Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат

Описание работы

Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.

Файлы: 1 файл

arkhitek-2_lektsia.docx

— 108.56 Кб (Скачать файл)

к в а р т а л д ы қ  – п а н е л д і к    деп  атайды. Аяқталған  технологиялық  бөліктері  бар  өндірістік  кәсіпорындар  кварталдары  бір  топқа  біріктірілсе,  онда  к в а р т а л д ы қ – т о п т ы қ  құрылыс  салуды  іске   асыруға   болады.Кварталдар, панелдер  және  топтар  өлшемдері  өндіріс  түріне,  оның  қуатына  және  санитарлық  сипаттамаларына  қарай  алынады. Оларды  жүйелеу  мақсатында  үлкейтілген  модуль  өлшемдерін  бірнеше  еселеп  белгілейді.  Модуль  өлшемі  жобаланатын  өндірістік  аудан  немесе  өндірістік  кәсіпорын  кіретін  өнеркәсіптің  саласына  байланысты  болады. Мәселен,  машина  жасау  және  мералл  өңдеу  кәсіпорындары  үшін  жүйеленген  тектес  панелдер  өлшеміне  қарай 72м-ге  тең  етіп  алады, ал  химия  және  мұнай-химия  өнеркәсібі  үшін  бұл 100м-ге  тең. Айталық  мұнай  зауыттары  үшін  кварталдар  өлшемі  300х400м,  мұнай-химия  нысандары  үшін  400х400м. Өндірісті  оқшауландыруға  байланысты  кварталдар  да  іліндіріліп  жергілікті  жердің  жай-күйіне  қарай  10,12,16және 20 га  етіп  алынады. Өндірістік  ауданда  көбінесе  қызмет  көрсету  аясы  1,5-2 км  болатын  бір  не  бірнеше  қоғамдық  орталықтар  болады. Әр  орталықта  әкімшілік,  мәдени-тұрмыс, ғылыми-техникалық  және  спорттық  мекемелер  орналастырылады. Өнеркәсіп  кәсіпорындарының  бас  жоспары  бүкүл   өндірістік  ауданның  бас  жоспары  есепке  алынып  жасалады. Ол  құрылыс  салу,  тасымалдау,  инженерлік  коммуникациялар  мен  өндіріс  аумағын  қабаттандырудың  кешенді  жоспары  болып  табылады. Өндірісітік   аудандар  мен  жекелеген  кәсіпорындарды  жобалау  кезінде  аумақты  аймаққа  бөлуге   аса  зор  мән  беріледі,  оны  өндірістік  технология  ерекшеліктеріне  қарай  жүзеге  асырады. Өндірістік  кәсіпорынның  немесе  ауданның  тұтас  аумағын  төрт  аймаққа  бөледі.

1-ші   з а у ы т    а й м а ғ ы -  бұған  зауыттың  көмекші  ғимараттары( әкімшілік, медицина  мекемелері,  оқу  жайлары, қоғамдық- мәдени  жайлар, зертханалар, ғылыми-зерттеу  бөлімшелері, өтетін  жерлер, жолаушылар  көлігінің  аялдама- тұрақтары  т.с.с..)

2-ші  ө н д і р і с  т і к    а й м а  қ- мұнда  негізгі  және  қосалқы  өндірістік  цехтар  шоғырланады.

3-ші   қ о с а л қ  ы    а й м а қ-  мұнда  жерүсті  және  жерасты  инженерлік  коммуникациялар  т.б.  болады.

4-ші   қ о й м а л  а р – бұл  жерде  материалдар  шикізаттар  мен  дайын  өнімдер  сақтауға  арналған  ғимараттар,  сондай-ақ  көлік  жайлары  орналасады.

       Жобалау  кезінде  кәсіпорынның  бас  жоспарын  жинақтап,  ондағы  жекелеген  аймақтар  арасындағы  байланыстарды  технологиялық  іс-әрекеттерге  сәйкестендіреді, ал өндірістік  арна  барынша  қысқартылып,  қарсы  не  қайтарым  бағыттары  болмауы  тиіс.

      Кәсіпорында  және  кәсіпорын  мен  селитеб  аймағының  арасы  тиімді  өндірістік, көліктік  және  инженерлік  байланыстармен  қамтамасыз  етілуі  тиіс. Өнеркәсіп  кәсіпорын  аумағын  аймаққа  бөлген  кезде  адамдар  мен  жүктердің  жылжып-қозғалу  мәселелеріне  үлкен  мән  берілуі  тиіс. Жұмысшылар  мен  қызметкерлер  үшін  жолаушылар  мен  жаяу  жүргіншілер  өтетін  жерлер  жасалады,  бұл  кәсіпорын  ішінде  уақыт  үнемдеп  қауіпсіз  қозғалысты  қамтиды. Адамдар  топтанып  жүретін  жерлер  жүктердің  жылжыуынан  оқшаулануы  тиіс  олардың  қиылысатын  тұстары  әрқилы  деңгейде  болуы  тиіс.

Өнеркәсіп  салаларына  қарай  құрылыс  салу  алаңы  өндірістік  кәсіпорын  аумағы  жалпы  алаңның  30-60%-ындай  етіп  алынады. Бас  жоспардың  жобасы  тиісті  техникалық-экономикалық  көрсеткіштермен  негізделеді,  сол  бойынша  пайдаланылатын  алаңдар  мен  қабылданатын  шешімдердің  тиімділігі  белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс № 7

Көпқабатты азаматтық  ғимараттардың көлемді – жоспарлау және сәулет – құрылымдық шешімдері.

 

 

 

        Қазіргі  заманғы  өндірістер  сан  алуандығы,  сондай-ақ  ондағы 

технологиялық  жұмыстардың  да  әрқилылығы  өз  кезегінде  өндірістік 

ғимараттардың  көлемдік-  жоспарлау  және  конструкциялық  шешімдерінің

де  әртүрлі  болуына  әсер  етеді.  Жобалауға  кіріскенде  ең  әуелі  өндірістік  іс- әрекет  зерттелуі  тиіс,  өйткені  соған  қатысты  ғимарат  тұрғызылады,  сосын  оңтайлы  құрылыстық  шешім  алу  үшін  оған  қойылатын  талаптар  анықталуы  тиіс.

         Алайда  өндіріс  тегіне,  технология  сипаттамасына  қарай  бұл  талаптар  да  әртүрлі  болуы  мүмкүн, кей  жағдайда  метеорологиялық  кестеге  байланысты  ғимаратты  салқындату  маңызы  болса, енді  біреулерінде  аэрациямен  қамтамасыз  ету  талабы  ерекше  болуы  мүмкүн,  үшіншілерінде  шығарылатын  өнімге  қатысты  кеңістікті  қамту  бірінші  кезекте  қойылуы  мүмкүн  т.с.с.

         Дегенмен  өндіріс  сан-алуандығына  қарамастан  ғимаратты  жоспарлауда  оңтайлы  шешім  алу  үшін  кейбір  жалпы  ұстанымдарды  бөліп  айтуға  болады. Олардың  ішінде  ең  әуелі  бір  өндірістік  ғимараттағы  бірқатар  өндірістік  жайларды  оқшаулауды  атауға  болады  немесе  бір  технологиялық,  тіпті  әртүрлі  технологиялық  жұмыстарды  қамтитын  цехтарды  не  әртүрлі  өндірістік  кәсіпорындарды  бөлектеп  тастауға  болады.

          Жобалау  тәжірибесі  көрсеткендей,  оқшаулау (бөліп  тастау )  көмегімен  жекелеген  жағдайларда  зауыт  аймағы  көлемін  30%-ға  дейін  кемітіп,  сыртқы  қабырғалар  өлшемін 50%-ға  дейін  қысқартып,  құрылыс  салу  құнын  15-20% төмендетуге  болады.

        Сонымен  қатар  оқшаулау  технологиялық  іс-әрекеттердәң  әрқилы  сипатын ескерген  кезде  ғимараттарды  көлемді  жоспарлауда  белгілі  бір  қиындықтар да  туғызады,  мәселен  жер  бедері  тынымсыз  аумақтарда  бұл  әдәсті  қолдану  жер  қазу  жұмыстары  көлемін  ұлғайтып, экономикалық  тиімділікті  азайтады. Сондықтан  технологиялық  жұмыс  сипаттамалары  бір-біріне  орайлас,  сондай-ақ  жергілікті  құрылыс  салу  жағдайлары  қиындық  туғызбаса  ғана  оқшаулау  өзін-өзі  ақтайды. Бөлек  тастаудың  тағы  бір  оң  факторы- әртүрлі  өндірістік  жұмыстардағы  біртектес  көмекші  цехтарды  бірлестіру  мүмкүндігі. Бұлайша  біріктіру  тек  қана  ғимарат  көлемін  қысқартып  қоймайды,  сонымен  қатар  қосымша  алаңдарды  азайтумен  бірге, жұмысшылар  санын  да  кемітуге  мүмкүндік  береді.

          Жоғарыда  айтылған  әдіспен  қатар  повильондық  құрылыс  салу  да  өз  мәнін  жоймайды  бұған  технология  сипаты  да (едәуір  дәрежеде  жылу, газ  бөлінісі ), жергілікті  жағдайлар,  бәрінен  бұрын  экономикалық  артықшылықтар  әсер  етеді.

        Аспап  жасау  өндірісінде  экономикалық  есеп  қисап  негіздемелері,  мысалға  алсақ, «модульдық  ұстаным»  атауын  шығарады, бұған  сәйкес  кәсіпорын  құрылымы  бірнеше  автономдық  біртектес  бірліктерден  тұрады, олар  жекелеген  кішігірім  өндірістік  ғимараттарда  орналастырылады. Егер  технологиялық  іс-әрекет  бір  қабаттда,  көп  қабатты  да  ғимарат  салуға  мүмкүндік  берсе,  қабатты  таңдау  жергілікті  жағдайларға (құрылысқа  бөлінген  учаске  көлемі, оның  бедері,  ауа-райы  сипаттамалары  т.б. ), сондай-ақ  техникалық  және  экономикалық  көрсеткіштерге  байланысты  болады. Бірқабатты  ғимараттар  технологиялық  іс-әрекеттерді  жаңартқан  кезде  ондағы  жабдықтарды  емін-еркін  тасымалдап  жылжытуға  көбірек  мүмкүндік   беретіндігін  ескеру  қажет. Бұларда  көтергіш- тасымалдау  жабдықтары  мен  табиғи  жарықтандыру (бүкіл  цехты )  мәселесі  оңай  шешіледі. Дегенмен,  бірқабатты  өндірістік  ғимараттар  көп  аумақты  талап  етеді,  ал  қалалық  аумақтардағы  жердің  қабаттандырылатын  ескерсек, қаланың  әрі  қарай  даму  болашағына  бұл  едәуір  қиындықтар  келтіреді. Бірқабатты  өндірістік  ғимараттарды  қала  сыртына  салу  аса  құнарлы  ауылшаруашылығы  жерлерін  қысқартуға  әкеліп  соқтырады. Бұдан  басқа  көпқабатты  ғимараттарға  қарағанда  бірқабаттылардың  сыртқы  қоршаулары  да  көп  алаңды  қамтиды,  демек  жылу  жоғалтқыштықта  арта  түседі (көпқабаттыға  қарағанда 1,5  есе  көп )

Тағы бір ескеретін жәй – көп қабатты ғимараттардың жалпы көлемі әрқашан да бірқабаттыға қарағанда  15-20%-ға артық  болады, бұл баспалдақтар, көтергіштер коммуникациялық жайлардың көптігі есебінен құралады. Сондықтан қабатты таңдауда негізгі нысанға экономикалық көрсеткіштер болуы тиіс.

Бұл жерде ақыры ғимараттар шешімін жүйелеу ұстанымын бөліп айту қажет, өйткені ол салыстырмалы түрде ең тәуір көлемдік-жобалау мен конструкциялық шешімді көздейді, шешімнің әмбебаптығын, бейімділігін арттырады, осының өзі-ақ ғылыми техникалық жеделдету кезінде үлкен маңызға ие. Көптеген өндіріс салаларында технологиялық жұмыстар мен онымен байланысты құрал-жабдықтар, сондай-ақ  еңбек құралдары тез жетілдіріп отырады. Мұндай жағдайларда мүлдем жаңа технологиялық схемаларға сәйкес жабдықтар жиі ауыстырылады, сондықтан ғимараттардың  көлемдік-жоспарлау және конструкциялық өлшемдері өндірісті қайта жарақтандыру мен жақсарту жұмыстарына кедергі келтірмеуі және шектемеуі тиіс.

Өндірістік ғимараттар  әмбебаптығын немесе икемділігін арттыру ең әуелі кеңістікті босату нәтижесінде іске асырылады  бұған мәселен, ұстындық торларды ұлғайту  немесе қажет жағдайда  бөлме – жай  биіктігін көтеру жатады.

Әмбебапты арттыру кейбір конструкциялық шаралар арқылы да іске асырылады, мәселен бірқабатты өндірістік ғимараттардың  бүкіл алаңының еденін мықтап бекіту (күшейту) есебінен, кез келген жерінде арнайы  іргетас қолданбай-ақ жабдықтарды қондыруға  мүмкіндік жасауға болады. Мұнда, бірақ, істің экономикалық жағын да ұмытпаған  жөн. Мәселен, ұстындар торын ұлғайту өз кезегінде аралықты не тіке тіреуіштер адымын да көбейтеді, ал бұл жабындық конструкция құнын арттырып жібереді, сондықтан әмбебаптықтың экономикалық тиімділігін тексеріп алу керек. Ғимаратты  жобалау кезінде берілген  өнеркәсіп саласындағы  ғылыми-техникалық  даму  болжамын  назарда ұстаған жөн, өйткені ол осы саланың тұтастай, өндіріс технологиясы  мен  технологиялық жабтықтарының  ықтималды даму жолдарын айқындайды. Мұндай  болжам жобалау кезінде өндірістік  ғимараттардың оңтайлы конструкциялық  шешімдерін  негіздемелерімен таңдап алуға мүмкіндік береді.

Мәселен, егер шығарылатын өнім көлемі көбейсе түсетіндігі белгілі болса, онда кәсіпорын  цехтары ауқымын  үлкен көлемді өнімдерді жинақтау  мүмкін  болатындай етіп ұлғайтуға  тура  келеді, ал осы  сәтте  өнім өлшемі кішігірім болса, бір ауқымда екі не одан сәл көп  жинақтау  желілерін ұстай  тұрған  тиімді  болады.

Ғылыми-техникалық  прогрестің    жеделдетуімен бірге  өндірістік    ғимараттардың мызғымастығы  (ұзақ сақталуы) мәселесі туындай  бастауы. Егер  жобаланған ғимарат болжам бойынша белгілі  бір жылға өнім шығаруға есептеліп салынған болса, онда оның қызмет  ету мерзімі де сондай ұзақтыққа  есептеліп алынып, кейін басқа өндірісті  орналастыруға  арналуы  ттиіс,  міне  бұл жағдайда конструкциялық

өлшемдер мен  көлемдік жоспарлауды  әмбебаптығы  аса құнды болып саналады.

Егер көлемдік – жоспарлау    шешімі  қатаң түрде  технологиялық іс- әрекеттерге  бағынышты болса, жағдай күрделенсе,  түседі (мәселен  жылу эл.станциясы ғимараты). Мұндай да  ғимаратты жабдықтарда  қайта жарақтандыруға   бейімдеу мүмкін болмаса, оны   мақсаттарға  пайдалану  барынша  қиындай түседі. Осындай  ғимараттарда  көбіне  жабдықтарды  құрылыс  конструкцияларымен  тығыз  байланысты болғандықтан,  оны ауыстыру  конструкцияны  өзгертуге  әкеліп  соқтырады,  былайша  айтқанда  бұл жерде  ғимараттың  ұзақ өмір  сүруі  берілген  жабдықтың  пайдалану  мерзіміне  тікелей  байланысты  болып отыр.

Жоғарыда  атап өтілгендей өндірістік  ғимаратты  тиімді  пайдалану-бәрінен  бұрын  кеңістікті  үнемді қолданумен  айқындалады,  былайша  айтқанда  оның  алаңдары  мен көлемі  аталған  технологиялық  жұмысқа  қатысты  тиімді  пайдалануы тиіс. Қажетті  өндіріс  алаңдарын  кәсіпорын  қуатына  қатысты анықтайды, ол үшін дайын  өнімді  шығарғандағы  тонна  немесе  1м3 алаңы  қаржылай  есептелетін  ұлғайтылған салалық  көрсеркіштерді  негізге алады. Салалық  көрсеткіштерді  жұмыс  істеп тұрған  техникалық   және  өндірістік  сипаттағы  біртектес  алдыңғы  қатарлы  кәсіпорындардың  көрсеткіштері  негізінде  есептеп шығарады.

Егер жалпы  шаманы, мәселен тоннамен не теңгемен есептеп  жылдық  шығарылатын  өнімді  1м3 алаңдағы  шығарылатын  жылдық  көрсеткішке болса,  онда  шамамен  квадрат алаңының көлемі шығады.

 Ғимаратты  жобалау  кезінде  технологиялық  жабдықтарды тиімді  орналастыру,  шикізат ,  жартылай   дайын өнімдерді және өндіріс қалдықтарын тасымалдауға ғана емес , сондай-ақ  жұмыс  орындарын  дұрыс ұйымдастыруға  қауіпсіздікті  қамтамасыз етуге және санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сай қолайлы  еңбек жағдайын туғызуға  барынша  мән берілуі тиіс.

Көлемдік – жоспарлау шешімі пішініне қарай  барынша  қарапайым  болуы тиіс. 

Тек бұрышты, ұзыны мен биіктігі  бірдей жапсарлас  орналасқан  аралықтарымен  жапсарланған  ғимараттар конструкциялық шешімді  оңайлатады, құрылмаларды жинау дәрежесін  арттырады және олардың  біртектес өлшемдері  санын қысқартады.

Жеңіл технологиялық  жабдықтарымен аз  көлемде өнім  шығаратын  көп  қабатты  ғимараттар  пішінінде  қарапайым етіп жобалауға болады. Олардың төменгі қабаттарына  ауыр жабдықтармен  істелетін  технологиялар немесе  ағын су, қышқыл, агрессиялық қоспаларды пайдаланумен   атқарылатын  жабдықтар  орналастырылуы  мүмкін.

Жоғарыда айтылғандай  өндірістік  ғимараттардың  көлемдік-жоспарлау және конструкциялық  шешімдері  жабдықтарды  жаңартып  ауыстырумен  байланысты  технологиялық  іс- әрекеттерді жаңғырту  мүмкіндігін де қарастыруы тиіс ( ғимаратты  қайта  құрмай-ақ). Осы мәселені шешуде  әмбебап  ғимараттар толықтай жауап береді.Алайда  өзге жағдайлардың  бәрінде әмбебаптың  дәрежесін  арттырған жөн, мәселен  ғимараттың  өндірістік  еңістігін сан түрлі баспалдақ- ұялармен, санитарлық  талаптармен  т.б. ыбырсытудан аулақ  болу қажет.

Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері