Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:22, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 2-ші наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.
КІРІСПЕ ............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӨЛЕМІНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ…………………………….6
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы..........6
Еңбекақы жүйесінің есебі және оның нысандары .................................11
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.........................24
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ……………...……………………….33
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті........................................33
Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі..............................40
Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар.................................................52
3 ЖШС «КАС И К»-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС-НЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…..61
3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы...........................................................61
3.2 Еңбекақы қорының есебіндегі пайдалану тиімділігін талдау...............64
3.3 ЖШС «Кас и К»-ның еңбекақы есебін жетілдіру жолдары..................65
Қорытынды.......................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................
Орташа жалақы – бұл белгілі бір уақыт кезеңіне еңбеккерлердің жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға).
Оны есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те атайды.
Орташа жалақы белгілі бір құбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін және т.б.
Барлық жағдайда есептік кезеңнен Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды:
Мемлекеттік мерекелер:
1-2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр
Қазақстанның Халықтарының
9 мамыр Жеңіс күні
30 тамыз Қазақстан Республикасының Ата заңының күні
25 қазан Республика күні
16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні
Бұл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн жұмыс күні болып саналады.
Еңбеккерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа күндік, не орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені, қосымшаны және басқа да марапаттау төлем түрлерін ескереді.
Орташа жалақы есептік
кезеңдегі нақты істеген
Егер де еңбеккерлер бір жылдан аз жұмыс істесе, онда орташа жалақысы нақты істеген уақытынан анықталады.
Егер де еңбеккерлердің ұзақ уақыт бойына жалақысы болмаса (жиырма төрт айдан көп), онда орташа жалақы минималды есептік көрсеткіштен алынады, бұл жағдай еңбеккерлердің екіқабат және бала табуына, сондай-ақ балаға қарауына және басқа да орынды себептермен байланысты болуы мүмкін [12,117].
Орташа жалақыны есептеген кезде мына төлемдер есепке алынбайды:
Сыйлықты және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдерді есептеген кезде нақты уақыты бойынша алынған жалақысы емес, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық табыстары алынады, сондай-ақ материалдық мақтау (көтермелеу) кезінде де 1/3, 1/6, 1/12 мөлшері бойынша есептелінеді, ал айлық сыйлықтар-сол айлық деңгейінде беріледі.
Егер де сыйлық және басқа
да ынталандырушы сипаттағы
Орташа күндік жалақы барлық жағдайда, тек пайдаланбаған демалысы үшін төленетін компенсация мен демалыс ақыдан басқа есептік кезеңде есептелген жалақының сомасынан заңмен белгіленген аптаның алты күндік немесе бес күндік календарлық жұмыс күні бойынша анықталады.
Орташа сағаттық жалақы да, орташа күндік жалақы сияқты анықталады.
Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлем. Жұмыс беруші №731 11 маусым 1999 жылы Республика үкіметінің қаулысымен бекітілген “Жұмыс берушінің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеу мен тағайындау туралы” нұсқау талаптарымен сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз күндері бойынша әлеуметтік жәрдем ақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті.
Ал олардың қатарына:
Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне еңбеккерлердің сырқатымен (ауруымен), протез қоюымен, жанұяның бірі ауырып қалған жағдайда оларға қараумен және басқа да жағдайлармен байланысты жәрдемақы тағайындалып, содан соң төленеді.
Еңбекке уақытша жарамсыз парағы белгіленген тәртіпте беріледі, ал ол әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеудің негізі болып табылады, ал егер де парақты жоғалтып алса, онда оның көшірмесі беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыз парағы бойынша төленетін жәрдем ақы бірінші күнінен толық жазылып кеткенге дейін немесе медициналық-әлеуметтік эксперттік комиссияның мүгедектік белгілеуіне дейін төленеді.
Еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жәрдем ақысы мына жағдайларда төленбейді:
Сонымен, еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жәрдем ақыны есептеу орташа айлық жалақыдан алынады, бірақ орташа айлық жалақы он есе еселенген МЕК-тің деңгейінен аспауы керек. Жерлеуге, бала туған кезде берілетін жәрдем ақы жергілікті бюджеттің есебінен беріледі, оның мөлшері әрбір қаржылық жыл үшін маслихаттың шешімдерімен анықталады. Мысал. Қызметкер 10 мамырдан 27 мамырға дейін ауырып қалды делік 2006 жылы, яғни 12 жұмыс күні бойына. Осыны есептеу үшін біз мына төменде берілгіен мәліметтерді пайдалана отырып анықтауымызға болады:
Кесте 3 - Нақты есептелген жалақыны анықтау жолы [13,105]
Айлық есептік кезең |
Жұмыс аптасының бес күндік графигі
бойынша жұмыс уақытының |
Нақты жұмыс істеген күні |
Нақты есептелген жалақы, теңге |
2005ж. Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан 2005ж. Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір |
21 21 22 22 20 22 22 20
21 20 19 22 |
21 21 22 22 20 22 22 20
21 20 19 22 |
20000 20000 20000 20000 20000 20000 20000 20000
20000 20000 20000 20000 |
Есептік кезеңнің жиыны |
252 |
252 |
240000 |
Орташа күндік жалақыны есептік кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс аптасының бес күндік календары бойынша алынған жұмыс күнінің санына бөлу жолымен анықтайды, ол кәсіпорында былайша белгіленген: 240000/252=952,38 теңге. Жәрдем ақының жалпы сомасы мынаған тең: 11428,56 теңге (952,38*12күн). Заңға сәйкес, жәрдем ақының сомасы мына деңгейге дейін шектелген:
10 МЕК (971*10=9710теңге), сондықтан жәрдем ақы есептелген деңгейде емес тек 9710 мөлшерде төленеді.
Екіқабат және босану бойынша, сондай-ақ әйелдер босанатын үйінен тікелей баланы асырап алған әйелдерге берілетін жәрдем ақы, екіқабат және босануы бойынша берілген демалысының барысында, баланың туған күнінен бастап 56 күн өткенше төленеді, бірақ ол 10 МЕК аспауы керек. Ал жұмыс істеп жүрген әйелдерге 126 күнге жәрдем ақы төленеді, егер де әйелдер екі және одан да көп балалар тапса, онда жәрдем ақы 140 күнге төленеді. Сондай-ақ, екіқабат әйелдер, балалары үш жасқа жеткенше, айлығын сақтамайтын демалыс алуына болады, бірақ ол кезең төленбейді. Егер де, әйел осы үш жылдың ішінде тағы да бір бала көтерсе, онда оған аталған демалыс біткеннен соң, оның бірінші күнінен бастап төленеді.
Кесте 4 - Екіқабат болуына байланысты әр айда жұмысқа шықпаған күні мынаны құрайды [14,320]
Айлық есептік кезең |
Жұмыс аптасының бес күндік графигі
бойынша жұмыс уақытының |
Нақты жұмыс істеген күні |
Нақты есептелген жалақы, теңге |
2005ж. Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан 2005ж. Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір |
21 21 22 22 20 22 22 20
21 20 19 22 |
21 21 22 22 20 22 22 20
21 20 19 22 |
20000 20000 20000 20000 20000 20000 20000 20000
20000 20000 20000 20000 |
Есептік кезеңнің жиыны |
252 |
252 |
240000 |
10 МЕК деңгейін ескере
отырып, еңбекке уақытша жарамсыз
күнінің санын орташа күндік
жалақыға көбейту жолымен
Қаңтар - 733 * 16 = 11 728 теңге;
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр - 733 * 10 = 7 330 теңге.
Қаңтардан мамырға дейін ЕББП есептелген сома емес, 10МЕК бойынша төленеді, ал мамыр үшін есептелген сома төленеді, өйткені ол МЕК-тен аспайды.
Сонымен, жәрдем ақының жалпы сомасы мынаны құрады: 40 250 теңге (80230 + 8230 + 8230 + 8230 + 7330).
Жеке еңбек шартын бұзу. Жұмыс беруші келесі себептер бойынша еңбек қатынасын тоқтатқан жағдайда орташа айлық жалақының мөлшерінде компенсация төлеуі тиіс:
Демалысқа шыққанда төленетін төлем. Белгіленген тәртіп бойынша, жыл сайын жұмыс орнын сақтай отырып және еңбек шарты бойынша әрбір жұмыс істеуші төленетін демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына шығуға барлық қызметкерлердің құқы бар, олардың арасында жеке келісім-шарт жасалса да, жасалмаса да.
Бұндай заң құқығы “Еңбек туралы” заңның 12 б, 5т. қарастырылған.
Еңбек демалысының ұзақтығы әртүрлі болады, егер де еңбеккер бірінші жыл жұмыс істеп жатса, онда оған демалыс 12 ай өткен соң беріледі. Демалысқа шығатын күніне мереке күндері қосылмайды, яғни еңбеккерлердің демалыс күні 24 жұмыс күніне тең болса, бірақ ол арада 1 мейрам күні болатын болса, онда қызметкер 25 күн демалуына болады.
Демалысқа шығу кезінде оның алдын ала жасалып қойған кезектілігі сақталады. Демалыс аванс ретінде келесі қызмет категориясына бөлінеді.
Еңбек демалысы аванс ретінде берілетін жағдай еңбек шартында қарастырылуы керек.
Еңбек стажын есептеудің тәртібі “Еңбек туралы” заңының 61 бабына сәйкес жүргізіледі, ал ол өзіне келесі кезеңдерді еңгізеді:
Жалақысы сақталмаған кездегі алған демалысы стажға кірмейді, бірақ ол кезде мамандығын көтеруге немесе қайта дайындауға кеткен уақыты жұмыс берушінің келісімімен жасалса және құжаттармен дәлелденсе, мемлекеттік міндеттемені орындаса, онда олар стажға кіреді.