Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 21:09, реферат

Описание работы

Социалистік қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде Кеңес үкіметі халық шаруашылығын дамытудың Лениндік жолын жүргізіп отырды,ол өндірісте құралдарын өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз етіп отырды.

Файлы: 1 файл

arkhitek-2_lektsia.docx

— 108.56 Кб (Скачать файл)

Пайдалану  және климаттық жағдайлары  мүмкіндік берсе , технологиялық  жабдықтарды ашық алаңдарда ғимарат сыртында  орналастырады.

Көлемдік-жоспарлау  шешімдерінің  маңызды  жалпы  ұстанымына  зиянды өндірістік  бөлмелерді  басқаларынан  оқшаулап  алу, бұған  әсер  ететін  метеорологиялық  тәртіп,  ауа  құрамы, шу  және  діріл.  Мәселен  жылу  мен  газ  бөлінуі  жиі  технологиялық  іс-  әрекеттері  бар  өндірістерді  бірқабатта  ғимараттарды  орналастырады  және  мұндай  ғимараттар  аэрация  тиімділігі  қамтитындай  етіп  есептеп  алады.

         Асылы,  мұндайда  қалыпты  қалыпты  режимдегі  жайды  сенімді  оқшаулауды  қамтамасыз  ететін  павильондық  құрылыс  салуға  артықшылықтар  беріледі. Ауаға  улы  газдар,  шаң-тозаң  мен  бу  көп  қоспада  бөлінетін  өндірістерді  бөлек  жайларға  орналастырып,  тиісті  қоршау  құрылғыларымен  өзге  ғимараттардан  оқшаулап  тастайды. Өндірістік  ғимараттардың  көлемдік-жоспарлау  және  оңтайлы  шешімдеріне  құрылыс  орындары  табиғаттық-климаттық  сипат  көп  әсер  етеді,  бұған  температура,  жел  бағыты,  жауын-шашын  мөлшері  т.б. жатады. Табиғаты  қатал  аймақтарда  сыртқы  қоршаулық  конструкцияларының  көлемі  аз (оқшауланған  көпқабатты )  ғимараттар  салынады,  себебі; ол  жылужоғалтқыштықты  азайтады, сөйтіп  ғимараттың  пайдалану  тиімділігі (үнемділігі )  артады. Желдің  бағыты мен  жылдамдығы,  жиі  соғып  тұруы,  қордың  қалыңдығы  т.с.с. Жабындық  пішін  таңдауда  аэрация  мен  фонарлар  арқылы  жарық  берілуі  қажеттілігін  туғызады.

            Климаттық  жарықтың  сипаты  жалпы  алғанда  табиғи  жарық  мәселесін,  жарық  түсетін  саңылаулар  мен  фонарлар  өлшемін  шешуді  талап  етеді. Бұдан  шығатын  қорытынды  ауа-райының  сипаттамасы  мұқият  анықталып,  жобалау  кезінде  есепке  алынуы  тиіс. Көлемдік-жоспарлау  мен  конструкциялық  шешімге  өрт  қауіпсіздігі  талаптары  бойынша  әсерін  тигізеді. Осыған  сәйкес  ғимараттың  неше  қабаттан  тұратындығы, конструкциялардың  отқа  төзімділігі  анықталады  және  қабаттар  аралығында  өртке  қарсы  қаншалықты  кедергілік  алаңдар  қажеттігі  шешіледі.

             Егер технологиялық  іс-әрекет  мүмкүндік  берсе,  өрт  жөнінен  аса  қауіпті  өндірістік  жайлар  бірінші  қабатта  ғимараттың  сыртқы  қабырғасына  таяу  орналастырылады, ал  көпқабатты  ғимараттарда  жоғарғы  қабатқа  жайғастырылады. Өрт  пайда  болған  жағдайда  адамдарды  қауіпсіз  алып  шығу  мүмкүндігі  қарастырылуы  тиіс, бұл  үшін  эвакуациялық  жолдар  мен  шығатын  жерлер  жобада  көзделеді. Адамдар  үшін  эвакуациялық  шығатын  жолдар А,Б және Е санатындағы  өндірістік  ғимарат  бөлмелерінде,  сондай-ақ 4 және5  отқа  төзімділік  дәрежесі  бар  ғимараттардың  бөлме-  жайлары  арқылы  өтуде  қарастырылмайды. Эвакуациялық  шығатын  жолдар  ретінде  өткелдер,  баспалдақтар,  есік   пен  қақпалар  алынады,  бұған  теміржол  көлігін  өткізу  қақпалары  жатпайды.

           Әр  бөлмеден  кемінде  екі  шығатын  жол  болуы  тиіс. Сыртқы  өрттік  баспалар  өртке  қарсы  талаптарға  сәйкесті  болса,  тек  екінші  және  одан  жоғарғы  қабаттардан  шығатын  жол  ретінде  қолданылуы  мүмкүн. Өндірістегі  өрт  қауіпсіздігі  дәрежесі  мен  ғимараттың  отқа  төзімділіктілігіне  қарай  барынша  орналасқан  жұмыс  орнынан  сыртқа  шығатын  жерге  дейінгі  қашықтық-адамдар  өрт  жойылғанға  дейінгі  уақыт-ішінде  сыртқа  шығып  үлгеретіндей  өлшемде  алынуы  тиіс.

          Коммуникациялық  жайлар  мен  эвакуациялық  жолдардағы  есіктердің  енін  адамдар  көп  болатын  қабаттағы  жұмыс  істейтіндердің  санына  қарай  есептеп  алады,  себебі  олардың  өткізгіштік  қаблеті  берілген  мерзім  ішінде  барлық  адамдарды  толықтай  алып  шығуды  қамтамасыз  етуі  тиіс.

           

 

 

 

 

Дәріс № 8

 

Өндірістік  ғимараттарды  жобалаудың  физикалық-техникалық  негіздері.

 

      Өндірістік  жайлардағы  ауалық  ортаның  жай-күйі  температурасымен,  ылғалдылығымен  және  оның  қозғалу  жылдамдығымен, сондай-ақ  ондағы  химиялық  және  механикалық  қоспалар  құрамымен  сипатталады.  Ауалық  орта  өз өлшемдері  бойынша  технологиялық  және  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  жауап  беруі  тиіс. Оның  өлшемдеріне  әртүрлі  ішкі  және  сыртқы  факторлар,  оның  ішінде  технологиялық  әрекеттермен  қатысты  жылудың, ылғалдың, химиялық  заттардың,  шаң-тозаңның  бөлінуі  әсер  етеді.

       Метрологиялық  жағдайлар.  Өндірістік  жайлардағы  істейтін  адамдар мен  ондағы  технологиялық  жабдықтарды  қоршаған  орта  ретіндегі  ауа  жүріп  жатқан  технологиялық  іс-әрекеттерге  кері  әсер  етпеуі  тиіс,  ең бастысы  ауа  адам    ағзасынан  берілген  жылуды  қайтарып  алуы  тиіс.  Ағзадан  юерілетін  жылу  қоршаған  ортадағы  ауадан,  сондай-ақ  ылғалдың  буға  айналып,  адам  терісі  қабатынан  бөлінеді. Мұндай  құбылыс  адам  денесі  мен  қоршаған  ауадағы  температуралардың  әрқиылы  болуынан  туындайды. Жылудың  сәуле  арқылы  берілуі  де  адамның  денесі  мен  оны  қоршаған  заттар ( жабдықтар,  қоршау  конструкцичлар т.б)  температураларының  әртүрлі  болуына  оның  көп  жағдайда  бөлме  ауасы  температурасына жақындығына  тәуелді  болады,  сондықтан да   адам  ағзасынан  бөлінетін  жылудан  бөлмедегі  ауа  температурасы  төмен  болуы  тиіс.  Аса  көп  күш-қуатты  талап  етпейтін  жұмыстар  атқарғанда  температура  жоғарырақ, ал  ауыр  жұмыстарда  ол  төменірек  болуы  тиіс.

      Егер  қоршаған  ауа  температурасы  кезінде  ылғал  тапшы  болса, онда  адам  денесінің  сыртынан  бөлінген  ылғал  буға  айналады.  Қоршаған  орта  ауасының  температурасы  жоғарғы  және  ылғалды  болса,  адам  ағзасы  ортақ  жылуды  қоршаған  ауалық  ортаға  бере  алмайды,  бұл  жағдайда  жасанды  әдіспен  ауа  қозғалысын  іске  асырып,  ағзаның  салқындауы  желдетілуі  мүмкін.

Ауалық  ортаның  үш  өлшемі- т е м п е р а т у р а, ы л ғ а л д ы л ы қ ,

а у а    қ о з ғ а л ы с ы н ы ң   ж ы л д а м д ы ғ ы  адам  ағзасына  бірлесе  әсер  ететіндіктен  әруақытта  бірге  қарастырылады.

        Адам  ағзасы  мен  қоршаған  орта  арасында  дұрыс  жылу  және  ылғал  алмасуы  болуы  тиіс. Бұлардың  бірлесу  шегі  температура  мәнімен  айқындалады  және  ыңғайлы  немесе  тиімді- э к в и в а л е н  т т і  температура  деп  аталады.Адамдардың  өндірістік  ғимараттарда  атқаратын  жұмыстары  ауырлық  дәрежесіне  қарай  үш  санатқа  бөледі.

а)жеңіл  жүйелі  түрде  күш  түспейтін  жұмыстар( аспап  жасау, машина  жасаудағы  негізгі  процесстер отырып  не  түргеліп  істеледі), мұндағы  энергия  шығыны 175 Вт-қа  дейін(150 ккал\сағ)

б)орташа  ауырлықтағы,жүрумен,онша ауыр  емес жүктерді  тасумен  байланысты  жұмыстар( тоқыма  өндірісінде, ағаш  өңдеу, дәнекерлеу т.б.) энергия  шығыны 290 Вт-қа  дейін (250 ккал\сағ).

в)ауыр, тұрақты  күш  жұмсалатын  жұмыстар( қол  ұстасы,металл құюды  қолмен  істеу т.б.) энергия  шығыны 290 Вт-дан  жоғары  250ккал\сағ.)

      Жұмыстың  әр  түрлі  қолайлылықтың  өзіндік  температурасын  қалыптастырады. Ауалық  орта  температурасы  әр-алуан  көздерден  оған  келіп  түсетін  жылуы  көлеміне( адам  ағзасының  жылуы,  жылу  жүйесінің  жылуы,  қыздырылған  металл  қызуы, электр  қозғалтқыштарының  жылуы)  байланысты  болады. Ауа  температурасына  әсер  ететін  бөлмеге  келетін  жылуды  н а қ т ы     ж ы л у   деп  атайды. Жабдықтарды  оқшауланғаннан  кейін  де  бөлмеге  жылу  енсе, оны  нақты  жылудың  артылған  қалдығы  деп  есептеуге  болады. Осындай  жылудың  қалдығын  өндірістік  жайларда  көлеміне  қарай  екі  топқа  бөледі.

  1. нақты  жылудың  шамалы  көлемі  бар бөлме-жайлар жатады, мұндағы  өлшем 24Вт\м3(20ккал\м3 дейін)
  2. 24Вт\м3 (20ккал\м3-тан  көп) жоғарғылары  жатады.

     Мәселен  бірінші  топқа  механикалық-жинау,тоқыма  т.б.  цехтарды  жатқызуға  болады,  мұндағы  жұмыс  аймағындағы  температура  аса  жоғары  емес. Екінші  топқа  құю,болат  қорыту,прокат  цехтарын  жатқызуға  болады, бұлардағы  жайларда  жылу  аса  көп  мөошерде  бөлініп  шығады.

Ауаның  құрамы.  Өндірістік  жайлардағы  ауа  құрамында  әрқашанда  әртүрлі  қоспалар  болып, олар  адам  ағзасына, ғимарат  құрылымына  және  технологиялық  іс-әрекеттерге не  жабдықтарға  әсер  етіп  отырады. Оларға  мыналар  жатады:

а) өндіріс  кезінде  адамдардан( тер  шығуы)  және  жабдықтардан  бөлінетін ы л ғ а л;

б)  ашық  от  көздерінен  органикалық  шаң-тозаңның  ыдырауы  нәтежиесінде  пайда  болатын  и н е р т т і     және   з и я н д ы    г а з д а р  т.б.

в) технологиялық  жұмыс  не  адам  іс-әрекеті  нәтежиесінде   бөлініп  шығатын   аэразоль  тектес  органикалық  немесе  органикалық  емес

 

 м е х а н и к а  л ы қ     қ о с п  а л а р ;  Өндірістік  жайлардағы  ауа  құрамына  осындай  қоспалары  бар  сыртқы  ауа  ортасының  тікелей  әсері  бар  екендігін  атап  айту  керек. Аталған  қоспалар  белгілі  бір  дәрежеде  араласып  ауа  құрамын  адамдарға  зиянды, тіпті  қауіпті  етеді, ғимарат  конструкциясына  кері  әсер  тигізеді.

       Жоғарыда  аталған  қоспалардың  қай-қайсысы  да  ауаны  жарамсыз  етеді,  оның  зияндылық  мөлшері  өндірістік  жайларда  жүргізілетін  технологиялық  іс-әрекеттердің  сыйпатына  байланысты  болады. Мәселен, гараждарда  ауа  қозғалтқыштарының  жұмысы  негізінде  бөлінетін  көмірқышқылының  барынша  көп  болуымен  белгіленеді.

       Ылғал  да  таза  күйінде  конструкцияларға  әсер  етеді, қоршаулық  құрылымдардың  ішкі  беттеріне  жиналған  ылғал  оны  шірітіп,  физикалық-техникалық  көрсеткіштерін  төмендетеді,  нәтежиесінде  мезгілінен  бұрын  істен  шығады.

    Ылғал  әсері  өндірістік  жайларда  күкірт  не  басқа  газдар  бөлінумен  қатысты  технологиялық  іс-әрекеттер  кезінде  бірден  күшейіп,  бұл  газдардың  ылғалмен  араласуынан  қышқыл  ерітінділері  пайда  болып  ол  құрылыс  конструкциясын( болат,бетонт.б.)  бұзуға  дейін  апарады.

    Айта  кету  керек,  ауада  гидроскопиялық  тұздардың  түзілуі  ылғалдылық  температурасын  көтереді. Құрамында  химиялық  қоспалар   ерітінділері  бар  ылғал,  суық  қабаттарда  қатып,  заттың  кеңеюіне  әкеліп  соқтыдады, сөйтіп  конструкция  материалы  құрылымын  барынша  бұзады. Мұндай  жағдай  мәселен  сыртқы  қоршауларда  әктеп-сырлау  цехтары  бар  тоқыма  кәсіпорындарында  байқалады,егер сенімді(мықты) гидрооқшаулау   болмаса  ылғал (сұйық  фазалы)  қоршау  қалыңдығынан  өтіп  кетеді. Ылғал  мен  ауа  құрамындағы  кейбір механикалық  қоспалар(аэразоль)  бірігуінің  нәтежиесінде  осындай  болады, осылайша  таза  күйдегі  ауа  құрамындағы  ылғал  тотығуды  жеделдетеді, аязға  төзімділікті  азайтады, ал  химиялық  қоспалармен  біріксе  құрылыс  мызғымастығын(беріктігін) айқындайтын  шешуші  факторға  айналады. Сондықтан  да  ғимаратты  жобалау  кезінде  ауалық  ортаның  ықтимал  ылғалдылығын  мұқият  сараптап,  олардың  адам  ағзасы  мен  ғимарат  конструкциясына  т.б.  кері  әсерін  болдырмайтын  барлық  шаралар  қарастырылуы  тиіс. Көптеген  өндірістік  ғимараттардың  ауа  ортасында  адамға  зиянды  х и м и я л ы қ   заттар  болуы  мүмкін. Зиянды  заттар  адам ағзасына  әсер  ету  дәрежесіне  қарай  төрт  класқа  бөлінеді.

1-ерекше  қауіпті, 2-  қауіпті  жоғары, 3- қауіпті  баяу  және  4-  қауіптілігі  аз. Олар  газ, аэразоль  немесе  аэрозоль  мен  бу  қоспасы  күйінде  болуы  мүмкін. Олардың  кейбір  адам  ағзасына  тыныс  жолдары  немесе  қабат  арқылы  еніп,  қауіп  төндіреді. Кейбір  аэрозольдар  фиброгендік  әсермен  адамның  тыныс  жолдарын  бұзады.

        1-класқа  бу  мен аэразоль  қоспалары- алдрин,  гексахлорин,никотин- сульфат  т.б.,  сондай-ақ  бу  мен  газ  қоспалары -  хлорлы  бензил, гехтахлор,  азон,  сары  фосфор  т.б.,  аэрозольдар  – бериллин,  никель,  қорғасын  тұздары  мен  олардың  органикалық  емес  қосындылары  жатады.

       2- класқа  мынадай  қоспалар  жатады: бұлар  мен  аэрозольдар  – бутил  эфирі, гентоген,  хлорофос  т.б.  булар  мен  газдар -  азот,  дихлор  этан,  бром- металл  тотықтары,  иод,  күкірткөміртегі,  күкіртті  сутегі,  төртхлорлы  көміртегі,  фторлы  сутегі,  хлорлы  және  цианист  сутегі  т.б. аэразольдар  – марганец, мыс, никель күкірт  қышқылы, фосфор  ангидриті.

        3- класқа  мынадай  қоспалар  жатады: булар  мен  аэрозольдар  – бор, цинил, спирт  қышқылдары  бу   немесе  газдар – акрил  және  валериан  қышқылы, диоксан,  күкіртті  ангидрид,  метил  және  бутил  спирті, цинк, шәй  тотығы  және  басқалары,  сондай-ақ  фиброгендік  әсер  беретін  аэрозольдар. 

        4- класқа  мына  қоспалар  жатады:  бу  және  аэрозоль – метилгепирамидон;  бу   не  газ – аммиак, ацетон, бензин, керосин, нефтимин, скипидар  т.б. фиброгендік  әсер  беретін  аэрозольдар – алюминий  және  оның  қорытпалары, доломит ,  темір,  известняк,  магнезит  тотықтары, силикаты  бар  тозаңдар,  өсімдік  және  мал  өнімдерінің т.б.  шаң-тозаңдары. Аталған  заттар  әсері  олардың  консентрациясына  байланысты  болады, сондықтан  өндірістік  орындардағы  жұмыс  аймағында  рұқсат  етілген  зиянды  заттардың шекті  концентрациясы  белгіленеді.

         Жұмысшыларға  тек  ауадағы  химиялық  заттар  емес,  сонымен  қатар  қышқылдар, тұздар,  органикалық  сұйықтар  ерітінділері  де  қауіп  төндіреді.

  А Э Р А Ц И Я.

 

         Өндірістік  жайлардағы  жетілдіруді ауа  қозғалысын  туғызу  белгісіне  қарай  табиғи  және жасанды  немесе  м е х а н и к  а л ы қ    деп  бөледі. Табиғи  желдету  кезінде  өндірістік  жайлардағы  ауа  алмасуы  сыртқы  және  ішкі  ауалардың  салмағындағы  айырмадан  сондай-ақ  жел  әрекетінен  пайда  болады. Жасанды  желдету  кезінде  ауа  алмасуына  электр  қуаты  шығындалады. Жайларды  табиғи  желдету    мына  факторлар  нәтежиесінде  іске  асады.

Информация о работе Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері