Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат

Описание работы

Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.

Файлы: 1 файл

arkhitek-2_lektsia.docx

— 108.56 Кб (Скачать файл)

Қазіргі заманғы технологиялық  жұмыстары бар өндіріс құрылысында зиянды заттар бөлінетін жағдайларда оларды атмосфераға шығармай тазарту қондырғылары қарастырылады.

Өндірістік бөлмелерде дыбыстық шуды құрылыс құралдарымен де (шуды оқшаулау және жұтып алу) азайтуға болады.Алайда шу шығаратын технологиялық іс-әрекеттердің өзін басқалай операциялармен ауыстыру әлдеқайда пайдалы да тиімді.

Техникалық талаптарға мыналар жатады:

а﴿ Ғимарат конструкциясы құрылысының беріктігіне қойылатын талаптар оған қолданылатын материалдар мен олардың құрылым түрлеріне,олардың күштік т.б. әсерлерге төзімділігіне,былайша айтқанда технологиялық жабдықтар әсерімен салмағына,ортаға түсетін жерге (температура,ылғалдылық,химялық қоспалар т.б) байланысты болады.

б﴿Өндірістік ғимараттың құрылыс конструкциясының тұрақтылығына қойылатын талаптың да азаматтық құрылыс нысандарымен салыстырғанда маңызы ерекше.Мұнда көп жағдайда,әсіресе көтергіш көліктермен жұмыс істегендегі динамикалық күш,сондай-ақ технологиялық жабдықтар (станоктар,ұста-пресс жабдықтары т.б). жүктемелері ескерілуі тиіс.Бұлар ғимаратқа және ондағы жұмыс істейтіндерге зиянын тигізерліктей вибрациялар дірілдер,туындауы мүмкін.

в﴿ материалдар мен ғимараттың негізгі конструкциясының ұзаққа төзімділігіне (мызғымастығына) қойылатын талаптар аязға төзімділік,ылғалға төзімділік,тотығуға төзімділік сияқты факторларға тәуелді болады.Ұзаққа шыдамдылық ғимараттың қызмет мерзіміне қарай белгілейді.Бірақ бұл шартты нәрсе,өйткені қызмет мерзімі ғимараттың нашар пайдаланса қысқарады да,керісінше жақсы ұйымдастырылған дұрыс техникалық пайдаланған жағдайда ұзарады.Жобалау кезінде ғимараттың қандай да бір топқа жатқызылуы  кәсіпорын маңыздылығына байланысты белгіленеді (электр станциясы –ұзақ мерзімге,уақытша қойма-қысқа мерзімге) ,сондай-ақ материалдық құндылықтар (жабдықтар) жинағы,шикізат қорының босалқысы т.бт ескеріледі.

г﴿жарылыс,жарылыс-өрт және өрт қауіптілігіне қойылатын талаптар.Бұл белгілері бойынша өндірісті алты санатқа бөліп қарайды:А,Б,В,Г,Д,Е

А санатындағы өндірістер аса жарылыс өрт қауіптілері болып саналады,өйткені бұған жанармай газ қолданылып істейтін технологиялық іс-әрекеттерге жол беріледі,мұнда жарылыс қаупі бар қоспалар қолданылып,сумен және оттегімен ауада әрекетке көшіп,жаоылыс туындатып ,жанады.

Б  санатындағы өндірістер жарылыс -өрт қаупі төменіректеріне жатады,бұған жану және жарылыс туғызу шегі жоғары болатын кәсіпорындар кіреді.

В санатында тек өрт қаупі бар өндірістер жатады,мұндағы жұмыстар қатты жанғыш заттармен байланыста жүргізіледі.

Г және Д санатындағы өндірістер жанбайтын заттарды өңдеумен байланысты,соған сәйкесті ыстық және суық күйдегі заттар алынады.

Е санатына тек жарылыстан кейін жанбайтын жарылыс қауіпті барлық өндірістер жатады.Өндіріс санатын өндірістің осы саласын технологиялық жобалау нормалары бойынша немесе арнайы зерттеу нәтижелері бойынша белгілейді.Өндіріс санатына сәйкес ғимараттың техникалық шешіміне белгілі бір шектеулер енгізеді,бұл шектеулер жұмысшылар қауіпсіздігін арттыруды,өрт не жарылыс туындау мүмкіндігін азайтуды,олардан түсетін зиян мен шығынды кемітуді қамтамасыз етеді.Айталық А,Б,В санаттағы өндірістер ғимараты алты қабаттан жоғары болмай I және II дәрежелі от төзімді болуы тиіс.Г және Д  санаттарында он қабаттан жоғары болмай, I және II дәрежелі от төзімді болуы тиіс,ал III, IV және V дәрежелі от төзімді болған жағдайда ғимараттар биіктігі тиісінше үш,екі және бір қабаттан биік болмауы тиіс.Отқа төзімділік талабына таңдалған материалдар және ғимарат құрылымының көтергіш қабілеті бар негіздері мен қоршаулары да әсер етеді.Мәселен I дәрежелі отқа төзімді ғимараттың барлық құрылымдары жанбайтындай болуы тиіс,ал V дәрежеліде жанатын,ағаштан жасауға болады.Бұдан басқа жарылыс қаупі бар өндірістерде сыртқы қоршауларды жарылыс болғанда оп-оңай алынатын ұшып түсетін етіп жасайды.Мұндай әдістер жоғары қысымы бар ыдыстардағы сақтандырғыш қақпақша сияқты болады,ол тек жарылыс болғанда ғана бұзылады,ал негізгі көтергіш қабілетті конструкциялар бүлінбеген күйінде қалып қызметін жалғастыра береді.Мұндай конструкцияларға жәй шынылы терезелер,есіктер,айқара ашылатын қақпалар,фонарлық түптемелер,асбестцементтік қоршаулар,жеңіл жылытқышы бар алюминий және болат жұқалтылар т.б жатады.Жекелеген жағдайларда қабырғаларда немесе қоршалған жабындарда арнаулы саңылаулар көзделеді.Ғимаратта өрт болған жағдайда от-жалын тарап кетпес үшін оны өртке қарсы қабырғалармен не аймақтармен бөліп тастайды.Өртке қарсы қабырғалар арасында қабаттардағы алаң көлемі өндіріс санатына,ғимараттың қабаты мен отқа төзімділігіне қатысты белгіленеді.Бұл жерде қабаттар жоғары болған сайын алаңы кішірейеді және ғимарат құрылымының отқа төзімділік дәрежесі төмендейді.

д﴿ Ғимараттың санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтарына қойылатын талаптар жылу,желдету не ауаны қайта тазарту,сумен қамту т.б. қарастырылатын технологиялық іс-әрекеттерге тәуелді болады.

Өндірістік ғимараттардың сәулет-көркемдік сапасына көбіне мән беріле бермейді,бұл көзқарас дұрыс емес,өйткені адамның саналы қызметімен байланысты әлеуметтік іс-әрекеттер,олар істейтін өндірістік ғимараттар тек қана материалдық мүддені емес сонымен қатар рухани саланы да көздеуі тиіс.Сондықтан да ғимараттардың эстетикалық,сәулет-көркемдік сапасы сыртқы көріністен белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы тиіс.Бұл талаптар архитектуралық композициямен жүзеге асырылады,оған симметрия мен ассимметрия,ырғақ,пропорция т.б. кіреді.Қандай композиция болса да ол өндірістік ғимараттың  қызметтік және техникалық мақсатын бұзбауы тиіс.Өндірістік ғимараттардың архитектуралық-композициялық шешім мыналарды есепке алуы тиіс:

 а﴿ егер қаладағы құрылыс жүйесінде өндірістік кәсіпорын не ғимарат салу қажет болса,онда қалалық құрылыс талаптары ескерілуі тиіс.Бұл жағдайда композицияда осы ауданға қатысты архитектуралық шарттар есепке алынуы тиіс,мәселен,тұтас архитектуралық ансамбль құру немесе жобаланатын өндірістік ғимарат белгілі бір ауданның композициялық орталығы болып қалыптасқан сәулеттіе келбетін бұзбауы тиіс.

б﴿кешен архитектурасына қойылатын талаптар өндірістік кәсіпорынның өзінің архитектуралық –көркемдік келбеті жағынан тұтастай ансамбль болуын көздейді,былайша айтқанда өндірістік,қосалқы,энергетикалық және қойма ғимараттары тобы келісілген күйде салынып,толық технологиялық мақсатты қамтамасыз етіп,қалалық құрылыс және қоршаған табиғи орта талаптарына сай келуі тиіс.Бұның ішінде соңғысының,қоршаған ортаны қорғаудың мәні өте зор.Өндіріс технологиясындағы ғылыми-техникалық прогресс қалаларда өндірістік-біртұтас (селитебны) аудандарды құруға мүмкіндік береді,бұларда тұрғын жайлар өндірістік кәсіпорынның өзімен бірігіп кетеді,бірақ ол кәсіпорын қоршаған ортаға зиянды заттар шығармауы тиіс.Осыған байланысты архитектуралық ансамбльдер жаңа сипат иеленіп,азаматтық және өндірістік бағыттағы ғимараттар араласып кетеді.

в)өндірістік кешенге кіретін ғимарат сәулетіне қойылатын талаптар оның сыртқы көрінісін жақсартып,оңтайлы көркемдік шешім алынуы тиіс.Мұнда тек декорациялық құралдар емес,сонымен қатар материалдар,бәрінен бұрын таза күйдегі конструкциялар пішіні басты нысана болуы тиіс,өйткені қазіргі заманғы техниканың конструкцияны гармоникалық үйлесімді және пропорционал етіп алуға зор мүмкіндіктері бар.

г) Интерьерге қойылатын талаптар,ғимараттың сыртқы түріне қойылатын талаптар сияқты қызығушылық туғызуға тиіс,былайша айтқанда барлық көрсеткіштері бойынша кеңістік,жарық,түр-түсі,интерьер композициясын құрайтын тетіктері,қоршаған орта бойынша еңбек өнімділігі шарттарына сәйкестендірілуі тиіс,жалпы өндірістік цехтың белгілі бір эстетикалық сипаты болуы тиіс.

Экономикалық талаптарға мыналар жатады:

а) көлемді-жоспарлау шешімінің үнемділігі;

б) конструкциялық шешімдердің үнемділігі;

в) сәулет-көркемдік шешімдерге жұмсалатын құралдардың тиімділігі.

     Өндірістік ғимараттар  үшін экономикалық тиімділік  көрсеткіші оған жұмсалған күрделі  қаржымен және шығынмен есептеледі.Тиімді  жобалық шешімдер пайдалану шығынын азайтып,құрылыс салу мерзімін қысқартып,кәсіпорынды іске қосып пайдалануды жеделдетуі тиіс.

 

 

Дәріс №4

                 Өнеркәсіптік ғимараттардың көлемді – жоспарлау  және  конструкциялық  шешімдері.

 

     Өндірістік  ғимараттарда  жүргізілетін  технологиялық  жұмыстардың  сан- алуандығына   қарамастан  көп   жағдайларда  оларды  жобалау  кезінде  модульдік  жүйеге  негіздей  отырып  жоспарлау  және  конструкциялық  шешімдерді  бірыңғайлауға( бір  ізге  салуға)  болады. Өндірістік  ғимараттардың  көлемдік-жоспарлау  және  конструкциялық  шешімдерін  жүйелеудің  екі  түрі  бар-  с а л а л ы қ     және   с а л а а р а л ы қ.

     Бұрындары  бұл  жұмыс  тек  бір  ғана  берілген  сала  шеңберінде  жүргізілсе, қазіргі  кезде  жүйеленген  өндірістік  ғимараттар  өндірістік  әр-түрлі  салалары  үшін  жоспарланады. Өндірістік  ғимараттардың  көлемдік-жоспарлау  және  конструкциялық  шешімдерін  бір  ізге  салудың  салааралық  жүйесін  жасау  біртектес  конструкциялар  санын  қысқартуға  мүмкүндік  береді. Құрылыстың  өзіндік  құнын  кемітіп, оны  индустрилизациялау  деңгейін  көтеруге  жағдай  туғызады.  Жүйелеу  қолайлы   болу  үшін  өндіріс  ғимарат  көлемін  жекелеген  бөліктерге  не  элементтерге  бөлек  қарастырады.

    Көлемдік- жоспарлау  элементі  немесе  кеңістік  ұясы  деп  қабат  биіктігіне, аралықтары  мен  адымына  тең  өлшемді  ғимараттар  бөлігін  атайды.

    Жоспарлау  элементі  немесе  ұя  деп  көлемдік-  жоспарлау  элементінің  көлденең  проекциясын  атайды. Көлемдік-  жоспарлау  мен  жоспарлау  элементтері     ғимаратта   орналасуына     қарай  б ұ р ы ш т ы қ  , 

қ а п т а у л ы қ,   ж а н а м а л ы қ,   о р т а ш а  және  т е м п е р а т у р а лы қ    ж і к     э л ем е н т т е р і    болып  бөлінеді.

     Температуралық  блок  деп  бірнеше  көлемдік-  жоспарлау  элементтерінен  тұратын  ғимарат  бөлігін  айтады, олар  ұзынынан  созылған  және  бойлық  температуралық  жіктер  немесе  қаптаулық  және  ұзындық  қабырғалар  арасында  орналасады. Жүйелеу  пайда  сәтінен  бастап бірнеше  сатылардан  өтті, олар- с ы з ы қ т ы қ ,   к е ң і с т і к    және    к ө л е м д і к  деп  аталады.

     Сызықтық  жүйелеу  жеке  және  кешенді  түрде  өндірістік  ғимараттар  мен  олардың  кейбір  түрлерінің  өлшемдерін  белгілеуге  мүмкүндік  береді. Осылайша  ғимарат  ауқымы  мен  биіктігі, ұстындар  адымы,  сондай-ақ  конструкциялар  мен  өткелдік  крандардың  жүк  көтергіштігіне  түсетін  салмақтар  бір  ізге  келтіріліп,  жүйеленген. Кеңістік  жүйелеу  жолымен  аумақтар,  биіктіктер  және  ұстындар  адымы  бойынша  өлшемдер  саны  қысқартылып  көлемдік- жоспарлаудың  бірыңғайластырылған  элементтері  алынады,  ал  бұл  өз  кезегінде  көлемділігі  әртүрлі  өндірістік  ғимараттардың  көптеген  сұлбаларын  жасауға  мүмкүндік  береді. Технологиялық  жэұмыстар  сипатына  сәйкес  өндірістік  ғимараттардың 

ж ү й е л е н г е н     ө л ш е м д і к     с ұ л б а с ы   өнеркәсіптің   әртүрлі  салаларында  қолданылуы  мүмкүн. Көлемдік  жүйелеу  ғимарат  конструкциясы  мен  тетіктерінің  тектес  өлшемдерін  қысқартуға  мүмкүндік  береді, сөйтіп  олардың  сериясын  арттырып,  дайындау  құнын  азайтады,  бұдан  басқа  ғимараттар  түрінің  саны  қысқарып,  жаңа  технологиялық  шешімдер  ендіруге  жағдай  туғызады. Кейбір  өнеркәсіп  салаларындағы  өндірістік  ғимараттар  темірбетон  қаңқалардан жиналады  немесе  жүк  көтергіштігі   50-тн-ға  дейін  өткелдік  крандар  мен  не  аспалармен    жасақталады. Мұндай  салалар үшін  ғимарат  жобалары

 ж ү й е л е н г  е н     те к т е  с     с е к ц и я  л а р     немесе  ж  ү й е л е н г е н 

 а р а л ы қ т а  р     қолдану  негізінде  жасалады.

      Жүйеленген  тектес  секция -   биіктігі  тұрақты  бірнеше  аралықтардан  құралған  ғимараттың  көлемдік  бөлігі. Секцияның  өлшемі  технологиялық  іс-әрекеттер  сипатына  және  ғимараттың  конструкциялық  шешіміне  байланысты  болады,  көбіне  мұндай  секция  ғимараттың  температуралық  блогы  ретінде  болады, сондықтан  оның  шекті  ұзындығы  бойлық  температуралық  жіктер  арасындағы  қашықтыққа  тең  болады, ал  шекті  ені-ұзындыққа  созылған  температуралық  жіктер  арасындағы  шекті  қашықтыққа  тең  келеді.Жүйеленген  тектес  секциялар  мен  аралықтарды  өзара  оқшайлай  отырып  қажетті  өлшемдегі  өндірістік  ғимараттардың  көлемдік-жоспарлау  және  конструкйиялық  шешімдерін  технологиялық  шарттарға  сәйкесті  етіп  алуға  болады. Қолданылатын  ұстындық  торларға, сондай-ақ  ғимараттарға  оқшаулау  сипатына  байланысты  жүйеленген  тектес  секциялар   мынадай  түрлерге  бөлінеді.

1-түрі- көпаралықты, тұтас  құрылыс  ғимараттар  секция  қай  жағынан  да оқшаулануға  есептелген.

2-түрі- бір, екі, көпаралықты  аралықтар  бойымен  ғана  оқшауланады.

3-түрі- бір, екі, екіаралықты, көпаралықты  секцияларға  жанастыра  салынады.

 Жүйеленген  тектес  секциялар  мен  аралықтар  көлемін  өзгертіп,  одан  ауытқуға  тиісті  техникалық-экономикалық  негіздемелер  болғанда  ғана  жол  беріледі. Әрбір  жүйеленген  тектес  секциялар  мен  аралықтарға  жұмыс  сызбалары  жасалып,  көп  таралыммен  шығарылады. Оларды  пайдалану  жобалық  құжаттар  көлемін  қысқартады,  жобалық  жұмыстардың  бағасын  түсіреді,  жобалау  мерзімін  қысқартады, сөйтіп  жобалардың  сапасын  арттырып,  құрылмалық  бөліктер  түрін  барынша  аз  да  үнемді  қолдануға  мүмкүндік  туғызады.

         Қазіргі  сәулет  құрылыс  жүйелілігін  әрі  қарай  жетілдіру  салааралықтан  түраралық  жолға  өту  әдісімен  жүріп  жатыр, былайша  айтқанда  өндірістік,  ауылшаруашылық  және  азаматтық  ғимараттар  үшін  жалпы  көлемдік-жоспарлау  және  конструкциялық  шешімдер  табу  көзделуде. Қазір  жүйеленген  тектес,  қалыпты  құрылыс  конструкциялары  мен  өнімдері  үшін жалпыодақтық  бірыңғай  каталог  жобалауда. Жүйелік  элементтер  аспалы  және  тіреуіш  өткелдік  крандары, сыртқы  және  ішкі  су  жолдары,  жарықтық  құрылғылары  бар  ғимараттар  үшін  жасақталады. Көлемдік  жоспарлау  мен  конструкциялық  шешімдерді  жүйелеу  бірыңғай  модульдік  жүйе  негізінде  конструкциялар  мен  ғимарат  өлшемдері  бір  ізге  түсіріліп,  ұлғайтылған  модульдер  қолданылса  ғана  іске  асады.

Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері