Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:22, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 2-ші наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.
КІРІСПЕ ............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӨЛЕМІНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ…………………………….6
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы..........6
Еңбекақы жүйесінің есебі және оның нысандары .................................11
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.........................24
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ……………...……………………….33
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті........................................33
Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі..............................40
Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар.................................................52
3 ЖШС «КАС И К»-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС-НЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…..61
3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы...........................................................61
3.2 Еңбекақы қорының есебіндегі пайдалану тиімділігін талдау...............64
3.3 ЖШС «Кас и К»-ның еңбекақы есебін жетілдіру жолдары..................65
Қорытынды.......................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................
Тікелей келісімді жүйе. Негізгі өндіріс цехының 80 қызметкеріне, белгіленген келісімді және жалақы бойынша, шығарылған 100 дана өнім үшін төлемі 560 теңге көлемінде белгіленген. Шығарылған өнім есебін, әрбір қызметкер бойынша және шығарған өніміне сәйкес оның еңбекақысы есептеледі. Ағымдағы айда қызметкерлер 200000 дана өнім өндіріп, олардың жалпы еңбекақысы мынаған тең болған:
200 000 / 80 * 560 = 1 400 000 теңге.
Аккордтық жүйе. Қосалқы өдіріс қызметкерлеріне еңбекақы аккордтық жүйе бойынша есептеледі. Негізгі өндірістің цех жұмысшыларына істеген жөндеу жұмыстары үшін есептелген еңбекақы 400 000 теңге, жұмысты орындауға жұмсалған барлық уақыт мөлшері 160 адам / сағат, оның 50 адам / сағат – 3 ағаш шеберінің жұмсаған уақыты, 40 адам / сағат 6 қыздырушының жұмсаған уақыты, 20 адам / сағат 4 электриктің жұмсаған уақыты, 40 адам / сағат – 15 сылақшының жұмсаған уақыты, 10 адам / сағат 2 жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың жұмсаған уақыты. Демек, орындаған жұмыстары үшін жұмысшылардың еңбекақысы былайша есептеледі:
Ағаш шеберлерінікі: 400 000 / 160 * 50 = 125 000 теңге, ал бір жұмысшынікін анықтау үшін осы соманы жұмысшылар санына бөлеміз, яғни 125 000 / 3 = 41666 теңге, қыздырушылардікі барлық еңбекақысы, 400 000 / 160 * 40 = 100 000 теңге, ал бір қыздырушыға шаққанда: 100 000 / 6 = 16 666 теңге.
Электриктер еңбекақысы: 400 000 / 160 * 20 = 50 000 теңге, ал бір электриктікі: 50 000 / 4 = 12 500 теңге.
Сылақшылар еңбекақысы: 400 000 / 160 * 40 = 100 000 теңге, бір сылақшының еңбекақысы: 100 000 / 15 = 7 000 теңге.
Жөндеушілер еңбекақысы: 400 000 / 160 * 10 = 25 000 теңге, ал бір жұмысшының еңбекақысы 25 000 / 2 = 12 500 теңге.
Жөндеу бөлімінің жалпы еңбекақысы 400 000 теңге.
Ынталандыру сипаттағы төлемдер. Өндіріс тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыру мақсатында еңбеккерлердің материалдық мүддесін күшейту үшін сыйлық пен марапаттау жүйесін еңгізу керек, ал ол жыл соңының нәтижесі бойынша және басқа да көрсеткіштер бойынша берілуі мүмкін.
Сыйлық еңбеккерлердің жеткен жетістігі үшін ақшалай қолдап дем беру және оның одан әрі өсу қарқынын ынталандыру болып табылады. Сыйлық, негізінен үстеме төлем ретінде берілуі мүмкін.
Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың топтарына сараланып белгіленеді.
Мысал. Сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20% - ті мөлшерінде сыйақы беру көзделеді.
Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5 % құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік ставка 100 % , жабдықтың ай ішінде тұрып қалуы – 3 % .
1. Мерзімдік жалақы: 180 * 100 = 18 000 теңгеге тең.
2. Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір % - ы үшін сыйақы мөлшері 20 % / 5 % = 4% .
3. Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5 % - 3 % = 2 % .
4. Сыйақының % -дық мөлшері 4 % * 2 % = 8 %.
5. Сыйақы сомасы: 18 000 * 8 % = 1 440 теңге.
6. Ай ішіндегі жалақы 18 000 + 1 440 = 19 440 теңге.
Мысал. Қызметақысы 12 000 теңге болатын менеджер 24 жұмыс күнінің 20 күнін жұмыспен өтеген (4 күн ауырған ), сыйақы - 40 % .
Жалақы екі түрге бөлінеді:
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына кіретіндер:
а) жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
ә) қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;
б) жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет;
в) кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;
г) ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
ғ) мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
д) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
е) жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер [4,4].
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
а) балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;
ә) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
б) мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді
орындауға жұмсалған жұмыс
в) негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
г) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
ғ) шыққанда берілетін жәрдемақы.
Қызметкерлер жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алады.
Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Кәсіпорынның жоспарымен белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиіс жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.
Түнгі уақыттағы жұмыс және оның еңбекақысы.
“Қазақстан Республикасы Еңбек туралы” заңының 48, 73 – баптарына сәйкес түнгі сағат 22-ден, таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып табылады. Аяғы ауыр әйелдер түнгі уақыттағы жұмысқа тек олардың келісімімен ғана жіберіледі.
Түнгі уақыттағы жұмысқа он сегіз жастан кіші тұлғалар және медициналық анықтамасында түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынған кейбір тұлғалар жіберілмейді.
Түнгі жұмыс уақытындағы әр сағат үшін бір жарым мөлшерден кем төлнбеуі керек.
Жұмыс уақытының есеп табелінде түнгі уақыт бір айдағы қорытынды сандармен тіркеледі. Түнгі уақыттағы барлық жұмыс кәсіпорында бекітілген бастапқы құжаттармен ресімделеді және кәсіпорынның ұжымдық келісім шартында бекітілген жоғары мөлшерде төленеді, ол заңда қарастырылған мөлшерден төмен болмауы керек.
Демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс және оның еңбекақысы.
“Қазақстан Республикасы Еңбек туралы” Заңының 56, 57, 58, 59-баптарына сәйкес:
- жұмыс күндері мереке
күндерімен қатар келген
“Қазақстан Республикасы Еңбек туралы” Заңының 73-бабына сәйкес мереке және демалыс күндерінде істелген жұмыстың еңбекақысы әдеттегі жұмыс күнінің еңбекақысы мөлшерінен екі есе жоғары болуы керек.
Мереке және демалыс күндерінде жұмыс істеген жұмысшы өтемақыны қосымша демалыс күнімен ауыстыра алады. Яғни, өтемақыны алмай, жұмыс уақытында сол өтемақы мөлшеріндегі еңбекақы есебінен демалыс алуы мүмкін.
Бос тұрып қалу уақытының төлемақысы.
“Қазақстан Республикасы Еңбек туралы” Заңының 74-бабына сәйкес бос тұрып қалған жұмыс уақыты төлемақысының тәртібі мен шарттары жеке еңбек немесе ұжымдық келісімшарттарында анықталады. Жұмысшының кінәсінен болған бос тұрып қалу уақытына төлемақы берілмейді.
Бос тұрып қалу – жұмысшы жұмыс орнынан табылса да, өндірістік процеске қатыспайтын, жұмыстағы еріксіз үзіліс уақыты.
Бос тұрып қалу өнімнің өзіндік құнын көтереді, табысты кемітеді, кәсіпорынға зиян шектіреді. Бос тұрып қалуға жұмысшылар да, әкімшілік те, материалдармен жабдықтаушылар да және т.б. кінәлі болуы мүмкін.
Жұмысшының кінәсінен болмайтын бос тұрып қалудың жоғары шегіндегі төлемақысы жұмысшының толық тарифтік мөлшерлемесі болуы мүмкін. Жұмысшының бригадирге, мастерге немесе басқа да лауазымды тұлғаларға бос тұрып қалудың қалай басталғанын және оның себебін ескертуі бос тұрып қалудың төлемақысы болып табылады [4,8].
Қызметтерді қоса атқарудың еңбекақысы және жұмыста уақытша жоқ жұмысшының міндеттерін орындау.
“Қазақстан Республикасы Еңбек туралы” Заңының 72-бабына сәйкес:
Категориялары бойынша жұмысшылар өз кәсіптеріне сәйкес келетін жұмысты, ал мамандар мен қызметкерлер – сәйкес келетін қызметті қоса атқаруға болады.
Өзінің негізгі жұмысына қоса уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін орындау мына жағдайларға байланысты туады: ауру, демалыс , іссапар, егер оның жұмыс орны немесе қызметі қолданыстағы заңға сәйкес сақталатын болса, біліктілікті жетілдіру, қайта даярлау жолдамасы, учаске, бөлім, басқарма немесе ұйым шегінде бір қызметкердің міндетін қызметкерлерге бөліп беру.
Мәселен, орташа және ірі кәсіпорындар бухгалтерияларында жұмысты айтуға болады. Әдетте бухгалтериялардағы кадрлық құрам бірыңғай әйелдерден тұрады деуге болады. Бухгалтериядағы бір қызметкер жұмысында ұзақ уақыт болмай қалған жағдайда оның қызмет міндеттерін басқа әріптестері өзара бөлісіп істейді. Егер бұл жұмыс төрт бухгалтерге тең бөлінсе, жұмыста уақытша жоқ қызметкердің жалақысы әр бухгалтерге 25 % мөлшерінде белгіленеді.
1.3 Еңбекақының
аналитикалық және
Кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап, одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу ведомосі деп атайды. Кәсіпорында бұл ведомості әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырады. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу ведомосі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелінген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл ведомоста жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік нөмері, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің шаруашылық субъектісіне қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу ведомосі бойынша кәсіпорын кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды. Бұл ведомость бойынша, біріншіден, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден, бұл ведомость еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып табылады, ал үшіншіден, осы ведомость арқылы жұмысшы-қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы төлеуге, еңбек демалысына еңбекақы төлеуге, тағы да басқа қосымша еңбекақыларды төлеу үшін, сондай-ақ орташа еңбекақыны есептеу үшін кәсіпорында әрбір жұмысшылар мен қызметкерлерге дербес шот ашылып жүргізіледі. Бұл шот жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, сол шаруашылық субъектісіндегі демалысының ұзақтығы, әрбір айға есептелінген еңбекақылары мен жәрдемақылары және олардан ұсталынатын ұсталымдар түрлері бойынша көрсетіледі. Бұл құжаттармен қатар шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшы мен қызметкерге есеп айырысу қағаздары да толтырылуы мүмкін. Есеп айырысу қағаздарында да жоғарыда аталған ведомостағы барлық мәліметтер көрсетіліп, әр жұмысшыға бөлек толтырылып, олардың қолдарына беріледі.Кейбір шаруашылық субъектілерінде жазуларды қайталап жаза бермеу үшін есеп айырысу-төлеу ведомосы мен дербес шоттың орнына есеп айырысу ведомосі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу ведомосі журнал түрінде жасалынып, негізгі және қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдардың саны, ұсталатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, т.б.) көрсетіледі. Ведомостің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге (айға, тоқсанға, жарты жылға, жылға) ашылғандығына байланысты болады. Бұл ведомостің титулдық бетінде жұмысшы-қызметкерлерге төленген және депоненттелген еңбекақы сомалары жазылады. Ведомості толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Сонымен қатар ведомостерде, дербес шоттарда және есеп айырысу қағаздарында көрсетілген адамдардың аты-жөні сол шаруашылық субъектілерінде қызмет атқарушылардың тізімдері құрамының есебіне сәйкестігі тексеріледі. Бұл ведомость бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомаларының одан ұсталатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін ведомостың тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс [5,321].