Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат
Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.
в) кран асты белдеулер, жарық-аэрациялық фонарлар, ригельдер және фахверк қадаулары үшін;
г) жиынтық түрдегі жеңіл көтергіштік және қоршаулық конструкциялар үшін (бұл жағдайда болат және темірбетон ұстындары қолданылуы мүмкүн).Біртектес салмақ түсетін бірқабатты өндірістік ғимараттарда қазіргі кезде негізінен жиналмалы темірбетон қаңқалар қолданылады. Жекелеген жағдайларда аралас тектегі қаңқалар қолдануға болады, бұлардағы биіктік элементтерін темірбетоннан немесе тастан құрастырады, ал жабынның көтергіш қаблеті бар конструкцияларын болаттан не ағаштан жасайды.
Көп жағдайларда бірқабатты және көпқабатты өндірістік ғимараттар конструкциясын қаңқалық сұлба бойынша жасайды. Қаңқалық жүйелер өндірістік ғимараттарға тән мейлінше статикалық және динамикалық жүктемелер түскен кезде барынша тиімді болып саналады. Алайда аз аралықтарда (12м-ге дейін ) және ауыр көтергіш тасымал жабдықтары жоқ кезде қаңқалық конструкциялар орнына көтергіштік қаблеті бар қабырғалар қолданылады.
Мұндай ғимараттардың негізгі оңтайлы элементтері- қабырғалар, жабындық көтергіш конструкциялар (берарқа не фермалар ) және оларға төселген жабындық плиталар. Өндірістік ғимараттарда әдетте ішкі бойлық қабырғалар болмайтындықтан сыртқы қабырғалар орнықтылығы пилястр құрылғысымен іске асырылады, оны қабырғаның ішкі не сыртқы жағынан, көбінесе көтергіш қаблеті бар конструкциялар сүйелген тұстарға қояды. Бірқабатты қаңқалық өндірістік ғимараттарда көтергіш кіндік қызметін бойлық кәшектер мен оларды байланыстырушы ұзына тетіктер атқарады. Қаңқаның бойлық кәшігі іргетасқа мықтап отырғызылған қадаушадан және ригельдерден құралады, олар қаңқа қадаушасына сүйелген жабындық көтергіш конструкциялар болып табылады.
Қаңқаның бойлық (созылған ) элементтері ұзына бағытта оның орнықтылығын қамтамасыз етеді және ғимараттың қапталдық қабырғаларына әсер ететін кран тежелгендегі , жел болғандағы салмақты қабылдай алады. Бұл элементтерге мыналар жатады: іргелік, байланыстық және кран асты беларқалар, жабынның қоршау бөлігінің көтергіш конструкциялары және арнайы байланыстар. ( қадаушалар мен мен көтергіш конструкциялар арасындағы ). Қаңқалық ғимараттардың сыртқы қабырғалары тек қоршаулық конструкциялар ретінде болады, сондықтан өздігінен көтергіш не аспалы болады. Жаппаның құрылымдық жүйесі өтккендік не өткіндіксіз болуы мүмкүн, біріншісінде ғимаратты бойлар өткендер төселеді де, олармен бойлық бағытта шамалы ұзындықта плиталар салвнады, ал, екіншісінде жаппаның көтергіш қаблеті бар конструкциялары бойынша үлкен көлемді плиталар (панельдер ) төселеді. Жаппаны өткінсіз үйлестіру сұлбасы материал шығындалуы бойынша үнемді болып саналады. Қаңқадағы ұстын адымы 12м және одан артық болғанда итарқалық құрылмалар құрылғысына қажеттілік туындайды, оларға 6 не 12м сайын ригельдер (беларқалар ) не фермалар қондырылады. Егер аспалы тасымал көлігі жоқ болып, жаппалық көтергіш конструкциясының қоршпулық бөлігі ретінде 12м-лік темірбетон плиталары қолданылса, ұстын қаңқасының адымы плита аралықтар ұзындығына тең болса, онда итарқалық құрылымдардың қажеті жоқ.
Кейбір өндірістік ғимараттарда, айталық металлургия зауыттары цехтарында итарқалық құрылымдар ауқымы (аралығы ) едәуір алшақ болады, мартен пештері ғимарат ортасына орналасқан жағдайда орталық қатардағы қаңқалық ұстындардың адымы 36 м етіп алынады. Прокат цехтарында балқытылған болатты бір аралықтан екіншісіне жеткізу үшін орталық ұстындар адымы кейде 72 м етіп алынады. Мұндағы итарқалық құрылмаларды ферма түрінде жасайды, оған жаппадан не өткелдік крандардан салмақ түседі деп есептелінеді 72 м ауқымды жабатын итарқалық құрылмаларды біріктіргіштері бар болат ферма тектес етіп қондырады.
Темірбетон беларқалар ретіндегі көтергіш қаблетті жаппалардағы бетон қалыңдығы 80-100мм болып, жеке салмағы 1м3 жаппаға 200-250 кг болады. Мұндай жүктеме түскенде бетон мен арматураның басым бөлігі конструкцияның өз салмағына жұмсалады, сондықтан қазіргі кезде бұл құрылмалармен қатар жеңілдетілген металдық конструкциялар жаппа ретінде кеңінен қолданылып келеді.
Қазір қабықшалар, доғалар, текшелер ретіндегі жұқа қабырғалық кеңістік конструкциялары түріндегі жаппалардың болашағы зор. Мәселен, армоцемент жаппалардың 1м2 массасының салмағы 45-55 кг, ал қабыршақ қалыңдықтары 15-20 мм-ді құрайды.
Көпқабатты өндірістік ғимараттарды әдетте толық жиналмалы темірбетон қаңқасымен өздігінен көтергіш не аспалы қабырғалармен және жекелеген жағдайларда қаңқасы толық болмаса да көтергіш қабырғалармен жобалайды. Қаңқаның негізгі бөліктері мыналар: ұстындар, ригельдер, жаппалық және байланыстыру плиталары. Қабатаралық жаппаларды екі түрдегі жиналмалы темірбетон конструкциялардан жасайды: арқалық пен және арқалықсыз.
Арқалықсыз жаппаларда ригельдер қызметін ұстындардың бөліктік өстері бойынша қойылған темірбетон плиталар атқарады. Өзара бір-бірімен тораптарға мықтап біріктірілген ұстындар мен ригельдер қаңқаның кәшегін құрайды, олар бойлай да, жапсарлас та немесе бірмезгілде екі бағыттада орналастырылуы мүмкүн.
Қабатаралық темірбетон жаппалар көлденеңінен мықты ойлау қызметін атқарады, олар қаңқа бөліктері арасындағы жүктемені (салмақты ) үлестіріп, ғимарат қаңқасының барлық бөліктерінің кеңістік қызметін қамтамасыз етеді. Тігінен байланыстыру қызметін бойлық не жапсарлық темірбетон қабырғалар немесе шақбақ тектес болат элементттер атқарады, олар көбіне ұстындар аралығына қондырылады несесе темірбетон қабырғаның бойлық және жапсарлық қосындылары баспалдақтық қорапшалар лифтілер құрап, байланыстырылады.
Жиналмалы темірбетон қаңқалар кәшектік, кәшекбайлау немесе байлау жүйесі түрінде алынуы мүмкүн. Қаңқаның кәшектік жүйесінде ғимараттың кеңістіктегі беріктігі қаңқаның өз қызметі арқылы қамтамасыз етіледі, мұнда кәшектер көлденеңінен де, тігінен де жүктеме (салмақ ) түсіріп тұрады. Кәшектік-байлау жүйесінде тігінен тоүсетін салмақты қаңқа кәшектері қабылдаса, көлденең жүктемені кәшектер мен тіке байлаулар (диафрагмалар ) қабылдайды. Байлау жүйесінде тігінен түсетін жүктемені қаңқа ұстындары, ал көлденең жүктемені тіке байлаулар қабылдайды. Кәшектік- байлау жүйелерінің кәшектіктің өзіне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар, өйткені қаңқаның түйіндік бөліктері оңайлатылып бір жүйеге келтіріледі, соның есебінен жапсарлық тетіктерге жұмсалатын болатт (құрыш ) қысқартылып, ұстындағы арматура кемітіледі.
Бойлық қабырғалар немесе баспалық қорапшалар болмаған жағдайда не олардың арасы тым алшақ болса кәшек-байлау жүйесімен қаңқаның темірбетон жинамасы қызметін атқару мүмкүн емес, мұндайда кәшек жүйесінің жиналмалы қаңқасы қолданылады. Жекелеген жағдайларда қаңқаны берік темірбетонды тұтас ядродан құрастырады да, ол бүкіл ғимарат биіктігіне есептеліп қозғалмалы қорапқа салынады. Ядро қабырғаларында қаңқа ригельдерін, есіктерді бекітуге және құбырлар жүргізуге арнайы саңылаулар қалдырады.
Өндірістік ғимараттардың құрылмалық шешімдерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын ескеру ең әуелі өртке қарсы кедергілер (тосқауылдар ) , былайша айтқанда өртке қарсы қабырғалар, өртке қарсы аймақтар қарастырумен, ал көпқабатты ғимараттарда жанбайтын жаппалар қоюмен атқарылады.
Өртке қарсы кедергілер ғимарат көлемін жекелеген бөліктерге ажыратып, өрт туындағанда оның таралып кетуін шектейді, бұдан басқа өртке қарсы тосқауылдармен барынша өрт қауіпті жағдайларда белгілейді. Өртке қарсы қабырғалар ғимаратты бойлай немесе жапсарлас салынып, қатараралық жаппаларды, фонарларды және басқа жанбайтын материалдардан жасалған құрылмалық бөліктерді ажыратып тұрады. . Өртке қарсы қабырғалар жеке іргетастарға немесе жаппаның бөлек көтергіш қаблетті жанбайтын құрылмаларына орнатылады. Жабынның қандай да бір бөлігі жанатын материалдан болса, онда өртке қарсы қабырғалар жабын биіктігінен 0,6м жоғары орнатылады, жабынның өзінен басқа барлық бөліктері жанбайтын материалдардан болса, онда 0,3м биігірек қондырылады.
Жаппалар жанбайтын материалдардан жасалса, өртке қарсы қабырғалар ғимарат шатырынан артық шығып тұрмауы мүмкүн. Өткелдік крандармен жабдықталған цехтарда өртке қарсы қабырғалар ғимараттың жоғарғы бөлігіне орналастырылады. Өртке қарсы қабырғаларда саңылаулар (ойықтар ) қалдыруға болмайды. Өртке қарсы аймақтың енін 6м кем емес етіп алады, ол бүкіл ғимарат енін қамтиды. Өртке қарсы аймақ учаскелерінде ғимараттың барлық құрылмалық бөліктерін жанбайтын материалдардан жасайды. Егер өртке қарсы аймақ ғимаратты бойлай орналасса, оны өртке қарсы аралық ретінде алып, барлық құрылмалық бөліктерін жанбайтын материалдардан жасап шығарады. Өртке қарсы қабырғалар қырымен отқа жанбайтын материалдардан тарамдар, оның өлшемін қабырғаларда шығыңқы тұстармен бірдей етіп алады. Көпқабатты ғимараттарда оттың таралуының алдын алу үшін отқа жанбайтын жаппалар қондырылады, ол өртке қатысты аса қауіпті өндірістерді жоғарыда аталып өткендей, жоғарғы қабаттарда орналастырылады.
Қазіргі заманғы өндірістік құрылыс тәжірибесінде сегменттік сұлбалы және қосарланған белдікті фермалар кеңінен қолданылады. Темірбетон фермалар зауытта дайындалады және олар тұтас не құрамдас болуы мүмкүн, соңғыларын екі жартылай фермадан, блоктардан не желілік элементтерден құрастырады. Құрастырмалы темірбетон конструкциялар тізіміне енгізілген аралықтары 18,24,30 м сегменттік фермаларды жоғарғы және төменгі бөліктердегі желілік элементтер мен торкөздерден жинайды, олар алдын-ала зауытта дайындалады. Желілік элементтер ұзындығы ферма панелдерімен парапар, ал төменгі белдік үшін кейде ферма аралығына тең ұзындық алынады. Желілік элементтер өзара арматура ұштарын дәнекерлеумен біріктіріледі, артынан құрыш төсемдер салынып тез қататын бетон мен бетондалады. Төменгі белдіктегі арматура алдын-ала тартылады, сосын тораптық каналдарға цемент ерітіндісі құйылады, ал төменгі белдік науалары бетонмен толтырылады. Темірбетон фермалар ғимарат аралықтарын жүк көтергіштігі 5-тн-ға дейінгі аспалы көліктермен жабдықтауға мүмкүндік береді. Сегменттік фермалардың жоғарғы белдіктері бойынша жарық және аэрация фонарлары конструкциясын қондыруға болады. Фермалық кеңістіктерінде көмекші жайлар мен коммуникациялар қолданылатын ғимараттарда әр 3м сайын қадаушалары бар фермалар қолданылады. Жоғарғы белдік сыртына шығарылған ферма қадаушалары жабын плиталары үшін тіреуіш қызметін атқарады. Ферма тіреулеріне жеке қадаулар қойылады, олардағы құрыш төсемдер мен тетіктер дәнекерленіп бекітіледі. Жекелеген жағдайларда көп аралықтарды жабу үшін құрамдас фермалар қолданылады.
Темірбетон аралықтар аралықтары 6,9,12 және 18 м болатын өндірістік ғимараттар жабындарында қолданылады. Мұндай арқалық жабындар қолдану қажеттігі монорельстер мен крандар орнатуда да туындайды. Темірбетон аралықтар бір не екі сырғымалы және қосарланған белдіктері болуы мүмкүн. Бірсырғымалы арқалықтар ұстындық адымдары 6м және су жүйесі сыртқа шығарылған ғимараттарда қолданылады, ал екісырғымалылары су жүйесі іштегі ғимараттарда да қолданылады. Аралықтар 6,9 және 12м болғанда, тек адымы 6м арқалықтар қойылады, ал 18 м аралықтарда адымдар 6 және 12 м болады.
Темірбетон фермалар әдетте 18,24 және 30м аралықтарды жабу үшін қолданылып, 6 немесе 12м адымдарда қондырылады. 18м аралықты фермалар темірбетон аралықтардан жеңіл, бірақ оның дайындап- жасалуы қиынырақ. 18м-лік фермалар жабындарда коммуникациялық құбырлар мен желдеткіш желілерді орналастырғанда немесе фермааралық кеңістікте техникалық қабаттарды қолданғанда өте тиімді. 24 және30 м аралықтарда фермаларды қолдану көпаралықты фермаларды салмақты 30-40%-ға кемітуге мүмкүндік береді.
Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері