Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:31, курсовая работа
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысытапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерді өндіру,оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.
Бұл орайда кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттары мен басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысытапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерді өндіру,оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.
Бұл орайда кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттары мен басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілеріне сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемлеріндегі шоттарда сақтауға міндетті.
Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша қаражаттары,Ұлттық Банктің белгілеген көлемінде кәсіпорынның кассасында сақталады.Яғни ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасы айтылады.
Сондықтан әрбір кәсіпорындар
тиімді жұмыс жүргізуі үшін ақша қаражаттарының
түсуін,жинақталуын,таратылуын,
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: ” Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру ”.
Бұл жұмыс “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі ” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның есептері негізінде жазылды.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - әрбір шаруашылық жүргізуші субьектілер іс - әрекеттерінің тиімділігі мен табысқа жету көрсеткіштері, ақша қаражаттарының нақты және дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау және талдау болып табылады.
Бірінші бөлімде ақша қаражаттары туралы әдебиеттерге шолу,жалпы
“Мемлекеттік кәсіпорын”
жөніндегі Қазақстан
Екінші бөлімде “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі ” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ақша қаражаттарының есебін ьалдау,яғни ақша қаражаттарының банктегі есебін жүргізу және есеп айырысу нысандары, төлем карточкалары мен кассадағы қолма-қол ақшаның есебі және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі жан – жақты талданды.
Үшінші бөлімде “Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі ” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары қарастырылды,яғни валюта шотындағы қолма – қол ақшаның есебі, банктердегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу және оны қолдану тиімділігін арттыру жолдары талданды.
Соңында қорытынды мен ұсыныстар және әдебиеттер тізімі көрсетілген.
І. бµлім “Маќтаарал аудандық ауыз су жүйесі “Меммлекеттік коммуналдыќ кєсіпорынныњ ќаржылық жаѓдайы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің ” 4 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ” деп аталатынбухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында : “ Кәсіпорындар мен ұйымдардың , яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі,кірістелуі, ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпарттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның ,яғни субьектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді ” делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар,субьектілер ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады ” делінген.
Барлық шарушылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында , сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге басқа төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады.Әтбір кәсіпорын,ұйым,мекеме немесе фирма әдетте бір уақыттаөндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп,жабдықтаушы ретінде болатын болса,екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен матералдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.
Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі қажет. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
.Ақшамен есеп айырысу
операцияларын толық және
.Субьектідегі ақшалай
қаржылардың түгелдігін және
оларды дұрыс,тиімді
.Есеп айырысу,төлеу тәртібін бақылау,кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
В.К. Родостовецтің “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп” еңбегінде ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы,есеп айырысу нысандары толық көрсетілген.
Онда барлық шаруешылық жүргізуші субьектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін,әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда,ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің (16) нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асыратындығы көрсетілген.
Сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аймағында
Ал Қ.К Кеулімжаев,З.Н Әжібаева,Н.А Құдайбергенов, А.А Жантаевалардың “Қаржылық есеп ” әдебиетінде: “Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуға болады”деп көрсетілген. Сонымен қатар ол шотта ашылған аккредетивтердегі ақшалай қаржылар чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар,банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы ақшалай қаржылар есептелінгендігі бейнеленген.Онда бір кәсіпорынның немесе субьектінің тиісінше әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады.Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын немесе субьекті банк мекемесіне мынадай құжаттарды бабыс етуі қажет екендігі сипатталған:
Қ.К Кеулімжаев,З.Н. Әжібаева , Н.А. Құдайбергеновтың “Бухгалтерлік есеп принциптері ” оқулығында ақшалар есебі,оның кәсіпорындар мен ұйымдардардың есеп айырысу шоты бойынша жүогізілетін операцияларының есебі, ақшалардың қозғалысын бақылау принциптері нақты көрсетілген.Яғни қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынас жасайтындығы белгілі.Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз.Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкесжүргізілуді қажет етеді.Біздің еліміздеқызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.(14)
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады.
Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай,алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді.Ақшалар мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау ұшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана
жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін
төлеу жасауға активтер есептеледі.Кәсіпорындар
мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы,есеп
айырысу жән валюталық шоттарындағы ақшаларынан,
Ақша баламалары – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады.Оларға қазыналық вексельдер,коммециялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалар қатарына жатқызылмайды.Сондықтан да оларды (ақша баламаларын) кассадағы ақшалар шотында есептемейді.Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі жоқ.Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары,алынған вексельдер,жұмысшылар мен қызметкерлерге іс сапар шығындары үшін аванс ретінде берілегн ақшалары,жұмысшылар мен қыззметкерлердің басқа дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды.Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Овердрафт – бұл кәсіпорынның иелігіндегі яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болғанкредиттік қалдық.Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеие болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі.Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады.Егер овердрафт үлкен көлемде болса,онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі керек.(14)
Сондай-ақ ақшалар қозғалысын бақылау процесі кең көлемде нақтыланған.Яғни кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттілігі төмендегідей:
Ақшалар және басқа да өтімділігі жоғары активтерге ішкі бақылау жасаудың қатал жүйесі қаржылық есепті ұйымдастырушылар үшін ақшалармен олардың баламаларына жүргізілген бақылаулар дәл және сенімді ақпарат болып табылатындығына сенімділіктерін арттырады.Ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету,яғни оны қорғау көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың ең маңызды мәселесі болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшаларға ішкі бақылау жасау мынадай функцияларды жүзеге асыруы көрсетілген:
Ақшалардың келіп түсуін бақылау кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда түрлі операцияларды орындауға және пайдалануға байланыста жүргізіледі.(10)
Есеп айырысуды қолма қол жүргізу орындалған операцияларды тіркеп жазып отыру және оны ақша қалдығымен салыстыру,сондай-ақ ақшамен есеп айрысуды белгілі бір адамға міндеттеу ақшалардың ұрлануын,орындалған операциялар үшін толтыратын құжаттардың толтырылуында қателіктердің жіберілуін болдырмайды.Ақшалардың үздіксіз және тұрақты банк шоттарына келіп түсуін басынан бастап бақылау мақсатымен есептеу және тіркеп жазу жұмысы үшін жауапты адам тағайындау тыналарды қажет етеді:
Ақшаларды басқару функциялары мен оны тиісті құжаттарға тіркеп жазу функцияларының жүзеге асырылуына үздіксіз бақылау жасау ұйымның кассалық оперцияларына күнделікті қабылданатын және касса арқылы төлемдер жүогізілетіндігі туралы есепті құрайды.Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларының жұмсалуын бақылау мақсатымен басқа заңды және жеке тұлғаларға ақша төлеу барысында арнайы үлгідегі құжаттар белгілі тәртіп бойынша толтырылған жағдайда ғана төлем жүргізуге болатындығын белгілейді.Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің ақшаларын банк мекемесінде сақтауға тиіс.
Информация о работе Ақша қаражаттары туралы әдебиеттерге шолу