Еңбекақы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 2-ші наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӨЛЕМІНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ…………………………….6
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы..........6
Еңбекақы жүйесінің есебі және оның нысандары .................................11
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.........................24
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ……………...……………………….33
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті........................................33
Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі..............................40
Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар.................................................52
3 ЖШС «КАС И К»-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС-НЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…..61
3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы...........................................................61
3.2 Еңбекақы қорының есебіндегі пайдалану тиімділігін талдау...............64
3.3 ЖШС «Кас и К»-ның еңбекақы есебін жетілдіру жолдары..................65
Қорытынды.......................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................

Файлы: 1 файл

Дипломная.doc

— 424.50 Кб (Скачать файл)

Сондай-ақ қызмет бабымен іс-сапарда  болған кездері, жұмыс уақытының  қысқартылған тәртібімен жұмыс істеген  кездері, яғни жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін кезеңдері стажға жатады. Енді біз нақты мысалда еңбек стажын есептеудің тәртібін қарастырып көрейік.

Мысал. 15 ақпан 2004 жылы үш айға, яғни 14 мамырға дейін келісім-шарт бойынша  маман әйел жұмысқа қабылданды, ал 15 мамырдан бастап онымен жеке еңбек шарты шектелмеген мерзімге жасалды.

Жұмыскер әйел маусымда қызмет бабы бойынша іс-сапарда болып келді. Шілдеде жұмыс берушінің келісімі бойынша толық көлемде емес жұмыс  күніне ауысты. Тамызда оған екіқабат және босануы бойынша демалыс берілді, ал 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап, айлығы сақталмайтын үш жылдық демалысқа шығуына өтініш білдірген. 1 сәуір 2006 жылы маман әйел қайтадан жұмысқа түскен, содаң соң 1 маусымнан бастап демалыс беруіне өтініш жазған. Еңбек стажын есептеу жыл сайынғы еңбек демалысы үшін келесі болады. Жұмыс істеген әйелдің еңбек стажына 1 қаңтар мен 1 сәуір айларының арасындағы кезеңнен басқасы кіреді.

Жыл сайынғы пайдаланбаған еңбек  демалысын есептеу үшін, яғни компенсациясын жасау үшін орташа күндік жалақы, есептік кезеңдегі нақты есептелген сомадан алынады.

Енді осы жағдайда бір мысал  келтіріп көрейік.

Кесте 5 - Қызметкерге 2006 жылдың 1 мамырынан бастап 21 күнге демалыс берілген. Ол есептік кезеңде толық жұмыс істеген, сондықтан оған былайша есептелінген [15,145]  

 Есептік   кезеңге кіретін

Есептік кезеңде есептелген жалақысы, теңге

Еңбекақы жүйесінде қарастырылған, сыйлығы есептелінді, теңге

2004 жылдың нәтижесі бойынша, жылдық сыйлығы есептелінді, теңге

          Еңбек  ақы жүйесінде қарастырылған,  сыйлық төленді, теңге

2005ж.

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

2006ж.

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

 

15000

17000

17000

17000

20000

20000

20000

20000

 

20000

25000

25000

25000

 

 

5000

5000

 

6000

6000

6000

 

 

7000

7000

7000

 

 

 

 

 

 

 

2400

 

 

 

5000 сәуір айы үшін

Есептік кезеңнің жиыны

 

241000

 

49000

    

2400

 

5000


  

Орташа жалақының құрамын есептеу  үшін мыналар еңгізіледі: төлем ақы  жүйесінде қаралған есептік кезеңдегі  есептелген жалақысы; есептелген сыйлығы; есептік кезеңнің әрбір айы үшін есептелген жылдық сыйлығы; Бірінші кезекте, есептеуге кіретін сыйлықтың сомасы анықталады: 49000 + 2400 / 12 * 8 = 50600 теңге. Содан соң сыйлық ескерілген есептік кезеңдегі есептелінген жалақысы есептелінеді, ол мынаны құрайды: 291600 теңге (241000+50600). Енді осы мәліметтерден демалыс ақысын шығару үшін орташа күндік жалақыны шығарады, ол мынаған тең: 821,50 теңге (219600 / 12 / 29,58), енді осыдан алынған соманы демалысқа берілген күнге көбейтеді – 17251,52 теңге (821,50 * 21). 1 және 9 мамыр жұмыс күні болмағандықтан, демалыс күніне қосылмайды және төленбейді.

Мысал. Қызметкерге 2006 жылдың 8-ші сәуірінен бастап, 18 календарлық күнге кезекті еңбек демалысы берілген. Есептік кезеңде толық жұмыс істелмеген, яғни 14 наурыздан 21 наурызға дейін уақытқа еңбекке жарамсыз болған. Қаңтар айында қызмет бабымен іс-сапарда болып қайтқан.

Сыйлық, негізінен, еңбек төлемінің  жүйесінде қарастырылған: жылдық сыйлығы  және орташа жалақысы есептеу кезінде  ескерілген, яғни есептеу процесіне  енеді. Есептеу үшін алынған сыйлықтың сомасы 42000 теңге құраған (30000 + 24000 / 12 * 4 + 12000 / 12 * 4); сыйлығын қоса есептегенде, есептелген жалақының сомасы – 344500 теңге құраған (302500 + 42000).

Еңбеккер наурызда толық істемегендіктен, демалыс ақысын есептеу үшін, орташа күндік жалақысын, жұмыс істеген уақытындағы нақты жалақысының жалпы сомасын, нақты жұмыс істеген күнінің жиынтығына бөледі. Сонымен, толық жұмыс істемеген айдың күнін ескергенде, оның орташа айлық календарлық күні – 25 күнді құраған, енді осыдан екі мереке күнін шығарсақ, онда ол 23 күнді құрайды.

Олай болса, демалыс ақысын есептейтін орташа күндік жалақысы 987,10 теңгені  құраған (344500 / 349); демек, оған берілген демалыс күні үшін төленетін сома 17767,91 теңге болған (987,10 * 18).

 

Кесте 6 - Еңбеккерге есепті кезеңде есептелінген демалыс ақысы [16,261]

Есептік

кезеңдегі

айлар

Жұмыс аптасының 5-күндік графигі бойынша  жұмыс уақытының ұзақтылығы, күн

Еңбеккердің нақты істелген жұмыс  уақыты, күн

Жұмыс істеген кезеңіне тиесілі  календарлық күнінің саны,күн

Жұмыс істеген кезеңіне тиесілі

есептелген жалақысы, теңге

Еңбек төлемінің жүйесінде қарастырылған, әрі есептелінген сыйлығы, теңге

Еңбек т. ж. қ, жыл нәтижесі бойынша  төленетін сыйлығы, теңге

Көп жылдары еңбек еткені үшін, есептелген марапаттау сомасы, теңге

Жұмыс аптасының 5-күндік графигі бойынша еңбекке жарамсыз болған күндерінің саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2005ж

сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

2006ж

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

 

21

21

21

22

22

20

22

22

20

 

21

20

19

 

21

21

21

22

22

20

22

22

20

 

21

20

13

 

30

29

30

31

30

30

30

30

29

 

29

28

23

 

2500

2500

2500

2500

2500

2500

2700

2700

2800

 

2650

2700

1700

 

 

 

5000

5000

 

6000

3000

5000

6000

 

 

 

 

24000

 

 

 

 

12000

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Есепті кезеңнің жиыны

251

245

349

302500

30000

24000

12000

6




 

Мысал. Еңбеккерге жеке келісім-шартына сәйкес 15000 теңге айлық белгіленген. 2006 жылы ақпанда өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты кәсіпорында аптасына 4 күн жұмыс күні – (дүйсенбі, бейсенбі, сәрсенбі, жұма) етіп белгіленген. Жалақы жұмыс істеген күніне қарап пара-пар (пропорционалды) есептелінетін болып қабылданған. 1 маусымнан еңбеккерге кезекті демалысы берілген. Еңбеккер толық көлемде жұмыс істемегеніне қарамастан, оған жеке еңбек шартында белгіленген күні, яғни 20 календарлық күні берілген.

Ол бүкіл есептік кезеңде толық жұмыс істегендіктен, оның демалыс ақысын есептеу үшін мына мөлшердегі орташа жалақысы алынған:

472,31 теңге (167652 / 12 / 29,58), демек, демалыс  ақысына берілетін сомасы мынаны  құраған – 9446,20 теңге (472,31 * 20).

 

2.3 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар

     Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.

    Жеке табыс салығын ұстау.

    Салықтар- ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. 

     Осы табыс салығын төлеуші болып салық жылы ішінде салық салынатын табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады.

     Табыс салығы есептелген және ең аз мөлшердегі еңбекақы көлемінің арақатынасына байланысты мөлшерлеме бойынша еңбекақының салық салынатын минимумынан асатын сомадан ұсталады.

     Қызметкердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы оның салық жылы ішінде төлем көзінен салық салынатын табысынан мынадай шегерімдерді жасап, белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі:

а) Қазақстан Республикасының  заң актісінде табысты есептеудің тиісті айға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома;

ә) қызметкердің асырауындағы отбасының әрбір мүшесіне бір  айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома;

     Бұл жерде отбасы деп бірге тұратын және ортақ шаруашылық жүргізетін ерлі-зайыптылар, балалары және ата-анасы танылады.

     Асырауындағы адам деп салық төлеушінің табысы есебінен өмір сүретін және бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын жеке табыс көзі жоқ отбасы мүшесі танылады.

         Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұлғаю нәтижесімен ай сайын жүргізіледі.

Жеке тұлғаның төлем  көзінен ұсталатын табыс салығының  есебі ағымдағы салық жылында  бір қалыпты (ай сайын) жүргізіледі. Жеке тұлғаның төлем көзінен ұсталатын  табыс салығын бір қалыпты есептеу үшін “қайта есептеу коэффициенті” және “салық салынатын табыстың жылдық есеп айырысу сомасы” көрсеткіштерін пайдалану еңгізіледі.

     Қайта есептеу коэффициентін анықтау.

1.Егер қызметкер кәсіпорында  жыл басынан жұмыс істесе, онда  қайта есептеу коэффициенті былайша есептеледі:

  • қаңтар 12/1, мұндағы 12 – салық кезеңіндегі айлар саны, 1 – бұл ол үшін қызметкерге табыс есептелетін және ЖТС пен әлеуметтік салық есептелетін айлар саны;
  • ақпан 12/2
  • наурыз 12/3 және т.с.с. жыл соңына дейін
  • желтоқсан 12/12

     Қызметкердің осы санаты бойынша желтоқсанда коэффициент “1”- ге тең болады.

2. Егер жеке тұлға  жұмысқа, мысалы, ағымдағы жылдың  наурызында тұрса және бұған  дейін еш жерде жұмыс істемесе, онда мұндай қызметкер үшін  салық жылы 10 ай болады.

    Айталық, жаңа қызметкер 1 наурызда жұмысқа қабылданды. Демек, осы кәсіпорында салық кезеңі үшін ол салық кезеңінің аяғына дейін жұмыс істейді –10 ай. Сөйтіп, оның коэффициентін анықтау үшін алымында “10” саны, ал бөлімінде оның осы кәсіпорындағы қызмет тәртібі бойынша айы көрсетілген болады. Осы қызметкер үшін наурыз кәсіпорындағы бірінші жұмыс айы болғандықтан, наурыз үшін коэффициент “10”- ға тең болады. (10/1), 

Сәуір – “5” (10/2)

Мамыр – “3,33” (10/3) және т.с.с. жыл соңына дейін.

Желтоқсанда осы қызметкердің коэффициенті де “1” (10/10) болады.

Әлеуметтік салық.

     Салық салу объектілеріне жұмыс берушіге материалдық әлеуметтік игіліктер түрінде және басқа материалдық пайдалар түрінде берілген табыстарды қосқанда жұмыс берушінің қызметкерге ақшалай және заттай түрінде төлейтін шығындары жатады.

     Әлеуметтік салық қаржыландыру көзіне қатысы жоқ тиісті салық ұстауға дейін есептеледі.

     Салық төлеушілерге жататындар:

  • заңды тұлға;
  • үш айлық есеп айырысу көрсеткішін өзі үшін, екі айлық есеп айырысу көрсеткішінде әрбір қызметкер үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер.

Әлеуметтік салықты төлеу ай сайын айдың екінші жартысы үшін еңбекақы төлемімен белгіленген  мерзімде жүргізіледі, алайда ол еңбекақы төлеміне қатыссыз келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірмей төленуі керек.

Есептік кезең үшін мемлекеттік  мекемелер есептеген салық сомасы Салық кодексінің 320-бабына сәйкес уақытша  жұмысқа жарамсыздық бойынша, жүктілік және туу бойынша әлеуметтік жәрдемақы  жөніндегі Қазақстан Республикасы заңына орай төленген сомаға кемітіледі [17,250].

Әлеуметтік жәрдемақы  декларациясы келесі тоқсан үшін айдың 15-ші күнінен кешіктірілмейтін есептік  кезеңге берілді.

Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен  нақты есеп айырысу есеп беру кезеңі күнтізбедегі бір ай болып табылады.

Атқару құжаттары бойынша  ұсталымдар.

Сот шешімдері, нотариалдық  органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары (атқару парақтары) бойынша  ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізіледі.

Алименттер есепті айдағы негізгі және қосышадан табыс  салығы ұсталғаннан кейін қалған сомадан ұсталады. Кәмелетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент  бір бала үшін жалақының 25% мөлшерінде, екі бала үшін – жалақының 33% - і, үш және одан көп балалар үшін 50% - ін құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алименттердің сомасы алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылу керек. Борышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға барлық ұсталған алименттер туралы белгі қойып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін көрсетеді.

     Мысал. Бухгалтерияға Қасымова С.О. 10.05.2005ж. 5-ші разрядтағы слесарь С-дан Қасымовтан Н.М. алимент ұстау туралы атқарушы құжаты келіп түскен, ондағы ұсталатын алименттің мөлшері жалақысының бестен бірін құраған.

     Слесарь Қасымов Н.М. мамыр айында толық жұмыс істеген, яғни 21 күн, 168 сағат.

     Кәсіпорында аптаның бес күні жұмыс күні етіп белгіленген және 1-ші разрядтың мөлшері 15000 теңге құраған. Ағымдағы айда Қасымовқа негізгі жалақысының 75% мөлшерінде сыйақы есептелген.

     Сонымен, Қасымовтан ұсталатын алименттің сомасы мынаны құраған:

Информация о работе Еңбекақы жүйесі