Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:47, дипломная работа

Описание работы

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
нарық жағдайында кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу;
кәсіпкерліктің түрлерін және кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігін анықтау;
кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау;
қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын және даму тенденциясын көрсету ;
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін талдау;
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдарын көрсету;
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағыттарын анықтау.

Файлы: 1 файл

ШОК дип.doc

— 844.00 Кб (Скачать файл)

 

Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі

1. Өтінім беруші банкке  өтініш береді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық  тиімділігіне бағалау жүргізеді  және оң шешім болған жағдайда  өтінім берушіге жобаға кредит  беруге  дайын екендігі туралы  хабарлама жібереді.

3. Өтінім беруші банктің  оң шешімімен осы жобаны ӨҮК  қарауына шығаратын жергілікті  деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге  жүгінеді.

4. ӨҮК жобаны Бағдарлама  өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды  және субсидиялау мүмкіндігі (немесе  мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

5. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК  субсидиялауға мақұлдаған жобалар  тізбесін субсидиялау шарттарымен  бірге тиісті банктерге, сондай-ақ  қаржы агентіне жібереді.

6. ӨҮК-де қаралған барлық жобаларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші олар бойынша қабылданған шешімдермен қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

7. Кредиттеу бойынша банктердің  және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің  оң шешімі бар жобалар бойынша  банк, қатысушы және қаржы агенті  субсидиялау шартын жасайды, оның  шеңберінде қаржы агенті мен  Бағдарламаға қатысушы банкке  сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.

 

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары

Жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана кепілдік беріледі.  Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс. Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс. Кәсіпкерлерге кепілдік тегін беріледі. Кепілдік берілетін кредиттің ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс

Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша кепілдік беру жүзеге асырылмайды. Өтінім беруші жобаны іске асыруда қаражатының қатысуын жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы кепілдік беру  жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:

  • өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
  • өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі кредит бойынша банктің сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды.

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі

1. Өтінім беруші банкке  өтініш береді.

2. Банк өтінім берушінің  кепілдікті қамтамасыз етуіне  алдын ала дербес бағалауды  жүргізеді және оған өтініш  берілген қарыз сомасына негізделе отырып, қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хат береді.

3. Өтінім беруші қажетті  кепілдік мөлшерінің есебі бар  банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны  үйлестірушіге өтініш береді.

4. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші жобаны ӨҮК-нің қарауына шығарады.

5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама  талаптарына сәйкестігін&


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің жолдары