Еңбекақы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 2-ші наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӨЛЕМІНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ…………………………….6
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы..........6
Еңбекақы жүйесінің есебі және оның нысандары .................................11
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.........................24
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ……………...……………………….33
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті........................................33
Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі..............................40
Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар.................................................52
3 ЖШС «КАС И К»-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС-НЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…..61
3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы...........................................................61
3.2 Еңбекақы қорының есебіндегі пайдалану тиімділігін талдау...............64
3.3 ЖШС «Кас и К»-ның еңбекақы есебін жетілдіру жолдары..................65
Қорытынды.......................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................

Файлы: 1 файл

Дипломная.doc

— 424.50 Кб (Скачать файл)
  1. Алынған табыстың сомасын есептеу:

Мамыр айында есептелген жалақының сомасы  = 19950 теңге (15000*1,33);

Мамыр айында алынған  сыйақының сомасы     = 14963 теңге (19950*75%);

Табыстың жалпы сомасы                                       = 34913 теңге.

  1. Алынған табыстан ұсталатын сомасын есептеу:
  • жинақ зейнеткерлік қорға аударылатын

міндетті зейнеткерлік жарнасының сомасы        = 3491 теңге;

  • ағымдағы айда ұстауға жататын,

жеке табыс салығының  сомасы                            = 1530 теңге;

Мамыр айында алынған табыстан

ұсталатын ұсталымның жиыны                            = 5021 теңге (3491+1530).

3.Ағымдағы айда слесарь  Қасымовтың Н.М. алатын сомасы 29892 теңге (34913 – 5021) құраған.

4.Атқарушы құжаты 10.05.2005ж.  түскендіктен, алимент 10 мамырдан 31 мамырға дейінгі аралықтағы уақытқа (яғни 16 күнге) есептелінген:4555 теңге = 29892 / 21 * 16 * 0,2. Келесі айларда алимент жалақының толық көлеміне есептелінеді.

     Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының шегерімдері қызметкерлердің жазбаша түрдегі арыздары бойынша жүзеге асырылады. Қызметкерлердің еңбек төлемінің ұсталынған мүшелік жарналары тиісті кәсіподақ ұйымдарының шоттарына аударылады.

     Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жүргізіледі. Есептеудің екі әдісі бар:

1-әдіс. Субъект банктен  (немесе өз қаражаттары есебінен) қарыз алады және саудаласушы  кәсіпорынмен толықтай есеп айырысады  да, тауарды өз қызметкеріне сатып  әпереді. Осы тауарларды алған  қызметкерлердің жалақысынан ай сайын белгілі бір сома ұсталады. Мұның өзі қызметкердің шаруашылық субъектісі алдындағы берешегін кемітуге жатады.

2-әдіс. Сауда жасаушы  ұйымның жазбаша тапсырма-міндеттемесінің  негізінде қызметкердің жалақысынан  ай сайын белгілі бір сома  ұсталады және сауда жасаушы ұйымның шотына аударылады.

Материалдық залалды (кемшілік, ұрлық-қорлық) өтеу бойынша ұстап  қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың хаттамасының немесе сот органдары  шешімінің негізінде жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың мөлшері  мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.

Міндетті зейнетақы  жарналарын ұстап қалудың мөлшері  мен жинақтаушы зейнетақы қорларына  аударудың тәртібі.

Жинақтаушы зейнетақы  қорларына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынандай ставкалар бойынша жүзеге асырылады:

     Заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жекеменшік нотариустар-материалдық, әлеуметті игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыс беруші берген кірісті қоса алғанда, жұмыс беруші қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кірістің он пайызы мөлшерінде. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауы тиіс;

Орталық – еңбек қабілетінен  айырылу және жұмысынан айырылу  жағдайына берілетін ай сайынғы  әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан  Республикасының шетелдік мекемелерінде  жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде – ҚР Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының  персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының жүз пайыздық мөлшерінің он пайызы мөлшерінде [18,223].

     Салық кодексінің 144-бабы 15), 16), 17), 20), 23), 25) тармақшаларымен белгіленген төлемдерден, сондай-ақ, егер мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген болса, 1 және 2 топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.

    Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.

     Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде, МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады. 

     Міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы аудармағаны үшін өсімақы төлеудің тәртібі.

     Кіріс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттің уақытында ұстап қалмаған және аудармағаны міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндіріп алады немесе агенттер кешіктірілген күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімақымен міндетті зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуы тиіс.

     Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыруда салық заңнамасына еңгізілетін өзгерістер туралы:

  • 2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1%-ке, ал 2008-2009 жылдары тағы да 1-2%-ке азайту;
  • 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10% –тік белгіленген ставкасын еңгізу;
  • 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай ставкасын еңгізу;
  • 2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орташа есеппен 30 %–ке азайту.

 

Кесте 7 -  Жеке тұлғалардан жеке табыс салығын есептеу, шығару жөніндегі 2006 жылға арналған кесте. (Салық кодексінің 145-бабының 1-тармағында көзделген ставкалардың негізінде әзірленген) [19,185]

 

Салық салынатын табыс

Салық ставкасы

15 еселенген жылдық  есептік көрсеткішке (ЖЕК) дейін  (185 400 теңге)

Салық салынатын табыс сомасынан 5% (9 270 теңгеге дейін)

15 еселенген ЖЕК-тен  40 еселенген ЖЕК-ке дейін (185 400теңгеден 494 400 теңгеге дейін)

15 еселенген ЖЕК-тен  салық сомасы + одан асатын сомадан  8% (9 270 теңге + 185 400 теңгеден асатын  сомадан 8% )

40 еселенген ЖЕК-тен 200 еселенген ЖЕК-ке дейін (494 400 теңгеден 2 472 000 теңгеге дейін)

40 еселенген ЖЕК-тен  салық сомасы + одан асатын сомадан  13% (33 990 теңге + 494 400 теңгеден асатын  сомадан 13% )

200 еселенген ЖЕК-тен  600 еселенген ЖЕК-ке дейін (2 472 000 теңгеден 7 416 000 теңгегедейін)

200 еселенген ЖЕК-тен  салық сомасы + одан асатын сомадан  15% (291 078 теңге + 2 472 000 теңгеден асатын  сомадан 15% )

600 еселенген ЖЕК-тен  және одан жоғары (7 416 000 теңге  және одан жоғары)

600 еселенген ЖЕК-тен  салық сомасы + одан асатын сомадан 20% (1 032 678 теңге + 7 416 000 теңгеден асатын сомадан 20% )


 

2006 жылға арналған  айлық есептік көрсеткіш (АЕК) = 1030 теңге Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК) = 12 360 теңге (1030*12).  Халықаралық қаржылық есеп стандарттары негізінде шоттардың жаңа жоспары. (ХҚЕС)

     Сонымен, шотардың жаңа жоспары неге ұқсайды? Ең алдымен, шоттардың жаңа жоспарының төрт мәнділігін атап көрсеткен жөн. Мұндай шешім қаржы ұйымдары үшін көзделген шоттар жоспарымен сәйкестендіру мақсатында қабылданған, немесе, бәлкім, шетелдердің бірінің тәжірибесінен алынған деп топшылауға болады.

     Нұсқаулықта бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарын төрт мәнді кодтандыру көзделген. Бұл ретте төртінші белгі бос қалады және төртінші белгіні жұмыс жоспарына өз бетімен еңгізу бухгалтерлерге ұсынылады. Шоттар жоспары негізгі бухгалтерлік құжаттардың бірі болып табылады.Өйткені онда экономикалық мазмұнына қарай активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал жіктеледі. Әрбір шот Қазақстанның кез келген кәсіпорнында және кез келген жерінде не көрсетілсе, сол ғана көрсетілуі тиіс.

    Енді бухгалтерлер өз қалауынша қажеттілікке қарай, мысалы, 2411-шотта не жер, не үй-жай, не көлік құралдары болатынын ескере алады. Мұның өзі әлбетте шоттың экономикалық мәнін түсінудегі біркелкілікке ықпал етпейтін болады.

Халықаралық қаржылық есеп стандарттары негізінде шоттардың жаңа жоспары. (ХҚЕС)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ЖШС «КАС И К» МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы.

Еңбекақы қорын талдаудың негізгі  міндетіне мыналар жатады:

  • Еңбекақыда қолданылатын нысандар мен жүйелердің негізділік дәрежесін тексеру;
  • Жұмысшылардың жеке санаты мен мамандықтары бойынша орташа жалақының көлемі мен серпінін анықтау;
  • Қызметкерлер санымен еңбекақы қорындағы орташа жалақының ауытқуын анықтау;
  • Қолданылатын үстеме ақы жүйелерінің тиімділігін зерделеу;
  • Еңбекақының өсу қарқынын зерделеу, оның еңбек өнімділігі қарқынымен ара қатынасы;
  • Оның еңбекақысының жоғарылауымен салыстыру бойынша еңбек өнімділігінің озық өсуін қамтамасыз ету;
  • Еңбекақы қорын пайдалану тиімділігінің жоғарылауы, қорларды жұмылдыру мен анықтау.

     Еңбекақы қорын пайдалануын талдау алдын-ала қарастырылған жүйе бойынша жүргізілуі қажет. Кәсіпорындағы оның негізгі кезеңдері келесілер болып табылады:

  • Оперативтік қадағалаудағы материалдарды және міндетті түрде қажет есеп көрсеткіштерін жүйелендіру, өңдеу, іріктеу;
  • Жиналған материалдарды талдау.
  • Кәсіпорынның тәжірибелік жұмысына оперативтік ықпал ету мен өндірістің тиімділігін жоғарылату үшін талдау нәтижелерін пайдалану.

     Еңбекақы қорын ұтымды пайдалану кәсіпорындағы еңбекақының дұрыс ұйымдастырылуымен тығыз байланысты. Ол, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру жағдайымен өндірістік бағдарламаның орындалу деңгейіне байланысты. Сол себепті талдау мыналарды қамту керек:

  • өндірістік бағдарламаның орындалу көлемінің еңбекақы қорын пайдалану мөлшерімен сәйкестігін тексеру;
  • бұл қордың артық жұмсалуына жіберілуі немесе үнемдеу мөлшерінің анықталуы;
  • еңбекақы мен еңбек өнімділігінің өсімі арасындағы нақты арақатынасты анықтайтын факторларды топтастыру;
  • Талдаудың барлық материалдарынан шығатын техникалық-ұйымдастыру шараларын нақты әзірлеу.

Талдау мақсаты үшін – еңбекақы қорларын жұмсауға белгілі факторлардың әсер ету деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін және қамтамасыз ететін көрсеткіштер мен іріктеуге, өңдеуге және жүйелендіруге арналған материалдарды пайдалану керек.

     Ұтымды талдауды жүзеге асыру үшін қолда мынандай материалдар болу керек:

  • өндірістің көлемі туралы (жоспармен салыстыру бойынша) көрсеткіштер есептемесі, жұмыс істейтіндер саны, еңбек өнімділігі, орташа айлық (тоқсандық, жылдық) еңбекақысы, еңбекақы қоры.
  • оның құрылымдық элементтері бойынша еңбекақы қорын пайдалану туралы көрсеткіштер есептемесі.
  • Кәсіпорындағы техникалық мөлшерлеу жағдайы туралы көрсеткіштер.
  • Жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқуы үшін қосымша төленетін төлемдер туралы көрсеткіштермен.
  • Жұмысшылар мен жұмыстың тарификациясының дұрыстығы және кәсіпорындағы тариф тәртібінің жағдайын сипаттайтын оперативтік бақылау материалдары.
  • Есепті кезеңде жасалған төлемдер мен қосымша төлемдер қатарының заңдылығын сипаттайтын материалдар.
  • Жұмысшылардың өндірім есебінің дұрыстығына жататын оперативтік бақылау материалдары және т.б.

Талданылған көрсеткіштердің салыстырымдылығы оның тиімділігі мен талдау қорытындысының дұрыстығына байланысты. Талдау негізіндегі көрсеткіштердің салыстырымдылығы келесі жағдайларда өте маңызды:

  • сұрыпталым бойынша жоспардан нақты орындалған өндірістік бағдарламаның ауытқуы болғанда, яғни талданылып отырған есепті кезеңде еңбек сиымдылығының осы өзгерістеріне байланысты сұрыпталымның ілгерілеуі байқалады.
  • Кәсіпорындағы еңбекақыны дұрыс емес жоспарлау әдісі негізінде.
  • Есептік ставкалардың өзгеруі немесе еңбек бойынша жоспарлы лимитте қарастырылмаған нормаларды есепті кезеңде қайта қарастыру елеулі орын алған кезде т.с.с.

Ұйымда өндіріс көлемінің өсуіне байланысты жаңа жұмыс орындары құрылды, еңбек өнімділігі жоғарылады. Еңбек  өнімділігінің жоғарылауы еңбекақы қорының өсуіне алып келді. 2003 жылды 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы қоры 37785,1 теңгеге өсті. 30729,7-ге еңбекақы қорының жоғарылауы, негізінен еңбекақының тұрақты бөлігінің жоғарылауы есебінен болды. 2400  теңгеге еңбекақының ынталандырушы бөлігі жақсы менеджмент нәтижесінде өсті [19,188].

Информация о работе Еңбекақы жүйесі