Еңбекақы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 2-ші наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӨЛЕМІНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ…………………………….6
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы..........6
Еңбекақы жүйесінің есебі және оның нысандары .................................11
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.........................24
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ……………...……………………….33
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті........................................33
Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі..............................40
Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар.................................................52
3 ЖШС «КАС И К»-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС-НЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…..61
3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы...........................................................61
3.2 Еңбекақы қорының есебіндегі пайдалану тиімділігін талдау...............64
3.3 ЖШС «Кас и К»-ның еңбекақы есебін жетілдіру жолдары..................65
Қорытынды.......................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................

Файлы: 1 файл

Дипломная.doc

— 424.50 Кб (Скачать файл)

     Еңбекке мерзімдік ақы төлеу кезінде келісімшарттың немесе тарифтік ставкаларды дұрыс қолдануын тексереді, ал кесімді еңбекақы кезінде жұмыстың сандық және сапалық орындалу көрсеткіштері және бағалауды пайдаланудың дұрыстығы тексеріледі.

     Еңбекақыны есептеу бойынша бастапқы құжаттарды талдау негізінде лауазымды тұлғалардың қолдары қойылғандығы, орындалған жұмыстардың есебі үшін жауаптылар, барлық реквизиттердің дұрыс толтырылғандығы және  құжаттарда түзетулер  жасалған жоқ па екенін тексереді.

     Еңбекақыны есептеу негізінде жұмыс уақыты есебінің табелін,нарядтар мен басқа да бастапқы құжаттарды тексеру арқылы бұл жерде ойдан бір тұлғалар жоқ па екен соны көруге мүмкіндік береді. Ол үшін жеке құрамның есеп көрсеткіштерімен жұмыс уақыты есебінің табелі және нарядтардағы жұмысшылардың фамилияларын салыстырып, олардың берілу күндеріне талдау жасау қажет.

     Бір тұлғаның фамилиясы бірнеше рет есеп айырысу-төлем тізімдемесінде алдында төленген бастапқы құжаттар бойынша қайта есептелінген соммалар бар ма екендігін анықтау маңызды болып табылады.

     Кәсіпорынның тізімдемелік құрамына кірмейтін тұлғаларға жазылған нарядтарды, сонымен қатар сапасы төмен жасалған жұмыстарды ақауға шығару бойынша нарядтарды тереңірек қарастыру қажет.

     Бастапқы құжаттарды тексеру кезінде есеп айырысу-төлем тізімдемесінің шығыс ордерлерінің есептелген, төленген, депонентталған соммалардың байланыстылығына, көрсеткіштермен сәйкестігіне, арифметикалық есептемелердің дұрыстығына сенімді болу керек.

     Аудиторлық тексеруді жүзеге асырудың келесі кезеңдері мыналар болып табылады:

  • еңбекақыны есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;
  • жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқуына байланысты үстеме ақыны ресімдеу тәртібі;
  • бос тұрғаны үшін ақы төлеу және құжатпен ресімдеу;
  • өнімнің ақауын және оның төлемін құжатпен реттеу;
  • түнгі уақытта жұмыс істегені үшін үстеме ақы;
  • мерзімнен тыс жұмыс жасағаны үшін еңбекақы;
  • мереке күндері жұмыс жасағаны үшін еңбекақы;
  • заңнамада қарастырылған жұмыс істелмеген уақытқа еңбекақы есептеу      ( демалыс ақы, жұмыстан шығардағы жәрдемақы );
  • жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы есептеу;
  • еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру.

     Заңнамаға сәйкес еңбекақыдан келесідей ұсталымдар ұсталуы мүмкін: жеке табыс салығы, зейнетақы қорына аударымдар, алдында берілген аванстар бойынша қарыздарды өтеу, сонымен қатар арифметикалық қате түрінде төленген артық сомма, есеп берілетін сомма бойынша қарыздарды өтеу; балаларды мектепке дейінгі мекемеде асырау; кәсіпорынның жұмысшыларына келтірілген материалдық зиянды өтеу; несиеге сатып алынған тауарлар, газет пен журналдарға жазылу; орындау құжаттары; өнімнің ақаулары. Еңбекақыдан ұсталатын басқа ұсталымдар тек жұмысшының келісімі бойынша ғана ұсталуы мүмкін [9,176].

     Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп және көлем негізінде ұсталады.

    Зейнетақы қорына ұсталатын ұсталым еңбекақы қорынан 10 % мөлшерінде ұсталынады.

     Несиеге сатылған тауарлар үшін ұсталымдар ұзақ уақыт тауарды несиеге пайдаланатын азаматтардың сату ережелерінде қарастырылған міндетті-тапсырма негізінде жүргізіледі.

     Жұмысшыларға келтірілген материалдық зиянды өтеу ұсталымдары кәсіпорын бойынша бұйрық негізінде немесе сот шешімі бойынша жүргізіледі.

    Еңбекақы бойынша аудит есептемесінің қорытынды бөлімінде келесілерді бекіту керек.

  • еңбекақы қорына шығындарды жатқызудың дұрыстығы;
  • өнімнің өзіндік құнына жеке төлемдерді жатқызудың дұрыстығы;
  • еңбекақы қоры бойынша бухгалтерлік проводкаларды құрудың дұрыстығы;
  • еңбекақы қоры бойынша бухгалтерлік есептеме формаларын толтыру және жиынтық деректердің аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізудің дұрыстығы;
  • 111 “Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесу” шоты бойынша аналитикалық есеп жазбаларының депонентталған еңбекақы мен 9, 10 журнал – ордерлерінің жазбаларымен және Бас кітап пен баланстың сәйкестігі.

     Бухгалтерлік регистрлермен шоттарда жасалған шаруашылық операциялардың дұрыстығын тексергеннен кейін кәсіпорын қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына мұқият талдау жасау қажет.

     Сыйақылар мен қосымша аударымдардың дұрыстығының аудиті.

     Жұмыс орындарының тапсырма -нарядтарымен, маршруттық беттермен және басқа да құжаттармен сәйкес келіп, шикізатпен материалдармен, құрылғылармен, құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етілгенде ғана жұмыс істеудің қалыпты шарттары болып саналады. Егер бұл шарттар орындалмаса және жұмысшыға қосымша уақыт бөлуге тура келсе, онда бұл уақытқа есеп және төлем жүргізу қажет.

     Кәсіпорынның ішіндегі қызметкерлер (жұмысшылар) белгілі бір жұмыспен қамтамасыз етілмей қалған кездегі үзілістер уақыты тұрып қалу деп аталады. Жұмыстың тұрып қалуын төлеудің тәртібі мен шарттары жекеше еңбек және ұйым келісім шарты арқылы анықталады.

     Жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеудің төлемі 1,5 еседен аспайды.

     Демалыс және мейрам күндерінің төлемі екі еседен аспайды.

     Түнгі жұмыс уақытының әрбір сағатының төлемі 1,5еседен төмен есептелмейді.

     Егер де қызметкер бір ұйымның ішінде өзінің негізгі жұмысын орындай отырып, уақытша орнында жоқ жұмысшының жұмысын істеген жағдайда қосымша төлем жүргізіледі. Бұл төлем жұмыс беруші мен жұмысшының келісімі бойынша жүргізіледі.

     Уақытша орнында жоқ жұмысшының жұмысын қосымша істеп жүрген жұмысшыға өзінің жұмысы мен қосымша жұмысының еңбекақысы арасындағы айырмашылығы есептелініп, төленеді.

     Климат жағдайына қолайсыз қауіпті, физикалық қауіпті жұмыстарға жекеше және ұйым келісім шарты арқылы қосымша төлем жүргізуге болады.

     Жекеше, ұйымдық келісім шарттары немесе жұмыс берушінің актілері ретінде еңбекақы  қорының шегінде келесі сыйақы түрлерін жасауға болады:

  • жұмыс стажы;
  • бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша;
  • жұмыстың жоғары сапалығына байланысты;
  • аса күрделі, қауіпті жұмыс жағдайына байланысты;
  • қозғалмалы жұмыс түріне байланысты;
  • мамандық іскерлігі үшін;
  • басқа да жұмысшыларды оқыту үшін жеке үстем ақылар және т.б.

     Жұмыс істемеген уақыт төлемінің аудиті.

     Демалыс уақытының төлемі. Тексеру кезінде жұмысшылардың демалыс еңбекақысының ішіне кіретін аударымдарға назар аударылу қажет. Жалпы қызметкердің демалыс еңбек ақысынан алынатын шығындары өнімнің өзіндік құнынан есептелінеді. Кәсіпорынмен таңдап алынған демалыс еңбекақысына кеткен шығындар есебінің нұсқасы әдетте есеп саясатында көрсетіледі және өзгермейді.

     Егер де кәсіпорынның өзінде алдағы кезең шығындарына, кезекті және қосымша демалыс еңбекақысына сыйақыларды төлеуге белгілі бір қор құрылатын болса, онда бұл операциялар 180 “Қызметкерлердің демалыс ақысына есептелген берешек” шотында жүргізіледі [10,221].

     Есептелген демалыс ақыға есепті айдағы демалыс күндерінің сомасына сәйкес келетін есепті айдың еңбекақы қоры кіреді. Егер демалыс кезеңі келесі айға ауып кететін болса, онда осы ағымдағы уақытқа төленген сома берілген аванс ретінде есептеліп (111 шот дебеті бойынша) келесі айдың өндірістік шығындарына жатқызылады. Тағы да айта кететін жайт, демалысқа немесе қолданылмаған демалысқа компенсацияны төлеуге кететін орташа күндізгі еңбекақы келесілерге беріледі:

  • егер есепті кезең толығымен орындалса, онда есепті айдағы аударылған еңбекақы сомасын 12-ге және жылдағы орташа күнтізбелік күндерге бөлу жолымен беріледі.
  • егер есепті кезең толық орындалмаған болса, онда есепті айдағы жұмыс істеген уақытты, жұмыс істеген уақытқа қатысты күнтізбелік күндердің санына бөлу жолымен есептеледі.

     Уақытша жұмыс қабілетсіздігіне ақшалай көмектерді (жәрдемақыларды) аудару, соманы төлеу (дәріханалық) емдеу орындарынан берілген жұмысқа қабілетсіздік туралы қағаз негізінде жүзеге асырылады. Жәрдемақының көлемі ҚР Үкіметімен бекітілген 11.06.2001 жылғы №731 және ҚР Еңбек және Әлеуметтік қорғаныс министрлігінің “Уақытша жұмыс қабілетсіздігі” бойынша жәрдемақылардың аударымдары туралы бұйрыққа және “Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жұмыс берушінің шотынан берілетін жәрдемақыны төлеу тәртібі туралы” нұсқауға сәйкес есептеледі.

Жабдықтаушы және басқа да азаматтық-құқықтық келісімге сәйкес төлемдерді тексеру  кезінде аса маңызды көңіл аудару қажет.

     Келісім шарттың дұрыстығы, олардың қорытындысының экономикалық мақсаты, нәтижелілігі , кәсіпорын үшін пайдасы тексеріледі.

     Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығының аудиті.

     Аудитор аударылған еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдардың толықтығы мен уақыттылығын зерттейді. Олардың ішінде келесілер бар:

  • Жеке табыс салығы;
  • Зейнетақы қорына аударымдар;
  • Аванс ретінде берілген қарыздардың өтелуі, сонымен қатар арифметикалық қатеден кеткен артық төлемдер;
  • Кәсіпорынға жұмысшымен келтірілген материалдық зиянды өтеу.

     Қалған ұсталымдар еңбекақыдан қызметкердің өз келісімі арқылы ғана ұсталынады.

         Жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуды уақытында және дұрыс жүргізуге қызметкердің табысын төлейтін жұмыс беруші жауапты болып табылады. Жеке табыс салығының ұсталымдары бюджетке салық агенті арқылы қызметкердің табысынан төленеді. Егер де қызметкердің табысы аударылып, төленбеген жағдайда жеке табыс салығы салынуы мүмкін емес және жеке табыс салығын төлеу міндетті қызметкерден алынады.

     Зейнетақы қорын ұстау ҚР Үкіметінің 15.03.1999 жылғы №245 “Зейнетақы жинақтаушы қорының міндетті зейнетақы салымдарына аударымдардың тәртібі туралы” бұйрығына сәйкес, 10 % көлемінде есептеледі.

     Орындаушы парақтар бойынша ұсталымдар тек бұл парақтар ұсынылған немесе қызметкердің өз қалауы бойынша ғана ұсталынады.

     Қызметкерге келтірілген материалдық зиянның орнын толтыруға ұсталымдар кәсіпорынның бұйрығы немесе соттың шешімі негізінде жүргізіледі.

     Басты назар аударылатын ұсталымдар түріне жеке тұлға табысынан ұсталынатын салық жатады. Сонымен қатар ұсталған салық сомаларына  арифметикалық бақылау жүргізіліп, заңмен бекітілген жеңілдіктердің қолданылуы тексеріледі. Ұсталмаған немесе толық ұсталмау жағдайлары тексерілуі қажет:

  • материалды көмек сомаларына түсетін табысқа салынатын салық;
  • жұмыс уақытынан тыс (іс-сапар және басқа да шығындар) жұмыс істеуге берілетін компенсациялық төлемдер;
  • нарықтық баға мен қызметкерлердің жеңілдікпен сатқан тауардың нақты бағасы арасындағы айырмашылық және т.б.

     Сақтандыру компанияларымен (ұйымдарымен) келісілген сақтандыру келісім шарты, төлем тапсырмасы, қызметкерлердің есеп айырысу шоты негізінде кәсіпорынның шотынан аударылған ақша қаражаттарының сомасы тексеріледі [11,164].

     Ары қарай есеп регистрлеріндегі корреспонденция шоттары мен аударылған еңбекақы сомалары және аналитикалық, синтетикалық есеп бойынша аударымдардың дұрыстығы тексеріледі. Ол үшін “берілуге тиіс” есеп айырысу ведомосьтерінің қорытынды жазбаларының табельдік нөмірлері арқылы арифметикалық бақылау жүзеге асырылады. Ол арқылы “аударымдардың қорытындысы” мен “ Ұсталымдардың қорытындысы” көрсеткіштері арасындағы айырмашылық анықталады.

     Тексерудің қорытындысына келесілерді қорытындылаған жөн:

  • еңбекақы қорына шығындарды жатқызудың дұрыстығы;
  • өнімнің өзіндік құнына (жұмыс, қызмет көрсету) төленетін бөлек төлемдер берілуінің дұрыстығы.

 

2.2 Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі.

Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай нысанындағы төлемі), олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде ) кезде:

  • ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;
  • үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді армияға шақырғанда;
  • пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшін;
  • қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;
  • шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінәсінен емес) уақытына төлем жасау кезінде;
  • басқа да әлеуметтік төлемдер жасау үшін.

Информация о работе Еңбекақы жүйесі