Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат
Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.
Көпқабатты ғимараттар,сондай-ақ технологиялық іс-әрекеттер тіке күйде ұйымдастырылып,материалдар өз салмағымен жылжи алатын (мәселен ұнтақ материалдар қоймасы) өндірістерде қолайлы.Сонымен қатар көпқабатты өндіріс ғимараттары аумақтар шектелген жағдайларда жобаланады.Мүндай ғимараттарды кейде техникалық қабаттарымен салады.(2.3г-сурет),бұларда технологиялық коммуникациялар орналастырылады (желдеткіш қораптары,электр желілері,тұрбалық құбырлар ж/е т.с.с) ,бұған көмекші жайлар да жатады.Көп қабатты ғимараттарда көбінесе 6х6; 6х9; немесе 6х12м өлшемдеріндегі торкөздік ұстындар қолданылады.Техникалық қабаттары бар ғимараттарда,егер олардың көтергіш жаппа құрылымы (мәселен фермалар) биіктігі техникалық қабат биіктігімен бірдей болса,онда аралықтарды 24м-ге дейін ұзартуға болады.Осы тектес өндірістік көпқабатты ғимараттар үсті аралық тік тіреуіштерден бос болуы ықтимал (2.3 б.в-сурет).Өндірістік ғимарат әртүрлі биіктіктегі бір қабатты бөліктерден тұруы мүмкін (2.3в-сурет).Соңғылары аралас қабатты ғимараттар деп аталады.Бірқабатты өндірістік ғимараттарда техникалық қабатары болса фермааралық кеңістіктер,астыңғы қабаттар не жұмыс алаңдарының астындағы кеңістіктер пайдаланылады.Осындай әдіс біртіндеп екі қабатты өндірістік ғимараттарды (2.4-сурет) салуға әсер етті,бұларда бірінші қабатта тікелей жерге ауыр жабдықтары бар цехтарды жайғастырады да,ал екінші қабатта қалыпты жарықтандырылған бөлмелерде жеңіл құрал-жабдықтары бар өндіріс орналастырылады.Мұндай қос қабатты ғимараттар көбінесе жеңіл ж/е тамақ өнеркәсібінде,электролиз цехтарында қолданылады.
3.Көтергіш-көлік жабдықтарына қарай-крансыз ж/е крандық (арқалық кран не ілулі көлік 2.1 ж/е 2.3 суреттер) болып бөлінеді.
Барлық өндірістік ғимараттар (неше қабатты болса да) әдетте дайын өнімдерді,шикізатты даярлау,технологиялық жабдықтарды құрастырып-бөлшектеу кезінде оларды түсіріп-көтеру,жылжыту үшін көтергіш-көлік жабдықтарымен жабдықталады.Тек бұл жерде олардың өндірістік ғимараттар түрін зерттеп,көлемді жоспарлау кезінде құрылыста ыңғайлы шешім алуға әсерін естен шығармаған жөн.
4.Жабын схемалар құрылымы
бойынша-қаңқалық аралықтар (арқалықтар,фермалар
арқылы) қаңқалық кеңістікті,әр түрлі
ілінгіш түрдегі,қиғашты-тоғыстырылған,
5.Негізгі көтергіштік
құрылғылар материалдары
6.Жылу жүйесі бойынша-
Жылытылатындарына санитарлық-гигиеналық не технологиялық шарттарға сәйкес жылдың суық мезгілінде қажетті плюс температурада берілуге тиісті барлық өндірістік ғимараттар жатады.
7.Желдету жүйелері бойынша –табиғи (қалыпты) желдеткішті немесе қоршаулық құрылғыларының арнайы ойықтарынан жасанды түрде сорып-тартпалы ж/е ауасорғыштық жүйелі; ауаны тазартушы былайша айтқанда тұрақты ауалық ортаны қалыптастыратын жасанды желдеткішті болып бөлінеді.Ауаны тазартып отыру сыртқы ортадан толықтай оқшауланған ғимараттарда әрқашанда қолданылады.Бұндай ғимараттар өнімді аса дәлдікпен,тап-таза күйде шығару үшін арналған.
8.Жарықтандыру жүйелеріне қарай-табиғи,жасанды немесе біріктірілген (интегралды) жарық көздері бар болып бөлінеді.Табиғи жарық түсетін қабырға ойықтары (терезелер) және күнтартарлар (фонарлар) арқылы беріледі жасанды жарық-табиғи жарығы жоқ ғимараттардағы негізгі жарық болып табылады.Мұндай ғимараттарда электр шамдары қолданылып,өндірістің санитарлық-гигиеналық талаптарына сай сәуле шашып,табиғи жарыққа жақындатылады,бүтінделген жайларды осылайша жарықтандыру әлдеқайда жеңіл.
Соңғы 3 белгі ғимаратты көлемдік жағынан жоспарлауда оңтайлы шешімге жол ашады.
9.Жабу жабындық пішіндері бойынша үстіңгі фонарлық (күнтартарлық,шамдық) құрылғыларымен немесе оларсыз болып бөлінеді.Ғимараттың үстіңгі бетін фонарлық қондырылғанмен жабу қалыпты жарықтандыруды не аграцияны қамтамасыз ету мақсатында қолданылады (2.7-сурет).Мұндай шешім көп жағдайда ғимарат құрылысын пайдалануда кедергілер келтіреді. (қыста үй шатырында фонар аралық кеңістіктерде қар жиналуы мүмкін.)
Жеке бір топқа арнайы ғимарат түрлері жатады,мәселен,ашық жерде қондырылған жабдықтарға қалқа жасау,жарылғыш қаупі бар өндіріс ғимараттары,радиациясы жоғары өндіріс жайлары,технологиялық жабдықпен біріктірім жасалған «агрегат-ғимараттар» (2.8-сурет).Өнеркәсіп кәсіпорындары ғимараттарының құрамына өндірістік құрылыстар да кіреді.
Бұларға өндірістік көлік құрылыстары (аралық крандар эстакадасы,көлбеу галериялар т.б) ,коммуникациялық құрылыстар (тоннелдер,каналдар,бөлек тіреуіштер мен эстанадалар т.б),жабдықтарды қондыру құрылғылары (машина асты ірге тастары),жабдықтар қойылатын сөрелер,арнайы құрылыстар (сұйық сақтау қазандары,ұнтақ материалдар сақтау бункері,түтіндік мұржалар,сутолтыру башниялары т.б) (2.1 -таблица).
Атап айту керек,көбінесе өндірістік құрылыстар сол ғимараттың бір бөлшегі болып табылады.Өндірістік ғимараттарды кейде аралықтар өлшемдеріне қарай ұсақ аралықты (6,9,12 метр), орташа аралықты (18,24,30,36 м),ірі аралықты (36 м-ден аса 60,90,120 м әрі қарай) етіп бөлінеді.
Қысқа аралықты ғимараттар көмекші ж/е қоймалық ғимараттарға тән сондай-ақ бүлар көп қабатты өндірістік жайларда да кездеседі.Қазір орташа аралықты ғимараттар барынша кеңінен тараған.Ал ірі аралықты ғимараттар салу кезінде көтергіш құрал- жабдықтар мен көліктерді орналастыру мүмкіндіктерінің шектелетіндігін ескеру қажет,өйткені өздігінен жылжитын жерге тірелген крандарды қондыру кезінде ғимараттың аралық мүмкіндіктерін барынша ұлғайтуға тура келеді.
Қазіргі заманғы автоматтандырылған өндіріс талаптарына сай мұндай ғимараттарды салу кезінде арқалық,жиналмалы түрдегі көтергіштік қабілеті бар құрылғылар қолданылады.Осындай құрылғылар өндірісті біраралықтағы ғимараттарда орналастыруға мүмкіндік береді (2.1 в-сурет).Техникалық прогрестік жедел қарқынмен дамуы жағдайында ғимараттардың «иілгіштік» (гибкость) қасиетін көтеру мәселесі туындайды,былайша айтқанда ғимарат тозбай,әр-алуан технологиялық процестердің құбылып,өзгеріп,жетілдіріліп тұруы кезінде сан түрлі жабдықтарды орналастыруға ыңғайлы да оңтайлы болуы шарт.Сондықтан да кейінгі жылдары жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары «иілгіш» те «әмбебап» өндірістік ғимараттар түрлерін жасаумен айналысып,бірдей көлемдік және өлшемдік құрылыстарда әртүрлі өндірістерді жайғастыруға қол жеткізді.Мәселен,тоқыма және электротехникалық кәсіпорындар бір ғимаратта орналастырылады.Немесе бір кәсіпорынның әртүрлі цехтары мен бөлімшелері бір үлкен ғимаратқа жапсарласады.Осыдан келіп тұтастай құрылыстағы ғимараттар ұғымы тұнды.Бұлайша жапсарлап салу экономикалық жағынан тиімді,кәсіпорны аумағын,коммуникациялар созылымын,ғимарат қоршауларын қысқартады,сөйтіп жылу шығынының азаюына байланысты пайдалану шығындарын да үнемдейді.
Сонымен қатар павильондық құрылыстарда да өз мәнін жойған жоқ.Олар жапсарлап салу технологиялық жағдайларға сәйкес (бір цехтың екінші цехқа зиянды әсері болса) мүмкін болмағанда қолданылады немесе павильондық құрылыс экономикалық тұрғыдан тиімді болса пайдаланылады.Жоғарыда атап өткендей ірі аралықты ғимараттарда жабдықтар сөрелерде орналастырылады (2.9 сурет).Мұндай ғимараттар,айталық,химия өнеркәсібінде қолданылады.
Соңғы кездері қоршаған
орта температурасының
Өндірістік құрылыста жоғарғы фонарлық құрылғылар кеңінен тараған.Жарықтандырылу жоқ ғимараттарда былайша айтқанда,«психологиялық» жарықтандыру пайдаланылады,олар ғимараттың тұтастай бойымен қойылған терезелер түрінде болып,ондағы жұмысшылар сыртқы ортамен көріністік байланысты жоғалтпайды,әйтпесе табиғи жарықтың болмауы жұмысшыларға кері психологиялық ж/е физиологиялық әсерін тигізеді.Бұдан басқа табиғи жарығы жоқ ғимараттарда электр қуаты көп шығындалады,сондықтан жоғарыдан жарық түсірілетін жайлар аз мәнін жоймайды.Кейбір бір қабатты ғимараттарда фермааралық кеңістіктер технологиялық қажеттілікке пайдаланылады,сондықтан бұл жайларды аспалы төбе көмегімен бөліп тастайды және оларға жасанды жарық бергіш шамдар құрастырылады.Мұндай аспалы шатырлар цех интерьерін жақсартады,сондай-ақ өндіріс аймағынан коммуникациялар мен көмекші технологиялық құрылғыларды бөліп тастап,жұмыс жағдайын жақсартады.
Өндірістік ғимараттардың көтергіш-көлік жабдықтары.
Өндірістік ғимараттардың өз ішіндегі жүктер (шикізат,дайын өнім,құрастырылып ,бөлшектенетін жабдықтар) көтергіш-көлік жабдықтары көмегімен жылжытылады.Көлік түрі өндірістік ғимарат құрылысы көлемін жоспарлауға әсерін тигізеді.Көтергіш-көлік жабдықтарын дұрыс таңдап алу өндірістік ғимарат құрылысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындап алуға барынша әсер етеді.
Цехішілік көлік 2 топқа бөлінеді
а﴿ кезеңмен пайдаланатын көлік
б﴿ үздіксіз әрекеттегі көлік
Бірінші топқа рельссіз (еден үсті) және рельспен жүретін көліктер (автокар,автожүктегіш т.б), аспалы көліктер (аспалық жабдықтар,крандар),сондай-ақ арқалық кран түрлері,екінші топқа –барлық түрдегі конвейерлер,пневматикалық және гидравликалық көліктер жатады.
Цехішілік көліктерді таңдап алу технологиялық
процестерге,жүктердің сипатына,өндірістегі
қызметтерді жаңашаландыру қажеттігіне
байланысты болады.Көп жағдайда ғимаратты
көлемді жоспарлауға зиянын тигізбейтін
рельссіз,конвейерлік,аспалы,
Көтергіш жабдықтарды жобалап құрастыруды осы саланың арнайы мамандары іске асырады.Осы сабақта біз өндірістік ғимаратты көлемді жоспарлап,дұрыс шешім алуға әсерін тигізетін көтергіш көлік жабдықтарын құрастырамыз.
Аспалар. Аспалы жүйелер қолмен не электрмен іске қосылып,тұрақты және қозғалмалы түрде болады,олардың кабиналары ашық не жабық күйде жасалады,тіпті кабинасыз да болуы мүмкін.(3.1 а-е сурет.)
Мысық жабық тіркеме арбаға бекітілген аспалы жүйені білдіреді,ол қолмен қосылатын шынжырлы беріліс арқылы кішігірім рельспен (монорельс) жылжытылады.Монорельске жоғарыдағы жабынның көтергіштік қабілеті бар құрылғысына аслады.(3.2-сурет).Бұл жабдықтардың өзін екіге бөліп қарастырады,төрт доңғалақты механизмдері бар тіркемелер жүк көтергіштігі 0,5-3 тн құраса,көтергіш механизм мен тіркеме арба тұтастай алынатын мысық жабдықтар 1-10 тн-ға дейін көтере аоады.(3.3- сурет.)
Электрлік аспалар 10 тн-ға дейінгі жүктерді 18 м биіктікке дейін көтере алады.Мұндағы айырмашылық –жүкті көтеріп жылжыту электрлік механизм арқылы іске асырылады,басқару қашықтан не кабинадан жүргізіледі.
Аспалар үш негізгі желілерден тұрады:көтеру механизмі,қозғалмалық механизмі бар арбалар ж/е ілмектік қондырғы.( 3.3 б- сурет).Аспалар мен мысық-жабдықтар тек монорельс бабындағы шағын кеңістікте пайдаланылады,бұл-олардың кемшілігі болып табылады (3.1ж- сурет).
Аспалы крандар. Аспалы крандар (кранбалкалар) ғимараттар аралығы 30 м-ге дейін болып көтеретін жүк 10 тн-ға дейін болған жағдайларда қолданылады.
Олар негізгі болат бел арқалардан құралып,ұшында жабынның көтергіштік бөліктеріне ілінген рельстер бойынша жылжитын сырғымалар бекітіледі.Aспалы кран майысып кетпеуі үшін сырғытпа негізгі беларқаға қондырылады,ал оның төменгі сөресінде элетрлік аспалы қозғалыста болады.Аспалы крандар цехтың ұзынынан да,көлдеңінен де жүкті алып жүруге мүмкіндік береді,сөйтіп жұмыс алаңын тұтастай қамтиды. Монорельстерді аспаларға қалай бекітсе,аспалы кран рельстерін де көтергіш құрылғыларға солай бекітеді.
Көпірлік крандар.Бір қабатты өндірістік ғимараттарда көпірлік крандар көлік құралының ең кең тараған түріне саналады.Оларды басқару оңай және қарапайым электр қоректендіргіш жүйемен қамтылған.Тек мұндай крандарды қолданған кезде ғимарат биіктігі ұлғайып,оңтайлы шешім алу қиындайды.Көпірлік крандардың жүк көтергіштігі 630 тн-ға дейін жетіп,ғимарат аралықтағы 50 м-ді құрайды.Бұл крандарда ілмек не грейферлер,жүк электромагниттері ж/е басқа да арнайы жүкті іліп алу құрылғылары болады.
Көпірлік екі аралықты крандар кіші жүк көтергіштік-5 тн-ға дейін,орташа 50 тн-ға дейін ж/е ауыр жүк көтергіштік- 250 тн-дан жоғары болуы мүмкін. 15-500 тн крандарда екі ілмек болады,олардың бірі негізгі (жүк көтергіштігі жоғары),екіншісі –көмекші (жеңіл жүктерді көтеру) болып бөлінеді.Шартты түрде мұны 30/5 тн деп белгілесек,мұндағы 30 тн бірінші ілмек те,5 тн-көмекші екінші ілмек.
Көпірлік сырғытпаларға қондырылған екі көпірден (аралықтан) тұрады,сондай-ақ оның құрамына көпірлік жылжыту механизмі бар арбалар кіреді.Кран көпірі екі немесе төрт құрыш беларқадан не фермадан тұрып,өзара қосарланып байланыстырылады.Арбалар доңғалақтары бар болат кәшектерден құралып,ортаңғы беларқалар не фермалардағы жоғарғы рельстерге қондырылады.Арбаларда жүктерді жоғарыға жылжыту, ғимарат бойымен алып жүру,сондай-ақ кранды ғимарат аралықтарымен қозғап отыру механизмдері орналастырылған.
Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері