Еңбекақы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 2-ші наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ТӨЛЕМІНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ…………………………….6
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы..........6
Еңбекақы жүйесінің есебі және оның нысандары .................................11
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.........................24
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ. ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ……………...……………………….33
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті........................................33
Демалыс және орташа еңбекақыны есептеу тәртібі..............................40
Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар.................................................52
3 ЖШС «КАС И К»-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ХҚЕС-НЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………….…..61
3.1 Еңбекақы қоры есебінің талдануы...........................................................61
3.2 Еңбекақы қорының есебіндегі пайдалану тиімділігін талдау...............64
3.3 ЖШС «Кас и К»-ның еңбекақы есебін жетілдіру жолдары..................65
Қорытынды.......................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................

Файлы: 1 файл

Дипломная.doc

— 424.50 Кб (Скачать файл)

     Кәсіпорын жобаларды жүзеге асыру мақсатында өзінің қаржылық жағдайын жақсарту және көбінде тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, жобаланған бизнес жоспарларды жүзеге асырады.

     Кәсіпорында өндіріс көлемінің өсуіне байланысты жаңа жұмыс орындары құрылды, еңбек өнімділігі жоғарылады. Еңбек өнімділігінің жоғарылауы еңбекақы қорының өсуіне алып келді. 2003 жылды 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы қоры 37785,1 теңгеге өсті. 30729,7-ге еңбекақы қорының жоғарылауы, негізінен еңбекақының тұрақты бөлігінің жоғарылауы есебінен болды. 2400 теңгеге еңбекақының ынталандырушы бөлігі жақсы менеджмент нәтижесінде өсті.

         Сонымен қатар ұйымда қызметкерлердің тізімдік орташа саны болғанына қарамастан жаңа технология еңгізумен негізгі құралдарды жаңарту есебінен жағдайы тұрақты болып тұрады. Өндірісті басқарудағы менеджменттің жақсаруына байланысты еңбек өнімділігі бірнеше рет жоғарылады, яғни қоғамдық қызметкерлер үшін жұмыстың тиімділігі үшін барлық алғы шарттар жасалады. Соның нәтижесінде осы кезеңде ұйымға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік туды. Бұл көрсетілетін қызметтерден түсетін табыстың бірнеше рет жоғарылауына мүмкіндік берді, сол себепті мерзімдік еңбекақы қорына аударымдар көбейді. Соған байланысты мерзімдік еңбекақы қоры көбейді. Еңбекақы қорының өсуі нәтижесінде орташа жылдық еңбекақы да өсті.

     Орташа жылдық еңбекақы төлемінің өсуі негізінен орташа сағаттық еңбекақы төлемінің жоғарылауынан пайда болды. Ал, ол өз кезегінде сыйақы мен әр түрлі қосымша төлемдер, тарифтік ставкалар мен жұмыс разрядтарының өзгеруіне, бағалау мен табыс нормаларын қайта қарастыруға, қызметкерлердің біліктілік деңгейі мен олардың еңбек қарқындылығына тәуелді.

     Еңбекақыға қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау үшін міндетті түрде еңбекақыны теңгеге шаққандағы таза пайдасы, жалпы сомасы, түсімі сияқты көрсеткіштерді қолдану керек. Есепті жылда еңбекақы төлемін теңгеге шаққанда таза және жалпы пайда көп алынды, жинақтаушы қорға аударымдар көбірек жасалды.

     Қазіргі кезде еңбекақы деңгейінің жоғарылауымен халықаралық стандарт есептемесіне ауысумен байланысты әлеуметтік сақтандыру қоры мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар көбейді.

     Алайда, ХҚЕС-на ауысуына байланысты кәсіпорында бірқатар қиыншылықтар туады, оларға: жаңа жүйелерге ауысу және нарықтық қатынастардың дамуының шарттарында жұмыс жасау қиындықтары, бұндай жағдайда жұмыс жасау тәжірибесінің жеткіліксіздігі және тағы да басқалары.

     Қорытындылай келе алдағы кезеңде кәсіпорынға жұмыс уақыты есебінің табелінің орнына арнайы электрондық карточканы пайдалануды ұсынамын. Ол кәсіпорында жұмыс істейтін әрбір жұмысшыда болуы тиіс. Онда қызметкердің  аты-жөні жазылады және ол есіктен кірген кезде сол карточкамен жүргізгенде компьютер жадысында жұмысшы қай уақытта келгендігі, сонымен қатар қай уақытта жұмыстан қайтқандығын көрсетіп отырады. Ал бұл жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, жұмысқа уақытысында келуге септігін тигізеді. Басшы өзінің кабинетінде отырып, жұмысшылардың қай уақытта келгендігін бақылап отыра алады. Сол себепті әр жұмысшы жұмыстан қалмауға және кешікпеуге тырысады. Нарықтық экономика жағдайында жалақы мен жұмысшының еңбек нәтижесі өзара байланысты болып келеді. Сондықтан да электронды карточка өте тиімді деп санаймын.

     Есеп жүйесінің дамуы ары қарай жалғасады деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” 1998 жылғы 20 қарашадағы №20 заң күші бар Жарлығы (2001 жылғы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтырулармен) // www.zakon.kz

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Депортаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1999 жыл. -243б.

3. ”Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары”   Президенттің халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан №2. 2004. –С.3-6

4. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан №2 .2.04.2006. –С. 4-8

5. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.,  Қаржылық есеп. Алматы: Экономика, 2001. -321б.

6. Радостовец В.И., Радостовец В.В., Шмид О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы:Центраудит-Қазақстан,1998. -124б.

7. Кеулімжаев Қ.К., Төлегенов Э.Т., Құдайбергенов М.Б.  Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. Алматы: Экономика, 1998 жыл.-131б.

8. Андреев В.Д.  Практический аудит.  Экономика, 1994. -324с.

9. Тоқсанбаев С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы:Сөздік-Словарь, 1999 жыл. -176б.

10. Төлегенов Э.Т.  Бухгалтерлік ақпарат жүйелері. Алматы: Экономика, 2001.-221б.

11. Кондраков Н.П.  Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит. М.: Перспектива, 1994. -164б.

12. Кеулімжаев Қ.К, Әжібаев З. Н, Құдайбергенов Н. А. Бухгалтерлік есеп принциптері.  Алматы: Экономикс, 2003 жыл. -117б.

13. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Ә. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы: Экономика, 2001жыл. -105б.

14. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп Алматы: Экономика, 2005. -320б.

15. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері.  Алматы, 2001. -145б.

16. Ержанов М. С., Ержанова А. М.  Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. Алматы, 2003. -261с.

17. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.  Москва, 2002. -250с.

18. Ажибаева З.Н. Аудит учебник.  Алматы: Экономика, 2004. -223с.

19. Кондраков Н.П., Кондраков И.Н. Бухгалтерский учет в бюджетных организациях. Москва “Проспект” 2004. -185с.

20. Ержанов М.С. Аудит-1.  Алматы, 2005. -338с.

21. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами. Алматы: Экономика 2000. -147с.

22. Баймұханов С.Б. Бухгалтерлік есеп. Алматы: ИздатМаркет, 2005.-254б.

23. Абленов Д.К. Аудит теория и практика. Алматы, 2004. -352с.

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Еңбекақы жүйесі