Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және
нарықтағы ролі.................................................................................................7
1.2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30
2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және
кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

3 ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59
3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

Файлы: 1 файл

Жинақтық зейнетақы қорлары.doc

— 888.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

  1. ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ 

НЕГІЗДЕРІ

    1.1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және

         нарықтағы ролі.................................................................................................7

    1.2  Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары..................................16

 

2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ

    ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ

    2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау......................30

    2.2 Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін басқару және

           кемшіліктері мен қиыншылықтары..............................................................41

 

3  ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ

    ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ  ЖОЛДАРЫ

      3.1 Жинақтық зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және

           оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері....................................................59

      3.2 Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы

            қоры  мүмкіндіктерін пайдалану жолдары.................................................69

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................78

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................80

 

ҚОСЫМША..............................................................................................................83

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстандағы зейнетақы  жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне  қарамастан экономикадағы динамикалық  дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында  436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің  9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі  жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз    етуін   халықаралық    стандарттармен     сәйкестендіреміз» деп атап өтті / 1 /. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

 Жолдауда көрсетілгендей зейнетақы мөлшерін ұлғайту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру көзделген. Ол үшін қазіргі таңда елдегі жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту арқылы бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады.

Қазақстанда нарықтық реформалардың нәтижелілігіне қарамастан, халықтың зейнетақылық қамтамасыз етілуі қазіргі талаптарға сай емес. Қазақстан үшін зейнетақылық қамтамасыздандыру реформасы 1998 жылдан басталады. Айта кету керек, зейнетақы реформасының негізгі принциптері жалпы алғанда дұрыс анықталған. Реформа бастапқы сатыда оң нәтижелер әкелді: зейнетақыны кешіктірмей беру және зейнетақыылық қамтамасыз етуде жағдайдың тұрақтануы. Бірінші рет зейнетақы жарналары екі негізгі функцияларды атқара бастады – салымшылардың нақты зейнетақысын көбейту және мемлекеттің экономикасын инвестициялау. Нақты зейнетақы жарналарының көлемін халықтың мемлекеттің экономикасын дамытуға салымдары ретінде есепке алу керек, себебі жинақтық жүйенің зейнетақы жарналары  мемлекеттік бюджетке түспейді, ол капитал нарығының дамуына бағытталады.

Зейнетақы реформасын жүргізуде  көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады.

Зейнетақы реформасының бастапқы концепциясы тежеуленді. Бірінші және басты қателік – 1998 жылы бірынғай әлеуметтік салықты еңгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа салық қатарына түсіп кетті. Бүгінгі күні осы институттың радикалды трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006 жылдарда зейнетақылық қамтасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша жоғары емес және азаматтардың еңбегін толық есепке алмайды.

Қазіргі таңда мемлекетте үлкен құрылтайшылар иленген жинақтық зейнетақы қорлары қызмет көрсетуде. Мұндай қорлардың нәтижелілігі құрылтайшылардың жағдайларына  тәуелді. Сондықтан, қосымша зейнетақылық қаматамасыз етілуге үлкен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіп топтар  мен банктердің жұмыскерлерінің ғана мүмкіндігі  бар.

2003 жылдан бастап көптеген  қорлардың табыстылық деңгейі  инфляция деңгейінен төмен болды. Егерде шет елде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылық инфляция деңгейінен ілгерлеу болса, ал Қазақстанда  кейбір жинақтық зейнетақы қорларында теріс айырмашылық 5 % құрайды. Мұндай табыстылық деңгейінде зейнетақы қорлары өзінің салымшыларына инвестициялық табысты қамтамасыз ете алмайды.

Зейнетақы реформасының маңыздылығы, зейнетақының тұтынушы қабілеттілігі  төмендеді. Мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде қатысу, сақтандырушы жарналарды төлеу төмендеді, себебі көптеген салымшыларға болашақ зейнетақы көлемі мен оның беру тәртібі толығымен анық емес. Актуалды әдіспен есептелген ерікті зейнетақы жарналарында, тарифтерде негізделіп құрылатын жинақтық зейнетақы қорлары – болашақтың міндеті болып саналады. Зейнетақылық қамтамасыз етудің реформасы ешқандай жағдайда зейнеткерлердің материалдық қорғану деңгейін тежелемеуі қажет / 2, 5 б. /.

Қазақстан Республикасының  зейнетақылық қамтамасыз ету реформасының сегіз жылдық тәжірибесі көрсеткендей, мемелекттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістер болу қажет. Зейнетақылық қамтамасыз етуде институционализациялау, құрылымдау, зейнетақыны сақтандыру, зейнетақылық үрдістерді еңгізу, қорлардың міндеттерін актуалды бағалау, табыс алу үшін активтерді инвестициялау бойынша қажетті шараларды іске асырмайынша, зейнетақы реформасының қандай да болмасын нәтижелері тұрақсыз, уақытша сипатқа ие болады. Сондықтан халыққа жеткілікті зейнетақыны қамтамасыз ететін жаңа механизмдерді ұсыну қажеттілігі туындап отыр, яғни қазақстандық зейнетақылық қамтамасыз етуді модернизациялау қажет / 3, 30 б. /.

Жүйенің негізгі көрсеткіштерінің динамикалық өсуі зейнетақы жинақтарын басқару тиімділігінің төмендеуіне  алып келуі мүмкін. Ол елдің экономикалық даму деңгейімен, мемлекет бюджетінің дефицитін төмендеуімен , мемлекеттік қарыз көлемі мен теңге ревальвациясын  және сыртқы  экономикалық факторлармен байланысты.

Қазіргі кезеңде зейнетақы  қорларының  инвестициялық қызметінен түсетін табыстың  төмендеуі байқалып отыр. Оның басты себебі қор нарығында  қаржы құралдардың жетіспеушілігінен туып отыр.

Осы қалыптасқан жағдайда жинақталған активтерді тиімді  қолдануын ұйымдастыру қажеттілігі  туып, бір жағынан халықтың зейнетақы  жинақ көзінің нақты өсуі ретінде  болса, екінші жағынан маңызды  әлеуметтік халық шаруашылық міндеттерді шешу ретінде қарастырады / 4, 2-3 б. /. 

Әлеуметтік бағытталған  мемлекетте экономика халықтың өмір сүру деңгейін көтеруіне, сыртқы ортаны қорғауға, материалдық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы керек.

Әлеуметтік сфераның дамуы экономиканың қызмет етуіне әсер етеді. Осыған орай тұрақты экономикалық  дамуына жету үшін Қазақстанға әлеуметтік сфераға инвестиция қажет. Әлеуметтік салаға салынған инвестициялар экономикалық тиімді болып, шығындар көлемі, қаржыландыру көлемі және табыс алу қатынасын  оптималды болатынын болжамдайды. Экономикасы әлеуметтік бағытталған дамыған мемлекетті  ынталандыру шетел инвестициялардың ағымын көбейтіп, халықаралық қоғамда оның рейтингісін көтереді.

Жоғарыда айтылғанға сай бұл кезеңде сауатты мемлекеттік  инвестициялық саясат қажет. Оның негізгі міндеттері экономика субъектілерінің арақатынасын реттейтін ережелерді әзірлеу мен қолдау шараларын  жүргізу болып табылады. Экономиканың тиімділігі қоғамның әлеуметтік -экономикалық  күтімі мен өндірістік, қаржылық инвестициялық ресурстары келістірілетін экономикалық саясат жүргізуіне байланысты / 5, 99-103 б./.

Экономикалық тетік  арқылы еліміздің Президентінің  «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай мемлекет экономикалық субъектілерді басқару керек./ 2, 7б. /

Қазақстан Республикасындағы зейнетақы  жүйесінде  тиімді инвестициялау  мәселелерін зерттеу тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету соңына дейін аяқталмаған болатын.  Қаржылық институттармен  экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, инвестициялау процесінің белсенділігі төмен болғандықтан, республикадағы тұрақты экономикалық дамумен қамтамасыз ету төмен болады. /6, 13б./.

 Зейнетақы активтерін орналастыру мәселелерінің күрделігі әсерінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының  тұрақты экономикалық дамуы үшін мемлекеттік  тетікті  пайдаланып, инвестициялық белсенділікті реттеу, тақырыптың таңдалуына себеп болып, дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалды

Дипломдық  жұмыстың мақсаты мемлекеттің  ұлттық экономикасын модернизациялау  барысында зейнетақы жүйесін  қалыптасу деңгейін бағалау және зейнетақы активтерін экономикалық нақты секторларына инвестициялау  механизмдерін жетілдіру.

Берілген мақсатқа сай жұмыста мына міндеттер шешіледі:

-жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздерін ашу;

- Қазақстан Республикасындағы  жинақтық зейнетақы жүйесінің  құрылымы мен қазіргі жағдайын талдау, экономиканың әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатымен  оның қалыптасу және даму ерекшелігін анықтау, Қазақстандағы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін талдау арқылы бұл саладағы негізгі мәселелерді шешу;

- зейнетақы жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру  үшін ұсыныстар беру.

Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы қорының қызметі.

Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту және оны жетілдіру жолдары.

Ақпараттық негіз болып Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты  заңдық және нормативтік актілері,  статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдары , ҚР Президенті Назарбаев Н.Ә.Казақстан Республикасының халқына  28.02.2007 жылғы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы (1 маусым 2005ж.), ҚР Қаржы министірлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі мәліметтері алынды /7, 1-50б./.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, колданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста  9  кесте мен 8  сурет бар.

 

  1. ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Бұл тарауда жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және нарықтағы ролін зерттеу барысында олардың макро-микроэкономикалық қызметтері зерттеліп, зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінің қызмет ету параметрлері мен негізгі салаларының үш деңгейі,  жинақтық зейнетақы жүйесін басқару бойынша негізгі қағидаттары зерттеліп, зейнетақы қорларының активтерін басқарудың негізгі ерекшеліктері айқындалып, инвестициялық саясатының мақсаты анықталады.

 

        

    1. Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және

     нарықтағы ролі

 

Жинақтық зейнетақы  қорлары (ЖЗҚ) – бұл контрактілі-сақтаушы типтегі қаржылық институттары болып табылады, олар ұзақмерзімді контрактілерге сәйкесті салымшылармен төленетін зейнетақы жарналардың негізінде халықтың сақталатын ақша қаражаттарын тартады. ЖЗҚ-ның ерекшелігі – олар еңбеккке қабілеттілігін жоғалту барысында адамдардың материалдық және әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Зейнетақылық жарналардың салымшылары белгілі бір жасқа келгеннен кейін табыс көзқайнарын қалыптастыру мақсатында зейнетақы қорларының қарыздық міндеттемелерін сатып алады.

Зейнетақы қорлардың  дамуы корпорациялардың жоғары маманданған  жұмыс күшін тартуға ұмтылысы есебінен пайда болды. Зейнетақы  қорлары - жеке және заңды тұлғалардың  зейнетақы төлемдерінің орнына зейнетақы  міндеттемелерін шығаратын қаржылық мекеме. Зейнетақы төлемдері- зейнетақы төлемдері үшін халықтың, фирмалардың, мемлекеттің  салымдары.

Зейнетақы қорларын құрудың  негізгі мақсаттары бағалы қағаздарға  зейнетақы жарналарын  инвестициялау  есебінен жұмыскерлерге төлемдер жасау  болып табылады. Зейнетақы қорлары сенімгерлік компанияларға, коммерциялық банктерге немесе сақтандыру компанияларына берілу мүмкін. Мұндай сақтандыру қоры сақтандырылмаған деп аталады. Бірақ корпорациялар сақтандыру компаниялармен келісім жасау мүмкін, яғни сақтандыру компаниялар зейнетақы төлемдерін қабылдап, зейнетақы төлемдерін беруді қаматамасыз етеді.Ондай сақтандыру қоры сақтандыратын деп аталады / 11, 13 б. /.

Зейнетақы қорларындағы пассивті операциялардың негізі корпорациялардың, кәсіпорындардың, сонымен қатар  бүкіл түсімдердің 20-30%  құрайтын жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналары болып табылады. Жарна үлесі  түрлі корпорациялар, кәсіпорындар және мемлекеттер бойынша ауытқиды. Корпорация  қуаттырақ әрі байырақ болған сайын, жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналар үлесі аз болады. Зейнетақы қоры капиталының жинақталу ерекшелігі кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің, қызметкерлердің ұзақ мерзімге өмірді сақтандыруға кеткен жарналарының сомаларынан құралады.  Зейнетақы  қорлары ұзақмерзімді ақша қаражаттарын иемденеді және оларды үкіметтік, жеке бағалы қағаздарға салады. Зейнетақы қорларының активінің  80% жеке корпорациялардың бағалы қағаздары құрайды. Активтердің  30% астамы жай акцияларға жататындықтан корпорация саясатына зейнетақы  қорлары әсер етеді.  Зейнетақы қорлары  өзінің корпорацияларының активтеріне де ақша қаражаттарын  салады.

Информация о работе Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары