылы-төменді өзгерістер, ішкі және сыртқы ауаның  температуралары  және тартқыш саңылаулардың деңгейлерінің әрқилылығы әсер етеді.

Аэрацияға  қажеттілік әсіресе жаз айларында, сыртқы ауа температурасы  жоғары кезде туындайды. Осыған байланысты хаз мезгілінде ағындық  және сорып тарту саңылаулары көлемі ұлғайтылуы қажет. Қысқы мезгілде бұл саңылаулар жұмыс  аймағынан шамамен 4-6м биіктікте жоғарыда  орналастырылады. Бұл келетін суық ауаның ішкі ауамен  араласып, температураны көтеруін іске асырады,  цехта істейтіндерге  артық көлемде суық әсерін тигізбейді. Жел әсерімен болатын аэрация  қысымдардың  әртүрлілігіне  байланысты болады.   Ғимаратты жармен қоршағанда жел жақтағы қысым төмен болады. Ауа бөлмеге  жел жағынан ағылып, ық жағынан шығып кетеді, осылайша  жылу  артықшылық жоқ кездің өзінде жел серімен де ауа алмасуы болады. Жобасы  әртүрлі ғимараттарда, олардағы саңылаулар  бірдей болса да ауа алмасуы әрқилы болуы мүмкін. Оның көлемін  ұлғайту үшін  фонарлар жаз айларында  жиі соғатын желге  қарсы бағытта орналастырылуы тиіс  .

 Басым  бағыттағы  желді метеорологиялық  стансалар хабарлайтын берілген  географиялық жер жағдайымен  анықтайды, онда көзделген жыл  мезгіліндегі жел әсерінің ұзақтығы  белгіленеді. Жел туралы мәлімет  жылдық, қысқы және жазғы  мезгілдік, айлық т.с.с  болуы мүмкін.  Ауа  ағынындағы ғимараттарда оның  қоршау конструкцияларының  қысымы  әрқилы болады. 

Ғимарат айналасындағы ауа қозғалысы аймақтары  рим сандары белгіленген.

I – тымық   ағын, мұндағы  статикалық қысым нөлге тең болады;

II -фонарлар  қондырылған ғимараттың өзінен туындайтың аэродинамикалық  көлеңкелі аймақ;:

III -  тіреуіш  аймағы, мұнда ғимараттың қоршау құрылмалары ауа ағынын тежеп, оңды қысым байқалады. Аталған аэродинамикалық  ерекшеліктерге, ғимарат пішініне  сәйкес фонарлар не басқалай аэрациялық құрылғылар  қондырылып, бөлме  жайлардан ауаның қалыпты  шығуын  қамтамасыз етіп  отырады.

Ғимарат пішіні  өндірістік жайларда  аэрацияны  ұйымдастыруда  да  маңызды  роль атқарады. Мәселен, 6.4 а суретте көрсетілген  ғимаратта төменнен тікелей фонарларға  келетін жылы ауа ғана шығарылады, ал қапталдағы ауа ағындары  суық бөлікке дейін  көтеріліп, суытылып, төмен құлаған  кезде ғимаратты  желдетуге кедергі келтіретін айналыс құрайды. Аэроция  тиімділігі  шатырлық жабындар  барынша көлбеу  және  фонарлар барынша кең  болғанда орта түседі.

Ғимараттың аэродинамикалық сипаттамасын білгеннен кейін ауа алмасуын  жиілету мақсатында  ағындық  ойықтар оң қысым бар  жерлерге, ал  сорғыш- тартқыштар кері қысымды жерлерге  орналастырылады, өйтпеген жағдайда  ауа алмасуы тоқтатылып, кей  жағдайлдарда  желдету режимі  нашарлауы мүмкін.  Желдің  әсері ғимарат  бойымен  болса,  бойлық қабырғалар мен бүкіл алаңды ауа кесіп өтуі, бұл жағдайда  ғимараттың жел жағынан ластанған және қыздырылған ауа шығарылып, ық жағынан  сыртқы ауа жинақталады. Өндірістік ғимараттарда аэрациялық фонарлардың   әр-алуан түрі қолданылады, әртүрлі фонарлары бар өндірістік ғимараттың бойлық кескінділері көрсетілген, бұл жел бағытына  қарамастан тұрақты аэрациялық тәртіпті қамтамасыз етеді. Фонарлардың жарық және аэрациялық  қызметтерді қатар  атқаруы шығатын ауа тозаңы молырақ болған жағдайда  фонар шынысын ластап, оның жарықтық белсенділігін  төмендетеді, сондықтан кей жағдайларда бөлек-бөлек   фонарлар-бірі жарықтандыру  үшін, екінші аэрация  үшін  қолданылады. Көп аралықты өндірістік ғимараттарда  аэрацияны ұйымдастыру күрделі мәселе.  Ені 100м-дейінгі ғимараттарда ауа ағындық  ойықтар арқылы жиналады, оларды сыртқы қабырғаның төменгі   бөліктеріне орналастырады.

Ғимараттың ені 100м ден артық болса, фонарлар орта  аймағында орналастырылып, тартуға да, ағынға да қызмет етеді, бұл жағдайда ауа алмасуы қанағаттанғысыз  дәрежеде болады. Егер  ғимарат  жеке бөлмелерге  тұтас қалқалар арқылы бөлініп, шатырға дейін  жеткен болса, немесе сыртқы бойлық қабырғаларға  жапсарлас  тұрмыстық не әкімшілік  жайлары салынған болса, онда аэрация қызметі барынша  қиындайды.(6.6 б сурет).

Мұндай жағдайларда  жасанды желдеткіш  қолданылады. Көп аралықты цехтарда жергілікті артық жылу бөліну көздері бар болса, тұрақты  аэрация  болуы үшін ғимаратта  белсендетілген  пішін құрылғысына жүгінеді. «Ыстық»   аралықтар  көбірек  биіктетіледі де, сыртқы ауа ағыны сыртқы  қабырға терезелері мен ғимараттың төменгі  бөлігіндегі фонарлар  арқылы  ұйымдастырылады. Жылу шамалы бөлінетін  жерлерде  биіктігі 4 м-ден кем болмаса, жылу молырақ бөлдінген кезде 2,5м-ден кем болмауы тиіс.  Жоғарғы фонарлар  аралығы 24-40м болады.

Аэрацияны есептеу  әдістері «жылу және желдету» сабағында баяндалады. Ашылатын  ойық көлемі бөлме едені көлемінің 1%-дан кем   болмауы шарт.  Жел әсерінен аэрация бұзылмауы үшін  ағындық  ойықтар көлемін бірдей етіп алады.  Табиғи  жарықтандырылуы  жоқ ғимараттарда, немесе  ашылмайтын фонарлар қолданылып, жарықтандырылуы  жоғарыдағы  ғимараттарда  тек қана жасанды желдеткіштер пайдаланылады.

 

 

                                            Жарықтандыру.

 

 

      Өндірістік  ғимараттардағы  жарық  режимі(тәртібі)- өндірісте  істейтін  адамдарды  қоршаған  ортаның  сапасын  айқындайтын  маңызды  факторлардың  бірі. Өндірістік  жұмыстардың  басым  бөлігіне  дұрыс  жарық  берілуі – аса қажеттілік. Бұл  жұмыс  орындарын  қажетті  жарықпен  қамтамасыз  ету  еңбек  нысанына(бөлмеге)  бірдей  жарық  түсіру, еңбек  заты мен  кеңістікті  оңтайлы  жарықтандыру т.б.  арқылы  іске  асырады. Жарық  сапасына  оның спектрлік  құрамы,  өндірістік  жайды  қоршау  құрылғыларының түр-түсі  және  құрал  жабдықтарының  түр-түсі барынша  әсер  етеді. Оңтайлы  жарықтандыру  өндірістік  ғимараттардағы  еңбек  жағдайын  жақсарту  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  адамның  көру  органдары  үшін  зор  санитарлық- гигиеналық  маңызға  ие, сондай-ақ  ол  адам  психикасына(жүйкесіне) қолайлы  әсерін  тигізеді. Өнеркәсіп  кәсіпорындарындағы  өндірістік  ғимараттарда  негізінен  табиғи,  жасанды  және  интеграл  жарықтандырулар  қолданылады.

        Табиғи  жарықтандыру  ғимараттың  қоршау  құрылғыларындағы  ойықтар  арқылы  жүзнге  асырылып, қ а п т а л д ы қ (қабырғадағы  терезелер  арқылы).

        Жоғарғы – жабындық  шатырдағы  фонарлар  арқылы  сондай-ақ  қабырғадан  биік  орналасқан  ойықтар  арқылы, мәселен, өндірістік  ғимараттардың  біріктірілген  аралықтарында     қ о с а р л а н ғ а н     былайша  айтқанда  бірмезетте  қапталдық  пен  жоғарғысы  аралас  болып  бөлінеді.

         Жасанды  жарықтандыру  әртүрлі  тектес  электр  шамдары  көмегімен  іске  асырылады,  мұндағы  лампалар  газбен  қоректендірілген , оның  ішінде люминеценттік  те  болуы  ықтимал. Өндірістік  ғимараттарды  жасанды  жарықтандырудың  екі  жүйесін  бөліп  айтады: ж а л п ы    және   а р а л а с. Жалпы  жарықтандыру  кезінде  өндірістік  жайдың  бүкіл  ауданына  жарық  түсірілсе , аралас  жарықтандыруда  ішкі  шамдар  көмегімен  жұмыс  орындарында  қосымша  жарық  беру  іске  асырылады.

         Қосарланған (интеграл) жарықтандыру  жүйесі  жұмыс  орындарын  бір  мезгілде  табиғи  және  жасанды  жарықтандыруды  көздейді. Табиғи  және  жасанды жарықтандыруды  салыстыра  келгенде, жұмыс  орнындағы  табиғи  жарық  көлемінің  тұрақты  болмайтындығын  атап  өту  керек. Ол  жылдың, тәуліктің  мезгіліне, атмосфералық  күйге (бұлттың  болуы) байланысты  өзгеріп  отырады, ал  жасанды  жарық  жұмыс  орнын  тұрақты  да  тегіс  жарықтандырылуын  қамтамасыз  етеді. Екі  не үш  ауысымдық  жұмыстар  кезінде  табиғи  жарықты  пайдалану  көлемі  онша  көп  болмайды.Фонарь  арқылы жоғарыдан  берілетін  табиғи  жарықтың  басқа  да  кемшіліктері  бар. Салыстырып  қарағанда  фонарь  құрылғысының  құны  да  қымбатқа  түседі( жалпы ғимарат  құнының 7%-ын  құрайды. Фонарларды , сондай-ақ қапталдық  жарық  ойықтарын  үнемі  жөндеп, тазартып  отыруы  қажет  болады. Аралықтар  бойымен  фонарлық  құрылғылар  салынса, ол  шатырдағы  қардың    желмен  ұшуына  кедергі  жасап « қар  қапшықтарының »  пайда  болуына  септігін  тигізеді, оның   үстіне  мұндағы  қар  салмағы  есептегенде  анағұрлым  көп  болуы  мүмкүн. Қапталдық  жарық  көздері  мен  фонарлар  қыс  мезгілінде  жылудың  көбірек  жоғалуына  әсер  етсе,  жаз  мезгіліндегі  күн  радиациясы  есебінен  бөлме-жайларға  артық  жылу  жиналуына  әсер  етеді. Табиғи жарықтандырудың  осы  аталған  ерекшеліктері ,  табиғи  жарықсыз, оның  ішінде  фонарлық  жарықсыз  өндірістік  ғимараттардың  көптеп  салынуына  әкеліп  соқтырды,  себебі  жасанды  жарық  пен  желдеткіші  бар  ғимараттар  техникалық, экономикалық  және  пайдаланылу  жағынан  болсын  көптеген  артықшылықтарға  ие. Дегенмен  жасанды  жарықтандырылуы  бар  ғимараттардың  да  өзіндік  кемшіліктері  бар. Бұған  спектрлік  құрамына  сәйкес  жарықтандыру  сапасын жатқызуға  болады,  табиғи  жарықтан  гөрі  бұл  өндірістік  іс- әрекетті  қиындатуы  мүмкүн, мәселен  түр-түсі  мен  сыр- сипаты  анықталған  тұста  санитарлық-гигиеналық  жағынан  нашарлата  түседі. Өндірістік  жайларда  адамдар  табиғи  жарықсыз  ұзақ  уақыт  істеген  кездерде ультракөгілдір  шұғылалы  қондырғылар  қойылуы  тиіс,  ал  табиғи  жарықтандырылған  бөлмелерде  бұлардың  қажеті  жоқ. 

         Табиғи  және  жасанды  жарықтандырудың  экономикалық  жағын  да  ескерген  жөн. Егер  табиғи  жарықтандыру  кезінде  шығын  тек  жарық  өтетін  жерлерді (терезелер  мен  фонарлар)  пайдалануға  жұмсалса,  жасанды  жарықтандыруда  пайдалану  шығындарынан  бөлек  электр  қуаты  тәуліктің  жарық  мезгілінде  өнімсіз  жұмсалса, оған  қоса  жөндеуге  және  желдеткішке  тұрақты  шығын  шығып  отырады.

         Өндірістік  ғимараттарды  табиғи  жарықтандыру  құрылыс  нормалары  мен  ережелері  арқылы  реттеледі, сондай-ақ  ол  өнеркәсіп  кәсіпорындарын  жобалаудың  салалық  нормаларында  қарастырылған.

         Нормалау  үшін  салыстырмалы  өлшем- табиғи  жарықтандыру  коэффициентін  алады,  мұнда  ашық  аспан  астында  бір  мезгілде  жарықтандыру процентпен (пайызбен) өлшенеді. Бұл  өлшем  бөлме-жайдағы  қажетті  жарықтандыруды  мөлшерлейді, сөйтіп  жарық  түсетін  саңылаулар  түрі  мен  өлшемін  де  айқындайды.

         Бөлмелер  түкпірін  жарықтандыру  үшін  терезелер  мейлінше  биік  болуы  тиіс,  мұндай  жағдайларда  көбінесе  терезелер  екі  қатарда  орналастыруға  жүгінеді. Негізгі  жарық  жоғарғы  қатардан  түседі, ал  жұмыс  орындарын  жарықтандыру  үшін  төменгі  қабырғалар  жағына    төменгі  қатарды  қондырады.

          Температурасы  мен  ылғалдылығы  қалыпты  жайлар  үшін  жарық-техникалық  талаптарға  сәйкес  келетін  кез-келген  фонарларды  қолдануға  болады, дегенмен  солтүстік  аймақтарда қос  шынылы  ұштық  фонарлар,  орталық  аудандарда  желдеткіш  құрылғысы  бар  фонарлар, ал  оңтүстікте  желдеткіштен  басқа  күн  сәулесін  өткізбейтін  шынылы  шынылы  фонарларды  қолданған  жөн.Оның  үстіне  фонарь  қоршаулары  экрандық  не  желдетілетін  болып,  қауіп  кетуді  болдырмауы  тиіс. Жылу  шамадан  тыс  бөлінетін  жайларда  жарық-аэрациялық  фонарлар  қолданған  тиімді,  мұнда  жылы  ауа  ағынының  фонардың  жарық  өткізгіш  қоршауларын  ластайтынын  естен  шығармау  керек.   

 

 

 

 

 

Дәріс № 9

Өнеркәсі   кәсіпорындарының  көмекші (қосалқы)  ғимараттары  мен  жайлары.

 

       Өндірістік   кәсіпорындардың  қосалқы  ғимараттарында  әдетте  мынадай  жайлар  орналастырылады: с а н и т а р л ы қ  –  т ұ рм ы с т ы қ, 

м ә д е н и е т     ж ә н е  с п о р т,   к о м м у н а л д ы қ – т ұ р м ы с т ы қ , 

ә к і м ш і л і к  – т е х н и к а л ы қ ,  с а у д а     ж ә н е     т е х н и к а л ы қ   

к ү т і м    ж а с а у,    с о н д а й – а қ    д е н с а у л ы қ   с а қ т а у, 

қ о ғ а м д ы қ  т а м а қ т а н д ы р у,   к ә і б и     о қ ы т у    ж ә н е 

Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері