Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:22, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 2-ші наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.
КІРІСПЕ ............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӨЛЕМІНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ…………………………….6
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы..........6
Еңбекақы жүйесінің есебі және оның нысандары .................................11
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.........................24
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ……………...……………………….33
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті........................................33
Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі..............................40
Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар.................................................52
3 ЖШС «КАС И К»-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС-НЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…..61
3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы...........................................................61
3.2 Еңбекақы қорының есебіндегі пайдалану тиімділігін талдау...............64
3.3 ЖШС «Кас и К»-ның еңбекақы есебін жетілдіру жолдары..................65
Қорытынды.......................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................
Сол себепті біздің көзқарасымыз бойынша бухгалтердің еңбек тиімділігін жоғарылату мен бухгалтерияда өндірістік емес уақыт шығындарын қысқарту мақсатында бухгалтерия автоматтандырылған жүйеге толық ауысуы қажет.
Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде шаруашылық операцияларды өңдеу тәсілі фирманың ұйымдастырушылық құрылымына, сонымен қатар ішкі бақылау әдістері мен тәсілдеріне елеулі әсер тигізеді. Компьютерлік технология бақылау тәртібі мен бағалау шарты кезінде ескеретін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Төменде автоматтандырылмаған мәліметтерден компьютерлік өңделген мәліметтердің айырмашылығы көрсетілген.
Операциялардың біркелкі орындалуы. Бухгалтерлік есептің сәйкес операцияларын орындау кезінде компьютерлік өңдеу бір бұйрықты пайдалануды болжамдайды, ол қолмен жасалғанда жіберілетін қателіктерді болдырмайды.
Қызметтерді бөлу. Автоматтандырылмаған жүйеде әртүрлі мамандар орындайтын жұмыстарды, компьютерлік жүйе көптеген ішкі бақылау тәртіптерін жүзеге асыра алады. Мұндай жағдай компьютерді пайдалануға мүмкіншілігі бар мамандарға басқа қызметтерге араласуға мүмкіндік береді. Қажетті деңгейде бақылауды пайдалану үшін, қорытындысында компьютерлік жүйе қосымша шараларды еңгізуді талап етуі мүмкін, ал автоматтандырылмаған жүйеде ол жай бөлу қызметі арқылы жасалады. Мұндай шараларға пароль жүйесі жатуы мүмкін, сұхбаттық тәртіптемеде активтер мен есептік құжаттар туралы ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар мамандар жағынан әрекетін болдырмайды.
Әкімшілік жағынан бақылауды күшейту мүмкіншілігінің тұрақтылығы.
Компьютерлік жүйелер әкімшілікке кәсіпорын жұмысын бақылау мен бағалауға мүмкіндік беретін кең аналитикалық құралдарды береді.
Қосымша құралдардың болуы ішкі бақылауды толығымен жақсартуды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге оның тиімсіздік тәуекелін түсіреді.
Осылай, ұстаным коэффициентінің нақты көрсеткішін жоспарлы көрсеткіштерімен қарапайым сәйкестендіру нәтижесі, сонымен қатар, шоттар салыстырымдылығы әкімшілікке ақпараттық компьютерлік өңдеу кезінде тұрақты түсіп отырады.
Компьютерлік жүйе кейбір операцияларды автоматты түрде орындауы мүмкін, ол бухгалтерлік есептің автоматтандырылмаған жүйесінде жасалғандықтан оларды міндетті құжаттаудың қажеті жоқ, әкімшіліктің бұндай жүйені пайдалануының өзі сәйкес санкциялардың анық еместігін болжамдайды.
Осылайша, бухгалтерияның барлық компьютерлік жүйенің артықшылығын пайдалануы бухгалтерлік есептесуді жақсартудың тиімді факторы болып табылады. Еңбекақы бойынша есептесуде ЖШС “Кас и К”-да оның тиімділігін жоғарылататын тағы да бір резерв қолданылады. Кәсіпорынның барлық бөлімдері мен бөлімшелері локальді жүйеге қосылған компьютерлермен жабдықталған. Сол себепті, осы компьютерлерді бөлімдердегі жұмыс уақытының есебінің табелін жүргізу үшін қолдану ұсынылған. Ол жұмыс уақыты есебінің процесін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді және де жұмыс уақыты есебінің табелінен мәліметтерді алу кезінде қателіктерді болдырмайды, себебі барлық осы операциялар автоматтандырылған түрде орындалады.
ЖШС «Кас и К» -да еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі кемшілігі – кәсіпорын басшылығы тарапынан бухгалтерия жұмысына немқұрайлы қарау болып табылады. Мұндай жүйеде басшы бухгалтерия ақпараттарын тұтынушы болмайды. Кәсіпорын басшысы негізгі құралдарды бақылауда көп күшін салмайды, бірақ нормативтік талаптарды ол толығымен сақтайды.
Кәсіпорында еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебі тәжірибеде бірнеше кемшіліктермен қақтығысады: Қазақстан Республикасында қолданылатын еңбекақы туралы заңнаманың жетілмегеніне, сонымен қатар оның қазіргі есептеу техникасының көмегі кезіндегі есеп шарттарына бейімделмеуіне байланысты.
Осылайша, ЖШС “Кас и К”-ның бухгалтерлік есебін жақсартудың маңызды жолының бірі еңбекке ақы төлеу есебіне қосымша бақылау жүргізу деп санаймын. Кәсіпорын басшылығы жағынан қосымша бақылау жүргізуді маңызды деп санаймын. Бұл дегеніміз басшымен бухгалтерлік құжаттарды қарау, олардың сол салада қолданатын нормативті актілерін тексеру. Мұндай шара кәсіпорында еңбек тәртібін жоғарылатады және еңбекке ақы төлеуге қаражаттарды ұтымды жұмсауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы жағынан бухгалтерлік есеп көрсеткіштеріне сәйкес жұмыс уақытын тиімді пайдаланудың талдауын жүргізу керек. Соған сәйкес басшы кәсіпорын жұмысы туралы толық мәлімет алып отырады.
Жұмыс уақытын пайдалану және оның төлемі туралы сенімді ақпаратты алу нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде өте маңызды болып табылады.
Бухгалтерлер қызметін көп нәрсе қиындатады: жаңа жүйеге ауысу қиындығы және нарықтық қатынастар дамуының шарттарында жұмыс жасау, бұндай шарттарда жұмыс жасау тәжірибесінің болмауы және т.б.
Құқық органдары кәсіпорындарға еңбекке ақы төлеу есебін жүргізуде көмектесуге тырысады. Есеп жүйесінің дамуы ары қарай жалғасады деген ойдамын.
2006 жылғы 1 қаңтардан
бастап Қазақстан
Кәсіпорындардың қаржылық басшылықтары үшін қиындығы сол, олар уақытпен шектеліп қана қоймай, бұл ХҚЕС бойынша үшінші есептілік, ал кейбір кәсіпорындар үшін салықтық , бухгалтерлік және басқарушылық есептен басқа төртінші есеп жүйесі болып табылады.
ХҚЕС өздерінің жылдам өзгеруімен байланысты қосымша міндеттер туындайды, 2004 жылы ХҚЕС жөніндегі комитеті активтер мен міндеттемелерді рыноктық бағалауды көбірек пайдалануға, сондай-ақ есеп стандарттарын US GААР-пен үйлестіруге бағытталған бірқатар өзгерістерді іске асырды. Нәтижесінде кәсіпорындардың бірқатар шаруашылық шарттарын, материалдық емес активтерді, сондай-ақ қосылулар мен жойып жіберу жөніндегі мәмілелерді тану жөніндегі ХҚЕС бойынша есеп саясаттарын қайта қарағандары жөн [22,254].
8-"Есеп саясаты,
есептік бағалаулардың
Есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптар 1-"Қаржы есептілігін ұсыну" ІАS-да белгіленген. 8-ІАS қолдану аясы мынадай мәселелерді қамтиды:
- есептік бағалауларды өзгерту;
- алдыңғы есептік кезеңдерде жіберілген қателіктерді түзету.
Есеп саясаты өз құрылымы мен мазмұндық нысаны бойынша үш дәстүрлі блоктардан тұрады:
1) жалпы бөлім;
2) ұйымдастыру бөлімі:
3) әдістемелік бөлім.
"Жалпы ережелер" бөліміне мыналарды енгізген жөн:
- ұйым туралы жалпы мәліметтер;
- қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз етілуі туралы оның есеп саясатының негізгі мақсаты;
- таңдап алынған есеп
саясаты арқылы қаржы
Бұдан кейін есепті жүргізген және қаржы есептілігін жасаған кезде ұйым мүлтіксіз ұстануға тиіс негізгі принциптерге сілтенуге болады, оның ішінде 1-ХҚЕС-на сәйкес есеп саясатын қалыптастыруға бағытталғандарын - орындылық пен сенімділікті ерекше атап өту керек.
Есепті жүргізген және
қаржы есептілігін жасаған
Мысалы, қызметті тоқтату немесе елеулі қысқарту қаржы есептілігіндегі ақпаратты өзгеше бағалауларды немесе өзгеше жіктеулерді талап етуі мумкін, мұның өзін кезектілік принципінен ауытқу ретінде бағалаған жөн.
"Әдістемелік бөлім" ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ХҚЕС ұсынатын таңдаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс. Меніңше, егер басқаша жасаудың ерекше негіздемелері болмаса, есеп саясатын ХҚЕС бойынша бірінші рет қалыптастыратын ұйымдарға "негізгі" (ұсынылатын) жол бойынша жүргені жөн болады. Жүйелілікті, кезектілікті және толықтықты қамтамасыз ету мақсатында бір ХҚЕС-нан басқасына таңдауды жүзеге асырған, яғни алдымен 1-ХҚЕС содан кейін 2-ХҚЕС және т.б. көзделген тәсілдерді, баламаларды анықтап алған дұрыс. Бұл ретте бұйрықты жасаушылар дербестіліктің жоғары дәрежесімен сипатталатын және (немесе) ұйымның шаруашылық өмірінде әлі кездеспеген объектілерге қатысты таңдау жасаудың барынша қиын екенін, ал кейде жүзеге асырудың мүмкін еместігін айқын түсінулері тиіс. Мысалы , материалдық емес активтердің, зерттеу, әзірлеу, өндірісті игеру , және т.б. шығындарының әлі бола қоймаған амортизациясын есептеу нормалары мен тәсілдерін анықтау барынша проблемалы болып келеді және олардың таяу болашақта болатыны да белгісіз.
Сондықтан, біріншіден , есеп саясатында оқиғалардың барлық өрбу жағдайларын және бухгалтерлік қадағалау обьектілерін алдын ала болжап білуге тырысудын керегі жоқ. ХҚЕС егжей-тегжейлі рәсімдерге емес , принциптерге сүйенеді. Ал екіншіден, жаңадан пайда болған бухгалтерлік қадағалау объектісін есепке алудың нақты тәсілін есепке қабылдау сәтінде, міндетті түрде 1 қаңтардағы жағдай бойынша емес , тіпті жыл ортасында да анықтауға болады. Бұл факті есеп саясатының өзгерісі емес, толықтырылуы ретінде танылатын болады, сондықтан халықаралық стандарттарға қайшы келмейді.
Өзгерістерге қатысты
келетін болсақ, онда ХҚЕС компания
операцияларының немесе ХҚЕС өзі
мен оларға түсіндірмелердегі
Сондай-ақ есеп саясаты - бұл алдағы жылға (немесе бірқатар жылдарға) әрекет жасауда ұсталатын жалпы басшылық екенін және ол түсіндірме жазабаларда (немесе ХҚЕС-на сәйкес "қаржы есептілігіне түсіндірмелерде") ашылуға тиіс әдістемелік сипаттағы мәліметтерді алмастыра алмайтынын ескеру керек. Есепті кезең аяқталғаннан кейін қажетті қорытындыларды шығарып, есеп саясатын таңдаумен байланысты барлық елеулі аспектілерді ашып көрсету және ұсыну мүмкін болады. Өкінішке қарай, бұл құжатты отандық қолданушылар мен қаржы есептілігін жасаушылар жеткілікті түрде бағаламай отыр. Алайда оны жасау теориясы мен практикасының көкейтесті мәселелерін талдау - жекелеген мақалалардың тақырыбы. Біздің пікірімізше, баяндаудың мұндай тәсілі (стандарттан стандартқа) құжаттың мұрагерлілігін сақтауға, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, бұл ретте елеулі болып келетін жағдайларды жіберіп алмауға мүмкіндік береді.
"Ұйымдастыру бөлімі" бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөлуге, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тұлғаларды анықтайтын елеулі мәселелерді қамтиды. Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге және жүйелендіруге мүмкіндік беріп, есептілікті жасаған кезде жұмысты едәуір оңайландырады.
Басқа да қадамдардың болуы мүмкін.
Мысалы, есеп саясаты туралы ақпарат қаржы есептілігінің пайдаланылатын құрылымына сәйкес мазмұндалуы мүмкін, мұның өзі қаржылық жыл аяқталғаннан кейін есептілікке түсіндірмелерді жасаған кезде негіз ретінде есеп саясатын пайдалануға мүмкіндік береді.
Кез келген жағдайда таңдау
нақты ұйымның өзінде ғана
болады, неғұрлым тиімді шешім
халықаралық қаржы
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасындағы еңбек төлемінің түрлері, мақсаттары, аудиті мен талдануы, сонымен қатар жетілдірілу жолдары қарастырылды.
Жұмысымның тәжірибелік бөлімін мен ЖШС «Кас и К”-ның еңбекақы есебін талдауға және жетілдіру жолына арнадым. Онда жұмысшыларға еңбекақыны есептегенде мерзімдік еңбекақы есебін пайдаланады.
Мерзімдік еңбекақы – нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысаны. Мерзімдік жалақының нысаны жай – мерзімділік және сыйақылы – мерзімділік болып бөлінеді.
Жоғарыда қарастырылған кәсіпорында еңбекақы есебін талдау барысында еңбекақы қорын ұтымды пайдалану кәсіпорындағы еңбекақының дұрыс ұйымдастырылуымен тығыз байланысты екенін көруге болады. Ол, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру жағдаймен өндірістік бағдарламаның орындалу деңгейіне байланысты. Сол себепті, талдау кезінде мыналарды қамту керек: