Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат
Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.
Көпірлік кран цех бойымен кран асты беларқаларға төселген рельстер бойынша жылжып отырады,беларқалар өз кезегінде қаңқалық шеттеріне не қабырғалық пилястрға тіреліп тұрады.Кранның барлық механизмдерінің жеке электроқозғалтқыштары бар,олар краншы кабинасынан басқарылады,ал кабина кран көпіріне немесе жүк арбасына орналастырылады.Кран электроқозғалтқыштары троллейлық сымдар көмегімен ток алады,сымдар кран асты беларқаларға ілініп қойылады.Троллейлық сымдарды кран мен жабын арасындағы аралықтарға ілген кезде бос кеңістік 100 мм-ден кем болмауы тиіс.
Көпірлік крандар қызметіне қарай үздіксіз қимылдағы,ауыр,орташа ж/е жеңіл жұмыс тәртібі цехтағы пайдалану уақыт бірлігінің ұзақтығымен айқындалады.
Ауыр аса ауыр тәртіппен істейтін крандарға(пайдалану коэффициенті 0,8-0,4) мәселен қорытылған металды тасымалдайтын крандарды жатқызуға болады.
Бұлар негізінен металлургияда қолданылады.Орташа тәртіппен істейтін крандар (пайдалану коэф-ті 0,25)кең тараған,олар механикалық жинау цехтарында темірбетон жинақтау зауыттарында т.б пайдаланылады.Жеңіл тәртіппен істейтін крандар (пайдалану коэф-ті 0,15) құрал-жабдықтарды құрастырып,жөндеп,бөлшектеуге ғана арналады.
Ауыр жұмыстар атқаратын көпірлік крандармен өндірістік ғимараттарды жабдықтаған жағдайларда кран жүретін жол бойында өлшемді 400х1800 мм болатын өтетін орындар болуы шарт.
Металлургиядағы көпірлік
крандар бөлек топ құрап оған мульдо-магнит,аудармалық,
Мульдо-магнит крандары шойын қорыту цехтарында қолданылады,оларда әдетте екі көтергіш шығырлары бар арбалар болады,бірі-құрыш қорытпалары бар қорапшаларды қапсыру үшін,екіншісі металл шикізат үйінділерін магниттен тартып алу үшін қолданылады.Мұндай крандардың жүк көтергіштігі кран аралықтар 10,5-31,5 м болса 10/5 тн-ны құрайды (немесе ғимарат аралықтары 12 және 36 м болса).Ауырлық крандар мартен,мыс еріту т.б. пештердегі қортпаларды босатып алу үшін қолданылады.Мұндағы арба кәшегіне төмен қаратылып кабинадан басқарылатын механизмі бар тұмсықты қаңқа қондырылып,ол келесі аралықтан иіндікпен толтырылған металды қапсырып алады.Тұмсығын көлденеңдете 180º-қа бұрған кран металды пешке апарып салады,осыдан кейін арба кран арқалығымен жылжи отырып оның ұшын (тұмсығын) іске қосып,металды аударып босатады.Осындай крандардың жүк көтергіштігі 16 және 20 м аралықтарда 20/3 және 20/5 тн-ны құрайды.Қорытпаларды құйып алуға арналған крандардың қызметі арнайы шойын қалыптардан қорытпаларды сығып алу болып табылады.Мұндағы арбадан төмен ілініп тұрған қаңқа арнaйы механизмі бар тістеуіктермен жабдықталады.Бұл крандардың жүк көтергіштігі 25 және 27 м аралықтарда қорытпаға 175-400 тн-ға дейін қысым түсірілген жағдайда 20/5-75/25 тн-ны құрайды.
Құймалық крандар құйылған шойын не болат толтырылған ожауларды көтеріп,құймалық қалыптарға құю үшін қолданылады.Ожауды аударып тастау үшін арбада арнайы көмекші механизм болады немесе арқалықтың төменгі белдігімен жылжып отыратын тағы бір шығырлы арбаны кран беларқасына орнықтырып қояды.Кранның негізгі,ілгішінің жүк көтергіштігі 75-630 тн,ал көмекші ілгіштігі 15-90 тн болады,осындай крандардың орналасуы 16-28 м болуы мүмкін.Күректік крандар қыздырылған күйдегі металды көтеріп жылжытуға қолданылады,бұлардағы күректер жүктік траверс арқылы басқарылады,олардағы күректің жүк көтергіштігі 28 не 31 м аралық орналасуда 7,5 не 15 тнқұрайды .
Ожаулық крандарда параллель жолдарда орналастырылған екі арба болады.Мұндай крандар жүк көтергіштігі тиісінше 27,5; 30,5 және 33,5 м аралықтарда 75/30,250/75 және 300/100 тонналық етіп шығарылады (3,8 ж-сурет).
Арнайы крандарға арнаулы ұстындарға не қабырғаларға қондырылатын шетті-бұрылмалық крандар жатады .Олар жекеленген агрегаттар не көпірлік крандардан жүктерді босатып алу қызметіне пайдаланылады.Ұстындарға қондырылатын крандардың жүк көтергіштігі 1 тн-ға жетеді,ал қабырғалық крандардікі 5-тн-ға жетеді,олардың бұрылу бұрышы 180º-ты құрайды.
Шеттік-сырғымалы крандар кран асты үш рельстер бойымен жылжып отырады,мұндай крандардың жүк көтергіштігі жүкті 10 м биіктікке көтерген жағдайдай 10 тн-лық жүкті құрайды. Штабелер-крандарда жүк арбасы ұстынға мықтап бекітіліп,оның бойымен ашалық қапсырғышы бар кішігірім арба қозғалыста болады.Ұстындар бұрылғыш не телескоптық болуы мүмкін.Штабелер-крандар жерден не кабинадан басқарылады.Бұлар қоймаларда қолданылады,жүк көтергіштігі 5-23 м аралықтарда 0,2-5 тн-ны құрайды.
Тірек крандар әдетте ашық алаңдарда немесе өндірістік ғимараттың ішінде қолданылады.Бұлар ғимараттың құрылымдық схемасын жеңілдетеді,тіке көтергіштік салмақ түсіруден крандарды босатады,бірақ орналасуға көбірек алаң талап етіледі.Оның үстіне бұл крандар адамдар жүретін жерлермен жылжитындықтан айрықша қауіпсіздік шараларын алуды қажет етеді.Тірек крандар биік тіреуіштерге қойылған жылжымалы көпірден онымен жылжитын аспалы арқандардан,жүк арбасынан,бұрылатын краннан не басқа жүк көтергіш құрылғысынан тұрады.Тірек крандардың аралықтығы 100 м-ден асуы мүмкін,ал жүк көтергіштігі 500 тн-ға дейін.Ол жерден (еденнен) не кабинадан басқарылады.
Көпірлік крандарды орналастыру.Бір аралықтың өзінде бірнеше көпірлік крандарды немесе өзге жүк көтергіш құрылғыларды орналастыруға болады.Егер қажетті крандар санын бір қатарда орналастыру мүмкіндігі болмаса,онда оларды екі не үш қатарда (яруста) орналастырады.Егер үлкен аралықтарда жеңіл өнімдер шығарылып,тасымалдауға көбірек көлік қажет болса,онда кішігірім аралықтарға арналған крандар қолданады.Мұнда кран асты беоарқалардың бір ұшын жабық құрылымның көтергіштік қабілеті бар тұсына жалғайды .Егер бір алаңда бірнеше кран бір мезгілде істеуі тиіс болса,онда көпірлік крандардан төменде шетті-сырғымалық немесе шеттік крандар орналастырылады. Крандар еркін жылжып кеңістіктер тиімді пайдалануы үшін көтергіш жабдықтар мен ғимарат өлшемдері сәйкестендіріліп алынуы тиіс.Көпірлік крандар ауқымдылығы ғимараттар ауқымдылығына қатысты көрсетілген бірліктерге сәйкес келуі тиіс.50 тн-ға дейін жүк көтергіштігі бар крандар 2-інші топқа жатады.
20 тн-ға дейін және одан жоғары
жүк көтергіш магнит крандар,
Кран астындағы жалпы бір жолда екі не одан да көп әр түрлі жүк көтергіштігі бар көпірлік крандарды қойғанда оның ауқымын ең жоғарғы жүк көтергіш кран бойынша таңдап алады.Көпірлік крандарды ғимараттың бір ауқымындағы екі қатарға орналастырғанда төменгі қатардағы кран ауқымдылығы жоғарыдағы кран ауқымдылығынан 0,5 м-ге тең өлшем кем болуы тиіс.Ғимараттың әр ауқымына кранның бір негізгі ауқымын белгілейді,ал бірінші топ крандары үшін ғимарат ауқымының 1,5 м өзгеше және екінші топ крандары үшін 2 м-дей өзгеше болуы тиіс.Көпірлік крандар астындағы жол бойында өтетін жер болған жағдайда бір жағынан не екі жағынан бірінші топтағы көпірлік крандар үшін ғимарат ауқымынан 2 м артықтығы бар ауқым алынады.Ғимарат ауқымы кран ауқымына мынадай тәуілдікте алынады:
I=lк+2в
Мұндағы lк= кран ауқымы,в-ғимарат ұстыны осі мен кран асты рельсінің осі арасындағы қашықтық в өлшемін көпірлік кранның жүк көтергіштігіне,жұмыс тәртібіне,өтетін жерлер т.б-ға қарай алады.Жүк көтергіштігі 50 тн-ға дейінгі крандар үшін в=1000 мм,негізінен 250 мм еселеп алады.в-ның кран асты жолдар өткелдеріне қарай мәні келтірілген.Аспалы не тірек крандары орналасқан цехтар алаңы толықтай қамжылмауы мүмкін,өйткені көтергіш механизмдер ілгіші арбаның ең шеткі жағдайыңды да кран асты беларқаларға жете бермейді.Осылайша,кранмен қамтылмаған цех алаңы қалады.Бұл алаңдарды қорғаусыз аймақ деп атайды.Осындай қозғаусыз аумақтар енділігі кранның жүк көтергіштігі цех алаңына қатысы өскен сайын көбейе береді.
Аспалы көпірлік крандар,тірек крандар,шеттік крандар ғимараттың көтергіштік қабілеті бар тұстарына тігінен және көлдеңінен салмақ түсіреді.Тігінен түсетін салмақ кранның жеке меншікті салмағы мен жылжытатын жүк салмағынан құралады.Көлденең салмақ кранды тұтастай тежегенде пайда болады.Көтергіш көліктер жабдықтары түсіретін көлденең салмақты ғимарат құрылымында көрсету үшін «байланыс» құрылысын қарастырады,ол ғимарат жүйесіне қажетті оңтайлылықты қамтамасыз етеді.
Технологиялық жұмыстар іс-әрекеттер және өндірістік ғимараттарға қойылатын негізгі талаптар.
Өндірістегі жұмыстарға кәсіпорын аумағы бойынша цехтар арасында және ішінде материалдар мен өнімдерді тасымалдау,оларды қоймаларда сақтау т.б. былайша технологиялық іс-әрекеттер жатады,ал бұл жұмыс кезінде өңделетін материал біраз сапалық өзгеріске ұшырап отырады.Технологиялық жұмыстар сан алуан болып келеді.Мәселен мартен пештерінде болатты құйып алу бастапқы материалдың химиялық құрамын,физикалық және химялық қасиеттерін өзгертеді.Немесе бастапқы материалды механикалық өңдеу кезінде оның пішіні және ішінара физикалық күйі өзгереді.Ал жинау-құрастыру цехтарында машинаны жинағанда оның тетіктері технологиялық іс-әрекеттер кезінде машина құрылымына қажетті өзгеріске ұшырап отырады,машина тетіктерін сырлап-әрлеу жұмыстары оның сыртқы түрін өзгертіп эстетикалық сапа мен өзге қасиетке ұшыратады,мәселен машинаның қоршаған орта әсеріне төзімділігі артады т.с.с.
Технологиялық
іс-әрекеттер технологияның жекелеген
салаларын зерттегендегі
Өндірістік
кәсіпорында жобалау кезінде
әуелі оны бөліп қарап,
Мұндай ғимаратты салуда тиімді де оңтайлы шешім алу үшін архитектор мен құрылыс инженерінің өндіріс технологиясы негіздерін,ал өз кезегінде инженер-технологтың құрылыс салу негіздерін білгендігі өте маңызды роль атқарады,өйткені осы мамандардың бірлескен творчестволық жұмысы ғимаратты онда істейтін адамдар үшін қолайлы етіп салуға сондай-ақ құрылыстың жақсы архитектуралық сапалық және экономикалық шешімін алуға септігін тигізеді.
Технологиялық іс-әрекет ғимараттың
өлшемдерін ,түрін,құрылымын,санитарлық-
—Өнім алудың жоғарғы сапасын және барынша қолайлы технологиялық жұмыстарды атқаруды қамтамасыз ете алатындай ортаның өлшемдерін қамту;
—адамдарға санитарлық-гигиеналық тұрғыдан алғанда барынша оңтайлы орта қалыптастыратындай өлшемдерді қамтамасыз ету,былайша айтқанда адам денсаулығын сақтай отырып,жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізу;
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес жалпы
ғимаратқа және атап айтқанда өндірістік
ғимараттарға қатысты мынадай төрт талап
түрлерін бөліп қарастыруға болады:технологиялық,
Технологиялық талаптарға мыналар жатады:
а﴿ кеңістікке қойылатын талаптар –оның өлшемдері көтергіш көліктерді және технологиялық жабдықтарды орналастыруға,материалдар мен өнімдерді тасымалдауға,сондай-ақ технологиялық жабдықтарды құрастырып-бөлшектеуге жеткілікті дәрежеде болуы тиіс .б﴿ жұмыс орындарына қойылатын талап-өндірісте істейтін адамдардың ғимарат ішінде қозғалып жүруіне (өтуіне) қолайлы болуы тиіс.Бұл жағдайда ғимараттың жалпы өндірістік көлемі қолданыстағы өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормаларына –(СН 245-71) сәйкес бір жұмыс істеушіге шаққанда 15 кв.метрден кем болмауы,ал алаңы кемінде 4,5 м куб адым болуы тиіс.Бұдан басқа ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуы жағдайында технологиялық іс-әрекеттердің де жетілдіріліп отыратындығын ескерген абзал.
в﴿Әуелік (ауа ортасы) ортаға қойылатын талап-адамдардың еңбегіне,өндірілетін өнім сапасына немесе технологиялық жабдықтардың сақталуына кері әсерін тигізетін ауаның температурасын,оның ылғалдылығын,зиянды заттар бөлініп шығуын болдырмайтындай салауатты әуелік орта қалыптастыру болып табылады.
г﴿ жарықтандыруға қатысты талаптар цех ішін,жұмыс орындарын қажетті жарық спектірлік құрамымен қамтамасыз етуі тиіс.СН 245-71-ге сәйкес табиғи жарықтандырылуы жоқ ғимараттарда арнайы шаралар қарастырылып,олар жасанды жарықтандыруды алмастыра алуы тиіс.Табиғи жарықтың адамға қолайлы екендігі белгілі,сондықтан да жарықтандыру тәртібін таңдап алу жобалаудың ең маңызды сатысы болып табылады.
д﴿Акустикалық талаптар қажетті дыбыс деңгейін бейтарап дыбыстарды оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс,себебі,артық дыбыс технологиялық жұмыстарға кері әсер етіп,жұмысшылардың тез шаршауына әкеліп соқтырады.Аталған технологиялық талаптардың өндірістің түріне қатысты екендігі белгілі.Мәселен кейбір өндірістер үшін ауа ортасы мен акустика пәлендей маңызға ие болмауы мүмкін,ал енді біреулеріне мұның маңызы ерекше болуы мүмкін.Бұған қоса өндірістік жұмыстардың қоршаған ортаға белсенді әсер етіп,оны қолайсыз жағына қарай өзгертуі әбден ықтимал,сондықтан өндірістік ғимарат ішіндегі жасанды жолмен жасалған ортаны ғана емес ,қоршаған табиғи ортаны да әрдайым ескеріп отыру қажет.Көптеген технологиялық іс-әрекеттер ауаны,зиянды заттармен бүлдірудің көзі болып табылады.Бұған ғимарат ішіндегі адамдар желдеткіштер,аэрация т.б
арқылы қорғалған болса,тұрбалар,фонарлар,
Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері