Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:22, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 2-ші наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.
КІРІСПЕ ............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӨЛЕМІНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ…………………………….6
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы..........6
Еңбекақы жүйесінің есебі және оның нысандары .................................11
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.........................24
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ……………...……………………….33
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті........................................33
Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі..............................40
Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар.................................................52
3 ЖШС «КАС И К»-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС-НЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…..61
3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы...........................................................61
3.2 Еңбекақы қорының есебіндегі пайдалану тиімділігін талдау...............64
3.3 ЖШС «Кас и К»-ның еңбекақы есебін жетілдіру жолдары..................65
Қорытынды.......................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................
Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың синтетикалық есебі 111 “Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу” пассивтік шотта жүргізіледі:
Көрме жұмыстарын ұйымдастырумен және көрме қызметін өткізумен айналысатын қызметкерлерге есептелетін еңбекақыға арналған бап бойынша 360 “Өнімдерді (тауар мен қызмет) өткізудің шығындары”;
Жалпы шаруашылық және әкімшілік басқару қызметкерлеріне (лауазымды қызметтегі тұлғалардан басқасы) есептелетін еңбекақы сомасына арналған 330 “Жалпы және әкімшілік шығындары”.
Өндірістік саладағы кәсіпорындарда еңбекақы есептелгенде 111 шоты кредиттеліп, 9 бөлім шоты дебеттеледі:
147 “Еңбекақы” – негізгі өндіріс жұмысшыларына есептелетін еңбекақы сомасы;
154 “Еңбекақы” – қосалқы өндіріс жұмысшыларына есептелетін еңбекақы сомасы;
159 “Еңбекақы” – цех (жалпыөндіріс) қызметкеріне есептелетін еңбекақы сомасы.
Еңбекақы төлемі “Ұлттық валюта кассасындағы қолда бар ақша” 111 дебет шоты бойынша және 120 кредит шоты бойынша көрініс тапқан.
Лауазымды қызметтегілермен есеп айырысудың есебі. Бухгалтерлік есепке және лауазымды қызметтегілермен есеп айырысу есебіне арналған бухгалтерлік есеп шотының бас жоспарына сәйкес осы тұлғалармен (басқару төрағасы мен мүшелері, бақылау кеңесінің және тексеру комиссиясының мүшелері, кәсіпорын директоры және т.б) есеп айырысуды ескеретін 112 “Лауазымды қызметтегі тұлғаларға берешек” шоты еңгізіледі.
Лауазымды қызметтегі тұлғаларға есептелетін еңбекақы сомасын “Жалпы және әкімшілік шығындар” 111 шотын дебеттеп, 112 шоты кредиттейді. Лауазымды қызметкерлердің еңбекақы төлемі 112 дебет шоты және 120 кредит шоты бойынша көрініс табады.
112 шотын еңгізу қажеттілігі акционерлердің кез келген уақытта іс жүзіне асырмай-ақ қандай да бір деректердің іріктемелерін, еңбекақы туралы мәліметтер және лауазымды қызметтегі тұлғалар алатын басқа игіліктерді керек ететін талабымен болады.
Демалыс төлемақысының резерв есебі.
Бас жоспар шотына қызметкер демалысының төлемі бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі үшін 180 “Қызметкерлерге демалыс бойынша есептелген берешек” шоты еңгізіледі.
Демалыс төлемінің және бір жылдық сіңірген еңбегі үшін жыл сайынғы сыйақының резервін құру өндіріс шығындары мен басқа шығындар шотында өндіріс жұмысшылары мен инженерлік–техникалық қызметкерлердің жеке топтарына демалыс төлем шығындары мен бір жылда сіңірген еңбегі үшін төленетін сыйақы дұрыс әрі бір қалыпты жүргізіледі. Демалыс төлемінің резервіне есептелетін процент қызметкерлер демалысының орташа ұзақтығына байланысты болады.
Демалыс төлемақысының бір жылда сіңірген еңбегі үшін берілетін жыл сайынғы сыйақының резервін 180 “Қызметкерлерге демалыс бойынша есептелген берешек” шоты кредиттейді және мына шоттар дебеттейді:
200 “Аяқталмаған құрылыс” – шаруашылық әдісі арқылы іске асырылатын құрылыспен айналысушы қызметкердің еңбекақысынан есептелген резерв сомасына;
360 “Тауарды өткізу шығыны”
330 “Жалпы және әкімшілік шығындары” – қызметкердің еңбекақысынан есептелетін резерв сомасына;
147 “Еңбекақы”, 154 “Еңбекақы”, 159 “Еңбекақы” – негізгі және қосалқы өндірістегі жұмысшылар мен басқа қызметкерлердің еңбекақысынан есептелетін резерв сомасына.
Демалыс уақытының еңбекақысы мен бір жылда сіңірген еңбегі үшін 685 “Қызметкерлер демалысы бойынша есептелген берешек” шотын дебеттейді:
111 “Еңбекақы бойынша есеп айырысу” және 112 “Лауазымды қызметтегі тұлғаларға берешек” (жеке лауазымды қызмет бойынша ) – демалыс уақыты есептелетін үшін еңбекақы сомасына.
Жылдық түгендеу (инвентаризация) демалыс төлем резервісінің дұрыс құрылуы және пайдаланылуын тексеру аса қажет. Түгендеу кезінде қызметкерге заңда қарастырылған кезекті (жыл сайынғы) және қосымша демалыстарына арналған резерв қалдығы пайдаланылмаған демалыс күндері, қызметкердің еңбекақысына кететін шығынның орташа күндік сомасы орташа еңбекақының есеп айырысудың белгіленген әдісін ескеру арқылы нақтылануы керек [6,124].
Есептік кезеңнің желтоқсанында есеп айрысудың түгендеуімен бекітілген сомадан нақты есептелген резервті арттыру жағдайында өндіріс шығындарының шоты бойынша сұрыптау жазуы жүргізіледі, ал жеткізбей есептелген жағдайда өндіріс шығындарына қосымша аударуды қосу бойынша қосымша жазу жазылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорына аударымды ұстау 111 дебет шоты және 190 “Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу” кредит шоты бойынша жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның қаражат есебінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша және басқа төлемақылар бойынша есептелетін жәрдемақы сомасы 111 “Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу”, 112 “Лауазымды қызметтегі тұлғаларға берешек” дебет шоты және 170 “Әлеуметтік салық” кредит шоты бойынша жүзеге асырылады.
Жеке табыс салығын ұстау 111, 112 дебет шоттары бойынша және 178 “Бюджетпен басқа есеп айырысулар” кредит шоты бойынша көрініс табады.
Еңбекақыдан ұстау және шегеру 111, 112 дебет шоты бойынша және мына кредит шоты бойынша көрініс табады:
160 “Қызметкер және басқа тұлғалардың берешегі” – ұсталынған есеп берушілік сомасы; жетіспеуші, яғни кем шығушылық; шығындар мен талан-тараж; кредитке алынған тауарлар және т.б.
120 “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар” және 100 “Есеп айырысу шотындағы ақша” кредит шотындағы 111 және 112 шоттар дебеті-қызметкерге аванспен төленген және біткен айдың аяққы (түпкілікті) есеп айырысудағы еңбекақы сомасына қатысты.
Депозиттелген еңбекақы сомасы 200/111 “Басқалар” кредит шотына 111 ішкі шот (субъект) дебетіне аударылады.
111 және 180 шоттары бойынша журналдық-ордерлік формасы шартындағы операциялар №10 журнал-ордерінде, ал 112 кредит шоты бойынша №9 журнал-ордерінде көрініс табады.
Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың аналитикалық есебі машинограммдағы қызметкердің аты-жөні мен табельдік нөмірі бойынша және негізінде бөлімшелер бойынша “Жиынтықты есеп айырысу тізімі” жасалатын еңбекақы кітабында жүргізіледі.
Еңбекақы төлемі.
Әр түрлі кәсіпорындар еңбекақы бойынша есеп айырысуды мына құжаттармен жүргізеді: еңбекақы беру үшін бір мезгілде пайдаланатын есеп айырысу-төлем тізімдемесі; есеп айырысу тізімдемесі және жекелеген төлем тізімдемелері; әр жұмысшыға жасалатын еңбекақының арнайы есеп айырысу (жеке парақтар); жыл бойына пайдаланылатын кітапшаға айналдырылған есеп айырысу тізімдемесі (ведомосы).
Тізімдеменің (ведомостың) “Есептелген” бөліміне құжаттардан кесімді, мезгілден тыс және т.б есептелген сома еңгізіледі. “Ұсталғаны және есепке алынғаны” бөліміне салық сомасы, сондай-ақ орындау парақшалары бойынша ұсталған сома жазылады; кредитке берілген тауар үшін есепке алынған сома, еңбекақы шотынан аванс және басқа да ұстаулар, есепке алулар және төлемдер жазылады.
Табыс салығы еңбекақыдан өткен ай үшін ұсталады. Айдың аяғында тізімдемеде әр қызметкердің төлеуіне тиесілі соманы есептейді және тізімдемені баланстайды. Өйткені ай үшін еңбекақы мен ағымдағы ай үшін аванс төлеуге тиісті сома, мерзімі (3 күн ішінде) көрсетілетін төлем тізімдемесі бойынша төленеді.
Бастық пен бас бухгалтердің бекіткі қол таңбасынан (скрепа) кейін, яғни тізімдемені ресімдеуден кейін төлемді жүзеге асыру үшін кассаға береді.
Ағымдағы айдың еңбекақысы бойынша есеп айырысу үшін және өткен кезеңнің еңбекақысы туралы мәліметтерді алу үшін бухгалтерия әр жұмысшыға “Дербес шот” (Т-54 формасын немесе Т-54а формасын) толтырады. Дербес шот өткен кезеңнің еңбекақысы туралы мәліметтерді көрсету үшін қолданылады. Дербес шоттағы деректердің негізінде есеп айырысу-төлем тізімдемесі жасалады [7,131].
Үш күнде берілмеген еңбекақы қайтадан қайтарылады (депоненттелінеді) – кәсіпорын оны сақтауға қабылдап алады. Бұл рәсім (процедура) былай іс жүзіне асырылады. Еңбекақының берілу мерзімі аяқталғанда кассир алынған ақша бойынша қол қойылған есеп айырысу-төлем тізімдемесін тексереді және берілген еңбекақыны жиынтықтайды. Еңбекақысын алмаған адамның аты-жөні жазылған бағанға “Алғандығы жөніндегі қолхат” мөртаңбасы басылады немесе “алмаған” деп қолмен жазылады.Бұл жағдайда есеп айырысу-төлем тізімдемесі мынадай сомалармен жабылады – қолда бар сомамен беріледі және қайта қайтарылады. Қайтарылған еңбекақының талдамалық есебі берілмеген еңбекақы тізіліміндегі талап етілмеген әр сома бойынша берілмеген еңбекақының арнайы кітабымен немесе депоненттік карточкамен ұйымдастырылады.
Берілмеген еңбекақының сомасын кассир тізілімге жазады. Оны кассир есеп берумен бірге бухгалтерияға өткізеді.
Еңбекақы әр айдың бірінші жартысында келесі есеп беру үшін, банкомат арқылы беріледі. Демалыс төлемақысы демалысқа 1 күн қалғанда беріледі. Барлық аурухана құжаттары өткен айдың аяғына дейін бухгалтерияға өткізілетін болса, осы ай үшін есептелген еңбекақы төлеміне жатқызылады.
Қызметкер еңбекақысын пластикалық карточкамен алуына болады. Дебеттік пластикалық карточканы қолда бар (қолма-қол) ақшаны алу операциясында пайдаланылады немесе карточка иесінің дербес карточкалық шотындағы (қалған) ақша көлемінде сауда нүктелерінде пайдаланылады.
Карточкалық шотқа ақша банкілік аудару немесе қолма-қол ақшаны еңгізу арқылы іс жүзіне асырылады. Бұл арада мынаны айта кету керек, шотқа ақшаның түсуі, оның пайдаланылуы карточка иесінің банк белгілеген нақты комиссиялық сыйақыны тариф негізінде, банк пен шот иесінің келісімшартына сәйкес алу мәні болып табылуы мүмкін.
Кәсіпорындар мен оның қызметкерлері үшін пластикалық карточканы еңгізудің артықшылықтары мыналарға саяды:
Кәсіпорын қызметкерлеріне пластикалық карточканың тиімділігі:
Пластикалық карточка Қазақстанның және ТМД-ның сауда және сервис нүктелеріндегі тауар мен қызметке төлеудің әмбебап құралы болып табылады; эмитент-банк ұсынатын қосымша жеңілдіктер мүмкіндігі; дүкеннің көтерген бағамы бойынша болатын қолма-қол төлемге қарағанда биржалық бағам бойынша карточкалық төлемдегі конверциялауға мүмкіндік болады.
2. ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
2.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен және жұмысшылармен есеп айырысуды тексерудің негізгі міндеті еңбек ақыны есептеу кезінде нормативтік құқықтың актілердің сақталуын және одан ұсталынатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру болып табылады.
Уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы парақ, демалыс ақыны есептеу, еңбекақыны есептеу бойынша бастапқы құжаттар ( жұмыс істелген уақыт есебінің табелі, нарядтар және т.б. ) 111 “Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есептесу” шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштері, бақылау процессі кезінде пайдаланылатын ақпарат көзі қызметін атқарады.
Бұл операцияларды реттейтін маңызды нормативтік-құқықтық актілер келесілер болып табылады: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, жұмысшылардың еңбек ақысы бойынша Әдістемелік кепілдемелері, жұмысшылардың және басқалардың орташа еңбекақысын есептеу туралы нұсқауы.
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен және жұмысшылармен есептесуді тексеруді ең алдымен Бас кітаптағы бірінші күнге жазылған жазбалар 111 шот бойынша аналитикалық есептердің көрсеткіштерімен бухгалтерлік баланстағы жазбалар тура бір күнге сәйкес келуін белгілеуден бастау керек. Ол үшін Бас кітаптағы бірінші күнге 111 шот бойынша қалдық пен кәсіпорынның балансындағы есеп айырысу – төлем тізімдемесінің қорытынды сомаларын салыстыру қажет.
Олардың алшақтығын байқаған кезде оның себептерін белгілеу керек, ал содан кейін көрсеткіштерді депонентталған еңбекақы есебі кітабының көрсеткіштерімен салыстыру қажет. Алғашқы құжаттардың растылығын, дұрыс толтырылуын, олардың жалақысымен басқа да еңбекақы түрлерін есептеу мен төлеу нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін зерттеу керек. Жұмыс уақыты есебінің табелінің көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлу қажет.